Студент топтары кураторларына көмек ретінде



бет5/7
Дата16.09.2020
өлшемі0.74 Mb.
1   2   3   4   5   6   7

А.В. Сиводедова,

e-mail: a.sivodedova@kstu.kz



БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК САЯСАТ – ҚАЗАҚСТАН БОЛАШАҒЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТЕТІН САЯСАТ
Жалпыға бірдей жаһандану мен жаңғырту жағдайында сыртқы шарттардың талаптарына сәйкес білім беру жүйесіндегі өзгерістер аса маңызды болып табылады. Адамзаттық капиталға, оның ішінде білім беру жүйесіне салынған инвестициялар экономика мен қоғам үшін маңызды қайырым беруіне септігін тигізеді.
Бұл өзгерістер жылдам өзгерілетін әлемде бейімделе алатын, техникалық үдемелі, өндірістік жұмыс күшін құруға аса қажетті. Халықтың білім беруге, дағдылыққа, қабілеттілікке инвестиция салған елдер ғана болашақта жетісті экономика болады.
Білім беруді тек әлеуметтік қажеттіліктерге арналған шығындар ретінде ойламай, экономикалық инвестиция ретінде түсіну керек. Білім беру мен экономикалық өсімді байланыстыратын көптеген дәлелдемелер бар: макро- және микроэкономикадағы халықаралық зерттеулерді шолу білім беру, табыс және өнімділік арасында тығыз байланыс бар екенін куәләндырады. Сондай-ақ білім берудің ерте кезеңіндегі инвестициялардан қайтарымның үлкен өсімі байқалады; зерттеулер білім беруді дамытуда инвестициялардың аса маңыздылығын дәлелдейді.
ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Қазақстан Халқына арналған Жолдауында атап өткендей: «Білім беру – дегеніміз адамзат тіршілігінің стратегиялық маңызды саласы, тұлғаның қабілеттілігін дамытатын бірегей әлеуметтік институт. Білім берудің сапасынан технологиялық, экономикалық, саясаттық үдерістің қарқыны, қоғамдағы мәдениет пен руханият жағдайы және ақырында адамның саулығы байланысты. Білім беру саласындағы Қазақстанда өткізіліп жатқан мемлекеттік саясат Республикамыздың ең маңызды мақсатына бағытталған – бәсекеге қабілетті 30 елдің қатарына кіру» [1].
Білім беру экономикалық табыстан басқа, өзге әлеуметтік табыстарға алып келеді, әлеуметтік капиталды қалыптастыруға көмектеседі – азаматтық қатысушылықтың үлкен үлесі, жоғары әлеуметтік ауызбірлігі
67

мен ықпалдастығы бар, қылмыс деңгейі төмен қоғам.


Осы мақсаттарды шешу мақсатында, 2005 жылдан бастап, Қазақстан Республикасында 2005 – 2010 жылдарға арналған білім беру жүйесін дамыту мемлекеттік бағдарламасын, 2008 – 2012 жылдарға арналған Қазақстан Республикасындағы техникалық және кәсіби білім беруді дамыту мемлекеттік бағдарламасы, 2007 – 2011 жылдарға арналған «Қазақстан балалары» бағдарламасы, 2010 – 2014 жылдарға арналған «Балапан» балаларды мектепке дейінгі тәрбиелеумен қамтамасыз ету бағдарламасы қабылданды. 2005 - 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру кезінде жоғарғы білім беру жүйесінде айқын оңтайлы нәтижелерге қол жетілді. Қазақстандық жоғарғы мектеп үш деңгейлік білім беру жүйесіне (бакалавр, магистр, доктор PhD) көшті. Кезеңдердің жаңа жүйесі өзінің құқықтық бекітілуін «Білім беру туралы» Қазақстан Республикасының Заңында тапты (2007 жыл).
Қазақстан жоғары мектебінің мақсаты жоғарғы білім берудің еуропалық аймағына кіру болып табылады. 2010 жылы Болондық үдеріске қатысатын елдердің Білім беру Министрлерінің ІІ Болондық Форумында – Қазақстан Болондық үдеріске енді. Болондық үдерістің қатысушылары бірқатар шарттарды орындауға міндетті: жоғарғы білім берудің көп деңгейлік жүйесін енгізу; студенттер мен оқытушылардың жинақылығын мадақтау; бірлескен білім беру бағдарламаларын іске асыру және оқудың аяқталуы бойынша қос немесе бірлескен дипломдарды беруді тәжірибелеу, сондай-ақ әр түрлі елдердегі жоғарғы оқу орындар түлектерінің құқықтарын теңестіру тәсілі ретінде дипломға еуропалық қосымша беру, оның ішінде еңбек нарығында, ECTS (European Credit Transfer System) еуропалық үлгісіндегі академиялық кредиттерді қолдану және тағы басқалар.
Еуропалық білім беру кеңістігіндегі бірлестік (жоғарғы мектеп түсінігінде) ең алдымен үш деңгейлік оқыту жүйесін енгізумен қамтамасыз етіледі - бакалавриат, магистратура, докторантура. Біріншісі – 3 жылдан кем емес оқу жылын қамтиды; екіншісі 1 немесе 2 жыл (егер бакалаврлар аталған жоғарғы оқу орнында 3 жыл оқыса, магистратура екі жылдық болу керек деп ұйғарылады, ал егер – 4, онда магистр 1 жыл оқиды). Үшінші деңгей – докторантура (3 жыл). Соңғы жылдардағы көп деңгейлі оқытудың қазақстандық тәжірибесі келесі модель бойынша орналасқан: 4 жыл – бакалавриат, 2 жыл - магистратура, 3 жыл – күндізгі аспирантура. Бұл модель еуропалық қағидалардан басқаша, бірақ Болондық үдеріспен рұқсат етіледі.
Университеттік бағдарламалар өмір бойғы оқу кепілдігін қарастыратын, еңбекпен қамту мүмкіндігін бере отырып, еуропалық еңбек нарығына бағыттала, үйлесімді болу керек.
Еуропа университеттері ұтқырлықты горизонталь бойынша да, сондай-ақ вертикаль бойынша да, мойындау мен ұтқырлықтың (ECTS,
68

дипломдардың конверсияланғыштығы, оқыту бағдарламаларының сәйкестігі және т.б.) әрекеттегі аспаптарына сүйене отырып, марапаттауға міндетті. Қатысушы елдердің барлық университеттері жоғарғы білім берудің (бакалавр плюс магистр немесе доктор) көп деңгейлі жүйесіне ауысуы, ECTS-ке және басқа ЖОО алынған кредиттердің сабақтастығы туралы шешім қабылдау құқығына негізделген жинақтаушы-қайта сынау кредиттік жүйесін пайдалануы керек.


Оқыту негізгі әлем тілдерінде жүргізіледі, нәтижесінде Болон процесіне қатысушылар профессорлар мен еуропалық студенттер үшін қолайлы білім алу ортасын құруға үміттенеді, ол оларға бір университеттен басқасына еркін орын ауыстыруға мүмкіндік береді.
Біртұтас еуропалық білім беру кеңістігін қалыптастыру, берілген кеңістікке мүмкіндігінше көп мемлекет санының енуі – тым күрделі проблема, көп жоспарлы. Жас Қазақстан мемлекеті үшін ол маңызды. Білім сапасын арттыру, оқыту процесінде өз бетіндік компонентті ұлғайту, педагог мамандығының беделділігін арттыру, қазақстандық дипломдардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру – ҚР білім берудің негізгі міндеттері осы.
Қазақстан Республикасында 2005 – 2010 жылдары Мемлекеттік білім беруді дамыту бағдарламасын жүзеге асыру нәтижесінде барлық білім беру деңгейлері институционалды түрде сәйкес ұйымдар желісімен қамтамасыз етілген. Мамандықтардың іріленген топтарынан тұратын, Қазақстан Республикасы жоғарғы және ЖОО кейінгі білім беру мамандықтарын жіктегіш бекітілді.
Жоғарғы және ЖОО кейінгі білімі бар кадрлар даярлауға Мемлекеттік білім беру тапсырысы 2005 жылы 25 710-нан 2010 жылы 35425 дейін артты. Білімді ақпараттандыруды дамыту бойынша жұмыс жүргізіледі. Қазіргі кезде бір компьютерге 18 оқушы келеді. 2005 жылы берілген көрсеткіш 41 құрады, оның ішінде 36 – ауылдық жерде [2].
Қазіргі кезде Қазақстанда мемлекеттік тілді дамытуға көп назар аударылады. Орталық және жергілікті атқару органдарында, республика аумақтарының ЖОО жанында қазақ тілін оқыту орталықтары құрылды, міндетті оқыту курстары, қазақ тілінде іс жүргізу, негізгі және орта жалпы білім беру мектептерінде мемлекеттік тілді деңгейлік оқыту енгізілді.
Ұлттық жоғары мектепте әлемдік білім беру деңгейіне жету шаралары қабылданды: Қазақстан Еуропалық білім беру кеңістігіне енді, Болон Декларациясына қосылды, Астана қаласында әлемдік деңгейдегі – «Назарбаев Университеті» беделді жоғарғы оқу орны құрылды. Оқу бағдарламаларының мазмұнын анықтауда ЖОО академиялық еркіндігі кеңейді: таңдау бойынша компонент ұлғайды - бакалавриатта 40 % бастап 50 %, магистратурада – 50 % бастап 60 % дейін және докторантурада - 70


  • бастап 80 % дейін. Сапалы жоғарғы білім алуды қалайтын студенттер саны артып келеді. 20 мыңнан астам қазақстандықтар шетелде білім алады. Қазақстан Республикасы Президентінің халықаралық стипендиясының

69

3000 жуық стипендиаттары әлемнің 27 елде білім алады.


Шетелдіктер үшін жоғарғы білім тартымдылығын арттыру үшін жағдай жасау бойынша шаралар қолданылады. Республиканың ЖОО-да 10 мыңнан астам азаматтар білім алады.
Қазақстан қазіргі кезде білім саласында негізгі халықаралық құжаттарға қатысушы болып табылады. Бұл Еуропа аймағында жоғарғы білімге жататын біліктілігін мойындау туралы Лиссабон Конвенциясы, Болон декларациясы және т.б.
2020 жылға дейін елдің дамуының Стратегиялық жоспарының басымдықтарының бірі ретінде адам ресурстарының дамуы анықталды.
Сондықтан жаңа ұлттық көріну ұсынылады: 2020 жылы Қазақстан – білімді ел, ақылды экономика және жоғары білікті жұмыс күші. Білімнің дамуы платформа болуы тиіс, оған еліміздің болашақ экономикалық, саяси және мәдени-әлеуметтік гүлденуі сүйенеді.
Білім беру саласында Қазақстан Республикасының мемлекеттік
саясатын жүзеге асырудың ұйымдастыру негізі Қазақстан Республикасының 2011-2020 жылдарға, қазақстандық білім беруді түрлендірудің жалғасын қамтамасыз ететін Мемлекеттік білім беруді дамыту бағдарламасы болуы тиіс.
Бағдарлама білім беру саласында мемлекеттік саясаттың ұйымдастыру негізі ретінде білім беру және тәрбие беру құрылымында, мазмұнында және технологияларында, басқару жүйесінде, білім беру қызметі субъектілерінің құқықтық-ұйымдастыру түрлерінде және
қаржылық-экономикалық механизмдерінде өзгерістерді қамтитын ресурстар мен іс-шара мерзімдері бойынша өзара байланысқан кешендер болып табылады.

ҚР Үкіметі 2011 жылы 11 ақпанда Қазақстан Республикасының 2011


– 2020 жылдарға Мемлекеттік білім беруді дамыту бағдарламасын жүзеге асыру бойынша іс-шаралар жоспарын бекітті. Бағдарлама екі кезеңмен жүзеге асырылады: 2011-2015 жылдар және 2016-2020 жылдар.
Бағдарламаны жүзеге асырудың бірінші кезеңінде (2011 - 2015 жылдары) жеке бағыттар бойынша білім беруді дамыту модельдерін әзірлеуге, олардың сынамасына, сонымен қатар ауқымды түрлендірулер мен эксперименттердің басталуына байланысты жұмыстар жүргізу қарастырылды.
Екінші кезеңде (2016-2020 жылдар) басымдық, жабдық, білім беру жүйесін дамыту мәселелерін шешуге бағытталған шараларға инвестициялар сатып алуды болжайтын іс-шараларды (білім берудің материалдық инфрақұрылымын түрлендіруге және басқа шығыны жоғары жұмыстар, әдістемелік, кадрлық, ақпараттық қамтамасыз ету) жүзеге асыруға беріледі, алдыңғы кезеңдерде алынған нәтижелерді енгізуге және таратуға бағытталған іс-шараларды жүзеге асыру қарастырылды.

70

Кезеңнің әрқайсысында Бағдарламаны жылдар бойынша жүзеге асыру барысын сипаттайтын көрсеткіштердің өзгеруі және бағдарламалық-іс-шаралардың білім беру жүйелерінің жағдайына әсері жоспарланады.


2011 ж. бастап 2015 ж. дейін созылатын бірінші кезең үшін әсіресе төменде аталған мәселелерді шешу маңызды.
Еңбек нарығы талаптарын, елдің, жеке тұлғаның индустриялық-инновациялық даму міндеттерін қанағаттандыратын және білім беру саласында әлемдік үздік практикаларға сәйкес келетін жоғары білім беру сапасының жоғарғы деңгейіне қол жеткізу үшін келесі шаралар ұсынылады: бакалаврлардың, магистрлар мен PhD докторлардың біліктілігін Дублиндік дескрипторлармен сәйкестікке келтіру; ECTS типі бойынша кредиттерді қайта сынаудың қазақстандық моделі бойынша халықаралық семинарлар өткізу; 2014-2015 жылдарға магистратурада және
докторантурада даярлауға мемлекеттік тапсырысты арттыру; педагогикалық және техникалық мамандықтар бойынша практикаға кредиттер көлемін арттыру бойынша МЖМБС-та өзгерістер енгізу; институционалдық және мамандандырылған аккредиттеудің жоғары білім беру саласында Еуропалық сапаны қамтамасыз ету желісі (ENQA) әзірлеген «Еуропалық аймақта жоғары білім беру сапасын қамтамасыз ету стандарттарына және нұсқаулығына» сәйкестігін қамтамасыз ету; студенттердің ақпараттық-коммуникациялық технологияларға (АКТ) және кең жолақты интернетке тең қол жеткізуін қамтамасыз ету; Болон процесінің міндетті, ұсыныстық және факультативтік параметрлерін орындау; Қазақстан ЖОО әлемдік рейтингтерге қатысуы; Назарбаев университеті моделі бойынша ЖОО автономиясын жүзеге асыру механизмін әзірлеу; ЖОО оқу әдебиеті қорын ұдайы толықтыру; Қазақстан Республикасының ЖОО базалық оқулықтармен, оның ішінде мемлекеттік тілде және экономикалық, техникалық және жаратылыстану ғылымдары бойынша шетелдік оқулықтармен қамтамасыз ету; шет ел студенттерін қатыстыру, халықаралық шарттар шеңберінде баламалы алмасуды жүзеге асыру, сонымен қатар, ауған азаматтары үшін білім беру бағдарламаларын жүзеге асыру; студенттердің Республикалық ЖОО аралық электрондық кітапхана арқылы әлемнің алдыңғы қатарлы шетелдік университеттерінің үздік білім беру ресурстарына қол жеткізуін қамтамасыз ету; бизнес-инкубаторлар, технопарктер, «Энергетика», «Мұнайды қайта өңдеу және
мұнай-газ секторының инфрақұрылымы», «Химия өнеркәсібі», «Металлургия және дайын металл өнімдерінің өндірісі», «Машина жасау», «Жеңіл өнеркәсіп» бағыттары бойынша ғылыми әзірлемелер мен технологияларды коммерциялау орталықтарының мұнай-газ секторының инфрақұрылымы және мұнайды қайта өңдеу.
Жаңа заманғы білім беру кеңістігінде әсіресе педагог мамандығының беделін арттыру маңызды болып табылады. Бұл үшін Бағдарлама шеңберінде төмендегілер қарастырылды: біліктілік категориясы үшін
71

педагогикалық қызметкерлердің лауазымдық төлемақы мөлшерін есептеу үшін пайдаланылатын дифференцияланған коэффициенттер енгізуді қарастыратын педагогикалық қызметкерлердің еңбек ақысын төлеудің жаңа моделіне берілетін ұсыныстар, нәтижеге бағдарланған еңбекақы төлемін енгізу механизмін әзірлеу, педагогикалық қызметкерлердің жалақысын экономиканың жеке меншік секторындағы жалақыға жуықтату; ЖОО-ның алдыңғы қатарлы отандық және шетелдік өнеркәсіптік кәсіпорындарымен басым бағыттар бойынша, жан-жақты кооперация мақсаттарында жыл сайын 100 адамға дейін ПОҚ-тың шетелде біліктілігін арттыруды ұйымдастыру; педагогтың қоғамда жағымды имиджін қалыптастыру жұмысын жүргізу («Жыл мұғалімі» конкурстары, акциялар, БАҚ-мен бірлескен жобалар, шебер-кластар, педагогикалық


династиялар слеттері, ғылыми-практикалық семинарлар мен симпозиумдер, семинар-тренингтер мен дөңгелек үстелдер) және т.б.
Өте ерте жастан бастап білім әлеуметтік, эмоциялық және басқа өмірлік маңызды машықтарды қалыптастыруда маңызды роль атқарады. Осымен көз жеткізерлік аргументтер білім беру қызметінің барлық спектрін одан әрі дамыту пайдасы шектеледі. Қазақстанға білім беруді түбегейлі өзгерту қажет: білім беруге инвестицияларды айтарлықтай және тұрақты арттыру, оның сапасын жақсарту.
Әдебиеттер тізімі


  1. Послание Главы государства Н.А. Назарбаева народу Казахстана «Казахстанский путь-2050: Единая цель, единые интересы, единое будущее» // Казахстанская правда, 2014, 18 января.




  1. Государственная программа развития образования Республики Казахстан на 2011-2020 годы. // www.edu.gov.kz/




  1. О стратегическом плане развития Республики Казахстан до 2020 года. Указ Президента Республики Казахстан от 1 февраля 2010 года № 922 // Казахстанская правда, 2010, 2 февраля.




  1. Конституция Республики Казахстан. Алматы. - 2007.


72

Н.А. Қазбеков,

Қарағанды мемлекеттік


техникалық университетінің

әлеуметтік-гуманитарлық пәндер

кафедрасының доценті, ф.ғ.к.


ПРЕЗИДЕНТТІК ДИПЛОМАТИЯ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ СЫРТҚЫ САЯСИ ҚЫЗМЕТІНІҢ
НЕГІЗГІ ПРИНЦИПТЕРІ
Аса танымал емес Қазақстан Республикасы бүгінде аймақтық саясаттың көшбасшысына, сондай-ақ, жаһандық процестердің белсенді және белгілі қатысушысына айналды. 1990 жылдың 25-желтоқсанында Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі Қазақ КСР-ның мемлекеттік тәуелсіздігі туралы Декларацияны қабылдады. 1991 жылдың 1 желтоқсанында Қазақстан тарихында Республиканың тұңғыш Президентін таңдайтын бүкілхалықтық сайлау өтті. Халықтың демократиялық еркінің нәтижесінде Н.Ә. Назарбаев сайланды. 1991 жылдың 10 желтоқсанында бүкілхалық сайлаған тұңғыш Президент қызметіне кірісті, республиканың Жоғарғы Кеңесі Қазақ КСР-ын Қазақстан Республикасы деп өзгерту туралы шешім қабылдады, ал, 1991 жылдың 16 желтоқсанында республиканың Жоғарғы Кеңесі Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігін жариялады. Осы күннен бастап, жаңа мазмұнмен толыққан Қазақстан республикасының халықаралық құқықтық субъектілігі есептеледі деуге болады [1]. Республика Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 1992 жылдың мамыр айында баспадан шыққан «Қазақстанның егемен мемлекет ретінде қалыптасуы мен даму стартегиясы» атты еңбегінде қазақстанның сыртқы саясатының алғашқы Концепциялары анықталған. Орын алған жағдайда Н.Ә. Назарбаев қазақстандық сыртқы саясатының маңызды принциптерін анықтады [2]. Оның алғашқы байсалды дебюті 1992 жылдың қазан айында Нью-Иорктағы БҰҰ Бас Ассамблеясының 7-ші сессиясына қатысуы болып табылады. Осы сессиядағы Нұрсұлтан Назарбаевтың баяндамасында аймақтық және жаһандық қауіпсіздіктің ауқымды міндеттері қойылып, әлемдік жағдайларға шынайы баға берілді, әлемдік даму перспективаларының айқын көрінісі ұсынылды, бірнеше жыл өткен сон жүзеге асқан сын қатерлер мен қауіптер жөнінде де болжамдар айтылды. Сол уақытта мемлекет Басшысы Нью-Иоркта алғашқы рет Еуропада ЕҚЫҰ қауіпсіздікті қамтамасыз ететін органның, Азияға да қажеттігі туралы мәселені көтерді. Азиядағы (СВМДА) өзара әрекеттесу және сенім шаралары бойынша Мәжілісі сияқты диалогтік алаңды құру
73

туралы сөз болды. Осы сессиядағы Президенттің сөйлеген сөзі ұзақ жылдарға бағдарламалық құжат болып қалды. Бүгінде Азиядағы (СВМДА) өзара әрекеттесу және сенім шаралары бойынша Мәжілісі беделді халықаралық ұйым болды, оның құрамына 26 мемлекет-қатысушылары және 8 мемлекет-бақылаушылары кіреді. Нью-Иорктегі мемлекет Басшысының сөз сөйлеуінің маңызды тармағы бірегей еуразиялық қауіпсіздік пен ынтымақтастық жүйелерін құру қажеттілігі туралы болды. Жылдар өте Астанада ЕҚЫҰ саммиті өтті, оның қорытындысы бойынша Астаналық декларация қабылданатын болды, онда қауіпсіздіктің Еуро-Антлант және Еуразиялық қауымдастығын құрудың маңыздылығы көрсетіледі. Қазақстан СМВДА, ЕҚЫҰ сияқты келешекте мемлекет-төрағасы бола отырып, осы екі құрылымның тиімді қызметіне қол жеткізе алды. Мысалға, біздің мемлекет 11 жылдың ішінде алғаш рет ЕҚЫҰ елдерінің көшбасшыларын 2011 жылы Астанада өткен ұйым саммитінде бірге жинай алды. Бүгінде Астаналық декларация осынау маңызды халықаралық ұйымның негізгі бағдарламалық құжаты болып қалды.


БҰҰ БА сессиясында сөз сөйлеген Президент шаруашылық байланыстардың алшақтығы мен өндірістің төмендеуін болдырмас үшін аймақтық экономикалық біріктіруді сақтау қажеттігін баса айтты. Яғни, Нұрсұлтан Әбішұлы кеңес үкіметінен кейінгі мемлекеттер арасындағы кеден кедергілерін алу және экономикалық әлеуетті біріктіру барлық аймаққа тиімді және сыртқы әсерлердің жағымсыз факторларынан берік қорғаныс болатындығын түсінді. Ол уақыттарда бұл батыл мәлімдеме болатын. Бүгінде біз мемлекет Басшысының бұл мақсаты Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕЭО) құрылуына әкелгенін көреміз [3].
Белгілі болғандай сыртқы саясаттың стратегиялық міндеттері – ол тұрақтылық, тәуелсіздік, аймақтық тұтастық және еліміздің шекарасына қол сұқпау туралы негізгі тәртіптерге басшылық жасау. Қазақстан сыртқы саясатының табандылығы бейбітшілдік пен серіктестікте. Бұндай саясаттың басты жетістігі деп 2 фактіні мойныдауға болады. Біріншісі. 1994 жылдың желтоқсан айында ЕҚЫҰ Будапештік мәжілісінде Ресейдің, АҚШ-тың және Ұлыбританияның ядролық қаруды таратпау туралы шарты, онда Қазақстанның аумақтық тұтастығы мен саяси тәуелсіздігіне қарсы күш қолдану туралы, экономикалық мәжбүрлеуден бас тарту туралы міндеттер қарастырылды. Кейін өздерінің шарттарын ҚХР мен Франция жіберді.
Біздің республикамыз әлемнің саяси картасында пайда болып, өзінің ұлттық-мемлекеттік мүдделерін қорғау саясатын табанды жүргізе бастады, бұның астарында ең алдымен аумақтық бүтіндік пен егемендік жатыр. Сондықтан біз бірнеше проблеманы шешуге тиіс болдық.
Біріншіден, біздің мемлекетіміз шындығында қандай екенін көрсету. Екіншіден, Қазақстанның халықаралық мойындалуын ғана емес,
сондай-ақ оның қауіпсіздігін, аумақтық бүтіндігін қамтамасыз ету.

74

Үшіншіден, бейбір-шаруашылық экономикалық байланыстарға қосылу. Сол кезде біздің сыртқы саясатымыздың қалыптасуы басталады.


Қайтадан мемлекет аралық қатынастардың барлық шарттық базасын жасау керек болады. 1992 жылы 5 наурызда БҰҰ қабылданды. Осыған байланысты Бас Ассамблеяның 47-сессиясында болған ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың БҰҰ сөйлеген сөзі анықтаушы мән алды, онда тәуелсіз Қазақстанның осы халықаралық ұйым қызметіне қатысу принциптері, оның жаңа әлемдегі ролін көруіміз мазмұндалған. Халықаралық қауіпсіздіктің негізгі кепілдіктері БҰҰ, басқа халықаралық форумдар құжаттарында әзірленген, әрі мазмұндалған және мемлекеттер арасындағы қатынастарда жалпы мойындалған болып табылады. Егеменділікті алумен, БҰҰ енумен қатар және Қазақстанның тұтас қатары жеке сыртқы саясатының, қорғаныс және ұлттық қауіпсіздіктің жаңа проблемаларына, әлем экономикасына және әлемдік қауымдастыққа өз бетінше кіру проблемаларына жолықты. Осыған байланысты Қазақстан Республикасының сыртқы саяси қызметінде негізгі бағыттар анықталды:

  1. ҚР мемлекеттілігі мен тәуелсіздігін нығайту;




  1. саясатты жаңғырту, нарықтық экономиканы құру курсы;




  1. қоғамдық және саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету, онсыз даму болуы мүмкін емес;




  1. азаматтық әлем, ұлтаралық келісім;




  1. ТМД елдерімен және әлемдік қауымдастықпен бірігу [2, 11 б.]. Биполярлы әлемнің ыдырау кезеңінде Қазақстан әлемдік саясаттың

эпицентрінде болды. Біздің алдымызда халықаралық байланыстарды жолға қою ғана емес, сондай-ақ кейбір саясаткерлер және бұқаралық ақпарат құралдары құрастырған қуатты жағымсыз бөгетті игеру міндеті тұр. Қазақстан аймақта да, сондай-ақ бүкіл әлемде де өзара сенімділік пен ынтымақтастық атмосферасын құруға байланысты ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесін заңды түрде байланыстырды. 1993 жылы желтоқсанда Қазақстан ядролық емес мемлекет ретінде ядролық қаруды таратпау туралы шартты бекітті. Бұны әлемдік қауымдастық біздің еліміздің халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті нығайту ісіне практикалық үлесі ретінде оң бағалады. Ядролық қаруды игеруден өзінің ерікті бас тартуы арқылы Қазақстан әлемге халықаралық қауіпсіздік мәселелерінде жетілген тәсіл мен жауапкершілікті көрсете отырып, халықаралық беделін айтарлықтай арттырып қоймай, сондай-ақ ел егемендігі мен қауіпсіздігін нығайтуда шешімді түрде алға жылжыды. Бұл ядролық державалар – АҚШ, Ресей, Ұлыбритания, ҚХР, Францияның біздің еліміздің аумақтық бүтіндігі мен қауіпсіздігіне кепілдік беру шешімдерінде көрнекті байқалды.


Қазақстан өзінің геосаяси жағдайының ерекшеліктеріне орай еуропалық және азиялық елдермен теңдестірілген қарым-қатынасты дамытуға бағыт жасай отырып, көпвекторлы саясатты ұстануды жөн көрді.

75

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2007 жылы 28 ақпанда Қазақстанның жаңа даму сатысында «Қазақстан-2030» Стратегиясы Жолдауының екінші бөлімінде елдің сыртқы саясатының ең маңызды бағыттары анықталды. Мемлекеттік саясат Қазақстанды әлемдік экономикаға сәтті шоғырландыруға бағытталды. Н.Ә. Назарбаев Қазақстанның әлемдік қауымдастық алдында жаңа аймақтық және геосаяси жауапкершілігін жариялады:




  1. Қазақстанның жаңа халықаралық жауапкершілігі, көп бағытты сыртқы саясаттың дамуы және жаһандық қауіп-қатерлермен күресуге қатысу.




  1. Аймақтық тұрақтылықты қамтамасыз етуде, Орталық Азия елдерінің экономикалық шоғырлануын дамытуда және Каспий және Қара теңіз аймағында динамикалық рынокты қалыптастыруда белсенді ролі.




  1. «Өркениет диалогын» дамытуда мәдениет аралық және конфессия аралық келісім орталығы ретінде Қазақстанның ұстанымын бекіту [4].

Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдаған 2007 жылдың 28-ақпанындағы Қазақстан дамуының Жаңа кезеңіндегі «Қазақстан-2030» Стратегиясы мен Жолдауының екінші бөлімінде еліміздің сыртқы саясатының маңызды бағыттары анықталған. Мемлекеттік саясат Қазақстанды ойдағыдай әлемдік экономикаға біріктіруге бағытталды. Н.Ә. Назарбаев Қазақстанның әлемдік қауымдастық алдындағы жаңа аймақтық және геосаяси жауапкершілігін жариялады:




  1. Қазақстанның жаңа халықаралық жауапкершілігі, көпвекторлы сыртқы саясатының дамуы және жаһандық қауіп-қатерлермен күресу. 2. Аймақтық тұрақтылықты қамтамасыз ету, Орталық Азия елдеріндегі экономикалық бірігуінің дамуы және Каспий және Қара теңіз аймақтарында динамикалық нарықты қалыптастыру Қазақстанның белсенді рөлі болып табылады. 3. Қазақстанның бағдарын «өркениет диалогы» дамуындағы мәдениаралық орталық және конфессияаралық бірлік ретінде нығайту» [5].

Бүгінгі күні біздің республикамыздың халықаралық байланыстар географиясы практикалық түрде барлық континенттерді қамтиды. Біздің серіктестеріміз арасында Азияның, Еуропаның, Американың жетекші елдері бар. Латын Америкасы бағытында және Оңтүстік шығыс Азия мемлекеттерімен бірге жылжуы байқалды. Араб және тұтастай мұсылман әлемімен байланыстар жандануда. Алайда қазіргі кезде әлемде саяси және әлеуметтік күштерді жаңадан таратып қою қалыптасты. Жаңа әлемдік тәртіп бекітіледі, құндылықтар жүйесі және саяси басымдықтар өзгереді.


2014 жылы 21 қаңтарда Президент Қазақстан Республикасының
2014-2020 жылдарға жаңа тұжырымдамасын бекітті. Қазақстан

РеспубликасыныңсыртқысаясаттұжырымдамасыҚазақстан


Республикасы Президентінің - «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауында мазмұндалған қағидаларға сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының сыртқы саяси қызметінің принциптері мен тәсілдері, мақсаттары, басымдықтары
76

мен міндеттеріне негізін салушы көзқарастар жүйесін көрсетеді. Берілген тұжырымдаманың бірінші пунктінде былай айтылған: «Қазақстан Республикасының сыртқы саяси даму көрінісі өз тәуелсіздігінің үшінші он жылдығына Қазақстан экономикасы динамикалық дамыған және сыртқы саяси басымдықтары айқын қойылған қалыптасқан тұрақты мемлекет ретінде енді. Әлемдік аренада Қазақстанның ұлғайған субъектілігі мемлекет ролінің және халықаралық беделінің артуы, аймақтық салмағының артуы, жаһандық экономика мен қаржы институттары үшін маңызының артуы туралы куәландырады. Сонымен қатар, жаңа заманғы реалийді ескергенде, Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты прагматизм принциптерінде ұлттық мүдделерді жаңғыртуды және алға жылжытуды талап етеді».


Жаңа заманғы жаңа белдесулерге жауап бере отырып, Тұжырымдамада ҚР сыртқы саяси қызметінің негізгі мақсаттары анықталған. «Қазақстанның ұлттық мүдделеріне сәйкес басты сыртқы саяси күштер келесі негізгі мақсаттарға қол жеткізуге шоғырланады: 1) ұлттық қауіпсіздікті, қорғаныс қабілетін, ел егемендігі мен аумақтық бүтіндігін жан-жақты қамтамасыз ету; 2) бейбітшілікті, аумақтық және жаһандық қауіпсіздікті нығайту; 3) тұрақты позицияларды қамтамасыз ету және әлемдік қауымдастықта мемлекеттің жағымды бейнесін қалыптастыру; 4) Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) орталық және үйлестіруші ролі кезінде әділ және демократиялық бейбітшілік тәртіп орнату; 5) аймақтық және халықаралық сауда-экономикалық қатынастар жүйесіне одан әрі шоғырлану; 6) «Стратегия-2050» табысты жүзеге асыру үшін қолайлы сыртқы жағдай жасау, халықтар өмірінің жоғары деңгейіне қол жеткізу, көп ұлтты қоғамның, құқықтық қоғамның және демократиялық институттардың бірлігін нығайту, адам құқықтары мен еркіндігін жүзеге асыру; 7) диверсификация, индустриялық-технологиялық даму және ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыру; 8) елдің әлемнің 30 ең дамыған мемлекеттері қатарына енуінің және дамуының «жасыл» жолына сатылап көшуі; 9) ұлттық-мәдени ерекшелігін сақтау және мемлекеттің одан әрі дамудағы өзіндік жолымен жүру; 10) Қазақстан Республикасы азаматтары мен заңды тұлғаларының құқықтарын, олардың шетелде жеке, отбасылық және іскерлік мүдделерін қорғау; 11) қазақ диаспорасын және шетелде қазақ тілін қолдау».
Қойылған мақсаттарға сәйкес, жаңа Тұжырымдамада Қазақстан Республикасының сыртқы саяси қызметінің негізгі принциптері анықталған. Қазақстанның сыртқы саясаты көп бағыттылық, прагматизм, өзара пайда принциптеріне, елдің ұлттық мүдделерін қатаң қорғауға негізделген. Қазақстан әлемдегі барлық мемлекеттердің теңдігі, өзара мүдделерін есепке алу және бір-бірінің ішкі істеріне араласпауы үшін, сонымен қатар халықаралық проблемалар мен жанжалдарды БҰҰ және халықаралық құқық үстіндегілердің Жарғысы негізінде бейбітшілікпен және ұжымдық шешу үшін күреседі. Қазақстанның сыртқы саясаты шет
77

елдермен және халықаралық ұйымдармен өзара әрекеттесудің дифференциялық және түрлі деңгейдегі тәсіл принципі қолданылатын мүдделер балансы негізінде құрылады.


Жаңа Тұжырымдамада Орталық Азияда аймақ ішілік шоғырландыру мәселелеріне ерекше назар аударылады. Тұжырымдамада айтылғандай: «Еуразиялық экономикалық шоғырлануды елдің бейбіт-шаруашылық байланыстары жүйесінде тұрақты позицияға жылжуының әрекетті тәсілдерінің бірі ретінде қарастыра отырып, Қазақстан Кедендік одақты және Біртұтас экономикалық кеңістікті, осының негізінде Еуразиялық экономикалық одақ құру мақсатында нығайтады. Осы процесс шеңберінде: саяси егемендіктің мызғымастығы, қабылданатын шешімдердің экономикалық негізділігі, сатылық, прагматизм және өзара пайда, барлық ықпалдасу органдарда тараптардың тең өкілеттілігі және өзара ықпалдастық әрекет деңгейлерінде консенсус сияқты негізін қалаушы принциптер сақталады» [6].
Жаңа заманғы Қазақстан БҰҰ, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы, Азияда өзара әрекеттесу және сенімділік шаралары бойынша Мәжіліс, Ұжымдық қауіпсіздік туралы Шарт Ұйымдары, Шанхай ынтымақтастық ұйымы, Еуропада қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөнінде ұйымдар, ОЦАС, Ислам ынтымақтастығы ұйымы, Түркі тілдес мемлекеттердің және басқа халықаралық ұйымдар мен форумдардың ынтымақтастық кеңесі қызметінің жауапты қатысушысы болып табылады. Қазақстандық сыртқы саясаттың айтарлықтай жетістігі ретінде ұлы державалармен – Ресеймен, Қытаймен және АҚШ-пен теңестірілген, салмақты қарым-қатынастар жасау. Қазақстан тәуелсіздіктің барлық кезеңі бойынша жеткілікті түрде тұрақты және бірізді сыртқы саясатты жүргізеді. 1990 жылдардағы көп бағытты саясат Қазақстанға көптеген мемлекеттермен дипломатиялық байланыстар орнатуға, өзін халықаралық аренада халықаралық қатынастардың өзіндік субъектісі ретінде позициялауға мүмкіндік берді.
Әдебиеттер тізімі


  1. Н.А. Назарбаев. «Стратегия становления и развития суверенной Республики Казахстан». гл. 3. Стратегия в области внешней политики и национальной безопасности. Алмата,1992 г.




  1. Н.А. Назарбаев «Стратегия становления и развития Казахстана как суверенного государства», Алматы, 1992.




  1. Президентская дипломатия // Казахстанская правда, 2015, 20 июня.

  2. К.К. Токаев. «Внешняя политика Казахстана», Алматы, 1995 г.




  1. Послания Президента Республики Казахстан Н. А. Назарбаева народу Казахстана Стратегия «Казахстан-2030» на Новом этапе развития Казахстана от 28 февраля 2007 года. http: // online . zakon . kz / Document / ? doc_id=30090778.




  1. Концепция внешней политики Республики Казахстан на 2014– 2020 годы. Утвержден 21.01.2014. http://adilet.zan.kz/rus/docs/U1400000741.


78

А.М. Беркінбекова, Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының аға оқытушысы e-mail: Azhar-b@yandex.ru


Н.Ә. НАЗАРБАЕВТЫҢ ӘЛЕМДІК ҚАУЫМДАСТЫҚТА ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ОҢ ИМИДЖІН
ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ РОЛІ
Мемлекеттер тарихы, бүкіл адамзат тарихы сияқты, шексіз әрі сан қырлы. Сондай оқиғалар мен тарих барысына ықпал еткен тек кейбір айқын оқиғалар, жасампаз процестер, кең ауқымды соғыстар, жеке әйгілі тұлғалардың әрекеттері мен қызметі ұғынылады. Тарих өзінен өзі пайда болмайды. Оны халық, халықтың дарынды да жарқын басшылары жасайды. Әр ұлт пен халықтың өзінің талантты да алдағы өкілдерімен бағаланатындығы кезедейсоқ емес, сол тұлғалардың арқасында ол әйгілі болып, тарих алаңына шығады.
Қазақстан халқының тағдыры бұл жағынан қайғылы оқиғалар мен кезеңдерге де, өз өмірін ел тәуелсіздігіне, халқының еркіндігі мен бақытына арнаған көрнекті тұлғаларға бай. Өкінішке орай, бұл жолда құрбан болғандар мен жеңіліс тапқандар көп болады, бұған тарих куә. Халық жадында өткен күндер ғана қалмау керек, ол тәуелсіздік үшін күрескендерді құрметтей отырып, өткен күндердің қателіктері мен жеңілістерін қайталамау керек.
Кеңес одағынан кейінгі кеңістікте 90-жылдардың бірінші жартысында орын алған дағдарыс пен ішкі саяси хаос Кеңес үкіметі құлағаннан кейінгі ең ауыр соққы болды. Көптеген өңірлерде азаматтық бағынбаушылық, абдырау, тығырыққа тірелу, этникалық топтар арасындағы жанжалдар орын алып, бұрынғы Одақ кеңістігіне тез тарады. Мұндай мәселелердің салдарынан ірі және шағын зауыттар мен фабрикалар тоқтап қалды, өндіріс дамымай қалды, нәтижесінде бұқаралық жұмыссыздық орын алды.
Көмір, кен, руда және басқа салаларда одақтық қолданыстағы өнеркәсіптік алыптар өз жұмысын тоқтатты. Жұмыссыздық өрши түсті, жаппай экономикалық көші-қон басталды.
Мұндай жағдайда не істеуге болар еді? Халықтың алып күші мен жоғары әлеуетін конструктивтік арнаға қаплай бағыттау керек? Қоғамдағы көптеген сұрақтарға қалай жауап беру керек?
79

Кеңес Одағы ыдырап, Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін біздің мемлекетіміз, басқа да республикалар сияқты, өзінің мемлекеттілігін асқақтатуды, нарықтық экономикаға көшуді, демократиялық қоғам құруды және ұлттық сана-сезімді нығайтуды өзіне мақсат етті. Біздің республикамыздың басшылығының алдында дамудың басым бағыттарын таңдай отырып, реформалар ерітн дұрыс таңдау сияқты қиын мәселе тұрды.


Осындай қиын саяси, әлеуметтік-экономикалық жағдайлар орын алғанда, біздің жас мемлекетіміздің басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың мойнына өрлеу мен дамудың дұрыс әрі жеңіліссіз жолын таңдау, мемлекеттілікті сақтап қалу мен нығайту, оның заманауи және болашақ сын-қатерлерге қарсы тұра алу іс-әрекетіне қабілеттілігін арттыру, әлемдік қауымдастықта бәсекеге қабілетті бола алуды қамтамасыз ету артылды.
Біздің жаңа мемлекет құрыла бастағанда, оның болашағына қатысты пікірлер әр түрлі болды. Шетел аналитиктерінің бірі реформалар мен өзгерістердің кореялық жолын ұсынса, бірі түріктердің жолымен жүруді болжады, алайда оның бәрі Қазақстанның ерекшеліктерін білген жоқ. Нұрсұлтан Әбішұлы көптеген мемлекеттерді зердесінен өткізіп, олардың ең үздік тәжірибесін үлгі етіп, Қазақстанның даму жолын жариялады. Президент Н.Ә. Назарбаев экономикалық даму мәселесін саяси өзгерістерден бұрын қойып, экономиканы бірте-бірте өзгерту жолын таңдады. Өмірдің өзі көрсеткендей, Елбасының таңдауы дұрыс болған екен. Н.Ә. Назарбаевтың «алдымен – экономика, сосын – саясат» деп ұсынған формуласы Кеңес үкіметінен кейінгі кеңістіктегі сәтті реформалар әдістемесінің классикалық көрінісіне айналды. Біздің еліміздің жетістікке жетуінің арқасында, «қазақстандық даму моделі» деген ұғым кең тарады, бұл терең ойластырылған әрі жан-жақты сараланған негізде, нақты бағыт бойынша алға қарай қозғалу дегенді білдіреді. Тарихи өлшемдер бойынша өте қысқа мерзім ішінде Қазақстан дербес, саяси және экономикалық тәуелсіз мемлекет ретінде бой көтерді.
Мемлекеттің жалпы дамуының экономикалық және саяси факторларының алға жылжу шамасына қарай әлеуметтік, рухани және мәдени салаларындағы мәселелер алға жылжиды. Егер бірінші, яғни әлеуметтік бағыт бойынша практикалық түрде түрлі оқылу болмайтын болса, арифметикалық прогрессияда экономиканың артуына қарай әлеуметтік салалар нығаятын болса, онда басқа даму векторлары тереңдік және жұқа материялар болып табылады. Әңгіме біздің жалпы рухани құндылықтарымыз бен мәдени жетістіктеріміз туралы болады, оларды біз сақтауымыз, қолдауымыз және жаһандық масштабта барлық жағынан алға жылжытуымыз керек. Бүгінгі күні барлық жерде және бәрінде төтенше бәсекелестік жүріп жатыр, барлық осы процестердің негізі ретінде, ең алдымен, қоғамдық құндылықтар мен идеялар бәсекелестігі орын алады.

80

Осы ракурста табыспен жүзеге асырылған және халықаралық қауымдастық мойындаған «қазақстандық даму жолын» біріктіргіштердің бірі болып табылатын идеяға ерекше назар аударған жөн. Біздің ноу-хау экономика басымдығын негізге алады – бұл Назарбаевтың уақыттың қатал сынынан сүрінбей өткен басты постулаты. Біздің табыстарымыз бізге ғана емес, әлемдік қауымдастыққа да әсер қалдырады. Экономиканы дамыту қарқыны бойынша әлемдегі табысты елдердің бірде-бірі осындай динамикада дамыған емес.


Тарихи параллельдер жүргізген кезде Н.Ә. Назарбаевтың ролін ұлт көшбасшысы ретінде атап өтуге болады. ХХ ғасырдың барлық көрнекті көшбасшылары, әрқайсысы өз уақытында өзінің ұлты мен елі үшін белгілі бір стратегиялық мәселені шешуге лайықталған. Сонымен, мысалы, Рузвельт АҚШ-тың Ұлы депрессиядан шығуын қамтамасыз етті, Ататүрік Турцияның одан әрі дамуының негізгі бағыттарын жасады, Ли Куан Ю Сингапурдың жаңғыртуға ұмтылыс бағдарламасын жүзеге асырды, Дэн Сяопин қытайдың «толқу» кезеңінен кейін қайта өрлеу мәселесін шешті.
Нұрсұлтан Назарбаевтың қызметінде және Қазақстанның дамуында сол параллельдерді – елдің және оның халқының барлық болашақ дамуы
үшін маңызы бар кешенді стратегиялық мәселелердің: маңызды экономикалық, сондай-ақ саяси, әлеуметтік және мәдени-адамгершілік шешімін көреміз. Нақ сондықтан да 1990 жылдары «Назарбаев феномені» термині таралды, ол динамизмді, реформаларға талпынысты, «оңшылдарсыз» және «солшылдарсыз» центризм саясатын, мұқтаждық болдырмаудың икемді философиясын жүргізу, прагматизмді және басқарудың жоғары тиімділігін бірегей үйлестіру – осының бәрі қорыта келе, күшті экономиканың қалыптасуына және қазақстандық сәйкестіктің пайда болуына алып келді. Міндеттердің кең ауқымда қойылуы, олардың нақты ұйымдастырылуы мен олардың орындалуын қатаң бақылау, - осының бәрі Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылық жүргізудегі өзіндік ерекшелігі болып табылады.
Нұрсұлтан Назарбаевтың Ұлт көшбасшысы деген дәрежеге дейін көтерілген беделі бүкіл мемлекеттік аппараттың Президенттің идеялары мен жарлықтарын жүзегне асырудағы жауапкершілігін арттырды, түбегейлі әрі жылдам өзгертулерді жүзеге асырғызды, реформалар жүргізуді жылдамдатып, олардың тиімділігіне қойылатын талаптарды күшейтті. Өте қысқа мерзімде нарықтық өгерістердің заңнамалық «іргетасы» қаланды, күшті мемлекеттік биліктің тиімді нарықтық экономика мен демократиялық қоғам құра алатындығы байқалды.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «алдымен – экономика, сосын – саясат» деген формуланы ұсына отырып, адамдарды ортақ мүдделер айналасына біріктіру дегенді білдірді. Өмір сүру деңгейі мен сапасы – аталған формуланың басты өлшемі мен мағынасы осы. Бұл идея барлығына ортақ мүдделерді көрсете отырып, шынайы әрекет ететін
81

құралға айналады. Бұл құрал өте тиімді жұмыс істейді. Идея әрқайсымыздың қажеттіліктеріміз бен сұраныстарымызға нақты жауап береді. Бұл формуладан шығатыны: болашағы жарқын өмірді өзімізден басқа ешкім жасай алмайды деген сөзді саналы түрде ұғыну. Экономика мен қоғамдық процестер саласында жаңа дүниетаным қалыптасады. Дәл осы формула өндірісті қалыпқа келтіруге, жұмыс орындарының ашылуына, шағын бизнестің өсуіне шешуші ықпал тигізді, бұл, өз кезегінде, әрине, қоғамдағы тұрақтылықты сақтап қалу, өзара түсіністік пен этносаралық әрі дінаралық келісім қалыптастыру сияқты оң көзқарас тудырады. Идеология дегеніміз осы. Идеология дегеніміз – өмір игілігі үшін жетістіктер мен табыстарға жету мақсатындағы сенім. Мұндай көзқарас ұстана отырып, Елбасының саяси, демократиялық реформалар туралы ұмытпағандығы да айта кеткен жөн. Барлық қабылданған заңдар мен шаралар экономиканың нарықтық формаларын енгізуді болжайды, ал олар, өз кезегінде, бүкіл жүйені демократияландыруға бағытталады. Мемлекеттің экономикалық қызметіне еш кедергісіз қатысу үшін сенімді заңнамалық база мен құқықтық кепіл тудыру әр азаматты лайықты өмір сүруге жетелейді, міне, барлық деңгейдегі билік органдарының күнделікті жұмысы осы. Бұл – мемлекет саясатының басты мақсаты, сол үшін реформалар жүргізіледі.


Қоғамның әр түрлі қабаттарының арасындағы келісім, өзара сенім мен құрмет салыстыра тексерілген, әділетті құқықтық саясат арқасында бекітіледі және нығая түседі, бұл заманауи қоғамның айнасы іспеттес. Тәуелсіздігіміздің алғашқы жылдарында шетелдің көптеген аналитиктері Қазақстанның көп ұлтты екендігін айтып, біздің қоғамда ымырасыз жанжалдар мен қарама-қайшылықтардың болатындығы болжады. Алайда сол аналитиктер мемлекеттік институттар тарапынан болатын тиімді құқықтық әрекеттерді болжай алмады. Пессимистік көзқарастарға қарамастан, Нұрсұлтан Әбішұлы бұл бағытта көптеген бастамалар ұсынды, олар тез әрі үйлесімді сіңісе отырып, біздің қоғамымыздың ажырамас бөлігіне айналды.
Жаңа мемлекет құрған, әлемге танылған, бүгінгі күні өңірдегі ең табысты экономикаға ие болып отырған, ұлтаралық бірлік тәжірибесінде бірегей Қазақстан үшін өзін-өзі сәйкестендіру, қазақстандық патриотизм мәселесі өте маңызды болып табылады. Кеңес үкіметінен кейінгі көптеген мемлекеттерде жаңа мемлекеттілік құру тәжірибесі консервативті көпшіліктің ұлттықтан жоғары мүдделерін басшылыққа ала отырып, қоғам үшін ішкі теңгерімді сақтап қалудың қаншалықты маңызды екенін көрсетті. Кез келген қоғамда, әсіресе көп ұлтты қоғамда, кез келген уақытта жеке көшбасшылар мен саясаткерлер табылады, олар үшін қандай да бір ұлттың, этникалық топтың мүддесі жалпы ұлт мүддесінен жоғары тұрады. Осыған куә болған тарих беттері көрсеткендей, мұндай саясаткерлер билікті өз қолына алады да, мемлекеттілікті құртады, қоғамға
82

зиянын тигізеді. Осындай саясаткерлердің өздеріне тоқтау қойып, олардың ойы мен идеяларын әрі қарай дамытпау, яғни қоғамның мұндай құбылыстарға қарсы тұра алуын қамтамасыз ету ұлт көшбасшысының басты борышы болып табылады. Біздің еліміздің қазіргі даму кезеңін кейбір саясаткерлер тиімді орныққан көп ұлтты мемлекет ретінде анықтайды.


1997 жылы «азиялық дағдарыс» жағдайында Президентіміз ұсынған ұзақ мерзімді «Қазақстан-2030» стратегиясы бар болғаны 15 жылдың ішінде орындалды. Басқа мемлекеттерге қарағанда, Қазақстан тұрақты экономикалық өсу дәрежесін және 2007–2009 жылдарда орын алған жаһандық қаржылық-экономикалық дағдарыс кезеңінде азаматтардың өмір сүру деңгейін сақтап қалды. 2012 жылға қарай еліміз экономикалық бәсекеге қабеліттілігі бойынша әлемдегі 50 мемлекеттің біріне айналды.
Президенттің жаңа бастамасы – 2050 стратегиясы – тіпті жоғары. Оның басты мақсаты – Қазақстанның әлемдегі ең дамыған 30 мемлекеттің қатарына кіруі. Ұлттық құндылықтың барлығы шикізат және ауыл шаруашылығы ресурстарына бағыттаған мемлекет таяудағы 10–15 жылда заманауи, ғылымды қажетсінетін экономикалық базис құру туралы, дәстүрлі өнеркәсіпті де, аграрлық секторды да инновациялық жолға салу туралы, мобильді және мультимедиялық, нанотехнологиялар мен ғарыш технологиясы, робототехника, гендік инженерияның жаңа салаларын жасау туралы шешім қабылдайды.
Президент Жолдауында айтылғандай, 2050 стратегиясы басты мақсатты назардан тыс қалдырмай, адамдардың күнделікті өміріндегі мәселелерді шешуге мүмкіндік береді: «Яғни біз халқымыздың өмірін 30– 50 жылдан кейін емес, жыл сайын жақсартып отырамыз».
Еліміздің болашаққа бастаған жолын Президент Н. Назарбаев халық
әлеуетін арттыруға арналған жаңа мүмкіндіктерді жасаумен байланыстырады: "XXI ғасырдағы дамыған мемлекет – бұл белсенді, білімді және дені сау азаматтар». Барлық дамыған мемлекеттер сияқты, Қазақстан ең жоғары әлемдік стандарттарға жауап берумен қатар өзінің, бірегей білім беру жүйесін қалыптастырады. Сәйкесінше жаңа бағдарламалар мен оқытудың жаңа әдістері мектепке дейінгі деңгейден бастап жоғары оқу орны деңгейіне дейін қайта қаралады, жаңа буынның білікті кадрлары дайындалады. Ал денсаулық сақтауда мемлекеттің, жұмыс берушінің және қызметкердің денсаулық үшін ортақ жауапкершілігі межициналық көмек көрсету жүйесінің басты принципі болып жарияланды. Салауатты өмір салты мен медицинаның дамуы қазақстандықтардың өмір сүру ұзақтығын 80 жасқа дейін созуға және одан жоғары етуге мүмкіндік береді. Қазақстандықтардың мәдени ділдігін дамытуды, тұрғындардың көп ұлттылығын ескерумен мәдегни кластерлерді қалыптастыруды алға қойған Ұзақ мерзімді мәдени саясат концепциясы әзірленуде.
83

Бүкіл халықтың Нұрсұлтан Назарбаевты Ұлт көшбасшысы ретінде мойындауы оның жаһандық ауқымдағы оқиғаларды болжай алатын қабілеті бар стратег әрі ойшыл тұрғысындағы ерекше қадір-қасиетіне негізделеді. Ол әлемдік саясаткерлердің бірі болып КСРО-ның күйреуін, тек сол мемлекетті мекендеген халықтар тағдырына ғана емес, жалпы әлемдік даму үрдісіне де елеулі ықпал ететіндігін айтып, негізгі үрдістердің ТМД кеңістігінде ғана емес, әлемдік қауымдастықта да күшею қаупі тіралы ескертті. Нұрсұлтан Әбішұлы мұндай жағымсыз үрдістерге қарсы тұруда мынадай тәсіл ұсынды – саяси тәуелсіздік, ұлттық ерекшелік, өзара экономикалық пайда принциптері тұрақсыз болса да, мемлекеттер мен халықтарды біріктіру. Бірінші кезекте бұл ұсыныс Кеңес үкіметінен кейінгі кеңістікте пайда болған тәуелсіз мемлекеттерге жасалды.


Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының пайда болуының өзі Нұрсұлтан Назарбаевтың атымен тығыз байланысты. Біздің көшбасшымыз ТМД-ның пікірі бойынша өзінің идеясымен және әрекеттерімен Беловежская пущадағы саяси келісімге тоқтау қойды (1991 жыл). ТМД құру туралы келісімге қол қойғандардың көпшілігінің бастапқыда оны формальдылық деп түсінуіне қарамастан, Нұрсұлтан Назарбаев, ең бастысы, өз ойынан арылған емес.
1994 жылы, саяси және әлеуметтік-экономикалық процестердің дамуында жағымды әрі қарқынды процестермен ерекшеленбеген ТМД елдерінде Нұрсұлтан Назарбаев табандылық білдіреді: «Мәдени мен өркениеттілік факторлардың маңызын теріске шығармай-ақ, ең алдымен экономикалық прагматизм негізіндегі интеграцияны құру керек. Абстрактілі геосаяси идеялар мен ұрандар емес, экономикалық мүдделер интеграциялық үдерістердің басты қозғаушысы болмақ. Сондықтан болашақ Еуразиялық Одақтың бастапқы негізі – Біртұтас экономикалық кеңістік біздің халықтарымыздың бірлесе табысты дамуының ауқымды ареалы ретінде болмақ. Әрбір мемлекет пен қоғам жаһанданушы әлемде өзіндік болмысқа шексіз бас ұра берушіліктің және өз шекараларында тұйықталып қалудың мағынасы жоқ екендігін түсінуге дербес келуі тиіс. Халық пен мемлекеттің мүдделерін басшылыққа алған ерікті интеграция – мемлекеттің өркендеуінің ең қысқа жолы».
Бұл үшін жиырма жылдай ерен еңбек ету қажет болды, осы жолда Нұрсұлтан Назарбаевтың күш-жігері айқын көрінді, ол өз ойын қолданысқа келтірді: 2014 жылғы 29 мамырда Астанада Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) туралы шартқа қол қойылды, ол оның құрамына кіретін мемлекеттердің егемендік теңдігі, олардың саяси құрылысындағы ерекшеліктерін құрметтеу, өзара тиімді ынтымақтастық қамтамасыз ету, тараптардың тең құқылы болуы мен мүдделерінің ескерілуі, нарықтың экономика мен адал бәсекелестікті сақтау қағидаттарына негізделген.

84

Бұл Қазақстан Президентінің стратегиялық ойлауының шегі болған жоқ: Еуразиялық экономикалық одақты ол болашақ Еуразия өркениетінің интеграциялық өзегі, Еуразия континентіндегі елдер үшін ғана емес, барлық әлем үшін ашық алаң ретінде қарастырады. Өз ойын берік ұстанған Нұрсұлтан Верный своей идее интеграции, Нұрсұлтан Назарбаев мұны жаһандық мазмұны бар деп танып, оның тарихи болашағын көреді: «Біз тек осындай жолды ұстана білсек қана еуразиялықтың тартымдылығын арттырамыз және оның айқын мақсаттарына деген күмәнді біржолата жоятын боламыз».


Елбасымыздың жаһандық шығармашылық ізденістерінің нәтижесінде өмірге келген барлық оқиғалар мен процестер, әрине, біздің еліміздің беделін көрсетеді, қоғамды демократияландыруға ықпал етеді, құқықтық дамудағы ұстанымымызды растайды. Әр түрлі қоғамдық институттар азаматтық қоғамдағы адамдар үшін қолайлы жағдайлар ұсынады.
Мемлекет имиджін қалыптастыру процесі көптеген факторларға – мемлекеттің сыртқы саясатын жүргізу табыстылығына, оның ішкі саясатын жүргізу ерекшеліктеріне, экономиканың тиімділігіне, қоғам көзқарастарының ерекшеліктеріне және т.б. тәуелді.
Мемлекеттің оң имиджін қалыптастырудағы анағұрлым маңызды факторлардың бірі оның көшбасшысының ролі болып табылады. Мемлекет көшбасшыларының жеке тұлғасын бағалау призмасы арқылы қоғам мен мемлекеттің даму деңгейінің жағдайын бағалау, оның саяси және экономикалық табыстары жүзеге асырылатынын атап өткен жөн. Нақ осы тұрғыдан мемлекет көшбасшысының ролі жаңа әлемде мемлекеттің оң имиджін қалыптастырудың түйінді факторларының бірі болып табылады.
Адамзат жадында Әз-Жәнібек, Ярослав Мудрый, Давид Строитель, Шарль де Голь, Франклин Рузвельт, Мұстафа Кемал Ататүрік, Махатма Ганди, Дэн Сяопин, Ли Куан Ю, Махатхир Мохаммад сияқты көрнекті есімдер мәңгілікке қалды. Олардың жарқын өмірі, жемісті еңбектері қарапайым адам үшін ең қалаулы және тартымды мақсатқа – жарқын және тұрақты болашақ үшін халықты біріктіруге және тұтастыруға арналған болды. Олар туралы контексте тарихтағы тұлғалар ролінің айтылуы кездейсоқ емес, себебі осы адамдар өзінің ұлты мен мемлекеттерінің мүдддесі үшін ең бастысын жасады. Олар, экономикаға, саясатқа және мәдениетке стратегиялық серпілісті қамтамасыз етіп, өз елдерінің мәртебесі мен жаһандық ролін көтеріп қана қоймады. Ерекше маңыздысы
– олар өз ұлтын көпшілігіне жақын және түсінікті оң идеялар айналасына біріктіру және тұтастыру факторы ретінде араласып, дамудың күрделі кезеңінде қоғамға сенімді жол ұсына білді. Нәтижесінде олар өз халықтарының жадысында мәңгілікке қалды.
Осы ұлы атаулар тізіміне ешбір жалтақтамастан Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың есімін енгізуге болады. Оның мемлекет
85

Басшысы орнында көрнекті қызметін ел тұрғындарының абсолютті көпшілігі тұтастай қолдайды. Ұлт Көшбасшысы біздің тарихымыздағы барлық жылдар бойы бүкіл қазақстандық қоғамды біріктіруші фактор болып келді және болып та қалады. Рсепубликамызда өткен барлық президенттік сайлаулардың қорытындысынан Назарбаев бастаған бағытты көпшіліктің қолдап отырғанын көруге болады.


Н.А. Назарбаевтың еңбегі, елдің дамуының жай басты бағытын ғана әзірлеп қоймауынан тұрады. Ең бастысы – өзі жариялаған сол қарапайым және табиғи құндылықтар жылдар бойы өз бетіндік құндылықтарға және
қазақстандық қоғам басымдықтарына, қазақстандық сәйкестік факторларына рәсімделді. Олар қоғамдық идеология іргетасы болды. Н.Назарбаев – бұл тұрақты даму, этника аралық және конфессия аралық келісім, ұлттық бірлік фактісін белгілеуге болады. Қоғам осы құндылықтарды сіңірді, ол бізбен бірге өмір сүреді. Нақ осы базалық құндылықтарға бұлжымастық қазақстандық қоғамды біріктіруші фактор болды. Сондықтан Н.Ә. Назарбаев Қазақстан үшін – ең алдымен оның біріктіруші бастауы ретінде өз ұлтына қажетті көшбасшы.
Бүгінгі таңда әлемдік қауымдастықта Нұрсұлтан Назарбаев мүмкін дегеннің өзін кеңейте алатын көшбасшы ретінде сипатталады. Қазіргі таңда шынымен де бұзып өтетін бастамалар ұсына отырып, қазақстандық Елбасы біздің мемлекетіміз үшін ғана емес, халықаралық әрі ғаламдық ауқымда жаңа экономикалық-әлеуметтік және рухани-адамгершілік даму жолын бастады.
Әдебиеттер тізімі


  1. Послание Главы государства Н.А. Назарбаева народу Казахстана «Казахстанский путь: - 2050. Единая цель, единые интересы, единое будущее» // Казахстанская правда, 2014, 18 января.




  1. О концепции внешней политики Республики Казахстан на 2014-2020 годы от 21 января 2014 года № 741.




  1. Калетаев Д. Феномен национального лидера: история и современность. - Астана, 2013.




  1. Жолдасбеков М. Верный курс Президента // Казахстанская правда, 2015, 3 июля.



86





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет