Тапсырмалар мәтіні. Лектор: доцент Ташкенбаева С. М. Жетісай 2008 ж. Алғы сөз



бет13/21
Дата25.04.2016
өлшемі4.1 Mb.
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   21


49. Сабақтың тақырыбы:

Кіші және орта мектеп жасындағы балалардың

психодиагностикасының ерекшеліктері.
Сабақтың жоспары:

Кіші мектеп жасындағы балалардың психодиагностикасының ерекшеліктері.

Практикалық психологтардың жұмысындағы графикалық әдістерді қолдануы.

Сабақтың мақсаты:

Студенттерді кіші және орта мектеп жасындағы балалардың психодиагностикалық ерекшеліктерімен таныстыру. Практикалық психодиагностиканың қолданылуы туралы анықтама беру.



Теориялық мәліметтер:

Мектепке барғанға дейін балалардың психологиялық даму деңгейінің жеке айырмашылықтары жоғарылайды. Балалардың бір-бірінен интелектуалдық, моральдық, персонааралық даму жағынан айырмашылықтары болады. Олар әр психодиагностикалық жағдайларға әр түрлі әрекет жасайды, бірдей нұсқауларға әр түрлі қарай бастайды.

Мысалыға, бір балалар үлкен адамдарға арналған психодиагностикалық тесттерден жеңіл өтеді, басқалары -4-6 жасарларға арналған тесттерден қиналып өтеді. Бұл нәрсе әсіресе вербальдық өзін-өзі бағалау, рефлексия және қоршаған ортаның баланың саналық қиын бағалар қолданылатын психодиагностикалық әдістемелерге қатысты.

Баланың психологиялық дамуының шындық деңгейін бағалау үшін, психодиагностикалық әдістемені кіші мектеп жасындағы балаларға қолданудан бұрын, интеллектуалдық жағынан ол балаларға қиын емес пе, керісінше, тым оңай емес пе соны анықтау.

6-7 жасар балалардың психологиялық дайындығына қатысты белгілі эмпирикалық мәліметтер бойынша 50%-тен-80% ке дейін балалар мектепке дайын еместігін көрсетеді. Көбісі физиологиялық жасы жағынан дайын болғанымен оның психологиялық жасы 5-6 жасар баланікі сияқты болуы мүмкін. Егер ол балаға қиындау тестті ұсынса (тест баланы аз қызықтырып , одан да көп күш жігер, еркін зейін, жады, бейнелеуді талап етеді) , ол тапсырманы орындай алмауы мүмкін. Оның себебі тұлғалық – психологиялық дамуының деңгейінің төмен екенін көрсетеді, интеллектуалдық қабілеттіліктерінің жоқтығынан болмайды. Ал егер тест тапсырманы балаға ойын түрде ұсынса, онда нәтижелер әлдеқайда жоғары болуы мүмкін.

Бұл жағдайды 1,2 сыныптағы балаларды психодиагностикасында ескеру керек.

3-4 сынып балаларына үлкендерге берілетін тесттер ұсынылады (тест тапсырмалары оларға түсінікті болу керек). Егер балалар өте қызығып отырса және мотивациясы өте күшті болса, онда тест нәтижелері жоғары болады. Үлкен адам жігерлік қасиеттер көмегімен кезінде өз-өзін меңгере алады, ал 1-2 сыныптағы мен 8-9 сыныпқа дейінгілер олай ете алмайды. Бастауыш сыныптардағы оқушылардың психодиагностикасындағы үлкендерге арналған тесттерді қолдануға қатысты белгілі бір шектеулер бар. Бұл шектеулер көбінесе ойлау, тұлғалы және тұлғааралық қатынастарды зерттеу үшін қолданылатын тесттерге қатысты. Қазір пайдаланатын интеллектуалдық тесттердің көбісі (үлкендерге арналған) сөйлеу – логикалық ойлаудың даму деңгейін бағалайды. Бұл ойлаудың түрі балалардың басқа ойлаудың құнды түрлеріне қарағанда (бейнелі және образдық ойлау) кемдеу болады. Сонымен қатар үлкендерге арналған тесттерде интеллектуалдық тапсырмалар сөйлеу түрде тұжырымдалады, үлкендердің өмірлік тәжірибелерін бейнелейтін тілден және ұғым жүйелері қолданылады. Сондықтан бұл тесттерді балаларға бейімдеу керек. Кейде ол мүмкін болмайды, сол кезде жаңа варианты құрылады, мысалы, Векслердің интеллектуалдық тесттің , Кеттелдің тестін. Бірақ , бұл кезде бір проблема туындайды: бірдей психологиялық қасиеттің құрылымы мен мазмұны әртүрлі тесттердің көмегімен алынған тест нәтижелері ешқашан бірдей болмайды және сәйкестендіруді талап етеді. Тестаралық сәйкестендіруде өтпелі коэффициент анықталады. Өтпелі коэффициент бір әдістеменің сандық көрсеткіштердің басқа әдістеменің көрсеткіштеріне орта қатынасы ретінде анықталады.

Мысалы, Векслер тесттің үлкендердің де, кішілердің де нұсқалары түсінікті жеткіншектер кішілердің нұсқасы бойынша 100% көрсеткіш алады, ал үлкендердің -80% , онда өтпелі коэффициент кішіден үлкендерге қарай 1,25-ке тең болу керек. Бұл көрсеткішті 100% 80% ге бөлуден шығады.

Үлкендердің тұлғалық тесттердің шектеулері тек сандық айырмашылықтарға ғана әкеліп соқпайды. Үлкендердің тесті бағалайтын тұлға қасиеттері балада болмауы мүмкін. Және керісінше, балаларда жасы үлкейген сайын жоқ болып кететін тұлғалық ерекшеліктер үлкендерде мүлдем жоқ.

Бұл жағдайдың шешімі бар. Үлкендерге және кішілерге арналған тұлғалық тесттерді іс жүзінде қолданғанда жас ерекшеліктер психологиясы біліміне және тесттерді дұрыс құру үшін және алғашқы валидтықты қамтамасыз ету үшін керекті информация беретін адамның тұлғалық дамуының психологиялық теорияның біліміне сүйену керек.

Ұсынылатын психодиагностикалық әдістемелердің жүйесі мектепке енді баратын балалардың психологиялық даму деңгейінің кешендік бағалауы үшін арналған. Бұл жүйе бастауыш сыныптардың оқушыларына да арналған, олардың тану процестерінің сипаттамасына тұлғалық және тұлғааралық қатынастарына, олардың әзірге бар қабілеттердің бағасына да арналған.

Бұл жүйенің негізінде балалардың мектепке дайындығын , оқу кезінде психологиялық дамуын (1-4 сынып) бағалауға мүмкін болады.



50. Практикалық тапсырмалар
Интеллектуалдық қабілетті зерттеуге арналған Айзенк тестілері
Интеллектуалдық қабілеттілікті зерттеуге арналған Айзенк тесті сегіз субтестерден түрады. Олардың бесеуі адамның жалпы интеллектуалдық даму деңгейін бағалауға арналған: лингвистикалық, математикалық, техникалық, дизайн, көркем-бейнелі және көрнекі-логикалық ойлау көрсеткіштерін бағалау үшін, ал үшеуі - арнайы қабілеттерінің даму сатысын зерттеуге арналған. Субтестердің әрқайсысы жеке-дара орыңдалады, немесе барлық тапсырмаларды орындау фрагментарлық түрде жүргізіледі. Бүл кітапта вербалдық және математикалық субтестері берілген.

Лингвистикалық қабілетті анықтауға арналған Айзенктің сөздік (вербалдық) субтесті.

Мақсаты: жас өспірімдерден бастап үлкендерге дейінгі жас кезеңіндегілердің сөздік интеллектін және шығармашылық қабілеттін зерттеу.

Вербалдық субтест сөздік интеллектіні немесе логикалық ойлау процесін зерттеуге арналған. Тесте анаграммалар кеңінен қолданылған. Анаграмма дегеніміз ретсіз жазылған әріптер жинағы. Оны шешу үшін берілген әріптердің орындарын ауыстырып қою арқылы мағналы сөз шығару керек. Сонымен қатар көптеген сөздердің ортақ жүрнағын, жалғауын т.б. бөліктерін дұрыс табу арқылы шешілетін тапсырмалар келтірілген.

Субтестіде бірте-бірте күрделенетін 50 тапсырма берілген.

Қабілеттіліктің даму деңгейін бағалау белгіленген уақыт ішінде дұрыс шешілген тапсырмалардың жалпы санын орындаудың норма көрсеткішімен салыстыру жолымен жүргізіледі.



Орындау ережесі: "Сіздерге 30 минутта шешуге 50 тапсырма берілген. Тапсырмаларды көп ойланбай тез орындау қажет. Егер субтестің қандайда бір тапсырмасы тез орындалмаса, оны өткізіп жіберіп, келесісін орындаңыз. уақыт қалса тастап кеткен тапсырмаға қайта оралуға болады".

Нөтижелерін бағалағанда берілген уақытта дұрыс орындалған тапсырмалардың жалпы саны ғана есепке алынады.



Тапсырмалар:

1. Нүктелердің орнына үш әріптен тұратын сөзді қойыңыз.


Ол сөз, мағынасы жағынан, жақшаның сыртындағы сөздерді
білдіруге тиіс.

ҮЛПА (...) ЗАТТЫҢ КҮЙІ

2. Жақшаның ішіне бірінші сөзді аяқтайтын және екінші сөзді
бастайтын әріптер жазыңыз:

ПЫШ( ) ІПА

3. Анаграмманы шешіңіз және берілген төрт сездің ішінен
мағнасы жағынан артық сөзді табыңыз:

КОХЙКЕ


СНИНЕТ

ЕЖУРК


ЛТУФОБ

4. Барлық топтастырылған сөздерді аяқтайтын жалпы


жұрнақты табыңыз. Нөтижесінде барлығынан мағналы сөздер
шығуы тиіс.

Жақшаның сыртында түрған сөздерді біріктіретін сөзді


жазыңыз:

АҚҚУ (...) ҚҮС

6. Бірінші сөзді аяқтайтын және екінші сезді бастайтын сөзді
жазыңыз: ҚА( )МА

7. Анаграмманы шешіңіз:

ОЗУРКА

АЙБА ,


РСАВЁБЕКЕ

ВДШИЕН


8. Келесі үш сөздің жалпы бастамасын табыңыз:

МҮРТ

БАЙ


БУРА

(...)

9. Жақшаның сыртында тұрған сөздерді сөйлемге біріктіретін


сөзді жазыңыз:

кітаП(...) бҰлағы

10. Бірінші сөзді аяқтайтын және екінші сөзді бастайтын сөзді
жазыңыз: '

ПӘ (...) ЕК

11. Анаграмманы шешіңіз:

АЧТОП


АИДРО

ФАГРЕЛТЕ


АШҮНРА

12. Мына үш сөздің ортақ бастамасын табыңыз:





МАЗ

дар

АША


13. Бірінші сөзді аяқтайтын жене екінші сөзді бастайтын сөзді
жазыңыз:

ТАҚ (...) ЛАҚ

14. Жақшаның ішіне сыртындағы түрған сөздердің синонимін
жазыңыз:

КҮРЕС (...) ШАЙҚАС

15. Артық сөзді табыңыз:

АПНИСЕЛЬ


ЕШИ

НАСААН


АРНА

ЛАРҰМТ


16. Келесі сөздердің бәріне ортақ жалғауды жазыңыз:

М

17. Бірінші сөзді аяқтайтын және екінші сөзді бастайтын сөзді
жазыңыз:

САЯ (...) ҚЫН

18. Артық сөзді табыңыз:

САРАТ


ҚҒЛЫТЗАҚ

ЗИКВГОДА


ОЗАР

ЛСТӨ


19. Берілген сөздердің бәріне ортақ жалғауды табыңыз:

АТ

БР

ГН

АЛЬБ (...)



Р

Л

ПАР



С

Т

ХР



20. Жақшаның сыртында түрған сөздерге ортақ синоним
табыңыз:

ИНФУЗОРИЯ (...) БІР ЖАСУШАЛЫ

21. Мағналық жағынан бірінші сөзді аяқтайтын және екінші
сөзді бастайтын сөзді жазыңыз НҰРЛЫ (...) ТАСПА

22. Артық сөзді табыңыз:

РЫКОЧВА

ЛЬБГДОУ


ҒАҢҚАЖ.

ЛПуьед


23. Жақшаның сыртында тұрған сөздерді біріктіретін сөзді
табыңыз:

ӨТІРІК (...)ӨРГЕ БАСПАС

24. Берілген сөздердің бәріне ортақ жалғауды табыңыз:

Б

ӘЙ

Ж

г



С(...)

к

ш



әс

25. Бірінші сөзді аяқтайтын және екінші сөзді бастайтын сөзді


жазыңыз:

СА (...) ОН

26. Артық сөзді табыңыз:

ЗМАТЕ


РАЖПИ

АГОВЛ


ИНЕРГ

27. Жақшаның сыртында тұрған сөздерді сөйлемге бірікгіретін


сөзді табыңыз:

ӘДЕПТІЛІК (...) АДАЛДЫҚТЫҢ БЕЛГІСІ

28. Бірінші сөзді аяқтайтын жөне екінші сөзді бастайтын созді
жазыңыз:

О (...) С

29. Артық сөзді табыңыз:

слоо

окоти


ООРТОНТ

РЕБЛАГД


30. Берілген сөздердің бәріне ортақ жадғауды табыңыз:

Р

Т

Ж

Қ

Л(...)



м

н

Б


31. Берілген сөздердің бәріне ортақ жалғауды табыңыз:

Ж
д

қ

3

М (...)



АЛ-

Т
ш


32. Жақшаның сыртындағы сыртындағы сөздерге ортақ
синоним тауып оны жақшаның ішіне жазыңыз:

ӘДЕМІ (...) КЕРЕМЕТ

33. Бірінші сөзді аяқтайтын және екінші сөзді бастайтын
әріптерді жазыңыз.

ЖАЗҒЫ (...) ТАЙ

34. Артық сөзді табыңыз:

КҮРІБТ


ҒАРЙОТ

ШЫЫҚМШ


ФЕЛИНДЬ

35. Берілген сөздердің бөріне ортақ жалгауды табыңыз:



36. Бірінші сөзді аяқтайтын жөне екінші сөзді бастайтын


әріптерді жазыңыз:

АҰША (...) АША

37. Артық сөзді табыңыз.

НЙНЕЙЭШТ


КИНСЕКД

ВЕХЧО


КЗААЛЬБ

СОЙТОТЛ


38. Жақшаның сыртында түрған сөздерді сөйлемге біріктіретін
сөз табыңыз.

КЕЛ (...)ОҚЫЛЫҚ

39. Берілген сөздердің бөріне ортақ жалғау табыңыз:

Ж

Т

Б
40. Жақшаның сырхында тұрған сөздерге ортақ синоним


табыңыз:

СЫЛТАУ (...) ДӘЛЕЛ

41. Бірінші сөзді аяқтайтын және екінші сөзді бастайтын
әріптерді жазыңыз:

ТАР (...) АП

42. Артық сөзді табыңыз:

ЛЕДРАТЕДИ

ЫШЫБН

АСМА


МИТТЕР

43. Жақшаның сыртындағы сөздерге ортақ сөзді табыңыз:

БІЛІМ (...) ӨМІР

44. Бірінші сезді аяқтайтын және екінші сөзді бастайтын


әріптерді табыңыз.

АТЫ (...) ШАН

45. Келесі сөздердің ортақ жалғауын жазыңыз:

РАХ

X

д-

М (...)

с

ж

АП

46.Артық сөзді табыңыз:



зоық

ИЫРС


ТАІКП_

ЛЫықж


47. Келесі сөздердің ортақ жалғауын табыңыз:

САМ


Л

М

48. Бірінші сөздің соңы, екінші сездің басы болатын ортақ


әріптерді табыңыз.

БАУЫР(...)АР

49. Келесі сөздердің бәріне ортақ жалгауды табыңыз:

С

АЙ

Қ

БА



ОТ

ТАҚ


ШАТ

50. Артық сөзді табыңыз:

РЫМБАОД

ҒААНЫШ


ЕЕМРЕН

ДАҚРАЫСН


Орындау уақыты 30 минут.

51. Сабақтың тақырыбы:

Жеткіншектер мен жасөспірімдердің психодиагностикасы.
Сабақтың жоспары:

Жеткіншектер мен жасөспірімдер психодиагностикасының ерекшеліктері.

Психологтың жасөспірімдермен жүргізетін жұмысы.
Сабақтың мақсаты:

Жеткіншектер мен жасөспірімдердің психодиагностикасының ерекшеліктерімен таныстыру. Жасөспірімдермен психологтың жұмысындағы негізгі моменттерді анықтау.


Теориялық мәліметтер:

Жеткіншектер-балалықтан өтіп, бірақ, әлі үлкендердің қатарына қосылған жоқ. Сол үшін оларға өте ерекше психодиагностикалық әдістерді қолдану керек, олардың балалық және үлкендік қасиеттерді ескеру керек.

Өзінің интелектуалдық даму жағынан жеткіншектер үлкендермен қатар болады. Сондықтан олардың тану процестерін зерттеген кезде, үлкендерге арналған тесттерді қолдануға болады, бірақ ғылыми терминдер мен ұғымдарды қолдануда абай болу керек. Тұлға мен тұлғааралық қатынастарға келетін болсақ, бұл жерде көптеген шектеулер бар, оларды орындау керек. Жеткіншектер-жартылай балалар, сол үшін оларға тесттің жартылай балалық және жартылай үлкендердің түрлерін қолдану керек. Ол түрдің негізгісі болып ойын түрі болып есептелінеді, ал тапсырмалары балада қызығушылық тудыру керек.

Тәуелсіздікке құштарлық тест барысында көп дербестікті талап етеді. Көп тесттер тапсырмалардың стандарттық шешулері бар, бірақ олардан ауытқулар да болуы мүмкін. Үлкендер жағынан жеткіншектің стандарттық емес шешілерін қолдауы оның интеллектуалдық дамуының деңгейін толық көрсететін мәліметтерді алуға көмектеседі. Керісінше, қызығушылықтың жоқтығы, тест тапсырмаларды шешкісі келмегендігі, бұның бәрі ой дамуының деңгейі төмен екен деген қате пікірге келуді көздейді.

Жеткіншектердің психодиагностикасына қолданылатын әдістемелерге әлеуметтік нормалардың тұжырымдамаларды, кейбір арнайы ғылыми ұғымдарды кіргізуге болады. Көбінесе, ондай ұғымдарды қарапайым сөздермен ауыстыруға тура келеді, өйткені, көп жеткіншектер арнайы ұғымдарды түсінбей қалуы мүмкін.

Мысалдар өмірден алынған және балаға таныс адамдарға қатысты болу керек: ата-аналардан, құрдастардан, мұғалімдерден, кітап және фильм кейіпкерлерден.

Бала эксперттік және лидерлік іс-әрекетте өз-өзін көрсете білу керек, сол кезде ол өзінің білімі мен қабілеттерін толық іске асыра алады. Жеткіншектерді тек зерттелетіндердің рөлінде ғана емес, экспериментатор ретінде тестке қатысу керек. Егер зерттеуші баланы тесттің құрастыруына және бағалауына (егер мүмкін болса), тестті өткізу үшін қолайлы жағдай жасаса, оның нәтижелерін өндесе, бұл нәрсе әрине, баланың тестке қатысуын өте қызықтырады.

Ерте ержетуі-бұл барлық салаларда: финанстық өзін-өзі қамтамасыз етуінде, моральдық ойлаудағы тәуелсіздік, саяси көзқарастар мен әрекеттерде әлеуметтік-психологиялық тәуелсіздігінің орнатылуының бастамасы.

Ерте ержетуі-адама психологиясының өзгеше бетбұрылысы. Өмірдегі, баланың түсініксіз өмірдегі қарама-қайшылықтарды сезінуі: мораль нормалары мен адамдардың, олардың іс-әрекеттердің, идеалмен іс жүзіндегі, қабілеттерімен, мүмкіншіліктері; әлеуметтік құндылықтармен өмірдің іс-жүзіндегі нәрселермен.

Ерте ержетуі-бұл адамның басқалары үшін жауапкершілікті сезіну, өзі үшін жауапкершілікті сезукезеңі. Бұл үлкендердің қиын өміріне адаптациясының бастамасы. Бұның бәрі жасөспірімдерге үлкендерге арналған тестті толық қолдануға болатының білдіреді. Бірақ үлкендер үшін актуальды проблемалар жасөспірімдер үшін түсініксіз болауы мүмкін. Сондықтан әдістемелердің керекті кешенін тапқан кезде жасөспірімдердің жан-жақты психодиагностикасына арналған, дәл солардың жасына актуальды нәрселерге көңіл бөлу керек. Мысалыға, олар үшін терең өзін-өзі тану, өзін-өзі жетілдіру, өзінің ішкі нәзік сезімдердің қарым қатынастардың анализіне талпыну – бұл психологиялық проблемалар жасөспірімдер үшін ең маңызды нәрселер болып есептелінеді; екінші жағынан – бұндай сұрақтар, өмірдің мағынасы мен мақсаты, жалғыздық, өмірдің түрі мен кәсіби жетістіктер жасөспірімдерден гөрі, үлкендерді көбірек ойландырады.

Сондықтан, ерте ержетудің психодиагностикасындағы кейбір шектеулер тек тұлға мен тұлғааралық қатынастардың салаларымен байланысты тесттерге қатысты. Олардың интеллектуалдық, тану процестеріне ешқандай қатысы жоқ, бұларды зерттеу үшін ерте ержетуде ешқандай шектеулерсіз үлкендерге арналған әдістемелері мен тесттер қолданатын еді. Сол үшін интеллект тесттерде ең төмен жас шектеуі 16-17 жас деп белгіленген.

Бозбалалар мен бойжеткендердің психодиагностикасын бағалаған кезде, олардың жеке мәліметтерді үлкендерге арналған нормалармен емес, тесттен өткізілетін жасөспірімдермен жасты адамдарды сипаттайтын нормалармен салыстыру керек. 16-17 жасар балалар әлі үлкендерге толық жатқызу қиын. Балаларға үйреншікті жағдайларда тест өткізілу керек. Олар-мектептегі дәрістер, психологиядан дәрістер болуы мүмкін. Психодиагностика әдістемелерімен практикалық танысуы бағдарламаға кіреді, сол үшін тест процедурасы оған оңай енеді.

2. Жеткіншектер мен психологтың жүргізілетін жұмысы.

Жеткіншектермен жүргізілетін жұмысы осы кезеңге тән проблемаларға негізделген. Жеткіншектер кезеңі деп 11-ден 16-ға дейінгі балалардың даму кезеңін айтамыз. Бұл кезеңде өте күшті психофизиологиялық дамуы және баланың әлеуметтік белсенділігінің қайта құруы өтеді. Баланың өмірлік іс-әрекеттеріндегі барлық салалардағы күшті өзгерістер бұл кезеңді «өтпелі» етеді. Бұл жас қиыншылықтармен, ұйымдармен, кризистермен өте бай. Бұл кезеңде іс-әрекеттің тұрақты түрі, мінезінің қасиеттері, эмоциялық реакцияның әдістері құралады. Бұл кезеңде балалық көзқарас жоғалып, психологиялық дискомфорт пайда болады.

Жеткіншектер кезеңін өте жиі дамудағы диспропорция кезеңі деп атайды. Бұл кезде өзі-өзіне көңіл бөлу көбейеді, өзінің физикалық ерекшеліктеріне, айналадағылардың пікіріне реакциясы ұлғаяды, өкпелегіштігі көбейеді. Физикалық кемшіліктер жиі үлкейтіліп көрінеді.

Жеткіншектердің психофизиологиялық дамуының негізгі моменті болып жыныстық даму, жыныстық идентификация болады. Олар дискомфортты төмендегі нәрселерден сезінеді:

- эмоциялық сфераның тұрақсыздығынан ;

- ситуациялық күдіктіктің жоғары деңгейінен ;

- жоғары жүйке іс-әрекетінің ерекшеліктерінен .

Ең информативті диагностикалық әдістемелер төмендегілер болуы мүмкін:

- жүйке жүйесінің қасиеттерін анықтаудың аппаратуралық әдістер;

- «Жүйке жүйесінің қасиеттерінің көрсеткіштер анамистикалық схемасы» сұраулығы ;

- Аизенк сұраулығы (жеткіншектер үшін вариант)

- В.М.Русалов темпераменті құрылымының сұраулығы (балалар үшін вариант)

- МТК (мінезбен темпераменттің қасиеттері) сұраулығы;

- темпинг тест (жүйке жүйесінің қасиеттерін Я.Стрелец темпераментінің құрылымының психо-мото-сұраулығы бойынша анықтау)

- САН сұраулығы (эмоционалдық жағдайлардың бағалау) жеткіншектің тану қабілеттерінің даму ерекшеліктері мектептегі оқудың қиындықтардың себепкері болады : оқудан қалып кетуі, адекваттық емес іс-әрекет. Жақсы оқу мотивацияға тәуелді, тұлғалық стимулдан іс жүзінде жеткіншек оқудың ешқандай қажеттілігін сезінбейді және керісінше, оқуға өте табан тіреседі.


52. Практикалық тапсырмалар

Табиғатта кездеспейтін жануар" әдістемесі

Әдістеме типі: психодиагностикалық, проективтік. Авторлары ~ Г.Т.Хоменстаускас, А.И.Захаров, Р.Бернс, С.Кауфман т.б.

Мақсаты: отбасында қалыптасқан қарым-қатынас ерекшеліктерін анықтау.

Жүргізуге қажетті материалдар: ақ қағаз, ручка, түрлі-түсті қаламдар, өшіргіш.

Жүргізу тәртібі: Балаларға табиғатта кездеспейтін жануардың суретін салып, оны атау керек екендігі түсіндіріледі.

Тестіні талдау ережесі.

1.Суреттің парақта орналасуы:

Сурет йертикалды жағынан парақтың ортасында болса немесе парақтың жоғары жағында орналасса — өз-өзін бағалауы өте жоғары, өзінің қазіргі жағдайына разы емес, барлық жағынан басқалардан жоғары болғысы келеді.

Сурет парақтың төменгі жағында орналасса — озін-өзі бағалауы төмен, өз-озіне сенімі жоқ, шешім қабылдауы баяу, үрейленіп жүреді.

2.Суреттің орталык мағналық бөлігі ~ бас:

Оңға қараған бас - іскер адам; жоспарлаған, ойлаған іс-әрекеттерін іске асырады. Солға қараған бас — ойланғыш адам, "іс адамы емес", жоспарланған нәрселердің кейбіреулері гана орындалады. Іске кірісер адцында ойланып-толғанып, қорқақтық көрсетеді, шешім қабылдауы қиын. Тік орналасқан бас -эгоцентризм белгісі.



3.Бас мушелері:

Көз - қорқыныш белгісі, ол барлық детальдарымен, көз қарашығына дейін анық салынса — зерттелінушінің мазасыздануы және қорқынышы анық байқалғаны.

Кірпік - үстамалы мінез көрсетуі, өзінің келбетіне, модаға сай киінуіне өте үлкен мән беретіндігі, жүртты таң қалдыруға қүмарлығы.

Қүлақ - мағлүматтарға қызыгуы, өсекке қүмарлығы, "мен туралы басқалар не ойлайды екен, не дейді екен" деп қүлақ түріп жүреді.

Ауыз - ышық, ішінен тілі көрініп түрса - ол сөзшең, басқалардың сөзіне онша көңіл бөлмейді.

Ерін - ерекше көңіл аударылса - сезімталдық; ауыз ашық, тіл көрініп түрған жоқ — үндемес; қаралап бояған ауыз - қорқақтық, сенімсіздікті білдіреді; тістері көрініп түрса - өзін-өзі қорғауға вербалдық агрессияны пайдалануы.

Өте үлкен бас - ақылдың белгісі (эрудиция).

Мүйіз, тырнық, инелер - қоғану, физикалық агрессия белгісі.

Қауырсын — өз-өзін сәндеуге және ақтауға қүмарлық, көзге түсуге ынталылық.

Жал, түк, кекіл, шаш - сексуалдылық белгісі.



4.Аяқ:

Аяқ ауыр, үлкен, жуан, бір сызықтың бойында орналасқан, орнықты болса - адам орнықты, байсалды, шешімді жан-жақты ойланып қабылдайды; тәуекелшіл емес, нақты фактілерге сүйенеді.

Керісінше болса — жңілтек, ойы қысқа.

Аяқ мүлдем жоқ болса - ойланбай шешім қабылдайды.

Аяқтың денемен жалғасуы — әдемілеп, нақты қосылса адамның өзінің ойын, шешімін қадағалап жүруі; әйтеір жалғасса - керісінше, ерме, жеңілтек, ойшыл емес.

Біркелкі аяқтар - дәстүршіл, жаңашыл, шығармашылыққа қүмар емес. Түрлі аяқтар, жалғаулар болса — десбестік, тәуелсіз, өз ойы бар, жаңашыл, өнерге жақын адам болуы мүмкін.



Каталог: CDO -> OBSOJ
OBSOJ -> Білім және ғылым министрлігі
OBSOJ -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
OBSOJ -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
OBSOJ -> 1 обсөж тақырып: Әдеби тілдің жалпыхалықтық тілмен арақатынасы
OBSOJ -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
OBSOJ -> ²àçàºñòàí Ðåñïóáëèêàñû Áiëiì æ¸íå ¹ûëûì ìèíèñòðëiãi “Ñûðäàðèÿ” óíèâåðñèòåòi
OBSOJ -> Сабақ барысында берілген ақпараттарды белсенді қабылдау
OBSOJ -> «Мәдениеттану» пәнінен СӨЖ сабақтарының
OBSOJ -> Сабақ барысында берілген ақпараттарды белсенді қабылдау


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   21


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет