Тақырыбы: 1 жасқа дейінгі балаларды табиғи тамақтандыру



Дата04.05.2020
өлшемі8.7 Kb.

Тақырыбы: 1 жасқа дейінгі балаларды табиғи тамақтандыру

  • Баланы рациональды тамақтандыру оның дұрыс дене құрылысын, психикалық дамуын, ауруларға жақсы қалыптасуын қамтамасыз етеді.

Баланы тамақтандыру режимі

  • Баланы тамақтандыру режимі
  • 5 айға дейінгі баланы тәулігіне 6 – 8 рет тамақтандыру керек. 5 айдан бастап 5 рет тамақтандыру. 1-1,5 жастан бастап 4 рет тамақтандыруға көшіру. 5 айынан балаға 2 тамшыдан 1 шай қасыққа дейін алма, алмұрт, сәбіз шырындарын беру, 2 аптадан соң жеміс пюрелерін беру керек. 6 айынан бастап 1-ші қосымша тамақ – көкөніс пюрелері(картоп, асқабақ және т.б.) ірімшік, жұмыртқаның сарысы тағайындалады. 6-7 айынан 2-ші қосымша тамақ – ботқалар (жарма, күріш, сұлы т.б.) беріледі. 7,5-8 айынан 3-ші қосымша тамақ – айран беріледі. 9-10 айынан ет сорпасы, фрикаделькалар беруге болады. 11-12 айында еттен котлета беру керек.

Тамақтандыру түрлері:

  • Тамақтандыру түрлері:
  • 1.Табиғи тамақтандыру

    2. Жасанды тамақтандыру

    3. Аралас тамақтандыру

Табиғи тамақтандыру:


Табиғи тамақтандыру дегеніміз – 5 айға дейін баланы тек ана сүтімен қоректендіріп, оған 1 айында шырындар, 5 айында қосымша тамақ беру.

ТИІМДІ ТАБИҒИ ТАМАҚТАНДЫРУДЫҢ 10 ПРИНЦИПІ (ДДҰ/ЮНИСЕФ-тің біріккен мәлімдемесі (1998))

Жаңа туылған нәрестеге күтуді ұйымдастыратын кез келген перзентхана мен ауруханалар міндетті:

1. Табиғи тамақтандырудың белгіленген тәртіптерін қатал ұстап, медициналық қызметкерлер мен босанатын және босанған әйелдерді осы тәртіптер туралы жүйелі түрде хабардар етіп отыру.

2. Медициналық қызметкерлерді табиғи тамақтандыруды практикалық жүйеде қамтамасыз ету үшін қажетті дағдыларға оқытып үйрету.

3. Барлық екі қабат әйелдерді табиғи тамақтандыруды артықшылығы мен тәсілі бойынша хабардар ету.

4. Босанғаннан кейінгі алғашқы жарты сағатта аналарға нәрестені емізе бастауға көмектесу.

Қосымша тамақ беру

  • Қою қосымша тамақ беру көрсеткіші болып баланың емген сүтіне қанағаттанбай, тек қана қою тамақ беру арқылы қанағаттануы саналады. Қосымша тамақпен бала ақуыз, майлар, қант, минералды тұздар алады.
  • Қосымша тамақ беру шарттары:

  • 1. жасы 5-6 айдан кем болмау керек. Қосымша тамақ балаға емізер алдында беріледі.
  • 2. ауызға түскен тамақты «шығарып тастау» рефлексінің төмендеуі.
  • 3.ауызға түскен затты шайнауға бейімділігі.
  • 4. тістерінің кейбір бөлігінің шығып болуы немесе шығып келе жатуы.
  • 5. тойғандығын сезіну.
  • 6. ас қорыту жүйесінің жетілуі, берілген тамақтан нәжісінің бұзылмауы, аллергиялық реакциялардың болмауы.

Қосымша тамақ тағайындағанда келесі принциптерді сақтау қажет:

  • 1. біртіндеп енгізу
  • 2. қосымша тамақты сау балаға, ауырып тұрғаннан кейін 2-3 аптадан соң беру
  • 3. қосымша тамақты енгізіп болғаннан кейін қасықпен беру
  • 4. баланың жүйке-жүйесінің ерекшелігін ескеру
  • 5. тағамдар механикалық қорғау, тамақ жұтуға оңай ұнтақталған, ұсақталған болуы керек

Баланың қосымша тамақ енгізу уақыты жеткен соң жоғарыда көрсетілген белгілер болса балаға алғашқы «үйретуші» қосымша тағам, 5-20гр ұнтақталған алма немесе жеміс ұнтағы беріледі. Бұл тағамды шамалы емшек емегнне кейін беру керек. 7 айлығында дәнді дақылдар қосымша тамаққа енгізіледі. Олар: күріш, қарақұмық, жүгері жармаларынан жасалған ботқалар. Сүзбе 6 айдан соң тағайындалады. Жұмыртқа сарысы – 7 айда. Ет тағамдары рационға 8 айдан бастап , ет пюресі ретінде беріледі.

  • Баланың қосымша тамақ енгізу уақыты жеткен соң жоғарыда көрсетілген белгілер болса балаға алғашқы «үйретуші» қосымша тағам, 5-20гр ұнтақталған алма немесе жеміс ұнтағы беріледі. Бұл тағамды шамалы емшек емегнне кейін беру керек. 7 айлығында дәнді дақылдар қосымша тамаққа енгізіледі. Олар: күріш, қарақұмық, жүгері жармаларынан жасалған ботқалар. Сүзбе 6 айдан соң тағайындалады. Жұмыртқа сарысы – 7 айда. Ет тағамдары рационға 8 айдан бастап , ет пюресі ретінде беріледі.
  • Ана сүтінің тәуліктік көлемі 1 жасқа дейін 600 мл-ден кем болмауы тиіс.

Назарларыңызға рахмет!!!



Достарыңызбен бөлісу:


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет