Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының №20 сайлау округі бойынша депутаты



Дата17.04.2016
өлшемі88.64 Kb.
Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының №20 сайлау округі бойынша депутаты

Құрманбай Марат Серікжанұлының 2013 жылдың тоғыз айында сайлаушылармен кездесуі жайлы АҚПАРАТТЫҚ КЕСТЕ




Сайлаушылармен кездескен

елді-мекен

Уақыты

Кездесу мақсаты

Көтерілген мәселелер

Шешімін тапқан мәселелер

1

Ақбұлақ ауылдық округі

19.02.2013

Марат Серікжанұлының басшылығымен құрылған «Абыралы-Дегелең» қоғамдық қоры, «БОТА» қоғамдық қорымен бірлесіп, Ақбұлақ ауылдық округіндегі мектеп қабырғасынан 20 балаға арналған шағын орталық ашты.


- Жергілікті жерде шағын орталықтың болмауы.

- Таза ауызсудың тапшылығы.

- Семей-Қайнар тасжолының ескіруі

- Семей-Қайнар тасжолының бойынан Ақбұлақ ауылына дейінгі 18 шақырым жолының қыс айларында қар басып қалуы.



- «БОТА» қоғамдық қорына жазылып, жеңіп алынған гранттық бағдарлама негізінде Ақбұлақ ауылынан шағын орталық ашылды.

- Семей-Қайнар тасжолының 2014 жылы 60 шақырымына орташа жөндеу жұмыстары жасалады.

Хат қосымша тіркелген.

-Семей-Қайнар тасжолы бойындағы Ақбұлақ ауылына баратын 18 шақырым жолды қыс айларында қар басып, қараусыз қалмас үшін «ҰК ҚазАвтоЖол» РМК ШҚО филиатына хат жолданды.




2

Прииртыш ауылдық округі

20.03.2013

Прииртыш ауылдық округіндегі Мұқыр, Ертіс, Кенжебай ауылдарындағы сайлаушылармен Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мерекесі қарсаңында кездесті.

Приитрыш ауылындағы негізгі басты мәселелер;

--Мұқыр ауылы мен Кенжебай ауылында жастардың басын қосытан орталық жоқ. Клуб үйін салу басты мәселе.

--Мектептерге интернет желісі өте қажет.


- Мектептерге интернет желісі орнатылуда. Бүгінгі күнде Семей қаласы маңындағы ауылдардың барлығына цифрлық телефондар орнатылуда сол негізде интернет желісі де қосылатын болады.



3

Курчатов қаласы

09.04.2013

ҚР Парламет Мәжілісінің депутаты Кузьмин Н. А. пен бірге шағын қалаларды дамыту бойынша республикалық бағдарламалардың орындалуы жайлы тұрғындарға ақпарат беріп, олардың ойларымен бөлісіп қайтты.

--Шағын қалалардың ішінде Курчатов қаласы бойынша атқарылатын алдағы жұмыстар.

- Курчатов қаласының шағын қалаларды дамытуға байланысты бағдарламаға еніп, республикалық бюджеттен бөлінетін қаражаттар мен алдағы жылдары атқарылатын жұмыстар жайлы толықтай таныстырылды.

4

Знаменка ауылдық округі

27.04.2013

Знаменка ауылдық округі болашағы бар ауыл ретінде «Тірек» бағдарламасына енуіне байланысты алдағы жылдары атқарылатын жұмыстар жайлы сайлаушыларға ақпараттар берілді.


- Мектепке интернет желісі қосылса.

- Семей қаласындағы №2 поликлиника бұрынғыдай

- Знаменка ауылдарының тұрғындарын қайтадан қабылдайтын болса.

- Ауылдан аурухана немесе амбулатория салынса.

- Ауылда мәдениет қызметкерлері болса да, мәдениет үйі жоқ.


- Ауылға цифрлық телефондар орнатуға байланысты мектепке интернет желісі қосылуда.

- Облыстық денсаулық сақтау басқармасының Семей аймағы бойынша бөліміне арнайы жазылған депуттатық сауал бойынша бүгінгі күнде №2 поликлиника Знаменка ауылы тұрғындарын қабылдауда.

- «Тірек» бағдарламасы аясында Знаменка ауылынан дәрігерлік амбулаторияға ғимарат сатып алуға, оған жобалық-сметалық құжат дайындауға және қайта жаңғыртуға қаражаттар қарастырылған.

- «Тірек» бағдарламаса аясында мемлекеттік мекемелерді орналастыруға, соның ішінде клуб үйін ашуға арнайы ғимаратқа күрделі жөндеу өткізу үшін жобалық-сметалық құжат жасауға қаражат бөленген және күрделі жөндеуге 2014 жылға қаражат қарастырылған.



5

Шульбинск пос.

08.05.2013

Ұлы Жеңіс күніне орай Шульбинск поселкесінде Ұлы Отан соғысы ардагерлерін, тыл ардагерлерін құттықтап және осы поселка бойынша алдағы уақытта атқарылатын жұмыстар жайлы айтып өтті.


- Шульбинск қаласы Баженова ауылының жанында орналасса да Семей қаласына 8 номерін теру арқылы, ақылы сөйлеседі.

- Заман талабына сай цифрлық телевидение мен байланыс қажет.

- Жедел жәрдем қызметі өте қажет.

- Медициналық қызмет көрсететін дәрігер жоқ.

- Шульбинск қаласынан Баженова ауылына және әрі қарай Семей қаласына дейін арнайы маршрут автобустары жүргізілсе.

- Қалада қоғамдық монша жоқ.

- Шульбинск қаласы энергетика көзі болғандықтан, электр энергиясына баға төмендеу болса.

- Шульбинск қаласындағы бос тұрған ғимараттардың біреуін мәдениет үйіне сәйкестендіріп күрледі жөндеуден өткізілсе.

- Шульбинск қаласында мемлекеттік телеканалдар көрсетілмейді. Қазақ тілінде бірде-бір арна жоқ.


Семей қаласының маңындағы ауылдардың барлығына цифрлық телефондар орнатылуына байланысты Шульбинск поселкесінде де телефон желісі жаңартылатын болады.

Цифрлық телефон желісі толықтай қосылатын болса, поселкеде интернет желісінің мәселесі шешіледі.

Төменде көтерілген басқада мәселелер бойынша тиісті орындарға арнайы хаттар жазылған.


6

Семей қаласы

01.06.2013

Семей қалалық мәдениет сарайы алдында «Балаларды қорғау күні» қарсаңында қала маңындағы ауылдардың балаларын шақырып мерекелік іс-шара өткізілді.








7

Қайнар ауылы

21.08.2013

ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Н.С.Сабильяновпен бірге Қайнар ауылы халқымен кездесіп, ауылдың басты проблеммаларын тыңдап, олардың шешілу жолдарын қарастырды.


--Ауыл қаладан 280 шақырым қашықтықта орналасқан, аралықтағы жолдың сапасы өте төмен.

- Таза ауыз су мәселесі көп жылдар бойы шешімін таппай келеді.

- Қайнар ауылынан интернат үйін салу қажет.


- Қайнар ауылы болашағы бар ауылдар қатарында «Тірек» бағдарламасына кіріп, біршама жұмыстар атқарылуда.

- Семей-Қайнар тасжолының 120 шақырымына ағымдағы жөндеу жұмыстарын жасау үшін жобалық-сметалық құжат жасалып, алдағы жылы депутаттық сауалдың негізінде жөндеу жұмыстары Қайнар ауылынан Семей қаласы бағытында 60 шақырымға орташа жөндеу жұмыстары жасалатын болады.

- Таза ауыз су мәселесі «Тірек» бағдарламасы аясында Қайнар ауылында су құбырларын қайта қалпына келтіруге тиісті қаражаттар қарастырылып отыр.

- «Тірек» бағдарламасы негізіде Қайнар ауылынан Абыралы өңірінің балалары үшін интернат үйін қайта жаңартуға 2014 жылы қаражат қарастырылған.



8

Ақбұлақ ауылы

21.08.2013

ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Н.С.Сабильяновпен бірге Ақбұлақ ауылы халқымен кездесіп, сол ауылдың тумасы Ән атасы Әміренің 125 жылдық мерейтойымен құттықтады


Халықпен әр кездескенде айтылатын басты мәселелер ол:

- Семей-Қайнар тасжолы сапасының өте төмендігі.

- Семей-Қайнар тасжолы бойынан Ақбұлақ ауылына бұрылып келетін 18 шақырым жолды қыс айларында қар басып қалуы.


Семей-Қайнар тасжолының 2014 жылы 60 шақырымына орташа жөндеу жұмыстары жасалады.

Хат қосымша тіркелген.

-Семей-Қайнар тасжолы бойындағы Ақбұлақ ауылына баратын 18 шақырым жолды қыс айларында қар басып, қараусыз қалмас үшін «ҰК ҚазАвтоЖол» РМК ШҚО филиатына хат жолданды.


9

Таңат ауылы

21.08.2013

ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Н.С.Сабильяновпен бірге Таңат ауылында да болып ауылдың тыныс-тіршілігімен танысып, басты мәселелерін тыңдап қайтты және олардың жақын аралықта шешуге барлық мүмкіндіктерді жасайтындықтарын жеткізді.

- Ауылда 2 телефон орнатылған байланысы өте нашар. Алдағы уақытта басқа да номерлер қосылып сапасы жақсартылса.

- Ұялы байланыс желісі орнатылса

- Мектеп қабырғасына балалардың заман талабына сай білім алулары үшін интернет желісі қосылып, компьютерлер жаңартылса.

- Ауылға шет жерлерден көшіп келгендер үшін үйлер салынса дейміз. Соңғы бір жылда ауылға 8 отбасы көшіп келді.

- Семей-Қайнар тасжолынан Ақбұлақ ауылына дейін келетін 18 шақырым жол және Ақбұлақ ауылынан Таңат ауылына дейінгі 16 шақырымды қыс айларында қар басып екі ауылдың арасында жол болмай қалатындығын айтуда.


- Таңат ауылы цифрлық телефон арқылы алдағы жылы Ақбұлақ ауылына құрылатын желі арқылы жұмыс жасайтын болдады.

- Интернет желісіде осы байланыс түрі орнатылғаннан кейін жұмыс жасайтын болады.

- Таңат ауылында 2014 жылы 5 тұрғын үй салыну жоспарлануда.

-- Семей-Қайнар тасжолы бойындағы Ақбұлақ ауылына баратын 18 шақырым жолды және Ақбұлақ ауылынан Таңат ауылына дейінгі 16 шақырымды қыс айларында қар басып екі ауылдың арасында жол болмай қалатындығы жайлы және ол жолды тендер арқылы тазартамыз деп ұтып алған мекемелер жолды қардан тазартуған арналмаған техникамен айына бір рет қана жүріп өтуіне байланысты «ҰК ҚазАвтоЖол» РМК ШҚО филиатына ретке келтіруді сұрап хат жолданды.



10

Алғабас ауылы

10.10.2013

Алғабас ауылының қайта сайланған әкімінің есебін тыңдап, халықпен кездесіп қайтты.


- Алғабас ауылындағы басты мәселе ол Быхин атындағы жалпы орта білім беретін мектеп ғимаратының ескіруі. Бүгінгі күнде төбесінің ескіруіне байланысты 3 қабат толықтай жабылып, жылу қазандығы ескіріп, толықтай күрделі жөндеуді талап етуде.

- телефон мен интернет желісі заман талабына сай жұмыс жасаса дейді.

- Ауыл халқы тұрақты, ауылда 15 отбасы үй кезегінде тұр, сол себептен қосымша үйлер салынуын сұрауда.

- Мәдениет үйі өте қажет. Жатардың бос уақытында жиналатын, концерт тамашалайтын арнайы орны жоқ.





- Алғабас ауылындағы мектеп пен оның қазандығын күрделі жөндеуден өткізуге байланысты ШҚО білім басқармасының басшысына арнайы хат жолданып, одан келген жауап бойынша алдағы жылы жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады.

- Алғабас ауылына бүгінгі күнде цифрлық телефон желісі орнатылуда. Цифрлық телефон желісі құрылғаннан кейін интернет желісі де жұмыс жасайтын болады.



- Марат Серікжанұлының ұсынысы бойынша Алғабас ауылдық округі халқының тұрақтылығына байланысты болашағы бар ауыл ретінде «Тірек» бағдарламасына енгізу қажет. Сол уақытта ауылдағы басты мәселелерінің біршамасы шешімін табар еді.

11

Қараөлең ауылдық округі

10.10.2013

Қараөлең ауылдық округіне жаңадан сайланған ауыл әкімінін есебін тыңдап, ауыл халқымен жүздесіп қайтты.


Қараөлең ауылдық округіндегі басты мәселелердің барлығы «Тірек» бағдарламасы арқылы жүзеге асырылуда.

«Тірек» бағдарламасына енгізген басты мәселелердің барлығының уақытылы, әрі сапалы атқарылуын басты назарда болады.

Каталог: app -> webroot -> files -> deputatskaya%20deyatelnost -> Kurmanbai
Kurmanbai -> Халық қалаулылары әкімдердің есебін тыңдап қайтты
Kurmanbai -> ДепутаттықҚА 100 КҮн сайлаушылардың сенімін ақтап келеді
Kurmanbai -> Орталық мешітте құран-хатым түсірілді
deputatskaya%20deyatelnost -> Қабанбай – қазақтың хас батыры
deputatskaya%20deyatelnost -> Қазақ хандығының 550 жылдығына Қабанбай қазақтың хас батыры
deputatskaya%20deyatelnost -> Экология- ел тағдыры
deputatskaya%20deyatelnost -> Джанкушукова Рыскан Жагипаровна, депутат №40 Урджарского избирательного округа
deputatskaya%20deyatelnost -> 1. Проведение встреч и собраний с избирателями, органами местного самоуправления и организациями
deputatskaya%20deyatelnost -> Ел тілегі ескеріліп жатыр
deputatskaya%20deyatelnost -> Бес халықтық реформа Реформа талабы азаматтық қоғамды дамыту


Достарыңызбен бөлісу:


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет