Т. Сапаров Қазақ шығысының Өзен – КӨл атаулары



бет16/19
Дата03.04.2016
өлшемі3.5 Mb.
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19

ОСПАНКӨЛ – көл.

Ханшыңғыс жотасының солт.-шығысында, Абай ауд-нда. “Оспанның көлі” мәніндегі атау.

ӨСКЕМЕН – бөген.

Үлбі жотасының батысында, Зырян ауд-нда.

ӨТЕГЕН – өзен.

Қалба жотасының батысында, Шар өз-нің аңғарында, Жарма ауд-нда.

ПОСКАЧА – өзен.

Қызылқарағай жотасының оңт.-батыс бөлігінде, Қатонқарағай ауд-нда.

ПУТОЧКА – өзен.

Сарымсақты жотасының оңт.-батыс бөлігінде, Күршім ауд-нда.

ПІШУКЕСПЕ – өзен.

Ханшыңғыс жотасының солт.-шығысында, Абай ауд-нда.

РАХМАН ҚАЙНАРЫ (Рахман көлі, Арасан) – шипалы жылысу көзі.

Қатонқарағай ауд-нда, Арасан қ. жағасында теңіз деңгейінен 1750 м биіктікте орналасқан. 1925 – 36 ж. бұл жерде курорт болды. 1960 жылдан қайта жұмыс істей бастады.

РАХМАНОВСКОЕ – өзен.

Қатонқарағай а-нан солт.-шығысқа қарай 78 км жерде, Ақ Берел өз-нің аңғарында, Қатонқарағай ауд-нда.

РУСТЕМ – бұлақ.

Қалба жотасының батысында, Шар өз-нің аңғарында, Жарма ауд-нда. Шығымы 500 л/с. Кісі есімімен қойылған атау.

САЗҚҰДЫҚ – көл.

Бөдене а-нан оңт-ке қарай 37 км жерде, Семей қ-на қарайтын аумақта. “Батпақты, сазды жердегі құдық” мәніндегі атау.

САЙҚАМЫС – өзен.

Ақшатау жотасының оңт.-шығысында, Аягөз өз-нің аңғарында, Аягөз ауд-нда.

САМСЫҚ – өзен.

Шыңғыстау жотасының батысында, Аягөз ауд-нда.

САҢЫРАҚКӨЛ – көл.

Айғыржал жотасы мен Сарытау таулары аралығында, Жарма ауд-нда.

САРАҢКӨЛ – көл.

Беген а-нан солт-ке қарай 41 км жерде, Бесқарағай ауд-нда.

САРҒАЛДАҚ – өзен.

Ханшыңғыс жотасының батысында, Семей қ-на қараған аумақта. Өсімдік атынан қойылған атау.

САРШАКӨЛ – көл.

Күршім а-нан шығысқа қарай 27 км жерде, Күршім өз-нің аңғарында, Күршім ауд-нда. “Саршаның көлі” мәніндегі атау.

САРЫАЛҚА – өзен.

Сарымсақты жотасының солт.-батыс бөлігінде, Қатонқарағай ауд-нда.

САРЫБҰЛАҚ – өзен.

Алакөл к-нің солт-нде, Үржар ауд-нда. “Үлкен бастау” мәніндегі атау.

САРЫБҰЛАҚ – өзен.

Зайсан көлі мен Тарбағатай жотасы аралығында, Маңырақ жотасында, Тарбағатай ауд-нда.

САРЫБҰЛАҚ – өзен.

Сауыр жотасының солт-нде, Зайсан ауд-нда.

САРЫБҰЛАҚ – өзен.

Тарбағатай жотасының солт. бөлігінде, Тарбағатай ауд-нда.

САРЫБҰЛАҚ – өзен.

Шыңғыстау жотасының оңт.-шығысында, Аягөз ауд-нда.

САРЫБҰЛАҚ – бұлақ.

Ақшатау жотасының оңт.-батысында, Бақанас өз-нің аңғарында, Аягөз ауд-нда.

САРЫКӨЛ – көл.

Зайсан к-нің шығысында, Қара Ертіс өз-нің аңғарында, Зайсан ауд-нда. Кең немесе “суы мөлдір, таза емес, реңі сары үлкен көл” мәніндегі атау.

САРЫМАНАҚ – көл.

Зайсан к-нің шығысында, Кара Ертіс өз-нің аңғарында, Зайсан ауд-нда.

САРЫӨЗЕК – өзен.

Үшқайың тауларының шығысында, Аягөз ауд-нда. “Кең, енді өзек, су” мағынасындағы атау.

САРЫӨЗЕН – өзен.

Мыржық жотасының шығысында, Семей қ-на қарайтын аумақта. Сары сөзі бұл жерде, біріншіден, “кең, енді” дегенді білдірсе, екіншіден, судың лайлы таза емес екендігін көрсетеді.

САРЫТҰМА – құдық.

Зайсан к-нің солт-нде, Күршім ауд-нда.

САСЫҚ – көл.

Семейтау тауларының оңт.-батысында, Шаған өз-нің аңғарында, Семей қ-на қарайтын аумақта. Ру атынан қойылған атау.

САСЫҚКӨЛ – көл.

Алакөл к-нің солт.-батысында, Аягөз қ-нан оңт-ке қарай 142 км жерде, Үржар ауд-нда. “Суының дәмі жаман, айналасы саз, батпақты жаман көл” мәніндегі атау.

САСЫҚКӨЛ – көл.

Қалба жотасының солт.-батысында, Шар өз-нің аңғарында, Семей қ-на қарайтын аумақта.

СЕНИЧЕВО – өзен.

Қызылқарағай жотасында, Қатонқарағай ауд-нда.

СЕРІКБАЙ – құдық.

Ақшатау жотасының оңт-нде, Көксала өз-нің аңғарында, Аягөз ауд-нда. Кісі есімімен қойылған атау.

СМОЛЯНКА – өзен.

Үлбі жотасының батыс бөлігінде, Зырян ауд-нда.

СОЗЫҚСОР – көл.

Семей қ-нан батысқа қарай 82 км жерде. Ертіс өз-нің аңғарында, Семей қ-на қарайтын аумақта.

СОР –көл.

Семей қ-нан оңт-ке қарай 10 км жерде, Семей қ-на қарайтын аумақта. “Айналасы ақтаңданып, тұзы шығып кеткен, суы аз, жаз айларында кеуіп кетіп отыратын, суы сортаң, ащы көл” мәніндегі атау.

СОР – көл.

Семейтау тауларының оңт.-шығысында, Семей қ-на қарайтын аумақта.

СОРВЕНОК – өзен.

Марқакөл к-нің солт.-шығысында, Күршім ауд-нда.

СОРМОЙЫЛДЫ – көл.

Беген а-нан солт.-шығысқа қарай 26 км жерде, Бесқарағай ауд-нда.

СОРНАЯ – өзен.

Күршім жотасының солт. бөлігінде, Күршім ауд-нда.

СТАНОВАЯ – өзен.

Сарымсақты жотасының солт. бөлігінде, Күршім ауд-нда.

СТОЛБОУХА – өзен.

Үлбі жотасының шығысында, Бұқтырма өз-нің аңғарында, Зырян ауд-нда.

СУРКА – өзен.

Нарым жотасының солт-нде, Қатонқарағай ауд-нда.

СЫНДЫРАМА – өзен.

Сауыр жотасының солт.-батыс бөлігінде, Зайсан ауд-нда.

ТАЙБАҚАН – өзен.

Зайсан көлі мен Тарбағатай жотасы аралығында, Тарбағатай ауд-нда.

ТАЙБОТА – өзен.

Күршім жотасының оңт-нде, Қалжыр өз-нің аңғарында, Күршім ауд-нда.

ТАЙМАҚ – құдық.

Арқалық тауларының оңт-нде, Еспе қонысында, Абай ауд-нда. Тереңдігі - 8 м.

ТАЙМАҚКӨЛ – көл.

Қасқабұлақ а-нан оңт.-шығысқа қарай 28 км жерде, Абай ауд-нда.

ТАЙТЕКЕЛІ – өзен.

Оңтүстік Алтай жотасының солт.-батысында, Бұқтырма өз-нің аңғарында,Қатонқарағай ауд-нда.

ТАЙЫНТЫ – өзен.

Өскемен бөгенінің аңғарында, Ұлан ауд-нда.

ТАҚЫР – өзен.

Күршім жотасының батыс бөлігінде, Күршім ауд-нда.

ТАҚЫР – өзен.

Шыңғыстау жотасының солт. бөлігінде, Абай ауд-нда.

ТАҚЫРКӨЛ – көл.

Күршім а-нан шығысқа қарай - 45 км жерде, Күршім өз-нің аңғарында, Күршім ауд-нда.Айналасында ешқандай өсімдік өспегендіктен қойылған атау.

ТАҚЫРТУМА – бұлақ.

Ақшатау жотасының оңт-нде, Аягөз өз-нің аңғарында, Аягөз ауд-нда. “Айналасында ештеңе шықпайтын, қуаң, тақыр жердегі тұма” мәніндегі атау.

ТАЛДЫ – өзен.

Зайсан к-нің оңт.-шығысында, Зайсан ауд-нда.

ТАЛДЫ – өзен.

Қаражал тауларында, Көкпекті өз-нің аңғарында, Көкпекті ауд-нда.

ТАЛДЫҚҰДЫҚ – құдық.

Балқаш к-нің солт.-шығысында, Аягөз өз-нің аңғарында, Үржар ауд-нда. Құдық маңында талдың көп өсетіндігіне орай қойылған атау болса керек.

ТАЛДЫСУ – өзен.

Тарбағатай жотасының оңт. бөлігінде, Үржар ауд-нда.

ТАЛОВКА – өзен.

Шүлбі бөгенінің солт-нде, Үбі өз-нің аңғарында, Шемонайха ауд-нда.

ТАНСЫҚ – өзен.

Ақшатау жотасының оңт-нде, Аягөз өз-нің аңғарында, Аягөз ауд-нда. Кісі есімімен немесе көне түркі тіліндегі таң (“сарқырама”) және сұғ (“су”) сөздерінен қалыптасқан атау.

ТАҢДЫ – өзен.

Қалба жотасының оңт.-батысында, Шар өз-нің аңғарында, Жарма ауд-нда.

ТАРБАҒАТАЙ – өзен.

Сарымсақты жотасының шығыс бөлігінде, Қатонқарағай ауд-нда.

ТАРҒЫН – өзен.

Қалба жотасының солт. бөлігінде, Ұлан ауд-нда. Ру атынан не кісі есімімен қойылған атау.

ТАСКҮРКЕ – өзен.

Қызылқарағай жотасында, Қатоңқарағай ауд-нда.

ТАСҚҰДЫҚ – құдық.

Ақшатау жотасының оңт-нде, Көксала өз-нің аңғарында, Аягөз ауд-нда.

ТАСҚҰДЫҚ – құдық.

Түлкілі тауларының оңт-нде, Аягөз ауд-нда.

ТАСТӨБЕ – құдық.

Ақшатау жотасы мен Балқаш көлі аралығында, Бақанас өз-нің аңғарында, Аягөз ауд-нда.

ТАУТЕКЕЛІ – өзен.

Сарымсақты жотасының оңт.-шығыс бөлігінде, Қатонқарағай ауд-нда.

ТЕБЕСКЕ – өзен.

Тарбағатай жотасының солт-нде, Тарбағатай ауд-нда.

ТЕНТЕК – өзен.

Зайсан к-нің солт.-батысында. Көкпекті ауд-нда. Судың құтырына аққан ағысына байланысты қойылған атау.

ТЕҢІЗСОР – көл.

Беген а-нан батысқа қарай 31 км жерде,Басқарағай ауд-нда.

ТЕРЕКТІ – өзен.

Сәуір жотасының солт-нде, Зайсан ауд-нда. “Терегі көп өскен жер” мәніндегі атау.

ТЕРЕКТІ – өзен.

Тарбағатай жотасының батыс бөлігінде, Үржар ауд-нда.

ТЕРЕКТІБҰЛАҚ – өзен..

Нарым жотасының оңт-нде, Күршім өз-нің аңғарында, Күршім ауд-нда

ТЕРЕҢКӨЛ – көл.

Бөдене а-нан оңт.-батысқа қарай 39 км жерде, Семей қ-на қарайтын аумақта. Көлдің тереңдігіне байланысты қойылған атау.

ТЕРІСАЙРЫҚ – өзен.

Ақшатау жотасының шығыс бөлігінде, Аягөз ауд-нда. “Суы теріс жаққа аққан айрық, өзен” мәніндегі атау.

ТЕРІСАЙРЫҚ – өзен.

Қалба жотасының оңт.-батысында, Жарма ауд-нда.

ТЕРІСАЙРЫҚ – өзен.

Күршім жотасының оңт.-батысында, Күршім ауд-нда.

ТЕРІСАЙРЫҚ – өзен.

Тарбағатай жотасының солт. бөлігінде, Тарбағатай ауд-нда.

ТЕРІСАЙРЫҚ – өзен.

Тарбағатай жотасының солт.-батысында, Аягөз ауд-нда.

ТЕСНАЯ – өзен.

Қызылқарағай жотасының оңт.-батыс бөлігінде, Зырян ауд-нда.

ТИХАЯ – өзен.

Оңтүстік Алтай жотасының солт.-батысында, Бұқтырма өз-нің аңғарында, Қатонқарағай ауд-нда.

ТОҒАЙ – көл.

Қасқабұлақ а-нан солт.-батысқа қарай 18 км жерде, Абай ауд-нда. Көл бойында жабайы өскен әртүрлі қалың қу ағаштардың мол болуына байланысты қалыптасқан атау.

ТОҚАЙ – өзен.

Зайсан к-нің оңт.-шығысында, Зайсан ауд-нда.

ТОҚПАҚ – өзен.

Қалба жотасында, Жарма Ауд-нда. Түркі тілдеріндегі сөздіктерде тоқпақ деп “су иірімдерін”, “сусар аулайтын үлкен құралды” атайды. Немесе ру атынан қойылған атау.

ТОҚТЫСУ – өзен.

Үлкен Сарымбет тауларының батысында, Семей қ.ә.қ.а.

ТОПОЛЕВКА – өзен.

Күршім жотасының батыс бөлігінде, Күршім ауд-нда.

ТОПОЛЕВКА – өзен.

Қызылқарағай жотасында, Қатонқарағай ауд-нда.

ТОРАҢҒЫ – өзен.

Күршім жотасының оңт.-батысында, Күршім ауд-нда. “Тораңғы ағашы көп өскен жер” мәніндегі атау.

ТОРҒАЙБҰЛАҚ – бұлақ.

Зайсан көлі мен Тарбағатай жотасы аралығында, Қандысу өз-нің аңғарында, Тарбағатай ауд-нда.

ТӨЛЕН – өзен.

Шыңғыстау жотасында, Абай ауд-нда. Кісі есімімен қойылған атау.

ТӨМЕНГІ БАЛЫҚТЫКӨЛ – көл.

Қалба жотасының оңт.-батысында, Жарма өз-нің аңғарында, Жарма ауд-нда.

ТҰЗДЫКӨЛ – көл.

Шар қ-нан солт.-батысқа қарай 38 км жерде, Жарма ауд-нда. “Тұзы, соры бар көл” мәніндегі атау.

ТҰЗКӨЛ – көл.

Қасқабұлақ а-нан оңт.-шығысқа қарай 9 км жерде, Абай ауд-нда. “Тұзды, сортанды көл” мәніндегі атау.

ТҰМАӨЗЕК – өзен.

Ханшыңғыс жотасының солт.-шығысында, Абай ауд-нда.

ТҰРҒЫСЫН – өзен.

Бұқтырма бөгенінің солт.-шығысында, Зырян ауд-нда.

ТҮЛКІБАС – өзен.

Үлкен Сарымбет тауларының оңт-нде, Семей қ-на қарайтын аумақта.

ТЫМЫРСЫҚ – өзен.

Тарбағатай жотасының солт. бөлігінде, Тарбағатай ауд-нда.

УНГО – өзен.

Сарымсақты жотасының солт.-батыс бөлігінде, Қатонқарағай ауд-нда.

ҰЗЫНБУ – өзен.

Тарбағатай жотасының оңт-нде, Үржар ауд-нда.

ҰЗЫНБҰЛАҚ – өзен.

Зайсан көлі мен Тарбағатай жотасы аралығында, Тарбағатай ауд-нда. “Жақын таяу жерде бөгеліп қалмай, ұзақ жерге ағатын бұлақ” мәнінде қалыптасқан атау.

ҰЗЫНБҰЛАҚ – өзен.

Ханшыңғыс жотасының солт.-батысында, Семей қ-на қарайтын аумақта.

ҰЗЫНБҰЛАҚ – өзен.

Мыржық жотасының оңт-нде, Семей қ-на қарайтын аумақта.

ҰЗЫНБҰЛАҚ – өзен.

Тарбағатай жотасының батысында, Ай өз-нің аңғарында, Үржар ауд-нда.

ҰЛАН – өзен.

Өскемен қ-ның оңт.-батысында, Ертіс өз-нің аңғарында, Ұлан уад-нда. Бұл сөздің түркі тілдеріндегі негізгі мағынасы “бұғы” дегенді білдіреді. Түркі этнонимінен алынған болуы мүмкін.

ҰРАНҚАЙ – өзен.

Қалба жотасының солт-нде, Ұлан ауд-нда.

ҮЙДЕНЕ – өзен.

Зайсан к-нің оңт.-шығысында, Зайсан ауд-нда.

ҮЙДЕНЕ – бөген.

Зайсан қ-нан оңт.-батысқа қарай 12 км жерде, Үйдене өз-нің бойында, Зайсан ауд-нда.

ҮЛБІ – өзен.

Ивановский жотасының батыс бөлігінде, Глубокое ауд-нда.

ҮЛКЕН – көл.

Арқат тауларының солт.-шығысында, Абай ауд-нда. Осы маңдағы басқа көлдерге қарағанда үлкен болғандықтан салыстырмалы түрде қойылған атау.

ҮЛКЕН БӨКЕН – өзен.

Қалба жотасының оңт. бөлігінде, Көкпекті ауд-нда.

ҮЛКЕН СОР – көл.

Қарауыл а-нан шығысқа қарай 24 км жерде, Абай ауд-нда.

ҮЛКЕН ТЕКЕБҰЛАҚ – өзен.

Тарбағатай жотасының оңт.-батысында, Үржар ауд-нда.

ҮЛКЕН ҰЛАСТЫ – өзен.

Сәуір жотасының солт. бөлігінде, Зайсан ауд-нда.

ҮМБЕТ – өзен.

Қалба жотасы мен Тарбағатай жотасы аралығында, Кіндікті өз-нің аңғарында, Тарбағатай ауд-нда. Кісі есімімен қойылған атау.

ҮРЖАР – өзен.

Тарбағатай жотасынан Алакөл к-не дейін созылып жатыр, Үржар ауд-нда.

ҮРКӨР – өзен.

Нарым жотасында, Қатонқарағай ауд-нда.

ФАДИХА – өзен.

Оңтүстік Алтай жотасының солт.-батысында, Бұқтырма өз-нің аңғарында, Қатонқарағай ауд-нда.

ФОМИНА – өзен.

Оңтүстік Алтай жотасының солт.-батысында, Қатонқарағай ауд-нда.

ХАМЗА – бұлақ.

Мыржық жотасының оңт.-шығыс бөлігінде, Семей қ-на қарайтын аумақта.

ХАМИР – өзен.

Үлбі жотасының шығысында, Бұқтырма өз-нің алабында, Зырян ауд-нда.

ЧАЛОВКА – өзен.

Қызылқарағай жотасының оңт.-батыс бөлігінде, Қатонқарағай ауд-нда.

ЧЕРЕМОШКА – өзен.

Қызылқарағай жотасының оңт.-батыс бөлігінде, Қатонқарағай ауд-нда.

ЧЕРЕМШАНКА – өзен.

Бұқтырма бөгенінің солт.-шығысында, Зырян ауд-нда.

ЧЕРНЕВАЯ – өзен.

Қызылқарағай жотасының батыс бөлігінде, Зырян ауд-нда.

ЧЕРНОВАЯ – өзен.

Бұқтырма бөгенінің солт.-батысында, Ұлан ауд-нда.

ЧЕРНОВАЯ – өзен.

Қызылқарағай жотасының оңт-нде, Бұқтырма өз-нің аңғарында, Қатонқарағай ауд-нда.

ЧЕРНОВСКОЕ – көл.

Қызылқарағай жотасының оңт.-шығыс бөлігінде, Қатонқарағай ауд-нда.

ЧИСТОЕ – көл.

Семейтау тауларының оңт-нде, Семей қ-на қарайтын аумақта.

ШАҒАН – өзен.

Ертіс алабында, Шығыс Қазасқтан обл-ның батыс бөлігімен ағады. Шыңғыстау жотасының батысындағы бұлақтардан бастау алып, Ертіс өз-не құяды. Ұзындығы 282 км. Монғолдың чагаан – “ақ” мәніндегі сөз, ал оның қазақ тіліндегі шаңқан – “аппақ”, “ақ түс” мәніндегі кездесетіні белгілі.

Каталог: fulltext -> transactions
transactions -> А. Ф. Зейнулина филология ғылымдарының кандидаты, профессор
transactions -> Е. Жұматаева жоғары мектепте әдебиетті білімденудің инновациялық технологияларымен оқыту
transactions -> МӘШҺҮр-жүсіп шығармалары тілінің морфологиялық ерекшеліктері
transactions -> М. Н. Баратова Мәшһүр Жүсіп өлеңдерінің жанрлық сипаты Оқу-әдістемелік құрал Павлодар, 2007
transactions -> Азамат Тілеуберді
transactions -> Қазақ – шығыс және орыс (еуропа) Әдебиеті байланысы
transactions -> Қазақ фольклорын зерттеу мәселелері: ХХ ғасырдың бірінші жартысы
transactions -> Табиғи орта жағдайын бақылау «Мониторинг принциптері және типтері»
transactions -> МӘШҺҮртану ғылыми-практикалық орталығЫ
transactions -> Р. М. Муталиева қазіргі қазақ әдебиеті


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет