«Шекаралық белдеуге кіру, онда уақытша болу, тұру және жұмыстар жүргізуге рұқсаттама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты



Дата28.04.2016
өлшемі126.16 Kb.


Жоба
Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2014 жылғы «____» __________

№____ қаулысымен

бекітілген
 

«Шекаралық белдеуге кіру, онда уақытша болу, тұру және жұмыстар жүргізуге рұқсаттама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

 
1. Жалпы ережелер

 

1. «Шекаралық белдеуге кіру, онда уақытша болу, тұру және жұмыстар жүргізуге рұқсаттама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті (бұдан әрі – ҰҚК) әзірледі.

3. Мемлекеттік қызметті ҰҚК Шекара қызметінің әскери бөлімдері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті берушінің хатшылығы арқылы жүзеге асырылады.

 
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі



 

4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:

1) көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын көрсетілетін қызметті берушіге тапсырған сәттен бастап 30 (отыз) күнтізбелік күннен көп емес;

2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты 30 (отыз) минут;

3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты 30 (отыз) минут.

5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде.

6. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі – осы мемлекеттік қызмет көрсету стандартына 1-қосымшаға сәйкес шекаралық белдеуге кіруге, онда уақытша болуға, тұруға және жұмыс жүргізуге рұқсаттама беру.

7. Мемлекеттік қызмет тегін негізде көрсетіледі.

8. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі: Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс (жексенбі) және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі мен сенбі аралығында (дүйсенбі, жұма сағат 09-00-ден 18-00-ге дейін, түскі үзіліс 13-00-ден 15-00-ге дейін, сенбі күні сағат 09-00-ден 13-00-ге дейін). Қабылдау алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз, кезек күту тәртібімен жүзеге асырылады.

9. Көрсетілетін қызметті алушы (не болмаса оның сенімхат бойынша өкілі) көрсетілетін қызметті берушіге мемлекеттік қызмет көрсету үшін жүгінген кезде қажетті құжаттардың тізбесі:

1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес 2 дана өтініш не болмаса мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес 2 данада ұсыныс;

2) ұсыныс берген жағдайда жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмесі.

Рұқсаттаманы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының
3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының шекаралық белдеуге кіруге және онда болуға жоспарланатын учаскесінде көрсетілетін қызметті беруші береді.

Көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушіге мемлекеттік қызмет көрсетуге өтінішін растау күні, уақыты құжаттар топтамасын қабылдаған адамның қолы, тегі және аты-жөні көрсетілген арыздың көшірмесіне белгі қою болып табылады. Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті берушіге ұсынылған құжаттар тізімдеме бойынша қабылданады, оның көшірмесі құжаттарды қабылдаған күн туралы белгі қоя отырып, көрсетілетін қызметті алушыға жолданады (беріледі).



3. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша
көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың
лауазымды тұлғаларының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне)
шағымдану тәртібі
10. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды тұлғаларының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану кезінде шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 12-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті берушінің басшысының атына беріледі.

Шағымдар жазбаша нысанда пошта арқылы немесе қолданыстағы заңнамада көзделген жағдайларда электрондық түрде не көрсетілетін қызметті берушінің хатшылығы арқылы қолма-қол жұмыс күндері қабылданады.

Шағымда көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты, пошталық мекенжайы, шығыс нөмірі және күні көрсетіледі. Шағымға көрсетілетін қызметті алушының қолы қойылуы тиіс.

Шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөнін, осындай шағымға жауап алу мерзімі мен орнын көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің хатшылығында тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) шағымды қабылдауды растау болып табылады.

Көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс. Шағымды қарау нәтижелері туралы уәжделген жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошта арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің хатшылығында қолма-қол беріледі.

Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.

Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады.

11. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.



4. Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, қойылатын өзге де талаптар
12. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайы көрсетілетін қызметті берушінің ресми интернет-ресурсында: www.shekaraknb.kz «Қазақстан Республикасы ҰҚК Шекара қызметінің іс-қимылдары туралы» бөлімінде орналастырылған.

13. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтан ену режимінде мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі және мәртебесі туралы ақпарат алу мүмкіндігіне ие.

14. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің байланыс телефондары: 8 (7172) 71-91-55, 71-91-59, мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414.
_____________________

«Шекаралық белдеуге кіру, онда уақытша болу, тұру және жұмыстар жүргізуге рұқсаттама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына

1-қосымша

Нысан


Серия ___________ № _________

Шекаралық белдеуге кіруге және онда болуға



рұқсаттама




РҰҚСАТТАМА түбіршегінің № _____

(корешок пропуска)

 

Берілді


(выдан) ______________________________
Тұрғын

(жителю) _____________________________


Шекаралық белдеу аумағына кіруге және онда

болуға рұқсат берілген

(разрешен въезд и пребывание в пограничной

полосе в районе)


Кіру мақсаты (цель въезда)

Болу мерзімі (срок пребывания)

Болу уақыты (время пребывания)

Негіздеме (основание)

Берілген күні (дата выдачи)

«АЛҚАБЕК» заставасының бастығы

(начальник заставы)

2277 ә/б (в/ч) _________________________

_____________________________________

М.О.




РҰҚСАТТАМА № _____

(пропуск)

 

Берілді


(выдан) _______________________________
Тұрғын

(жителю) _____________________________


Шекаралық белдеу аумағына кіруге және онда

болуға рұқсат берілген

(разрешен въезд и пребывание в пограничной

полосе в районе)


Кіру мақсаты (цель въезда)

Болу мерзімі (срок пребывания)

Болу уақыты (время пребывания)

Негіздеме (основание)

Берілген күні (дата выдачи)

Рұқсаттама жеке басын куәландыратын құжат

ұсынылған жағдайда жарамды

(пропуск действителен при предъявлении

документа, удостоверяющего личность) №

«АЛҚАБЕК» заставасының бастығы

(начальник заставы)

2277 ә/б (в/ч)____________________________

_______________________________________

М.О.


_____________________


Шекаралық белдеуге кіру, онда уақытша болу, тұру және жұмыстар жүргізуге рұқсаттама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына

2-қосымша


Нысан

 

Жеке тұлғалардың


шекаралық белдеуге кіруге және онда болуына
рұқсаттама алуға өтініші



ӨТІНІШ
(ЗАЯВЛЕНИЕ)

 

Шекаралық белдеуге кіруге және онда болуға рұқсаттама беруді сұраймын



(Прошу выдать пропуск на въезд и пребывание в пограничную полосу) __________________

________________________________________________________________________________

(елді мекен, аудан, облыс) (населенный пункт, район, область)

Мақсаты


(с целью) _______________________________________________________________________

Өзім туралы мынадай мәліметтерді хабарлаймын

(о себе сообщаю следующие сведения)

Тегі (фамилия) __________________________________________________________________

Аты (имя) ______________________________________________________________________

Әкесінің аты (отчество) ___________________________________________________________

Туған жылы мен жері (год и место рождения) ________________________________________

________________________________________________________________________________ Жұмыс, оқу орны (место работы, учебы) _____________________________________________

________________________________________________________________________________

(ұйымның атауы және лауазымы) (наименование организации и должность)

жеке басын куәландыратын құжаты (документ, удостоверяющего личность) ______________

№ ___________________________________________________ 20__ ж. «___» ______________

________________________________________________________________________________

(жеке басын куәландыратын құжатты берген органның атауы және күні)

(дата и наименование органа, выдавшего документ, удостоверяющего личность)

Тұрғылықты жері

(местожительство) _______________________________________________________________

Өзіммен бірге балаларым барады

(со мной следуют дети) ___________________________________________________________

(аты және жасы) (имя и возраст)

қолы (подпись) __________________________________________________________________

(күні, айы және жылы) (дата, месяц, год)




(сыртқы жағы)

 

Шекаралық белдеуге рұқсаттамалар алатын Қазақстан Республикасы


азаматтарының (шетелдіктердің, азаматтығы жоқ адамдардың)
тізімі



р/с





Т.А.Ә

Күні, айы, туған жылы



Тұратын жерінің мекенжайы



Жұмыс орны, лауазымы


Жеке басын куәландыратын құжаттың №

Ескертулер


1



















2



















3








































Барлығы:____________________________________________________________

(адамдардың жалпы саны - жазбаша)


Шекаралық белдеуде пайдаланылатын техникалық құралдар:

 


Р/с



Техникалық құралдардың атауы

Мемлекеттік тіркеу нөмірі

Жүргізушінің Т.А.Ә.

Ескертулер

1

 

 

 

 

2

 

 

 

 

_____________________

Шекаралық белдеуге кіру, онда уақытша болу, тұру және жұмыстар жүргізуге рұқсаттама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына

3-қосымша


 

Нысан
Жеке немесе заңды тұлғалардың шекаралық белдеуге кіруге



және онда болуға, шаруашылық, кәсіпшілік немесе өзге де

қызметті жүргізуге рұқсаттама алуына осындай қызметке қатысушылардың тізімі қоса берілген

ұсыныс


ҰСЫНЫС
(ПРЕДСТАВЛЕНИЕ)

 

Шекаралық белдеуге кіруге және онда болуға рұқсаттама(лар) беруді сұраймын



(Прошу выдать пропуск (а) на въезд и пребывание в пограничную полосу)

________________________________________________________________________________

(елді мекен, аудан, облыс) (населенный пункт, район, область)

Мақсаты (цель) __________________________________________________________________

Уақыты (время) ________________________________________________________________________________

Қазақстан Республикасының азаматтарына (шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға)

саны _____ дана қоса берілген тізімге сәйкес

(Гражданам Республики Казахстан (иностранцам и лицам без гражданства) согласно

прилагаемому списку в количестве _______ экземпляров)

Ұсынысқа мынадай құжаттар қоса беріледі

(К представлению прилагаются следующие документы)

________________________________________________________________________________

________________________________________________________________________________

________________________________________________________________________________

 лауазымы (должность)

қолы (подпись) __________________________________________________________________

________________________________________________________________

 (күні, айы және жылы) (дата, месяц, год)



(сыртқы жағы)

 

Шекаралық белдеуге рұқсаттамалар алатын Қазақстан Республикасы
азаматтарының (шетелдіктердің, азаматтығы жоқ адамдардың)
тізімі



р/с





Т.А.Ә

Күні, айы, туған жылы



Тұратын жерінің мекенжайы



Жұмыс орны, лауазымы


Жеке басын куәландыратын құжаттың №

Ескертулер


1



















2



















3








































Барлығы:____________________________________________________________

(адамдардың жалпы саны - жазбаша)


Шекаралық белдеуде пайдаланылатын техникалық құралдар:

 


Р/с



Техникалық құралдардың атауы

Мемлекеттік тіркеу нөмірі

Жүргізушінің Т.А.Ә.

Ескертулер

1

 

 

 

 

2

 

 

 

 

_____________________





Каталог: files -> Postanovleniya
Postanovleniya -> Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы
Postanovleniya -> 4925 болып тіркелген Екібастұз қаласында 2016 жылға қоғамдық жұмыстарды
Postanovleniya -> Екібастұз қаласы әкімдігінің 2013 жылғы 25 қазандағы №1057/10 қаулы Павлодар облысы Әділет Департаментінде 2013 жылғы 21 қарашадағы
Postanovleniya -> Екібастұз қаласында қылмыстық- атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған тұлғалар, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар мен интернат ұйымдарының


Достарыңызбен бөлісу:


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет