Студент топтары кураторларына көмек ретінде



бет6/7
Дата16.09.2020
өлшемі0.74 Mb.
1   2   3   4   5   6   7

О.М. Хмельницкая, Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының оқытушысы, Әлеуметтік ғылымдар магистрі e-mail: olesya_hmelnick@mail.ru

БОЛАШАҚТЫ АНЫҚТАҒАН ЕУРАЗИЯЛЫҚ ИДЕЯ
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 1994 жылдың 29 наурызында М. Ломоносов атындағы ММУ жоғары және беделді трибунасында ресейлік ғылыми қауымдастықтың бетке ұстар тобының алдында жұртшылықтың назарына «Еуразиялық мемлекеттер одағын құру туралы жобасын» ұсынған сол тарихи күннен бері жиырма жыл өтті.
Қазіргі таңда, посткеңестік кеңістікте КСРО құлағаннан кейін орталықтан сыртқа ұмтылулар үстемдік еткен, аяғына тұрған әлеуметтік-экономикалық байланыстардың құлдырауы жүріп жатқан және көптеген, тіпті соғысқа дейін баратын қақтығыстар туындаған жағдайларда таңбалы оқиға болғанын түсінеміз. Адамдар ұлтаралық шиеленістің күшеюіне тап болды, қашқындар пайда болды, өмір сүру деңгейі қатты төмендеді. Сол кезде жаңа тәуелсіз мемлекеттер араларындағы қарым-қатынастардағы мәселелердің шешімін опыр-топыр және аса қарама-қайшы іздеумен айналысқан. Оларға сауда-экономикалық ынтымақтастықтың мүлдем басқа стратегиясын құру және өзгерген геосаяси реалийлерге сәйкес келетін өзара әрекет етудің түбегейлі жаңа механизмдерін қалыптастыру керек болды.
Қазақстан Президентімен ұсынылған еуразиялық ықпалдастық стратегиясы ХХ ғасырда әр түрлі құрлықтарда жүзеге асырылатын аймақтық интеграцияның әлемдік үлгілеріне негізделген [1]. Н.Ә. Назарбаевтың ойы бойынша, Еуразиялық одақ әрбір қатысушы елдің ұлттық-мемлекеттік мүдделері жүзеге асырылатын және жалпы бірлескен әлеует пайдаланылған бірдей құқықты тәуелсіз мемлекеттердің одағы болуы керек [2, 3 б.]. Еуразиялық одақ елдердің нарықтық қайта құруларды жүргізуге келісілген амалдардың қолдануын, ұлттық қауіпсіздікті, әлемдік экономикалық жүйеге бірлесіп қосылуын қамтамасыз етуі керек. Бұл міндетті мемлекеттермен бірыңғай экономикалық, кедендік, сауда және әлеуметтік-гуманитарлық кеңістік аумағын құру жолымен жүзеге асыру жөн болар еді [2, 65 б.]. Сонымен, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығымен салыстырғанда бірлесу негізі дәл экономикалық өзара байланыс болуы керек еді.

87

Еуразиялық одақты рәсімдеу егемендікке қысым жасаусыз, мемлекеттің ішкі істеріне араласпау, өз елінде мемлекеттік құрылымның тәртібін анықтаған әр халықтың құқығын құрметтеу кезінде болуы керек.


Ықпалдастыққа прагматикалық амалдың қажеттігі, бірлесудің
экономикалық мақсатқа лайықтылығы мен еріктілігі оны қалыптастырудың басымдылық принциптерімен мойындалды.
Еуразиялық мемлекеттердің ықпалдастығының басты мақсаттары тұрақтылық пен қауіпсіздікті нығайту, аумақтың әлеуметтік-экономикалық жаңаруы деп аталды. Сонымен қатар, жобада Еуразиялық одақта Еуропалық одақтың үлгісі бойынша өзіне әр түрлі қызмет саласында елдердің өзара қарым-қатынасын реттеу функциясын алатын ұлт үстіңгі органдар құрылатындығы аталып өткен.
Еуразиялық ықпалдастық идеясының тәжірибелік іске асуы 1995 жылғы 20 қаңтарда Белорусь, Қазақстан және Ресей елдерінің Кедендік одағы туралы Келісімді жасаудан бастау алады, кейін бұл одаққа 1996 жылы Қырғызстан және 1999 жылы Тәжікстан қосылды. 1996–1998 жылдары Кедендік одақ туралы Келісімді дамытуға тағы бірқатар
мемлекетаралық келісімдер қабылданды, себебі сол сәтте дезинтеграцияланған тенденциялар жеткілікті мықты болды.
1999 жылғы 26 ақпанда Кедендік одақ және Бірыңғай экономикалық кеңістік туралы Шартқа қол қойылды, бірақ ортақ сыртқы шекараларымен және ортақ басқару жүйесімен бірыңғай кедендік аумақты қалыптастыру бойынша жоспарлар жүзеге асырылған жоқ. Сондықтан 2000 жылға дейінгі кезең еуразиялық ықпалдастық процестерінің даму контексінде сынау жолдарын және едәуір тиімді интеграциялық моделдің қателерін іздеу уақыты ретінде сипаттауға болады.
Еуразиялық ықпалдастықтың тағдырын шешуші кезең 2000 жылғы 10 қазанда Астанада бес мемлекеттің (Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан) басшыларымен Еуразиялық экономикалық қауымдастықты (ЕурАзЭҚ) – нақты жазылған функционалдық құрылымға және тиімді қызмет механизмдеріне, анық және түсінікті мақсаттарға ие халықаралық ұйымды құру болды. ЕурАзЭҚ кезінде бақылаушы мәртебесін Армения, Молдова және Украина алды. 2006–2008 жылдарда қауымдастықтың құрамына Өзбекстан кірген. Бұл құрылым оның шеңберінде Кедендік одақты және Бірыңғай экономикалық кеңістікті (БЭК) қалыптастыру, сонымен қатар, әлемдік экономикаға және халықаралық сауда жүйесіне ЕурАзЭҚ мүше-елдерінің қарым-қатынасын ықпалдастыру мақсатымен құрылған. Қауымдастық елдері қызметінің стратегиялық бағыты – бірлескен табиғи, экономикалық, ғылыми және адами әлеуетті тиімді пайдалану кезінде олардың динамикалық әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету. Бұл қоғамның үдемелі дамуының және адами және биологиялық ресурстарын тұрақты ұдайы өсуінің,

88

экономикалық даму деңгейін және біздің елдердің өмір сүру деңгейін жоғарылатудың маңызды факторы болды [1, 72 б.].


ЕурАзЭҚ ұйымдастыру туралы шартына қол қою сәтінен бастап 13 жыл өтті. Осы уақыт бойы ол алдына қойылған міндеттерді сәтті орындап келеді. Өзінің қызметінің бастапқы кезеңінде Қауымдастық кәсіпорындар мен ұйымдардың арасындағы іскерлік байланыстарды тереңдетуді қамтамасыз етті.
Еркін сауда зонасының арқасында ЕурАзЭҚ елдерінің тауарларын өзара сату көлемі Қауымдастықтың сегіз жыл жұмысында бірінші рет 4 есе артты. Осы жетістіктердің негізінде 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанның, Ресейдің және Белорусь Кедендік одағы жұмыс істей бастады, ал 2011 жылғы 1 шілдеден бастап барлық халықаралық стандарттар бойынша толық форматты режимде әрекет етеді. Осы кезеңде Кедендік одаққа ЕурАзЭҚ үш елі қабылданған әр түрлі жылдамдықты және әр түрлі деңгейлі интеграцияның тұжырымдамасына толық сәйкестікте кірді, соған сәйкес, өзара ынтымақтастықтың түрлері, қарқыны мен деңгейі мемлекеттердің дайындылығы мен мүдделілігінің деңгейіне қарай таңдап алынады.
Кедендік одақтың толық форматты жұмысы кооперациялық байланыстардың кеңеюіне және кәсіпорын мен халықта уақыт пен қаражат шығынының азаюына әкелді. Оның мүше-елдерінің тауарларын өзара сату көлемдері 2010 жылы 29 %, 2011 ж. – 34 %, 2012 ж. – 7,5 % өсті.
«Известия» газетінде 2011 жылғы 25 қазанда жарияланған «Еуразиялық одақ: идеядан болашақтың тарихына қарай» атты іргелі мақаласында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «кедендік одақ – бұл бүкіл ТМД кеңістігінде шынымен ерікті және тең құқылы ықпалдасудың бірінші түрі. Ол алғаш рет тарихта біздің елдің халықтарын өзара сыйластық, ұлттық ерекшелікті сақтау және ортақ болашақтың үздіксіздігін ұғыну негізінде жақындастырады. ЕЭК Кедендік одақтың бірізді өзгеруі, ал уақыт өткен соң, Еуразиялық экономикалық одақ біздің елдеріміздің өркендеуіне мықты стимул болатынына, елдерімізді жаһандық әлемде алдағы қатарға шығарады деген сенімдемін» - деп атап өтті [3, 4 б.].
Сыртқы сұраныс емес, Кедендік одақ ішіндегі сұраныс өнеркәсіптің әр түрлі салаларында, ауыл шаруашылығында, қызметтер саласында үш елдің кәсіпорындарын салуды қамтамасыз етеді. «Үштіктің» шеңберінде Белорусь пен Қазақстанның үлес салмағы ұлғаяды. Кедендік одақтың қызмет етуі барысында өзара саудадағы шикізат ресурстарының үлесі 40 бастап 33% төмендеді, яғни, тауар айналымының құрылымы жақсарды, технологиялық өніммен, жоғары қосымша құны бар тауарлармен шикізат тауарларын ауыстыру жүргізілді.
Қауымдастық елдерімен бірлескен мемлекетаралық мақсатты бағдарламалары әзірленеді және жүзеге асырылады. Еуразиялық даму
89

банкы және Еуразиялық іскерлік кеңес белсенді жұмыс істейді. Сауда-экономикалық ықпалдасудағы жетістіктермен қатар, әлеуметтік, еңбектік және көші-қон саясаты, білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт және экология салаларында әлеуметтік-гуманитарлық блоктың маңызды сұрақтары нәтижелі шешіліп жатыр. Еуразиялық біріктіру дамуының әрбір кезеңінде сарапшылар бірауыздан осы процестердің дамуында Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың жоғарғы рөлін атап өтті. «Солтүстік - Оңтүстік» саяси орталығының қазіргі атқарушы директоры өз сөзінде «жүзеге асырудың жүйелілігі, теория мен тәжірбиенің үйлесімді қатынасы, заң бойынша «Нұрсұлтан Назарбаевтың жобасы» деп аталатын «еуразиялық жобаның» жетістігін айқындады». ТМД елдеріндегі қоғамдық-саяси процестерінің жетекші сарапшыларының бірі Алексей Власов, Еуразиялық одақ Нұрсұлтан Назарбаев үшін өмірлік іс сияқты: «Еуразиялық одақ құру идеясы әуел бастан Қазақстан Президентіне тиесілі». Екі онжылдық бойы ол үнемі біріктіру процесін итермелеп отырды және әрдайым: «Біріктіру – ол өркендеудің қысқа жолы» деп қайталаудан жалықпады. Назарбаевтың сенімді және қол жетімді мақсатқа қырағылықпен бағыттағанын уақыт көрсетті».


Атақты кеңес және ресей публицисті, жазушы-тарихшы Рой Медведев, Нұрсұлтан Назарбаевтың еуразиялық доктринасы жайлы айта отырып, оның жаңашылдығын және сонылығын көрсете отырып, XIX ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басындағы еуразиялық доктринамен ол тек қатысты және терминологиялық байланыста. Оның бағалауынша, «Нұрсұлтан Назарбаевтың еуразиялық жобасы әртүрлі мистикадан алыс және қандай да бір абстрактылы геосаясаттың догмасына негізделмеген, орын алған экономикалық және саяси жағдайлармен анықталатын барлығына түсінікті формулаларға негізделген».
ЕурАзЭҚ халықаралық мәртебеге ие және БҰҰ-да бақылаушы болып табылады. Оның бірқатар маңызды жобаларды бірге жүзеге асыратын басты халықаралық серіктестері болып БҰҰ ЕЭК, АТМЭӘК, ЮНИДО, ЮНЕСКО, БҰҰ дамыту бағдарламасы, ХАЭҰ, Көші-қон бойынша халықаралық ұйым, Орталық Азия елдерінің экономикасына арналған арнайы бағдарлама, Дүниежүзілік кедендік ұйым, ЕҚЫҰ, ЕҚ өкілеттігі, Азиядағы өзара әрекет етулер мен шаралар бойынша кеңесі алға шығады. Ерекше орынға аймақтық құрылымдармен – ТМД, ҰҚШҰ, ШЫҰ ынтымақтастық ерекше орын алады [1, 100 б.].
ЕАҚ құру туралы жобамен еуразиялық интеграциялық құрылымдарды қалыптастыру кезінде Еуроодақтың тәжірибесін пайдалану алдын ала қарастырылды. Сонымен, ЕҚ кейінгі жылдарда ол үстіңгі органдардың қызмет етуімен байланысты күрделі мәселелер, институционалдық және функционалдық мәселелері, сонымен қатар, Еуроодақты және оның ішіндегі еңбектің көші-қонды кеңейтуге байланысты мәселелер ашылды. Осының барлығы ЕурАзЭҚ, Кедендік
90

одақты және ЕЭК құру кезіндегі тәжірибелік жұмыста ескерілді. Осында ЕҚ тәжірибесі сынды түрде қайта түсіндірілді және біздің елде қалыптасқан жағдайларға бейімделді.


2011 жылғы 18 қарашада үш елдің президенттерімен Еуразиялық экономикалық ықпалдастық туралы Декларацияға қол қойылды, соған сәйкес ең жақын интеграциялық міндет – Кедендік одақтың және ЕЭК әлеуетін толық жүзеге асыру, ал одан әрі – осының негізінде Еуразиялық экономикалық одақты құру, онда тек нарықтар емес, сонымен бірге

стратегиялық жоспарлар мен елінің экономикасын дамыту


перспективалары біріктірілген. Жаңа бірлестік технологиялық, модернизациялық, инновациялық салаларда, білім облысында тиімді кооперация үшін қосымша мүмкіндіктерді ашуға арналған.
2014 жылдың наурыз айында еуразиялық жобаның «туғанына» 20 жыл толды. Еуразиялық ықпалдастық идеясының жылжуы, шын мәнінде, Президент Н.Ә. Назарбаевтың өмірлік ісі болды. Сонымен, Ресей Президенті В.В. Путин Н.Ә. Назарбаевпен 2013 жылы шілдеде Астанада өткен кездесуінде келесіні атап өтті: «Сіз, шын мәнінде, біздің Кедендік одақтың негізін қалаушы-атасысыз, бұл Сіздің идеяңыз болды, біз оны жүйелі түрде дамытамыз. Атап өткім келеді, бұл, күмәнсіз, посткеңестік кеңістікте ықпалдастық бағытындағы ең үлкен қадам. Қазір біз оның қайтарылуын сеземіз».
Қазіргі заманғы реалийлерде Қазақстан көшбасшысы Н.Ә. Назарбаевтың идеясы практикалық еурозиялылықтың жаңа кезеңінің басы болды. Сонымен, Нұрсұлтан Назарбаевтың еңбегі, оның еуразиялық теорияны саяси тәжірибемен күшейте алуында, сонымен, еуразиялық тұжырымдаманы едәуір өмірге бейімді және тиімді жасай отырып, күшейте алуында.
Нұрсұлтан Әбішұлының есімімен Қазақстанның қазіргі әлемде лайықты орынға қарай магистральды жылжу және жаңа астана – Астананың құрылысы байланысты. Сондай-ақ, Ұлт Көшбасшысы әлемге Қазақстанның және халқымыздың жаңа бейнесін ғана көрсеткен жоқ. Өткен жылдарда оның еуразиялық идеясының «үш киты» толық жүзеге асырылды - Еуразиялық экономикалық қауымдастығы (ЕурАзЭҚ), Азияда өзара әрекет ету және шаралар бойынша кеңесі (АӨӘЕШК) және Шанхай ынтымақтастық ұйымы (ШЫҰ) [2, 3 б.]. Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаевтың ерекше еңбегі, оның еуразиялық теорияны саяси тәжірибемен күшейте алуында, сол арқылы еуразиялық тұжырымдаманы едәуір өмір сүруге бейімді және тиімді ете алуында.
2012 жылғы желтоқсан айында Қазақстан Президенті «Қазақстан-2050» жаңа Стратегиясын ұсынды, онда кезекті жаһандық жарып шығуды жасау және 2050 жылы әлемнің 30 ең дамыған мемлекеттерінің қатарына ену жоспарланады. Бұл құжат – қалыптасқан мемлекеттің үдемелі дамуының жаңа жаһандық бағдарламасы.

91

Қазақстан Республикасының дамыған әлем елдерінің отыздығына кіруі Нұрсұлтан Назарбаевпен оның 2014 жылғы 17 қаңтардағы халыққа Жолдауында ұсынылған. Ол екі кезеңнен тұрады: 2030 жылға дейін жаңартылған ұмтылыс жасау, экономиканың дәстүрлі салаларының динамикалық өсуін және мықты өңдеуші индустриалдық секторды құру талап етіледі; 2030–2050 жылдарда ғылымға сыйымды экономика принциптерінде елдің тұрақты дамуын қамтамасыз ету қажет: мықты өңдеуші өнеркәсіпті қалыптастыру, дәстүрлі салаларда жоғары қайта бөліс өнімдерді шығаруға көшу, инжинирингтік қызметті дамыту.


Қазақстан Президенті «дамыған 30-топ әлем елдеріне кірудің маңызды механизмін біздің аймақтық және жаһандық экономикалық жүйемізге шоғырланудың тереңдігін анық көреміз. Бұл, ең алдымен, біздің Еуразиялық экономикалық одақты қалыптастыруға қатысуымызбен, Дүниежүзілік сауда ұйымына енуімізбен байланысты – деп атап айтады [1, 56 б.].
Елбасы болашақ энергиясын дамытуға ерекше мән береді. Үш жылдан кейін Астанада осы тақырыпқа арналған «ЭКСПО-2017» Халықаралық көрмесі өтеді. Нұрсұлтан Назарбаевтың сөзі бойынша, «бұл көрме елдің «жасыл» даму жолына көшуге мықты қарқын береді. Астанада ғылым мен техниканың ең үздік әлемдік жетістіктері ұсынылатын болады. Көптеген қазақстандықтар өздерінің көздерімен «біз ұмтылатын болашақ энергиясын» көре алады» [3, 3 б.].
Қазіргі еуразиялық идеяның авторы экономикалық мақсатқа лайықтылықпен қатар гуманитарлық құраушы бөлікті, интеграцияны «адами өлшеуді» де маңызды деп санайды. Еуразиялық стратегияның барлық элементтерінің тәжірибелік іске асырылуы бұрыштың басына рухани және адами құндылықтар жүйесін, тұлғаға деген құрметті, мәдениеттердің өзара байытылуын қояды. Нұрсұлтан Назарбаевтың атымен еуразиялықтың «әр алуандылық арқылы бірлікке қарай» басты ұранының теориялық және практикалық толығуы байланысты.
2015 жылдың 1-ші қаңтарынан бастап Еуразиялық экономикалық одақ өзінің жұмысын бастады. Армения мен Қырғызстанның интеграциялық бірлестігіне қосылу процесін бастай отырып, бірнеше айдың ішінде «еуразиялық үштік» «еуразиялық бестікке» айналды. ЕЭО-пен ынтымақтасуда көптеген мемлекеттер қызығушылық танытуда, жуырда Вьетнаммен еркін сауда одағының аймағын құру туралы бірінші келісімге қол қойылды. Еуразиялық экономикалық біріктіру және қытай бастамасымен Жібек жолының экономикалық аймағын біріктіру тұрғысынан алғанда қызықты болашақ ашылуда [5, 6 б.].
Жаңа бірлестік шын мәнінде оның әлеуетін ескергендегі тартылыс орталығы баршаның назарын аудартуда. Армения мен Қырғызстанның ЕЭО мемлекеттерінің жалпы нарығына қосылуы, 180 млн-нан аса тұтынушыларды құрайды, бұл орасан зор өндірістік, ғылыми және технологиялық әлеуетті, аса ірі табиғи ресурсты (мемлекет-
92

қатысушыларының үлесіне әлемдегі зерттелген барлық пайдалы қазбалардың шамамен жартысы тиеді) бірлестік.


Еуразиялық экономикалық одаққа қатысу мемлекет-мүшелерінің басқа мемлекеттермен немесе халықаралық ұйымдармен өзара қатынасына ешқандай әсер етпейтінгідігі маңызды. Осы интеграциялық бірлестіктің
бөлігі ретінде мемлекеттер ынтымақтастықты жолға қоюға, инвестициларды тартуға көптеген мүмкіндіктер ала алады деп сеніммен айтуға болады [5, 6 б.].


  • Қазақстан Президенті идеясының жүзеге асуы үшін жиырма жыл қажет болды. Адамзат тұрғысынан қарасақ ол аз уақыт емес. Алайда, мысал ретінде алсақ, Еуропаға кеден одағын құруға 11 жыл, жалпы нарықты қалыптастыруға – 34 жыл және экономикалық және валюта одағына 40 жыл қажет болды. Яғни, еуразиялық біріктіру еуропаға қарағанда екі есе жылдам дамыды. Мұндай қарқындылық барлық болып жатқан процестерге нақты әсерін тигізетін жаңа реалиялармен, жаңа тарихи жағдаймен байланысты болды. Нұрсұлтан Назарбаев айтқандай: «ХХI ғасырдағы масштабты технологиялық өзгерістердің болашақ нәтижесі ретінде бізге жаһандық экономикалық цейтнот жағдайында әрекет етуге тура келеді» » [5, 6 б.].

Еуразиялық біріктірудің көптеген тәжірбиелік мәселелерін өте қысқа мерзімде шешуге тура келеді, алайда, әрбір шешім сапалы және әбден пысықталған, сараланған. Себебі, одақтың әрбір қатысушысы ЕЭО – ол шындап және ұзаққа құрылған бірлестік екенін сезінеді.


Әдебиеттер тізімі


  1. Назарбаев Н.А. В потоке истории. Алматы: Атамұра, 1999. - 296 с.




  1. Новый Казахстан. Разговор о стране. Интервью Главы государства Нурсултана Назарбаева ведущим авторских программ республиканских каналов // Казахстанская правда, 2007, 10 апреля.




  1. Нурсултан Назарбаев – главный архитектор евразийской интеграции// Казахстанская правда, 2014, 12 марта.




  1. Послание Главы государства Н.А. Назарбаева народу Казахстана «Казахстанский путь-2050: Единая цель, единые интересы, единое будущее» // Казахстанская правда, 2014, 18 января.




  1. Идея, определившая будущее // Казахстанская правда, 2015, 15

июля.


93

Д.Е. Джакупова,

экономика магистрі,


Қарағанды мемлекеттік

техникалық университетінің

Патриоттық тәрбие беру

ҒЗИ директоры

е-mail: niipatriot_kstu@mail.ru

«ҚАЗАҚСТАН ЖАҢА ЖАҺАНДЫҚ НАҚТЫ АХУАЛДА:

ӨСІМ, РЕФОРМАЛАР, ДАМУ»
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ – ЕЛБАСЫ Н.Ә.НАЗАРБАЕВТЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА
ЖОЛДАУЫ
Бірнеше күннен кейін тарих ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығының есебін бастайды. Небәрі ширек ғасырда Қазақстан жаһандық шаруашылық байланыстарға қосылған егемен ұлттық экономика және ұлттардың әлемдік отбасының толыққанды қатысушысына айналған мемлекет ретінде қалыптасты. Біз бәріміз бірге көптеген сынақтарға төтеп бердік, шынықтық және нығайдық. Біз өзіміздің бүкіл тарихымызда көз көрмеген табысты экономикалық даму қарқынына қол жеткіздік. Біздің халқымыз бұған дейін ешқашан бүгінгідей жақсы өмір сүрген емес. Біз көп нәрселерге қол жеткіздік.
Қазір әлем шапшаң қарқынмен өзгеруде. Басқаша дәуір туып келеді. Біздің көз алдымызда өзгеше мүмкіндіктері мен тәуекелдері бар жаңа жаһандық нақты ахуал пайда болуда. Бүгінде Қазақстан экономикасына әлемдік рыноктардағы құлдырау туындатқан бірқатар сыртқы факторлар теріс әсерін тигізуде. Жаһандық дағдарыстардың шығу төркіні біздерге байланысты емес. Жаһандық дағдарыстар ықпалынан ешкім де сақтанып қала алмайды.
І. Жаңа жаһандық нақты ахуалдың сын-қатерлері
Бүгінде бізге де әлем дамуының бүкіл сын-қатерлерін көре білудің маңызы зор.
Біріншіден, қазіргі жаһандық дағдарыс жаппай қамту сипатына ие. Іс жүзінде барлық әлемдік рыноктар – қаржы, көмірсутегі, металдар, азық-түлік және басқа да рыноктар тұрақсыз. Біздің экспорттық өнімдерімізге сұраныстың төмендеуінің негізгі себебі де осында.
Екіншіден, әлемнің барлық экономикаларында да экономикалық өсімнің баяулауы байқалуда. Бүгінде жаһандық ІЖӨ өсімінің үнемі төмендеуі жөніндегі болжамдар ешкімді де таңқалдырмайды. 2011 жылдың күзінен бастап Халықаралық валюта қоры оларды 5-тен 3 пайызға

94

дейін төмендете отырып, болжамдық көрсеткіштерді 6 рет қайта қарады. Және, шамасы, бұл да шек емес сияқты.




Үшіншіден, бүгінде мұнайдан түсетін супертабыстар жоқ.


Төртіншіден, жаһандық экономика саяси факторлардың қысымын сезінуде. Әлем тұрақсыз бола түсті. Жетекші державалар бір-біріне қарсы
санкциялар енгізді. Олардың арасындағы сенім күрт төмендеп кетті. Таяу және Орта Шығыс, Солтүстік және Орталық Африка өңіріндегі тұрақсыздық пен дау-жанжалдар кең ауқымды босқындар ағынына апарып соқтырды. Әрбір күн террорлық актілер мен ондаған адамдардың қаза тапқандары туралы хабарлар жеткізуде. Бүгінде халықаралық терроризм әлемге елеулі қатер төндіріп тұр. Бұл тәуелсіз мемлекеттердің ішкі істеріне сыртқы күштердің араласуы жолымен мемлекеттіліктің күйреуінің нәтижесі.
Әлемнің дамуы күштердің әлемдік және өңірлік орталықтарының арасындағы қатаң бәсекелестік аясында жүретін болады. Жаңа жаһандық өмір шындығының сын-қатерлеріне біз өзіміздің нақты мүмкіндіктеріміз негізіндегі біртұтас іс-қимыл стратегиясын қарсы қоюымыз керек.
ІІ. Қазақстанның дағдарысқа қарсы мүмкіндіктері
Жаһандық дағдарыс – ол тек қауіп қана емес, сонымен бірге жаңа мүмкіндіктер. Әлемдік ауқымдағы көптеген компаниялар дамудың дағдарыстық кезеңінде сәтті компанияларға айналды. Іс жүзінде соңғы жарты жүзжылдықта табысқа қол жеткізген елдердің бәрі тура мағынасында нөлден бастаған болатын. Біздің Қазақстанның өзі де дағдарыс дәуірінде өмірге келді.
Алғашқы онжылдықта – Тәуелсіздіктің қалыптасуының ең қиын кезеңінде – біз негізінен «мұнайсыз» өмір сүрдік. Тәуелсіз Қазақстан әр кезде де сыртқы экономикалық стихияларға кереғар дамып отырды. Біз Тәуелсіздігімізді жариялаған өткен ғасырдың 90-шы жылдарының бірінші жартысы біз үшін қолайлы бола алды ма? Ол уақыттары өндіріс тоқтап, адамдар жұмыссыз және өмір сүруге қажетті қаржысыз қалды. Біз лайықты түрде, әрбір қадам сайын ол дағдарысты еңсере білдік. Біздің еліміз өзгерістердің алғашқы нәтижелерін енді ғана сезіне бастаған сәтте 1997-1998 жылдардағы Оңтүстік-Шығыс Азиядағы қаржы дағдарысы келіп жетті.
Сол уақыттары қабылданған стратегиялық шешімдер мен іс-қимылдар маңызды оң сипатты мәнге ие болды. Ол кең ауқымды жекешелендіру мен біздің экономикамызға көптеген трансұлттық компаниялардың келуі. Сол кезеңде біз жаңа елордамыз – Астананың құрылысын қолға алдық, Каспий құбырлы өткізгіш консорциумы жұмыс істей бастады, «Қазақстан-2030» Стратегиясы бастау алды. 2007-2009 жылдардағы дүниежүзілік қаржы дағдарысы туындаған кезде Ұлттық қор
95

құру туралы шешімнің маңыздылығы мейлінше айқын бола түсті. 20 миллиард доллардай – Қазақстан ІЖӨ-сінің 14 пайызы – жұмыспен қамтуды қолдауға, жолдарды жөндеуге және салуға, қалалар мен ауылдарды көріктендіруге бөлінді. Банк секторы, шаруа қожалықтары, шағын және орта бизнес көмекке қол жеткізді. Арам ниетті құрылыс салушыларға алданған мыңдаған үлестік құрылысқа қатысушылар мемлекеттің ізгілікті ерік-жігерінің арқасында жаңа тұрғын үйлер алып шықты.


Біз дағдарысқа қарсы екі жоспарды әзірлеп, дәйектілікпен жүзеге асырдық. Бұл біздің экономикалық қиындықтарды еңсерудегі зор да табысты тәжірибеміз. Қазіргі жаһандық дағдарыс біздің басымызға күтпеген жерден келіп түскен жоқ. Мен жаңа толқынның қайткенде де келіп соғатынын талай рет айтқанмын. Бұл жолы Қазақстан дағдарысқа қарсы алдын алу стратегиясын алғаш рет

қолданып отыр.


Біріншіден, біз қазірдің өзінде индустриялық-инновациялық дамудың екінші бесжылдығын бастадық, яғни шикізат ресурстарына ғана қарап қалмайтын экономика құрудамыз.
Екіншіден, біз «Нұрлы Жол» Мемлекеттік инфрақұрылымдық даму бағдарламасын қабылдадық. Дағдарысқа қарсы шаралардың маңызды аспектісі ұлттық валютамыз теңгенің еркін бағамға көшуіне байланысты болды.
Үшіншіден, біз «5 институттық реформаны жүзеге асыру бойынша 100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асырудамыз. Парламент Ұлт жоспарын заңнамалық қамтамасыз ету үшін жұмыс істеуде. Олар 80-нен астам заң. Олар біз жоспарлағандай, 2016 жылдың 1 қаңтарынан жұмыс істей бастайды. Шағын және орта кәсіпкерлік үшін әкімшілік кедергілер жойылуда, мемлекеттік басқару, білім беру мен денсаулық сақтау жетілдірілуде. Осы шаралардың бәрі де мемлекетке, қоғамға біздің экономикамызға қосымша төзімділік береді.
Төртіншіден, біз қажетті мемлекеттік қор мен алтын-валюта резервін жинақтадық.
Бесіншіден, менің тапсырмам бойынша, бұған дейін мен айтқандай, мұнай бағасы баррельіне 30-ға дейін және 20 долларға дейін төмендеген жағдайларға ойластырылған іс-қимылдар нұсқасы әзірленді.
Алтыншыдан, Қазақстанда инновациялық индустрияландыру шеңберінде құрылған экономиканың жаңа секторлары экономикалық өсімнің драйверлеріне айналуда. Көптеген өңдеуші салалар өсім көрсетіп отыр. Бес жылда өңдеу өнеркәсібі 1,3 есе, химия өнеркәсібі мен құрылыс материалдары өндірісі 1,7 есе өсті. Машина жасау өнімдерін шығару 2,2 есе, экспорт 3 есе артты. 800-ден астам индустриялық жобалар жүзеге
96

асырылды. Биылғы жылы металлургия өнеркәсібі бірден 15 пайызға, химия өнеркәсібі 3,2 пайызға ұлғайды. Минералды өнімдер өндірісі 3,2 пайызға, киім-кешек 4 пайызға өсті. Дүниежүзілік банк пен Азия даму банкі Қазақстан үшін 2016 жылға жоғары экономикалық өсу қарқынын болжап отыр.


Жетіншіден, қазақстандықтардың экономикалық мінез-құлықтары өзгеруде. Еңбек өнімділігінің 60 пайыздан астамға артқаны байқалып отыр.
Осыдан екі жыл бұрын Елбасы «Қазақстан-2050» Стратегиясын жариялады. Осы уақыттың өзінде-ақ біз оны жүзеге асыруда, тіпті, жаһандық дағдарыстың теріс ықпалына қарамастан, орасан зор нәтижелерге қол


жеткіздік.


Біріншіден, Давос экономикалық форумының Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексі көрсеткіші бойынша Қазақстан әлемде 42-ші орынға ие болды.
Екіншіден, бизнес үшін барынша қолайлы жағдайлар жасайтын елдердің әлемдік рейтингінде Қазақстан 41-ші позицияны иеленді.
Үшіншіден, бүгін, 30 қарашада Қазақстан Дүниежүзілік сауда ұйымының заңды түрдегі толыққанды мүшесі болды. Ол туралы ДСҰ-ның Бас кеңесінің отырысында ресми түрде хабарланатын болады. Бұл оқиға тәуелсіз Қазақстанның тарихындағы маңызды кезең болып табылады. Ол біздің еліміздің толыққанды сауда-экономикалық әріптес ретінде мойындалуын айғақтайды. Қазақстанның ДСҰ-ға өтуі біздің экспорттаушыларымыз үшін де, экономикамыздың шешуші секторларына келетін шетелдік инвесторлар үшін де жаңа мүмкіндіктер ашады.
ІІІ. Біздің дағдарысқа қарсы басты стратагемамыз
Бүгінде көптеген жайттар Ұлы Қазақстан жолы мен Мәңгілік Ел идеясын бастап отырған өзімізге байланысты. Біздің ұзақ мерзімді, орта мерзімді және таяу болашаққа арналған іс-


қимыл стратегияларымыз бар.

Қазір және кез келген басқа уақытта

біздің дағдарысқа қарсы басты


стратагемамыз үш қарапайым, бірақ маңызды – өсім, реформалар, даму ұғымдарымен үндес.
Біріншісі – өсім. Әңгіме ең алдымен, экономикалық өсім туралы болып отыр.
Ағымдағы міндеттерге қатысты алғанда бізге Қазақстанның әлемнің неғұрлым дамыған отыздығына енуін қамтамасыз ететін экономикалық

97

өсім қарқынын қалпына келтіру қажет. Біз жеке бастамаларды дамыта отырып, өсімнің жаңа ішкі көздерін ашуға тиіспіз.


Екінші – реформалар. Олар экономиканың, қоғам мен мемлекеттің тұрақтылығын қамтамасыз етеді. Қазір біз «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асырып жатырмыз. Олар өз ауқымы жағынан біз 90-шы жылдары жүргізген реформалар ауқымына сәйкес. Бізге мемлекеттік және корпоративтік менеджментті, қаржы және фискалдық секторларды неғұрлым тереңірек реформалау мейлінше қажет.

Үшінші – даму. ХХІ ғасырда қоғамның барлық салаларын үздіксіз жаңғырту дамудың басты факторына айналып отыр. Біз Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы, жоғары әлеуметтік жауапкершілік, халықтың неғұрлым әлсіз буындарына атаулы көмек қағидаттарында бүкіл мемлекеттік, қоғамдық және жеке институттарды кең ауқымды жаңғырту бойынша жұмыстар жүргізудеміз.


IV. Дағдарысқа қарсы және құрылымдық жаңарулардың бес бағыты
Таяу уақыттарда бізге келесі бес бағыт бойынша дағдарысқа қарсы және құрылымдық кешенді жаңаруларды жүзеге асыру қажет.
БІРІНШІ. Қаржы секторын тұрақтандыру
Біздің маңызды міндетіміз – қаржы жүйесін жылдам тұрақтандыру, оны жаңа жаһандық нақты ахуалға сәйкестендіру.
Біріншіден, қаржы секторының теңгенің еркін бағамы жағдайында тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету. Мұндағы қағидатты сәт сол, Ұлттық валютаның бағамына Ұлттық қор қаржылары есебінен шексіз қолдау көрсету тәжірибесіне қайта оралу болмайды. Ұлттық банк банк секторының барлық субъектілеріне жұмыс істемейтін несиелер бойынша стресс-тестілеу жүргізуі қажет. Оның нәтижелері бойынша оларды мойындау және есептен шығару

жөнінде шаралар қабылдау керек. Капиталдандыру проблемаларын шеше алмаған банктер қаржы жүйесінен «кетуі» тиіс. Қазақстандық банктер барлық


халықаралық стандарттарға, соның ішінде, Базель комитеті мен Халықаралық валюта қорының стандарттарына сәйкес келуі қажет. «Долларсыздандыру» құралдарын кеңейту арқылы ұлттық валютаға деген сенімді нығайтуға қол жеткізудің маңызы зор.
Екіншіден, инфляциялық таргеттеу шеңберінде Ұлттық банк орта мерзімді болашақта инфляция деңгейін 4 пайызға дейін төмендетуі керек.

98

Ол үшін пайыздық мөлшерлемелерді икемді өзгерту тетігі толыққанды пайдаланылуы тиіс.


Үшіншіден, Ұлттық банктегі институттық кемшіліктерді жою қажет. Біртұтас Зейнетақы қорын, Проблемалы несиелер қорын және басқа да қаржы институттарын оның бақылауынан шығару керек.
Төртіншіден, 2016 жылы зейнетақы активтері жеке қазақстандық немесе шетелдік компаниялардың басқаруына берілуі тиіс. Зейнетақы жиналымдарының табыстылығын арттыру мақсатында зейнетақы қаржыларын инвестициялауға көзқарастарды қайта қараған жөн. Зейнетақы қорына көзқарас пен басқару да Ұлттық қорға көзқарас пен басқару сияқты болуы керек.
Ұлттық банк қоғам мен қаржы мекемелеріне өз қызметінің мәселелері бойынша үнемі тиянақты ақпарат беріп тұруы тиіс. Қаржы секторына қатысушылардың бәрімен қалыпты жұмыс бабындағы үнқатысуды жолға қоюдың маңызы зор. Осы аталған барлық кезек күттірмес шараларды қабылдағаннан кейін ғана экономиканы ынталандыруға, соның ішінде монетарлық тәсілдермен ынталандыруға кірісуге болады. Мен жаңа басшылықтың Ұлттық банкті сауатты басқаратынына сенемін. Біздің бәріміздің де ұлттық валютамыз – теңгеге сенуіміз қажет. Теңге салымдары – бүгінде азаматтардың жиналымдарын сақтаудың ең үздік құралы.
ЕКІНШІ. Бюджет саясатын оңтайландыру
«Көрпеге қарап көсілу» – бұл, әсіресе, жаһандық дағдарыстың ықпалы жағдайында біз үшін тексерілген қағидат және бюджет саясатының дұрыс моделі.
Бүгінде біз бюджетке салықтық түсімдердің 20 пайызға дерлік төмендегенін айтып отырмыз. Қосылған құн салығын төлеу көлемі төрттен бірге, ал табысқа корпоративтік салық бойынша 13 пайызға төмендеді. Бұл бар болғаны бизнеске қосымша қысымды білдіретін болады.

Бюджет шығындарын Ұлттық қор есебінен жабу – көрегендік емес. Біз алдағы жылдардың қандай боларын білмейміз. Сондықтан менің ұстанымым қағидатты – Ұлттық қор қаржыларын ағымдағы шығындарға пайдалану


тоқтатылуы тиіс. Ұлттық қордан республикалық бюджетке жыл сайынғы кепілдендірілген, шектеулі трансферт бірден-бір тетік болуы керек. Үкіметке Ұлттық қор қаржыларын жаңа жаһандық өмір шындығы жағдайында қалыптастыру мен пайдаланудың жаңа тұжырымдамасын әзірлеуді тапсырамын.
Бізге мемлекеттік кірістер мен шығыстардың бүкіл жүйесін қайта қарау қажет. Ең алдымен, бюджеттің кіріс базасын ұлғайту керек. 2017 жылы қазіргі ҚҚС-тің орнына сатудан түсетін салықты енгізу қажет.
99

Барлық тиімсіз салықтық жеңілдіктерді жойған жөн. Салықтық режімдерді оңтайландыру қажет – тек үш деңгей ғана қалуы керек. Олар – жалпы, жеке кәсіпкерлер үшін патент және шағын және орта бизнес, сондай-ақ, аграрлық сектор үшін арнайы салық режімі. Мұндай механизм «көлеңкелі экономиканы» жарыққа алып шығатын болады.


Салық саласының мөлдірлігін арттыру Үкіметтің басты міндеті болуы тиіс. Тек осылай еткенде ғана экономиканың әрбір субъектісі салықтарды толық көлемде төлеуге мүдделі болмақ.
Үкімет салықтық әкімшілендірудің тиімділігін қамтамасыз етуі керек. Бүгінде мүлікті жария ету мерзімдері 2016 жылдың 31 желтоқсанына дейін ұзартылды. Мүлік пен ақшаны заңды айналымға қайтару үшін қосымша ынталандырулар қабылданды. Құпиялылық пен сот қудалауынан қорғауға кепілдік беріледі. Үкіметке жария ету жағдайларына тағы бір рет талдау жасауды және қажет болған жағдайда, оған қатысушыларға кепілдікті күшейтуді тапсырамын. Мен мүлікті жария етуге қатысу жөнінде әлі де ойланып жүргендердің барлығын осы мүмкіндікті пайдаланып қалуға шақырамын.
2017 жылдың 1 қаңтарынан кірістер мен шығыстарды жаппай декларациялау күшіне енеді. Одан кейін, олар қайда болса да, олардың шығу төркіні мен салық салынуын анықтау үшін, соның ішінде Экономикалық ынтымақтастық пен даму ұйымының көмегімен, есепшоттар мен активтерді анықтау бойынша шаралар қабылданатын болады.
Енді бюджет шығындарын оңтайландыру жөніндегі шаралар туралы. Үкіметке барлық бюджеттік бағдарламаларға толық ревизия жүргізуді тапсырамын. Дағдарыс жағдайында әр теңге де маңызды. Тиімсіз шығындар немесе жеке сектор есебінен жабылуы мүмкін шығындар бюджеттен шығарылуы тиіс. Өңірлік және индустриялық даму бағдарламаларының шығындарын қайта қарау қажет.
Мемлекеттік шығындар мен субсидиялар жүйесін де қайта қараған жөн. Бүгінде бүтіндей бір салалар мемлекет есебінен өмір сүруде. Сонымен бірге, мәселен, «ҚазАгро» корпорациясы арқылы көрсетілетін мемлекеттік қолдау құралдары бүкіл ауылшаруашылық тауар өндірушілердің тең жартысы үшін қолжетімді емес. Бюджет шығындарын жеңілдету үшін мемлекет-жекеменшік әріптестігі тетігін белсендірек қолдану қажет. Экономиканың басым салаларына жеке инвестицияларды ынталандыру бойынша қосымша шаралар қарастыру керек. Жеке инвесторларды жол, газ құбыры, ауруханалар, мектептер және басқа да нысандар құрылысына ғана емес, сонымен бірге, оларды қайта жаңғыртуға және техникалық қызмет көрсетуге тартудың да маңызы зор. Бюджет шығындарын оңтайландырудан босаған барлық қаржыны бірінші кезекте халық үшін нақты нәтижелер әкелетін жобаларға бағыттау қажет.

100


ҮШІНШІ. Жекешелендіру және экономикалық бәсекелестікті ынталандыру
Бүгінде тұрақты экономикалық өсімді қамтамасыз ету үшін ішкі ресурстарды барынша босатудың маңызы зор. Ол үшін біз екі тиімді құралды – кең ауқымды жекешелендіруді және бәсекелестікті ұлғайтуды пайдалануға тиіспіз. Бүгінде өсім мен бәсекелестікті не ұстап тұр?
Ең алдымен, үлкен мемлекеттік сектор – 7 мыңнан астам кәсіпорындар. «Самұрық-Қазына» және «ҚазАгро» холдингтері өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығының орасан зор активтеріне тиімді бақылау жасай алмайды. «Самұрық-Қазына» қорының активтері ІЖӨ-нің 40 пайыздан астамын құрайды, 500-ден астам «немерелер» мен «шөберелерден» тұрады. «ҚазАгро» және «Бәйтерек» холдингтері бюджет пен банктер арасындағы тиімсіз делдалдарға айналды. Осылардың бәрі далиған штаттармен және орасан бюджеттік ресурстармен қоса жүреді, сонымен бірге, жеке инвестициялар мен бастамаларды ығыстырып шығаруға апарып соқтырады.
Қазір мемлекеттік сектор нысандарын жекешелендіруге шектеулерді алып тастау маңызды. «Мемлекеттік мүлік туралы» Заң мен Азаматтық кодекстің бірқатар ережелерін қайта қарап, жекешелендіруге жатпайтын стратегиялық нысандардың санын қысқарту қажет. Үкіметке мемлекеттік меншіктегі ұйымдардың бәрін қоса отырып, Жекешелендірудің жаңа бағдарламасын жасауды тапсырамын. Олардың ішінде, «Самұрық-Қазына», «Бәйтерек» және «ҚазАгроға» кіретіндері де бар. Жекешелендіруден кейін осы үш басқарушы холдингтің бәрі ықшам ұйымдарға қайта құрылымдалатын болуы тиіс.
Жекешелендіру әділетті нарықтық баға бойынша, ашық және бәсекелі жүзеге асырылуы керек. Мұнда акцияларды қор нарықтарына орналастыру мен ашық аукциондар шешуші тетіктерге айналуы тиіс. Оған қазақстандық және шетелдік инвесторларды барынша мол қатыстыру үшін жағдай жасау керек. Үкіметке барлық акционерлердің мүлкінен айырылғандардың активтерін сатып алуға деген басым құқықтарын алып тастауды тапсырамын.
Әрі қарай, Үкімет еркін және саламатты бәсеке үшін жағдайлар жасауы тиіс.
Біріншіден, Үкіметке антимонополиялық қызметті күшейту бойынша нақты ұсыныстар жасауды тапсырамын. Бізге антимонополиялық ведомство туралы мәртебесі мен жұмыс тәртібі нақты регламенттелген жеке заң керек.
Екіншіден, бағаны жасанды реттеу түрінде нарықтық ынталандыруларға қатысты бұрмалауларды жою қажет. Үкіметке экономиканың барлық секторларында нарықтық баға қалыптастыруға әрі қарай көшуді жалғастыруды тапсырамын.

101


Үшіншіден, бәсекелестік саласындағы саясат банкроттық және тиімсіз компанияларды оңалтуды тиімді реттеу үдерістерімен қоян-қолтық жүруі тиіс. Нарықтық экономика – күштілердің бәсекесі. Жеңілгендер нарықтан кетуге немесе қайтадан бастауға мүмкіндік алулары керек. Бізде мұндай жоқ. Тиімсіз компаниялар мемлекеттен түрлі түрдегі субсидиялар мен жеңілдіктер алу үшін кезекке тұрады. Бірде-бір дамыған елде
компаниялардың банкроттығы саланың ыдырауына немесе жұмысшыларын босата отырып, кәсіпорынның тоқтауына алып келмейді. Тиімсіз менеджерлердің орнына өзімен бірге инвестициялар әкелетін жаңа меншік иелері келеді. Біз бәсекеге қабілетсіз компанияларды мемлекет есебінен «сүйремеуге» тиіспіз. Үкіметке жеке және заңды тұлғалар үшін банкроттықтың нақты және түсінікті ресімдерін жасауды тапсырамын. Ол барынша жеңілдетілген болуы тиіс.
ТӨРТІНШІ. Жаңа инвестициялық саясаттың негіздері Таяудағы онжылдықта Қазақстанның алдында тұрған міндеттер:


  • экономиканың жыл сайынғы өсімін 5 пайыз деңгейінде қамтамасыз ету;




  • өңделген тауарлардың экспортын 2015 жылмен салыстырғанда кем дегенде екі есе ұлғайтып, оны жылына 30 миллиард долларға дейін жеткізу;




  • экономикаға жыл сайынғы инвестициялардың көлемін 10 миллиард доллардан астамға ұлғайтып, тұтастай алғанда 10 жыл ішінде – кем дегенде 100 миллиард долларға жеткізу;




  • 660 мыңнан астам жаңа жұмыс орындарын құру, еңбек өнімділігін 2 еседен астамға арттыру.

Экономикалық өсімнің мұндай қарқыны тек экспорттық табыстар ағынын мүмкін ететін жаңа драйверлер қалыптастыру есебінен ғана қамтамасыз етіле алады.


Жаңа жаһандық нақты ахуалдың мәні тек әртараптандырылған экономиканың ғана жаһандық дағдарыс салдарына тиімді қарсы тұра алатынында болып табылады. Сондықтан да біз индустрияландыру бағдарламасын жүзеге асыру үстіндеміз. Бізге жаңа инвестициялық саясат керек.
Біріншіден, трансұлттық корпорацияларға екпін түсіре отырып, жеке инвестициялар тарту маңызды. Біз «күрделі инвестициялар» тарту үшін
оңтайлы орта қалыптастыруымыз керек. Осы жылы «Астана» Халықаралық қаржы


орталығын құру туралы шешім қабылданды. Ол исламдық қаржыландыру, приват-банкинг және қайта сақтандыру


салаларында өңірлік хаб болады. Қазақстан күшті институттары, білікті, тиімді және болжамды үкіметі бар өңірдегі көшбасшы-елге айналуы тиіс. Бізде озық техникалық кадрлар, әлемдік деңгейдегі
102

инфрақұрылымдар болуы тиіс, қоғамдық тәртіп пен адамдардың жеке қауіпсіздігі қамтамасыз етілуі керек.


Инвестициялық ахуалды жетілдіруге бағытталған реформаларды әрі
қарай жалғастыру ЭЫДҰ және басқа да халықаралық қаржы институттарымен бірлесіп жүргізілуі тиіс. Үкіметке үш ай мерзім ішінде инвестициялық ахуалды жақсартудың егжей-тегжейлі жоспарын жасап ұсынуды тапсырамын. Бұдан бөлек, инвесторлармен жұмысты белсенді ете түсу үшін инвесторлар тарту мен инвестициялық ахуалды жақсартуға бағдарланған Үкімет кеңесін құруды тапсырамын. Өңірлерде жергілікті маңыздағы жобаларды жүзеге асыру үшін инвестициялар тартуға қажетті осындай кеңестер құру керек.
Екіншіден, экономикалық өсімнің өңірлік драйверлерін қалыптастыру маңызды. Барлық инвестициялық жобалар тікелей өңірлерде жүзеге асырылады. Сондықтан, 6 макроөңірлер


– Оңтүстік, Солтүстік, Орталық-Шығыс, Батыс, Алматы, және Астана үшін жеке бағдарламалар жасау қажет. Ірі өңірлік жобалар айналасында шағын және орта бизнесті дамыту керек.


Сондықтан, кәсіпкерлікті қолдаудың «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы
макроөңірлердің инвестициялық бағдарламаларының бір бөлігі болуы тиіс.
Еңбекресурстарыныңжұмылғыштығын
жоғарылату бойынша, бірінші кезекте, еңбек күші артық өңірлердің еңбек күші жетіспейтін өңірлерге миграцияларды ынталандыруға бағытталған шараларды алдын ала қарастыру қажет.
Макроөңірлер «Нұрлы Жол» бағдарламасы шеңберінде құрылатын біртұтас көліктік, логистикалық және коммуникациялық құрылым аясында бірігулері тиіс. Қазіргі кезде «Орталық – Оңтүстік», «Орталық – Шығыс», «Орталық –Батыс» шешуші бағыттары бойынша 11 жоба жүзеге асырылуда. «Боржақты – Ерсай», «Алматы – Шу» теміржол желілері мен Құрық портындағы паромдық өткел құрылыстары жүргізілуде. Бұл жобалар қазірдің өзінде 72 мың адамды жұмыспен қамтып отыр. Үкіметке аталған бағдарламаларды жүзеге асыру ісін белсенді ете түсуді тапсырамын.
Сонымен қатар, экономикалық конъюнктураны есепке ала отырып, қаржыландыру көздерін әртараптандыру қажет. Менің ҚХР-ға сапарым барысында ЭксимБанкпен 2,6 миллиард доллар сомасында займ тарту туралы уағдаластыққа қол жеткізілді. Қазір мемлекеттік бюджет есебінен көптеген жолдар салынып жатыр. Бірақ, бұл жобаларға шетелдік және жергілікті инвесторларды да тарту керек. Жақын болашақта «Нұрлы Жол» бағдарламасы жобаларына жеке капиталды тарта отырып, қаржыландыру моделіне келтіру керек.
103

Үшіншіден, қазір әлемдік және өңірлік рыноктарда экспорттық тауашаларды белсендірек игерген жөн. Біз жақын жатқан елдердің экономикалық әлеуеттерін тиімді пайдалануға тиіспіз. Бірінші кезекте, бұлар –Қытай, Ресей, Иран, Моңғолия, Үндістан, Пәкістан, Орталық Азия және Кавказ елдері. Аталған елдер жыл сайын 3,5 триллионнан астам доллардың тауарлары мен қызметтерін импорттайды. Еуразиялық экономикалық одаққа шешуші өңірлік рыноктармен еркін сауда туралы келісім жасасу қажет. Үкімет аталған мәселелерді біздің әріптестерімізбен бірлесіп жасап, бәріміз үшін пайдалы етіп шешуі тиіс. СІМ-ге осы міндеттерді орындау үшін Қазақстанның шетелдердегі мекемелерінің барлық ресурстарын іске қосу қажет.


Төртіншіден, бізге техникалық кадрлар дайындау жүйесін барынша дамыту қажет. Техникалық және кәсіби білім беру инвестициялық саясаттың негізгі бағыттарының бірі болуы тиіс. Бұл үшін Германиямен, Канадамен, Австралиямен және Сингапурмен кадрлар дайындау орталығын бірлесіп құру керек. Олар бүкіл еліміз үшін техникалық және кәсіби білім беру жүйесінің моделі болады.
Бесіншіден, Қазақстан экономикасының инновациялық әлеуетін арттырған жөн. Болашақтың экономикасын құру үшін негіз қалау маңызды. Смарт-технологиялар, жасанды


интеллект, киберфизикалық жүйелер интеграциялары, болашақтың энергетикасы, жобалау және инжиниринг салаларында біліктілікті дамыту қажет. Мұны тек тиімді ғылыми-инновациялық жүйе құру арқылы


ғана жасауға болады. Назарбаев Университеттің «Астана бизнес кампусы» хайтек-паркінің базасы мен Алматыдағы «Алатау» технопаркінде
қалыптастырылатын қуатты зерттеу университеттері мен инновациялық кластерлері оның негізіне айналады. Астанада ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесін өткізу бізге «жасыл технологияларға» негізделген жаңа энергетиканы белсенді дамытуға жақсы мүмкіндік береді.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет