Тақырып: Айнымалы ток және оның негізгі сипаттамалары



Дата08.05.2020
өлшемі17.5 Kb.
Тақырып: Айнымалы ток және оның негізгі сипаттамалары.

Қәзіргі кезде барлық электр энергиясы айнымалы токтың энергиясы түрінде өндіріледі. Өндірістің біраз салаларына, транспортқа байланысқа қажетті тұрақты ток айнымалы токты түзету арқылы алынады.



Айнымалы токтың негізгі басымдылығы – оны қарапайым және энергияның аз шығынымен кернеуді трансформациялауға ( түрлендіруге) болатындығында, алыс қашықтықтарға жоғары кернеу және энергия қабылдағыштарының қоректенуі үшін төменгі кернеу алуға болады. Одан басқа, бірфазалық және үш фазалы генераторлар мен қозғалтқыштар қарапайым құрылғыдан тұрады және тұрақты ток машиналарымен салыстырғанда пайдалануы да қарапайым болып табылады. Айнымалы ток деп, шамасы мен бағыты бойынша периодты өзгеріп тұратын токты айтады

2.Тербеліс периоды, жиілік, бұрыштық жиілік, айнымалы ток, кернеу, эқк, период, жиілік, әсер етуші, максимал және лездік мәндермен сипатталады.



1.Период. Айнымалы токтың (кернеу не эқк) шамасымен бағыты бойынша толық бір өзгеріс жасауға кететін уақыты период деп аталады.

Период Т арқылы белгіленіп, секундпен өлшенеді.



2. Жиілік. Бір секундтың ішіндегі айнымалы эқк-тің(кернеу не токтың) толық өзгеріс саны жиілік деп аталады. Жиілік f арқылы белгіленеді де, Герцпен өлшенеді. Ірі жиіліктерді өлшеу үшін кГц, Мгц өлшемдері қолданылады. Айнымалы токтың жиілігі үлкен болса, период қысқа болады. Жиілік периодқа кері шама:

f = 1 / T Период үлкен болса, жиілік кіші болады, яғни Т = 1 / f

3. Бұрыштық жиілік.
Генератордың орамы айналып тұрғанда оның толық бір обороты 360 не 2π рад. сәйкес келеді. Осы бір t уақыт ішінде жасалынатын бір оборот бұрыштық жиілік деп аталады. w = 360 / T = 2 π / T; рад/сек егер Т = 1 / F болғандықтан w = 2 π f рад/сек
4. Лездік, максимал мәндер.
Айнымалы токтың, кернеудің, қуаттың, эқк-тің кез келген уақыт моментіндегі мәнін осы шамалардың лездік мәндері дейді және жазба әріптермен белгілейді: (е,і,и,р)
Бір периодтағы ең үлкен шамасы оның максимал мәндері деп аталады және былай белгіленеді Ет, Um , Im.
5. Әсер етуші шама.

Айнымалы токтың әсер етуші мәні деп бірдей уақыт ішінде бірдей кедергіден жылу бөліп шығаратын тұрақты ток күшін айтады. Электр өлшеуіш приборлар арқылы токтың,кернеудің әсер етуші шамаларын өлшейді. Синусоидалы айнымалы ток жағдайында әсер етуші мәндер максимал мәндерден 1,41 есе кіші болады:


I = Im / 1.41 E = Em / 1.41 U = Um / 1.41
6. Фаза. Фазаның ығысуы.
Екі , одан да көп синусоидалы шамаларды салыстырғанда, олар уақытқа байланысты бір-бірінен өзгеше өзгереді және максимал мәндеріне әр түрлі уақыт аралығында жетеді. Фаза кез келген уақыт моментіндегі синусоидалы ЭҚК-тің гармониялық өзгеру сатысын анықтайды. Бастапқы фаза – бастапқы уақыт моментінде синусоидалы ЭҚК-тің фазасы. Әр түрлі бастапқы мәнге ие синусоидалы шама фаза бойынша  жылжытылған  деп аталады.Егер синусоидалы шама бір мезгілде 0-дік және мах мәндеріне жетсе, онда фаза бойынша дәл келген дейді.

Сұрақтар:

1. Айнымалы ток деген не?

2. Айнымалы токтың негізгі басымдылығы қандай?

3. Период деген не?

4. Жиілік деген не?

5. Бұрыштық жиілік деген не?

6. Лездік, максимал мәндер деген не?

7. Әсер етуші шама деген не?

8. Фаза. Фазаның ығысуы деген не?



9. Бастапқы фаза  деген не?

10. Токтың қанша түрі бар?

Достарыңызбен бөлісу:


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет