ТАҚырыбы. Менің психология пәні жөніндегі түсінігім мен үшін психологияның артықшылығы бұл біздің өміріміздің әр компоненті иелену қабілеті



Дата23.10.2020
өлшемі17.08 Kb.
ТАҚЫРЫБЫ. МЕНІҢ ПСИХОЛОГИЯ ПӘНІ ЖӨНІНДЕГІ ТҮСІНІГІМ

Мен үшін психологияның артықшылығы бұл біздің өміріміздің әр компоненті иелену қабілеті. Мектеп, универ, отбасы, адамдар мен қарым – қатынас, жеке тәжірибе күн сайын біз көптеген мәселелерді шешуге тырысамыз , күрделіжағдайларды жеңуге тырысамыз, және бұл кезде психология көмектеседі.

Мүмкін әр адам психологиялық жағынан сол оқиғаға дайын болу керек деген ойға әкелетін өз өмірінде бір оқиға болуы мүмкін. Соның бірі қазіргі заманда адамдарға теледидар мен интернеттің маңызды зор болып тұр. Жоғары ақпараттық технологиялар ғасырында өмір сүргеніміз жақсы әрине, бірақ адамдар әлі, фильтрлеуді және үлкен ақпараттар ағынына бейімделуі үйрену қажет.

Менің түсінігімде психология адамның ішкі рухани әлемінің ғылымы. Бұл ғылым адамдардың қоршаған ортаға деген қарым қатынасын зерттейді. Жалпы алғанда, адамдар қарым қатынастарын зерттеу үрдісі өте қиын, әрбір адамның ішкі жан дүниесі ерекше және бірегей. Сондықтан психология адамның өмірінде ерекше орын алады. Бұл ішкі мотивтерді адамға жетелейтін, оның мінез құлқына және іс әрекетін анықтауға көмектеседі.

Ал менің өз өмірімдегі психологияның маңызы өте ерекше. Өйткені мені қоршаған нәрсе менің ойыма әсер етеді. Психология мені өз өзімді жақсы меңгеруге көмектеседі, адамның жеке қарым қатынасын тиімді түрде қалай қалыптастыратындығын , және ең бастысы отбасы мүшелерімен және туыстармен қарым қатынас жасауда пайда болған қиындықтарды жеңуге көмектеседі және де психология өз өзімді таныуыма, қызығушылығыма жақсы мамандық таңдауына себепкер болды. Яғни, жеке тұлға болып қалыптасуымның алғашқы баспалдығын құрастыруымның көмекшісі болды. Егер біраз ойлансақ адамдардың өздері психолог сияқты. Мысалы, сіз біреумен таныссаңыз , сіз ол адамды сканерлеп, ой түйін жасаймыз, ол адам туралы ойларымыз миымызда жинақталады. Біз барлық әсерлерімізді жинап бір тиянақты ойға келемізде , оның тұтас бейнесін жасаймыз. Сол кезде біздің миымыз ұнайды/ұнамайды , онымен байланысты жалғастыру/жалғастырмау туралы үкім шығарады деп ойлаймын.

Психологияны білім беру жүйесінде денсаулық сақтаудың және басқа да кәсіптердің ажырамас бөлігі ретінде қарастыруға болады . Әртүрлі кәсіби салаларда психологиялық білімді пайдалану толығымен негізделген.

Әр адам мамандық таңдағанда ол қандай, ол мамандық пен жұмыс істей аламын ба деген сұрақтарды ойлап өзін психологиялық жағынан осы қызығушылық танытқан мамандығына психологиялық жағынан дайындайды. Мен мамандығымды таңдауда дәл осылай психологиялық тұрғыдан ойланып шешім қабылдадым. Әр студенттің, әр адамның психологиясы әртүрлі. Қарым қатынас жасай білу және тіл табыса білу ол әр адамға істеуі қажет іс әрекет деп білемін. Сондықтан әрқаисысымыз өзіміздің психология туралы білімімізді толықтыруымыз қажет, себебі ол біздің өмірімізді әлдеқайда жеңілдетеді . Бұл басқа адамдардың жүректерін жаулауды жеңілдетеді.

Достарыңызбен бөлісу:


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет