Тапсырмалар мәтіні. Лектор: доцент Ташкенбаева С. М. Жетісай 2008 ж. Алғы сөз



бет3/21
Дата25.04.2016
өлшемі4.1 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21



Нәтижесін бағалау.

Келесі кестеде көрсетілген жауаптарды факторлар бойынша жинақтап, ретке келтіріп, әр фактор көрсеткіштерін орындау ережесін талдауға арналған жауаптар кілті бойынша бағалап, шығу керек. Оқушылардың жауаптары кілтке сай келген оның берген жауабы бір балл деп бағаланады, жауабы кілтке сай келмесе – оны 0 балл деп бағалау керек. Жауаптар кілті төменде берілген кестеде көретілген.



Әр фактор бойынша жиналған баллдар саны сол фактордың көрсеткіші болып табылады.


Жауаптарды факторлар бойынша жинақтау кестесі.

Факторлар


Сұрақтар номері.

1. Мектепішілік жалпы мазасыздануы

2,4,7,12,15,21,23,26,28,46,49,50,51,52,53,54,55,56, 57, 58.

2. Әлеуметтік стресс жағдайында болуы.

5,10,15,20,24,30,33,36,39,42,44.

3. Табысты болу қажеттілік фрустрациясы

1,3,6,11,17,19,25,29,32,35,38,41,43.

4. Баланың білімін тексерумен бағалау жағдайынан қорқуы.

2,7,12,16,21,26.

5. Баланың өзін өзі байқауы және бағалауы.

27,31,34,37,40,45.

6. Айналасындағы адамдардың баладан үміт етуін ақтай алмаудан қорқуы.

3,8,13,17,22.

7. Стресске психофизиологиялық қарсы тұруының төмен болуы.

9,14,18,23,28.

8. Мұғаліммен қарым қатынас жасауға қорқатынымен байланысты проблемалары.

2,6,11,32,35,41,44,47.


Жауаптар кілті.



1

Жоқ

13

Жоқ

25

Ия

37

Жоқ

49

Жоқ

2

Жоқ

14

Жоқ

26

Жоқ

38

Ия

50

Жоқ

3

Жоқ

15

Жоқ

27

Жоқ

39

Ия

51

Жоқ

4

Жоқ

16

Жоқ

28

Жоқ

40

Жоқ

52

Жоқ

5

Жоқ

17

Жоқ

29

Жоқ

41

Ия

53

Жоқ

6

Жоқ

18

Жоқ

30

Ия

42

Жоқ

54

Жоқ

7

Жоқ

19

Жоқ

31

Жоқ

43

Ия

55

Жоқ

8

Жоқ

20

Жоқ

32

Жоқ

44

Ия

56

Жоқ

9

Жоқ

21

Жоқ

33

Жоқ

45

Жоқ

57

Жоқ

10

Жоқ

22

Ия

34

Жоқ

46

Жоқ

58

Жоқ

11

Ия

23

Жоқ

35

Ия

47

Жоқ







12

Жоқ

24

Ия

36

Ия

48

Жоқ









Факторларға мазмұндық сипаттама.

  1. мектепішілік жалпы мазасыздануы- баланың мектеп өміріне енуінің әр түрлі формаларымен байланысты болады. Мұғалімдермен тіл табысуы, сабақтардан үлгерімі, оқушының табысты болуына мұғалімдер тарапынан тілектестіктің барлығы, бала табысты болғанда оның қуанышына шын көңілден ортақ болғандардың барлығы және жалпы эмоционалдық күй жағдайы.

  2. әлеуметтік стресс жағдайында болуы - баланың әлеуметтік қатынасының қалыптасқандығы: құрдастарымен қатынасуы, оқушылар арасындағы статусы, баланың бір салада өте табысты болуы, оған тәуелділердің барлығы жолдастарының оның пікірімен санасатындығы, басқалар арасында белсенділігі.

  3. Табысты болуға қажеттілік фрустрациясы – балаға табысты болуға мүмкіндік бермей отырған неше түрлі жағымсыз жағдайлар және олардың түрі көптігі баланың осы проблеманы шешуге мүмкіндігінің бар немесе жоқтығы, қажеттіліктерінің түрлерің, спорттағы табыстылығы, оқу барысындағы жетістіктері.

  4. Баланың білімді тексеру мен бағалау жағдайынан қорқуы – оқып біліп алған нәрселерін тақтаның алдында айтып беруге ұялатындығы, әсіресе көпшілік алдында сәтсіздікке ұшыраудан қорқып, мазасыздануы. Білген оқып үйренген нәрсесін көрсетуге шамасы келмей қалатындығы.

  5. Баланың өзін өзі байқауы мен бағалауы - басқаларға өзінің мүмкіндіктерін көрсете алатындығы, оның шеберлігімен бйланысты оң эмоциялары немесе одақтығымен байланысты жағымсыз эмоционалдық күй жағдайлары осы жағдайдан шығу жолдарын іздейтіндігі.

  6. Айналасындағы адамдардң баладан үміт күтуін ақтай алмаудан қорқуы – ата анасының алдында жауапкершіліктімін оларды енжітпеу керекпін деген ойы , төмен баға аламын деп уайымдауы және нашар бағаны күтуі. Осы сезімге байланысты қажет іскерлігі бола тұра оны көрсете алмауы .

  7. Стресске психофизиологиялық қарсы тұруы – төмен болуы, өзінің іс әрекеттерін ұйымдастыра алмауы мектепішілік элементтерге салақтық элементтерін көрсетуі, жаңалықты үйрену ерекшеліктері, көпшілік алдында ептілік білдіре алмауы нәтижесінде қоршаған орта тітіркендіргіштері әсіресе реакцияның жоғары болуы.

  8. Мұғаліммен қарым - қатынас жасауға қорқатынымен байланысты проблемалары, мұғалімдердің басым көпшілігімен қарым - қатынас жасауының қалыптаспауына байланысты мектептің балада теріс эмоция туғызуы.



2.“М және Д” әдістемесі. (мазасыздану және депрессия).
Мақсаты: жүйке процестерінің ерекшеліктерімен байланысты көрініс беретін мазасыздану және депрессия жағдайларының орын алуын анықтау.

Орындау ережесі: Тапсырманы топпн немесе жеке дара орындауға болады.Зерттелінушіге келесі нұсқау беріледі.: “” Сіздерге 20 сұрақтан тұратын сауалнама берілген. Бұл тест көмегімен өздеріңіздің күй жағдайларыңыз бағаланады. Сұрақтарға тез және дұрыс жауап беруге тырысыңыздар . Жауаптарыңыз бес нұсқада болуы мүмкін: “ еш уақытта, өте сирек, сирек, жиі, өте жиі” кездеседі. Жауап парақта сұрақ номерінің тұсында берілген осы нұсқалардың біреуін”+” деп белгілеңіз. Жауаптарыңызды талдау арқылы сіздердің эмоционалдық жағдайларыңыз баллдық жүйемен бағаланады. Тапсырмаға түсінбей қалсаңыз оны сұрап алуға болады.”

Зерттелінушіге жауап парақ беріліп, оны толтыру ережесі түсіндіріледі.



Тапсырмалар:

  1. Сіз өзіңіздің бұрынғыдай жылдам қимылдамай асықпай аяқты жай басатын болғаныңызды байқадыңыз ба?

  2. Сізді бір нәрсе мазалағанда ұйқыңыз бұзылады ма?

  3. Сіз өзіңіз жабырқаңқы сезімде, тұнжыраңқы болып жүресіз бе?

  4. Ешқандай себепсіз мазасызданып, бір нәрсе болатындай сезімге бөленіп,жүретін кезіңіз болды ма?

  5. Достыққа және мейірмандыққа қажеттілігіңіз төмендегенін байқадыңыз ба?

  6. сіздің өміріңізде қуаныш пен бақыттылық аз деген ойға бөленесіз бе?

  7. Сіз өзіңізді бұрынғыдай қызығушылықтар кернемейтінін, көптеген нәрселерге немқұрайды қарайтындай сезінесіз бе?

  8. Сіз бір орында отыра алмайтындай мазасызданған кезіңіз болды ма?

  9. Бір нәрсені күту сіздің жүйкеңізді толтырады ма?

  10. Жаман түс көресіз бе?

  11. Сіз ешқандай себепсіз басқа біреулерге немесе бір нәрсеге байланысты қауіптеніп, мазасызданғанкездеріңіз болды ма?

  12. Сізге ешкім көңіл аудармай ешкімнің сізге түсінгісі келмей жүргендей сежімге бөленп, өзіңіздің жалғызсыраған кездеріңіз болдыма?

  13. Қолдарыңызбен аяқтарыңызға орын таба алмай мазасызданған кездеріңізді байқадыңыз ба?

  14. Сіз өзіңіздің шыдамсыз тұрақсыз әбігерленгіш екніңізді байқадыңыз ба?

  15. Өзіңіздің жалғыз жиі қалғыңыз келеді ме?

  16. Жақын адамдарыңыз сізді жақтырмайтын немесе немқұрайды қарайтын кездерін байқадыңыз ба?

  17. Көпшілік ішінде өзіңізді ыңғайсыз сезініп, бөгеліп қалған кезжеріңіз болды ма?.

  18. Сізге өзіңіңздің достарыңыз немесе жақындарыңыз сізден гөрі бақытты деген ой келеді ме?

  19. Шешім қабылдау үшін көп ойланасыз ба?

  20. Көптеген сәтсіздіктерге өзім кінәлімін деген сезім сізді мазалайды ма?


Жауап парақ.


Тапсырмалар номері

Жауап варианттары.

Жауап белгісі

Тапсырмалар белгісі

Жауап варианттары.

Жауап белгісі

Тапсырмалар номері

Жауап варианттары.

1

Еш уақытта өте сирек жиі өте жиі




8

Еш уақытта өте сирек жиі өте жиі




15

Еш уақытта өте сирек жиі өте жиі

2

Еш уақытта өте сирек жиі өте жиі




9

Еш уақытта өте сирек жиі өте жиі




16

Еш уақытта өте сирек жиі өте жиі

3

Еш уақытта өте сирек жиі өте жиі




10

Еш уақытта өте сирек жиі өте жиі




17

Еш уақытта өте сирек жиі өте жиі

4

Еш уақытта өте сирек жиі өте жиі




11

Еш уақытта өте сирек жиі өте жиі




18

Еш уақытта өте сирек жиі өте жиі

5

Еш уақытта өте сирек жиі өте жиі




12

Еш уақытта өте сирек жиі өте жиі




19

Еш уақытта өте сирек жиі өте жиі

6

Еш уақытта өте сирек жиі өте жиі




13

Еш уақытта өте сирек жиі өте жиі




20

Еш уақытта өте сирек жиі өте жиі

7

Еш уақытта өте сирек жиі өте жиі




14

Еш уақытта өте сирек жиі өте жиі









Бағалау шкаласы:

  1. еш уақытта – 5 балл

  2. өте сирек – 4 балл

  3. сирек – 3 балл

  4. жиі – 2 балл

  5. өте жиі – 1 балл

Нәтижесін талдау ережесі.

Зерттелінушінің берген жауабы бойынша оның алған баллдары кесте бойынша коэфициенттік мағынасына ауыстыралады.. Сонан соң барлық коэфициенттердің арифиетикалық суммасы шығарылады.



Мазасызданудың диагностикалық коэфициенті.


Мазасыздануды анықтайтын сұрақтар номері.

1

2

3

4

5


2

-1,38

-0,44

1,18

1,31

0,87

4

-1,08

-1,3

-0,6

0,37

1,44

8

-1,6

-1,34

-0,4

0,6

0,88

9

-1,11

0

0,54

1,22

0,47

10

-0,9

-1,32

-0,41

-0,41

1,2

11

-1,19

-0,2

1,04

1,03

0,4

13

-0,78

-1,48

-1,38

0,11

0,48

14

-1,26

-0,93

-0,4

0,34

1,24

17

-1,23

-0,74

0

0,37

0,63

19

1,92

-0,36

0,28

0,56

0,1

Егер коэфициенттер суммасы – 1,28 және одан көп болса, зерттелінушінің мазасыздану бойынша жағдайы жақсы екенінің белгісі. Суммасы – 1,28 және одан төмен болса - зерттелінушінің мазасыздануы, депрессиясы және эмоционалдық зорлануыжоғары екенін көрсетеді. Аралық көрсеткіш ( -1,29- дан +1,28- ге дейін) мазасызданудың орта мағынада екенін көрсетеді.

Мазасыздану көрсеткішінің жоғарылағаны адамның себепсіз невротикалық реакциялары орын алуымен, өзінің және жақындарының денсаулығына деген уайымдауының жоғарылауымен сипатталады. Егер көрсеткіші төмен болса адамның неше түрлі тітіркендіргіштерге әсерленуі төмен болады.
2. Мазасыздану және депрессияны анықтау шкаласы.

Мазасыздану мен депрессияны анықтауға Д.Голбде ұсынған шкаланы пайдалануға болады.

Голбде жасаған қадамдық алгоритм әдістемесі көмегімен аз уақыт жұмсап мазасызданудың көрініс беруін дұрыс диагностикалау мүмкін. Бұл диагностикалық әдістемені дұрыс пайдалану үшін келесі шарттар орын алуы керек.


  1. мазасыздану симптомдары анық байқалатын болса;

  2. оны ағзаның стреске дұрыс жауабы деп есептеңіз.

  3. егер мазасыздану соматикалық аурулармен байланысты болмаса;

Мазасыздану шкаласы.

  1. Сіз өзіңізді ашу кернеп абыржығаныңызды сезінесіз бе?

  2. Шамадан тыс тынышсызданасыз ба?

  3. Тез ашуланасыз ба?

  4. Босансуыңыз оңай ма?

Егер сіз бір сұраққа ғана “ия” деп жауап берсеңіз, сіздің мазасыздануыңыз нормада. Егер екі сұраққа оң жауап берсеңіз келесі сұрақтарға жауап беріңіз.

  1. Ұйқыңыз тынышсыз ба?

  2. Басыңыз немесе мойныңыз ауырып, тамағыңыздың қысылып тұрғанын сезінесіз бе?

  3. Сізде келесі симптомдар байқалады ма бас айналу, қалшылдап кету, бірден терлеу, іш өту, тіл шаншып кету және басқа мазасыздану белгілері?

  4. Денсаулығыңыз сізді жиі мазасыздандырады ма?

  5. Ұйқыға бөленуіңз қиын ба?


Нәтижесін талдау.

Жоғарыда берілген тоғыз сұраққа берген жауаптардың ішіндегі әр “ия” дегені бір баллмен бағаланады. Жинаған баллдар 5 және одан көп болса мазасыздану деңгейі өте жоғары деп бағаланады

Мазасыздануды төмендету үшін әр адам өзінің психологиялық жағдайына теріс әсерін тигізетін симптомдарды анықтап алуға мүмкіндік беретін қадамдық алгоритмді пайдалануға болады.

Қорқыныш тудыратын симптомдар:


  1. Жүректің күшті немесе жылдам соғуы

  2. тершең болу

  3. дірілдеп, қалтырап кету

  4. ауыздың құрғап қалуы

Көкірек пен іш симптомдары:

  1. тыныс алудың қиындығы

  2. тұншығып қалу

  3. көкіректің ауыруы

  4. жүрек айнуы немесе асқазанның ашуы

Психикалық жағдайларды көрсететін симптомдар:

  1. бас айналуы, талып қалу

  2. заттардың бұлыңғырланып, оларды қабылдау ақиқатқа сай болмауы.

  3. өз өзін басқара алмай қаламын немесе жынданып кетемін деген қорқыныш.

  4. өліп қалатын шығармын деген қорқыныш

Жалпы симптомдар:

  1. бірде дене қызып, бірде қалтырап дірілдеу

  2. дененің ұйып қалуы.

Ішкі кернеу симптомдары:

  1. бұлшық еттердің тартылып қалуы, ауыруы

  2. босаңси алмау

  3. шамадан тыс зорлану, өзін “атылуға даяр мылтықтай” сезіну

  4. тамаққа бір нәрсе тұрып қалғандай болып жұғынуға қиналу

Басқа ерекше симптомдар:

  1. күтпеген жағдайлардан қатты сескену

  2. мазасызданған кезде зейінді шоғырландыру, ойлануға қиналу

  3. ызақор болу

  4. ұйқының бұзылуы

Осы диагностикалық тұжырымдамалардың қай қайсысы сіздің психологиялық жағдайыңызды сипаттайтынын анықтап алғаннан соң оның немен байланысты орын алғанын мамандармен отыпрып талдаған дұрыс. Өйткені бұл ауытқулардың басым көпшілігі соматикалық мәселелермен байланысты екені дәлелденді. Оларды емдеу арқылы адам көптеген өзін мазасыздандырып жүрген симптомдардан қол үзіп кетеді.


11. Сабақтың тақырыбы:

Психодиагностиканың экспериментальдық психологияның қойнауында қалыптасуы.
Сабақтың жоспары:

19- ғасырдың бірінші жартысындағы психодиагностика.

Психодиагностиканың қазіргі замандағы әдістерінің қалыптасуы.
Сабақтың мақсаты:

Студенттерге 19- ғасырдың бірінші жартысынан бастап психодиагностиканың дамуы жайында түсінік қалыптастыру. Оларды кезеңнің психологтары В.Вундт пен Ф.Гальтонмен Г.Эббингаузбен және олардың әдістерімен таныстыру.



Теориялық мәліметтер:

  1. Қазіргі заманғы психодиагностиканың тарихы XIX ғасырдың алғашқы ширегіне яғни психологиялық білімдердің дамуындағы клиникалық кезең дегеннің басталуымен басталады. Бұл кезеңнің сипаты ерекшелігі мынада: адам жайындағы эмпирикалық, психологиялық білімдерді алу мен оны талдаудағы басты рөль дәрігерлерге тиесілі болды.( бұларға дейін мұнымен негізінен философтар мен жазушылар айналысты). Дәрігерлерді сол кезде дамыған елдерде тараған емделуі қиын психикалық аурулар мен невроздардың пайда болу себептері қызықтырды. Психиатор- дәрігерлер Еуропа емханаларында өз бақылауларының нәтижелерін жазып талдай отырып,науқастарға жүйелі бақылау орнатты. Осы уақытта психодиагностиканың бақылау,сауалнама,жан қуаттарын талдау секілді әдістері пайда болды.

Алайда бұл кездегі психодиагностика қатаң емес,еркін сипатта болды. Бұл әсіресе бір науқастарда бақылауға алған және оларды бірдей әдістердің көмегімен зерттеген, дәрігерлердің келген қорытындыларынан көрінеді. Бұл сол кездегі психодиагностиканың әлі де болса сапалық сипатқа ие болғандығынан болды.

Психодиагностиканың сандық әдістерінің басталуын XIX ғасырдың екінші жартысы деуге болады. Бұл кезде көрнекті неміс психологы В.Вунттың басшылығымен дүние жүзіндегі ең алғашқы тәжірибелік психологиялық зертхана құрылған болатын. Мұнда психодиагностика мақсатында техникалық құрылғылар мен құралдар қолданыла бастады. Сондай-ақ осы уақытқа физикалық(денелік) және психологиялық құбылыстарының құрылуын жеделдеткен негізгі психофизикалық заңның ашылуы жатады. Негізгі психофизикалық заң психологиялық құбылыстарды өлшеудің мүмкіндіктерін ашты және де осы жаңалық сезімдікпайымдарды өлшеуге арналған субьективті шкалалар дегеннің пайда болуына алпы келді. Осы заңға сәйкес өлшемнің негізгі обьектіс адамның сезімдік пайымдары болды және де ұзақ ұақыт бойы XIX ғасырдың соңына дейін психодиагностика сезімдік пайымдарды өлшеумен ғана шектелді.

Адамның негізгі психологиялық процестеріне, қасиеттеріне және жағдайларына қатысты психодиагностиканыңқазігі заманғы әдістерінің қалыптасуынң бастапқы кезеңі ретінде XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басы деп есептеуге болады. Бұл уақытта белсенді түрде әрі маман психологтардың қатысуымен ықтималдар теориясы мен математикалық статистиканың кейінірек сандық психодиагностиканың ғылыми әдістері арқа сүйей бастаған салалары дами бастады. Тәжірибелік мәліметтерді статистикалық өңдеудің алғашқы және екінші әдістері дәл сол жылдары пайда болды. Алайда бастапқыда математикалық статистиканы психологияда емес, биология, экономика, медицина секілді ғылым салаларында қолдана бастады.

Алғашқы психометриялық мекемені Англияда көрнекті ағылшын психологы Гальтон ашқан болатын. 1884 жылы ол Антропометриялық зертхананы ашты.Бұл зертхананың мақсаттарының бірі- адамның қабілеттері жайлы статистикалық мәліметтерді алу болды. Бұл зертханаға келушілердің өз қабілеттерін өлшеуіне мүмкіндіктері болды және де осы психометриялық тәжірибеден 10000 адам өтті. Гальтон психологияда статистиканы қолданудың бастамашысы болды және де ол статистикалық әдістерді жасап шығуда көп еңбек сіңірді. Гальтон 1877 жылы психологияда корреляция әдісін қолдануды ұсынды. Гальтон, Пирсон және Фишер секілді математик ғалымдарды бірлесе жұмыс істеу үшін өз жағына тартты,сондықтан олардың математикалық статистикадағы атақтары психолоктармен бірге жұмыс істегендіктерінің арқасында шықты.Фишер дисперсионды анализді ойлап тапса, ал өзге ағылшын ғалымы Гальтонның замандасы Спирмен - факторлы талдауды ойлап тапты. Бұл екеуі де өздерін психологияда математикадағыдан кем емес дәрежеде көрсете білді. Психология тарихына Спирмен өзінің 1904 жылы жарыққа шыққан «Жалпы интеллект, обьективті айқындалған және өлшенген» деген классикалық еңбегінің арқасында енді. Г.Айзенг пен Р.Кеттель кейінірек факторлы талдауды тұлғаның өзіне тән ерекшеліктерін психологиялық диагностикадан өткізу үшін қолданды. Интеллектінің статистикалық тұрғыдан негізделген тесттерін француз ғалымы А.Бине 1905-1907 жылдары құрастырып жариялады. Кейінірек өзге француз ғалымы Т.Симонмен бірге ол осы тестті жетілдіре түскен. Бұл тест психодиагностика тарихына Бине – Симон тесті деген атпен енді.

Өткен ғасырдың 20-шы жылдарының екінші жартысында адамның алуан түрлі үрдістері мен қасиеттерін психодиагностикадан өткізуге мүмкіндік беретін жаңа психологиялық, соның ішінде интеллектуалдық және жеке адамдық тесттер пайда бола бастады. Сандық сипаттағы психодиагностикалық амалдардың ішіндегі тарихы еңсоңғы пайда болып практикаға енгендері әлеуметтік психалогиялық байланыстылары енді. Бұл американ психолыгы Я.Мореноның құрған социометриялық тесті және фашизм жылдары АҚШ - қа қоныс аударған неміс психологы К.Левиннің шәкірттері мен ізбасарлары – бір топ американ әлеуметтік психологтарының құрған көптеген өлшем әдістемелері еді.

XX ғасырдың 50-60-шы жылдарында алуан түрлі психодиагностикалық әдістемелердің негізгі көпшілігі пайда болды. Бұл психолог ғалымдардың ең көп психометриялық белсенді жылдары еді.

Психодиагностиканың пайда болып оның жасақталуына XIX ғасыр мен XX ғасырдың шегінде психологиялық ғылымда пайда болған жалпы дағдарыстың әсер еткенін ескеруіміз қажет. Ол бірінші кезекте әсіресе қабілеттер, интеллект және тұлға (жеке адам) секілді күрделі құбылыстардың дәл психодиагностикасы ғылыми тұрғыдан негізделген амал-тәсілдердің жоқтығы мен байланысты интроспективті психологияның кемшіліктерін айқын аңғартты. Осы тектес әдістердің жасалуы психологияның процестер, қасиеттер және жағдайлар жөнінде ішкі ойдан туындаған және субьективті емес, дәл айқын және обьективті білімдерді алуға мүмкіндік берді.

Мұндай ілімдер антроспекцияға толық негізделген ой қорытындысына қарағанда, теориялық жалпылау мен практикалық ұсыныс үшін мықты негіздеме юола алды. Нәтижеде психология лезде жаңа әрі мықты теориялармен түсіп, тек академиялық тұрғыдан лайық қана емес, практикалық тұрғыдан пайдалы ғылымға айналды. Психодиагностикаға негізделген қолданбалы білім салаларының соның ішінде еңбек психологиясының, психофизиологияның, инженерлік және медициналық психологияның, педагогикалық психологияның дамуы үшін кең мүмкіндіктер ашылды.




12. Практикалық тапсырмалар
Қақтығыс жағдайдан шығып кете аласыз ба?

К. Томас сауалнамасы.
Мақсаты: мінез - құлық ерекшеліктерін, дау - дамайдағы қақтығысқа жақындығын анықтау.

Әдістемеге түсініктеме.

Орын алған дау - дамайдан шығып, келісімге келу жолын басқаларға көрсетіп беру үшін зерттелінушінің келіспеушілік орын алған қандай мінез құлық көрсететінін анықтау керек. К.Томастың айтуы бойнша келіспеушілікке алып келетін шатақ мінезді екі типке топтастыруға болады:



  1. басқа адамдардың қызығушылықтарына тіршілігіне зиянкестікпен ерекше көңіл аударуы.

  2. өз қызығушылығын қорғаудағы ерекше қайсарлығы.

Осы екі себепке байланысты қақтығыс келіспеушілікке алып келген мәселені шешудің келесі жолдарын көрсеткен:

  1. бәсекелесу жарысу барысында басқаны жеңу барысында өзінің мәртебесін көтеріп, өзгенің намысына тию, ең жиі пайдаланатын және ең тиімсіз жолы.

  2. икемделу бәсекелесуге қарама қарсы әрекет өзгенің пайдасын ойлап өз қзығушылығын құрбандыққа келтіру.

  3. ымыраға компромисске келу, дау дамайдыңсебепкерлері бір бірімен келісімге келуі.

  4. жалтару басқаның тіршілігіне де өзінің мақсатына да ынталануының төмендігі.

  5. ынтымақтастық екі жақты да қанағаттандыратын альтернативаға келуі.

К.Томастың айтуынша “ а” және “б” нұсқалары бойынша , бәсекелестік пен икемделу арқылы келісімге келгенде дауласқандардың біреуі ұтса, екіншісі ұтылады, немесе компромиске келу арқылы екуі де ұтылады. Сондықтан тек қана ынтымақтастық дау дамайды шешудің ең тиімді жолы болып табылады.

Саулнамада 60 тұжырымдама бар. Олардың тізімі зерттелінушіге орындау ережесі түсіндіріліп беріледі.



Орындау ережесі: Сауалнаманың әр бабы “А” және “Б” әріптерімен белгіленген екі нұсқадағы тұжырымдамадан тұрады. Оның қайсысы сіздің мінезіңізге жақын болса, сол нұсқаны белгілеңіз.

Сауалнама.

  1. А. Кейде талас тартыс мәселені шешу үшін басқаларға жауапкершілікті мойнына алуға мүмкіншілік беремін.

Б. Біздің көзқарасымыздағы қарама қайшылықтары талқылаудың орнына екеуімізде келісетін нәрселерге көңіл аударғым келеді.

  1. А. Мен компромистік шешім қабылдауға тырысамын.

Б. Мен мәселені өзімнің де басқаның да көңілін табатындай етіп шешкім келеді.

3. А. Әдетте мен өз айтқанымды қатаң орындауға тырысамын

Б. Өзгелердің қызығушылығын қорғау үшін кейде өз қызығушылығымды жанпида етемін.

4. А. Мен компромистік шешім қабылдауға тырысамын.

Б. Басқалардың сезімін аяққа таптамауға тырысамын

5. А. Талас тартыс сұрақтарды шешу үстінде біреудің қолдауын іздеймін

Б. Бостан босқа шиеленістік болмауы үшін қолымнан бар келгенін істеймін.

6. А. Өзіме қолайсыздық әкелетін жағдайлардан аулақ жүруге тырысамын

Б. Мен өз айтқанымды орындауға тырысамын

7. А. Талас тартыс тудырған сұрақтарды кейінге қалдыруға тырысамын, өйткені ондай мәселелерді уақыт өткеннен соң ғана дәл шешуге болатынына сенемін.

Б. Мақсатқа жету үшін кейбір жағдайларға кішіпейілділік танытуға болады деп есептеймін.

8 А. Өз дегеніме жетуге әбден тырысамын.

Б. Бірінші кезеңде берілген мәселелер мен талас тартыс тудырған сұрақтардың негізін анықтап алуға тырысамын.

9. А. Қарама қайшылықтарға бола қатты толғануға болмайды деп ойлайды.

Б. Өз дегеніме жету үшін бар күш жігерімді жұмсаймын.

10. А. Өз дегенімізге жетуге тырысамын.

Б. Мен компромистік шешім қабылдауға тырысамын.

11. А. Ең бірінші қандай өзекті мәселе талас тартыс тудырғанын анықтап алу керек деп есептеймін.

Б. Екеуміздің арамыздағы сыйластықты сақтау үшін оны сабырлылыққа шақырамын.

12. А. Ұрыс қағыс шығатын жағдайдан аулақ жүру ұстанымын сақтаймын

Б. Егер маған қарсылық білдірмесе мен де оған өз пікірінде қалуға мүмкіндік беремін.

13 А. Мен ортақ ұстанымды сақтауға шақырамын

Б. Өз дегенімдей болуды қатаң талап етемін

14. А. Өз пікірімді басқа біреуге жеткіземін және оның пікірін сұраймын

Б. Өз пікірімнің логикасы мен артықшылығын басқа біреуге көрсеткім келеді.

15. А. Біздің сыйластық қатынасымызды сақтау үшін оны келісімге шақырамын

Б. Ауыртпалық болмауы үшін бар жағдайды жасауға тырысамын

16. А. Басқа біреудің сезімін аяққа таптамауға тырысамын

Б. Өз ұстанымымның артық екеніне басқаның көзін жеткізуге тырысамын.

17. А. Өз айтқанымды қатаң орындауға тырысамын

Б. Қолайсыз жағдайдан аулақ болуым үшін бар күшімді жұмсаймын.

18.А. Егер біреудің бақытты болатындай жағдайы болса, мен оған мүмкіндік беремін.

Б. Егер ол маған қарсы болмаса мен оған өз пікірін ұстануға мүмкіндік береді.

19.А. Біріншіден барлық қаралған мәселелер мен талас тартыс сұрақтардың негізін қызығушылықпен анықтаймын

Б. Талас тартыс сұрақтарды кейінге қалдыруға тырысамын, өйткені ондай мәселелерді уақыт өткеннен соң ғана шешуге болады.

20.А. Қарама қайшы ойларды тез арада жеңіп шығуға тырысамын

Б. Екеумізге де тиімді болатын үйлесімділікті табуға тырысамын.

21.А. Әңгіме барысында өзгелерге мұқият болуға тырысамын

Б. Мен әрқашанда әңгімені тікелей талқылауға бет бұрамын

22.А. Менімен басқалардың ұстанымдарына ортақ болатын ұстанымды табуға тырысамын.

Б. Өз ұстанымымды қорғаймын.

23.А. Әр адамның тілегін қанағаттандыруға тырысамын

Б. Кейде талас тартыс сұрақтарды шешуге жауапкершілікті өзге адамның өз мойнына алуға мумкіндік береді.

24.А. Өзгенің ұстанымы ол үшін маңызды болған жағдайда мен оған қол созамын.

Б. Оны компромиске бару керек екніне көзін жеткізуге тырысамын.

25.А. Менікі дұрыс екеніне нандырамын

Б. Әңгіме барысында біреудің дәлелдеріне зер саламын

26.А. Мен әдетте орта позицияны ұстанамын

Б. Әрқайсысымыздың қызығушылығымызды қанағаттандыруға әрқашан тырысамын.

27.А. Талас тартыс жағдайларды болдырмауға тырысамын

Б. Егер осы жағдай біреуді бақытты ететін болса мен оған өзінің ұстанымын сақтауға мүмкіндік беремін

28.А. өз айтқанымнан қайтпауға тырысамын

Б. Шиеленіс мәселелерді шешуде біреудің қолдағанын қалаймын

29.А. Мен ортақ ұстанымды ұстануға тырысамын

Б. Дау дамайға бола толғанудыңқажеті жоқ деп ойлаймын

30.А. Басқа біреудің сезімін аяққа таптамауға тырысамын

Б. Келіспеушілікті шешкенде екеуміз бірдей жетістікке жететін ұстанымда боламын.

Бағалау шкаласы:

Келіспеушілік жағдайдағы мінез құлық көрсетудің келесі бес түрі орын алады.”бәсекелес, жалтарғыш, ынтымақтас, ымырашыл, бейімделгіш”. Осылардың қайсысысізге тән екенін анықтау үшін жауаптарыңыздың төменде берілген кілтке сәйкес келгенін бір балл деп бағалап шығыңыз.

Бәсекелес”: 3А, 6Б,8А,9Б,10А,13Б,14-16Б,17А,22Б,25-28А.

Ынтымақтас”: 2Б,5А,8Б,11А,14А,19А,20А,21Б,23А26Б,28Б,30Б.

Ымырашыл”: 2А,4А,7Б,10Б,12Б,13А,18Б,20Б,22А,26А,29А.

Жалтарғыш”: 1А,5Б,6А,7А,9А,12А,15Б,17Б,19Б,23Б,27А,29Б.

Бейімделу”: 1Б,3Б,4Б,11Б,15А,16А,18А,21А,24А,25Б,27Б,30А.

Нәтижесін талдау:

Дау дамайдағы мінез құлықтың 5 түрінің көрсеткіштері 0 мен 12 баллдың аралығында ауытқып тұрады. Дау дамай кезінде осы аталған 5 түрінің элементтерін бір бірімен ұштастырып, пайдаланған стратегия тиімді болады.олардың әр қайсысы 5 тен 7 баллға дейін аралықта болғаны қарым қатынасты сыйысымдылық, тіл табысқыштық білдіруге негіз бола алады.

Егер мінез құлықтың бір түрі бойынша жинаған баллдарыңыз 5 тен төмен, ал басқалары 7 баллдан жоғары болса- сіздің көрсететін мінез құлқыңыз тиімділіктен алыс.

Өз мінез құлқыңыздың тиімділігін арттыру үшін барлық бес тактиканың көрсеткіштері 5-7 аралығындағы ұпайларды жинағаны дұрыс, яғни жоғары ұпайдағы мінез құлықты азырақ қолданып, төмен ұпай жинайтындарын көбірек қолданған дұрыс болады.

Дау дамай мәселесін зерттеуші мамандар осы 5 тактиканы бәсекелестік, тіл табысушылық, ынтымақтастық, жалтарушылық жәнежол берушілікті шеберлікпен қолдана білу шытырман жағдайды болдырмаудың негізгі шарты деп есептейді.

13. Сабақтың тақырыбы:

Ресейдегі революцияға дейінгі психодиагностика.
Сабақтың жоспары:

Ресейдегі психодиагностиканың даму жолдары.

50-60 жылдардағы психологиялық зерттеулердің белсенділігі.
Сабақтың мақсаты:

Студенттерді Ресейдегі психодиагностиканың дамуымен таныстыру,50-60 жылдарда жүргізілген зерттеулермен таныстыру. 1967- Халықаралық конференциясының материалдарымен таныстыру.



Теориялық мәліметтер:

Жаңа кеңес мектебінің қалыптасу жағдайында педагогикалық процеске психологиялық - педагогикалық диагностика қажет болды. РСФСР Наркомпростың «Педагогикалық жұмысының мақсаты мен жағдайы туралы» ( 7 мамыр,1933ж) мәжілісінің шешімінде педагогикалық диагностика мен психологияның әрі қарай даму жолдары белгіленген болатын. Бұл қаулыда мектептегі педагогика үшін аса маңызды психологиялық қызметінің негізгі мәселелері анықталған. Біріншісі, үйрету табиғаты(мәнісі), оның құрылымы, механизмі және факторы, оларды басқару нәтижесінде әртүрлі іс- қимылдарға үйретудің белгіленген режимінің құрылуы мүмкін. Екінші мәселе- индивидтің қалыптасуы; адам онтогенезінің заңдылықтарын анықтау.

1967 жылы Берлинде өткізілген халықаралық конферениядан кейін неформалдық тесттер дами бастады. Осы кезде педогогикалық әдебиетте педогогикалық диагностика деген термин пайда болды. Бұл ұғымды 1968 жылы К.Ингенкамп деген неміс педагог ұсынған еді (бір ғылыми проект барысында медициналық диагностикалық аналогиясы бойынша) Бұл кездейсоқ емес. 1970 жылы неміс тілінде сөйлейтіндердің барлығында 122 тест пен анкета болды. Анкеталар оқу үлгерімін , балалардың мектепке дайындығын , ақыл қабілетін , мамандық алуға жарамдылығын , шоғырлану қабілеттілігін анықтады. Бұл тесттер жоғарыда аталған салаларда , эксперименттік мектептерде қолданылды. Екінші сатыдағы мектептерде , гимназияларда тесттер өте сирек қолданылды. Сонымен қатар объективтік әдістер оқыту процесін зерттеу жұмысында өте сәтті қолданылды.

1980 ж. Мектептерге арналған тест пен анкеталардың саны 222 көтерілді, бірақ қолдану жиілігі төмен түсіп кетті. Өйткені тест жүйесі сынға алынды және бастауыш мектептерде балалар саны азайып кетті. 1970 жылдарында жалпы мектептерде ориентациялық сатыларда әдіс ретінде диагностикалық анкеталар қолданылды. Бірақ олар кең өріс алалмады. Отандық педагогикалық әдебиетте «педагогикалық диагностика» ұғымын А.С.Белкин ( 1970 ), А.И.Кочетов( 1981), Н.К.Голубев( 1988), В.П.Беспалько( 1989), Б.П.Битинас пен Л.И.Катаева( 1993), В.Г.Максимов ( 1993) және т.б. зерттеген. Соңғы жылдары әртүрлі мамандықтардың мұғалімдерінің диагностикалық іс- әрекетінің ерекшеліктеріне арналған, мектептегі информациялық - диагностикалық орталықтарға мұғалімдерді кәсіби- диагностикалық әрекеттеріне оқу - тәрбиелік процестің диагностикасымен болжамдарына арналған теоретикалық және әдістемелік жұмыстар пайда болған. Бүгінгі таңда негізгі бағыттар болып басқару диагностикасы мен өзіндік диагностика есептелінеді. Педагогиканың теоретикалық функциясын сипаттау барысында В.А. Сластенин екінші деңгейін анықтады диагностикалық (1997), И.П.Подласый «Педагогика» оқулығында студенттерге даму, оқыту, тәрбие алу диагностика туралы оқу материалын ұсынған.( 2000ж). Педагогикалық диагностика жаңа бағыт ретінде тиянақты зерттеуді талап етеді. Қазіргі кезеңдегі оның барысын, маңызын, мазмұнын, әдістерін, ерекшеліктерін және жағдайларын анықтау негізгі мақсаты болып табылады. Қазіргі педагогикалық диагностиканың мақсаттарымен қатар нағыз дидактикалық, мектептегі оқу тәрбие процесінің оптимизациясына бағытталған, педагогикалық кадрларды дайындау процесін және кәсіби куәліктерін беру процесін реттеуіне арналған мақсаттар анықталған.


14. Практикалық тапсырмалар
Т.Лиридің тұлғааралық қатынасты диагностикалау әдістемесі.

Т.Лири, Г Лефоржем, Р.Сеззакомдардың әдістемелері 1954 жылы пайда болған. Топта қалыптасқан тұлғааралық қатынастарды анықтауға 8 ортақ және 16 нақты қарым қатынас нұсқалары анықталған. Олар психограммаға түсірілген. Олар: бағындыру- бағыну және татулық – агрессия. Дәл осы факторлар тұлғааралық процесті қабылдау барысында жалпы адам туралы әсерді анықтайды. Мұндай қарама қайшы жағдайлар үш осьпен бағаланады: бағындыру- бағыну, татулық- агрессия, эмоционалдық- аналитикалық.



Мақсаты: Бұл әдістеме көмегімен адамның идеялды “Менін” өзін қабылдауын өзіне деген көзқарасын зерттейді, сонымен қатар кішігірім топтардағы қарым қатынастарды айқындауға бағытталған. Осы әдістеме көмегімен адамдардың өзіндік бағасы мен тұлғааралық қатынаста өзара бір біріне баға берулері анықталады.

Орындау ережесі: әдістеме екі кезеңде жүргізіледі.

Бірінші кезеңде зерттелінушілерге тұлғааралық қатынаста көрсететін шеңберлік психограмма бойынша өзіне тән мінездемені төмендегі берілген октанттар бойынша сипаттамалардан тауып алып оны”+”деп белгілеу ұсынылады.

Қоршаған ортаға деген қатынас түрлері:


    1. Өктемшіл

    2. Өзімшіл бастамшыл

    3. агрессивті басқыншыл

    4. Күдікшіл сенбейтін

    5. Көнгіш ұялшақ

    6. Тәуелді ымырашыл

    7. Ынтымақтас ықыласты

    8. Қамқоршыл албтуристтік.

Әр октант өкілдері тұлғааралық қарым - қатынаста өздеріне тән келесі ерекшеліктерімен сипатталады(баллдық көрсеткіштері екінші тапсырманы орындағаннан соң нақтыланады).

Психограмма


I YIII



YII
II





III


YI

I IY Y


Октанттар бойынша мінездеме:

  1. Өктемшіл – бастамшыл.

0-8 балл жинағандар. Өзіне сенімі өте күшті, қайсар, табанды, жақсы ұстаз, жетекші және ұйымдастырушы бола алады. Басқаруға қабілеті жақсы.

9-12 балл жинағандар. Бастамшыл жігерлі қайратты, барлық іс әрекеттерінде табысты , басқаларға ақыл айтуға кеңес беругеқұмар, өзін сыйлағанды талап етеді, сын көтермейді, өзінің мүмкіндіктерін ақиқаттан артық бағалайды.

13- 16 балл жинағандар . Өктемшіл бастамшыл қатыгез мінезді, барлығына ақыл үйретеді және билігін жүргізеді, айтқанын бұлжытпай орындауды баршадан талап етеді., басқалардың кеңесіне құлақ салмайды, жетекшілікке, өзгелерге бұйрық беруге құмар, өте күшті, әсерлі тұлға.


  1. Өзімшіл – бастамшыл.

0-8 Балл жинағандар эгоистігі анық байқалады,сенімді, тәуелсіз, өзіне бағытталған, бақталастыққа жақын тип

9-12 балл жинағандар мастанған өзіне қанағаттанған абыройлы екендігіне сенімі үлкен, басқалардан өзін артық санайтын, басқалардан өзгеше пікірде болатын және өз пікірін жоғары бағалайтын, топта оқшауланып жүретін тип.

13 – 16 балл жинағандар. Баршадан жоғары болғысы келетін, менмен, есепшіл, өзін өзі ерекше жақсы көреді. Бағынғанды ұнатпайды, қиындықтарды өзгелерге аудара салады, өзі істерге жатсына қарайды. Айналасындағыларға оқшауланып, ешкімді менсінбей жүретін мақтаншақ, сыйысымсыз тип.


  1. Агрессивті басқыншыл.

0-8 балл жинағандар. Қайсар қыңыр, мақсаиқа жетуде үлкен табандылық білдіретін, жігерлі турашыл адам.

9- 12 балл жинағандар. Талапшыл турашыл шын көңілді басқаларды бағалағанда қатал, бірбеттік көрсетеді, ымырашылдыққа бармайды, өзгелерді кіналайды, сыншыл, сықақшыл ашуланшақ кейігіш.

13-16 балл жинағандар. Шамадан тыс қайсарлық, мейірімсіздік, қатыгездік, өзгелермен қастасуға құмарлық, ұстамсыздық, агрессияның кейде ассоциялдықмінезге ұштасуымен сипатталады.


  1. Күдікшіл- сенбейтін.

0-8 балл жинағандар.Іс әрекеті мен ой пікірінде шыншыл., өзгелерге сын көзбен қарайтын, еш нәрсеге сенбейтін, сыйысымсыз.

9-12 балл жинағандар, сыншылдыққа құмар адамдардан көңілі қалған, тұйық мінезді, сыр бермейтін ашушаң. Өзгелерге сенімі төмен, тұлғааралық қатынаста басқаларға сенбеушілігінен қиналады. Негативизімін вербальдық агрессия арқылы көрсетеді.

13-16 балл жинағандар. Жауға және жамандыққа толы ортадан оқшауланып жүреді, күдікшілдігінен және оған деген адамдардың нашар көзқарасынан пайда болған қорқыныш үнемі интерперсоналды қатынастағы қиындықтар туғызады, баршаға сенімсіздікпен қарайды., кекшіл, арамза басқаларға күн бнрмейді.


  1. Көнгіш – ұялшақ.

0-8 балл жинағандар.Қарапайым, кішіпейіл, қымсынғыш, жасық, кез келген уақытта адамдарға өз жолын бергіш, эмоционалдық жағынан ұстамды, өз пікірі жоқ, тіл алғыш, өзқызметін адал атқарады.

9-12 балл жинағандар. Ұялшақ қымсынғыш жуас, жасық, жағдайды ескерместен өзінен күштілерге бағынады.

13-16балл жинағандар қарапайым, бағынышты жасық өзін өзі төмендеткіш, кез келген уақытта барлық адамдарға өз жолын бергіш, өзін өзі ең соңғы орынға қояды, сол үшін өзін өзі кінәлайды, өзінен күштілерден қолдау іздейді.

6. Тәуелді ымырашыл.

0-8 балл жинағандар конформды, жұмсақ мінезді өзгелерден көмек кеңес күтетін, сенгіш, өзгелерге таңырқағыш, басқалардың қолдағанын күтеді.

9-12 балл жинағандар тіл алғыш, көнгіш, жалтақ, жасқаншақ, ақкөңіл болғандықтан басқалардың айтқанының бәрі дұрыс, бәрі жөн деп есептейді, әрқашанда ешкімге қарсылық білдіре алмайды, дәрменсіз.

13-16 балл жинағандар өзіне сенімі өте төмен, жабысқақ қорқыныш сезімідамыған, абайлағыш, кез келген нәрсеге мазасызданады, тәуелді басқаларға әрқашанда бағынышты, конформдылығы өте жоғары.

7. Ынтымақтас- ықыласты.


    1. 8 балл жинағандар бірлесіп жұмыс істегенге бейім, икемді, дау дамай проблемаларды шешуге ымыралы келісімге келеді, саналы түрде конформды, барлық адамдармен қатынаста дұрыстық этикалық нормалар мен ережелерді сақтайды, топ мақсатына жетуде ыңғайлы, бастамшыл, көмек көрсетуге дайын, басқалардың өзіне көңіл аударып, олардың махаббатына бөленуді ұнатады, ашық жарқын ,қарым қатынаста мейірімділік пен тілектестік білдіреді.

9- 16 балл жинағандар баршамен сыпайы және ықылас танытқыш, қарым қатынаста әлеуметтік қолдау көрсетілген және қабылданған болуға бағытталған, баршаның талабына сай келуге жағдайға қарамастан барлық адамдарға жақсы көрінуге тырысады, микротоптың мақсатына бағытталған, ішкі зерттеу механизмдері жақсы қалыптасқандықтан эмоциялық жағынан өте икемделгіш.

8. Қамқоршыл- альтурист.

0-8 балл жинағандар. Адамдарға жауапкершілікпен қарайды, өте әдепті, кеңпейіл, сыпайы, жұмсақ мінезді, адамдарға эмоциялық қатынасын мейірімділікпен қамқорлықпе, жанашырлықпен көрсетеді, айналасындағыларды сергітіп, тыныштандыра алады.

9-16 балл жинағандар. Шамадан тыс жауапкершілікке ие, әрдайым өз қызығушылықтарымен мүмкіндіктерін басқалар үшін құрбандыққа қияды, басқаларға көмек көрсетуде үлкен белсенділікпен, кейде жабысқақтыққа дейін көрініс юереді, өзгелер үшін барлық жауапкершілікті өз мойнына алуға даяр) бұл кейде қарама қарсы бейнесін жасыруға пайдаланылған “ маска” болуы мүмкін).

Екінші кезеңде зерттелінушіге 128 қысқаша тұжырымдамалар берілген тапсырмалар жинағы ұсынылады. Оларды мұқият оқып әркім өздерінің мінездемелеріне сай келеді деген тұжырымдама тұсына”+” белгісін қойып шығады.



Тұжырымдамалар.

    1. Басқалар ізгі ниетпен қарайды

    2. Қоршағандарға әсерлі

    3. Басқаларға билігін жүргізе алады

    4. Өз пікірін қорғай алады

    5. Ар намысы бар

    6. Тәуелсіз

    7. Өзіне өзі қамқор бола алады

    8. Парықсыздық білдіреді

    9. Қатал бола алады

    10. Қатал бірақ әділетті

    11. Адалдық білдіреді

    12. Өзгелерге сын көзбен қарайды

    13. Жыламсырауды жақсы көреді

    14. Қабағынан қар жауып жүреді

    15. Сенімсіздік білдіреді

    16. Жиі көңілі қалады

    17. Өзін сынауға қабілетті

    18. Өзінің қателерін мойындайды

    19. Шын көңілімен бағынады

    20. Жолын бергіш

    21. Ризашыл

    22. еліктегіш, таңданғыш

    23. сыйлағыш

    24. Қолдауды іздейді

    25. Ынтымақтас өзара жәрдпмдескіш

    26. Басқаларға сыйысымды болғысы келеді

    27. Ықылас танытқыш ізгі ниетті

    28. Ілтипатты, сүйкімді

    29. әдепті

    30. Жігерлендіруші

    31. Көмек сұрағандарға көмек көрсеткіш

    32. Риясыз

    33. Таңқалдыра алады

    34. Басқалар оны сыйлайды

    35. Басшы болуға қабілетті

    36. Жауапкершілікті жақсы көреді

    37. Өзіне сенімді

    38. Өзіне өзі сенген қайсар мінезді

    39. Іскер, пысық

    40. Бәсекелестікті жақсы көреді

    41. Қажет болғанда тұрақты және қатал

    42. Ымыраға бармайды, алаламайды

    43. Кейігіш

    44. Ашық, тік мінезді

    45. Басқалардың басқарғанын қаламайды

    46. Еш нәрсеге сенбейді

    47. Әсер ету қиын

    48. Ренжігіш,кінәмшіл

    49. Ұялшақ

    50. Өзіне сенімсіз

    51. Көнгіш

    52. Қарапайым

    53. Өзгелерден көмек күткіш

    54. Беделділерді ерекше сыйлайды

    55. Кеңестерге құлақ салғыш

    56. Басқаларға сенгіш және өзгелерді қуантуға құмар

    57. Барлық уақытта сыпайылық білдіреді

    58. Өзгелердің пікірін бағалайды

    59. Сыйысымды ашық

    60. Ақкөңіл

    61. Мейірімді, сенімділік орнатады

    62. Жұмсақ мінезді, мейірімді

    63. Басқаларға қамқорлық білдіруге құмар

    64. Адал, мырза

    65. Кеңес бергіш

    66. Өзін бағалы етіп көрсетеді

    67. Әмірешіл, бұйрық бергіш

    68. Өктемшіл

    69. мақтаншақ

    70. Менменшіл, тәкаппар

    71. Тек өзінің қамын ойлайды

    72. Есепшіл қу

    73. Өзгелердің қатесін кешірмейді

    74. Тек өз пайдасын ойлайды

    75. Турашыл

    76. Ықылас талпынушылығы жиі орын алады

    77. Ызақор

    78. Арызқой

    79. Қызғаншақ

    80. Өкпелеу сезімі ұзақ сақталады

    81. өзіне өзі наразы

    82. Жасық

    83. ынжық

    84. Ұяң

    85. Тәуелді дербес емес

    86. Бағынғыш

    87. Өзгелерге шешім қабылдауға мүмкіндік береді

    88. Қиын жағдайға ұшырағыш

    89. Достарының әсеріне бөленгіш

    90. Өзгелерге сенім артқыш

    91. Талғамсыз, баршаға сеніммен қарайды

    92. Баршаны ұнатады

    93. Кешірімді

    94. жанашырлығы шексіз

    95. Кең пейілді,ғ кешірімді

    96. Жұртқа қорғаншы болады

    97. Табысты болғысы келеді

    98. Басқалардан таңқалуды күтеді

    99. Өзгелерге үстемддік көрсетеді

100 Қатыгез

101Өзгелерді лауазымдылыққа және қалталылыққа қарай сыйлайды

102. мансапқор

103 Өзімшіл

104 суыққанды, қатыгез

105 Сықақшыл, ащы тілді

106 Ашулы, қатал

107 жиі ызаланғыш

108 Мейірімсіз, қатыгез

109 Кек сақтағыш

110 Қарама қарсылыққа бөленген

111 Қырсық

112 Күдіктенгіш

113 Именшек

114 Ұялшақ

115 Бағынышты болуға ерекше даярлықта

116 Жұмсақ мінезді

117 Ешкімге қарсы сөйлемейді

118 Жабысқақ

119 Қамқоршысының болғанын ұнатады

120 Сенгіш

121 Өзгелерге жағынышты болуға тырысады

122 Барлығын мақұлдайды

123 Барлық уақытта мейірімді

124 Баршаны жақсы көреді

125 Өзгелерге қамқорсынғыш

126 Баршаны жұбатқысы келеді

127 Өз пайдасын ойламастан өзгелерге қамқор болады



    1. Ерекше мейірімділігімен басқаларды бұзады.


Бағалау шкаласы:

Әр плюс бір балл деп есептеледі. Жалпы бағасы октанттар бойынша шығарылады. Ол үшін келесі кестеде көрсетілген сұрақтарға берілген жауаптар көрсеткіштерінің қосындысы шығарылады.


1-ші октант: 1 - 4, 33-36 65-6 8 97-100

2- ші октант: 5 - 8 37-40 69-72 101-104

3- ші октант: 9 -12 41-44 73-76 105-108

4- ші октант: 13 - 16 45-48 77-80 109-112

5- ші октант: 17 - 20 49-52 81-84 113-116

6- ші октант: 21 - 24 53-56 85-88 117-120

7- ші октант: 25 -28 57-60 89-92 121-124

8- ші октант: 29 -32 61-64 93-96 125-128



Бағалау деңгейінің жоғарғы деңгейі 16 баллға тең, ол 4 деңгейге бөлінеді.

0 - 4 балл – қасиет төмен дамыған, айқын көрсетілмеген.

5- 8 балл – қасиет қалыпты нормада.

9- 12 балл - Қасиет жоғары дамыған, айқын байқалады.

13-16 балл – паталогияға дейін жоғарғы көрсеткішке ие.

Нәтижесін талдау ережесі.

Әр октант бойнша жинақталған баллдар психограммадағы номері сай келетін секторына түсіріледі. Жиналған баллдар санына байланысты октант сандарын координатасына доға түсіріледі. Шеңбер ортасымен жаңадан түсірілген доға арасына штрих сызықтарымен түс беріледі.Зерттеу барысында барлық жиналған баллдар октанттар бойынша психограммаға түсіріледі. Нәтижесінде Психограмманың біршама аймағы штрихталған болады да ол аймақ зерттелінушінің тұлғааралық қатынаста көбірек орын алатын стилін көрсетеді. Егер мінездемелердің басым көпшілігі 8 баллдан жоғары болмаса, бұл көрсеткіш зерттелінушінің жеке тұлғалық қасиеттерінің үйлесімділігінің белгісі және оның қарым қатынасқа икемділігінің көрсеткіші болады, 8- ден жоғары болған баллдар сол октанттағы қасиеттердің акцентуациясын байқатады. Егер бір октант бойынша 14-16 балл жиналса, ол адамның әлеуметтік адаптациялау мәселесі бойынша қиындықтар бар екенін анық байқатады, көрсеткіштер өте төмен болса (0-3) зерттелінушінің сыр сақтайтындығының, өте тұйық екендігінің белгісі. Ал егер барлық октанттар бойынша 4 баллдан жоғары көрсеткіш тіптен болмаса, онда зерттелінуші өзін ақиқатқа сай бағалағысы келмегені.

Тұлғааралық қатынастың бірінші төрт типінің өкілдері (1,2,3,4 октант) конформды емес, дау дамайға жақын, қатал, тәуелсіз,өздеріне сенімі күшті, пікірлерін қорғанғыш жетекші басшы болуға құмарлар қалған төрт өкілдері (5,6,7,8 октант) тгұлғааралық қатынасы жоғарыда аталғандарға қарама-қарсы мінездемелер иесі: конфорым ды, өзігне сенімі төмен, басқаларға ергіш, ымырашыл.

Арнайы жасалған екі формула көмегімен негізгі екі фактордың көрсеткіші анықталады. Басыо мдылық пен татулық .

Басымдылық: (1-5)+0,7*(3+2-4-6)

Татулық: (7-3)+0,7*(8-2-4+6)

Осы көрсеткіштерді салыстыру арқылы зерттелінушінің тұлғааралық қатынасының типі аныцқталады. Жоғарыда берілген типалониялық мінездеме бойынша зертелінугшінің барлық ерекшеліктеріне толығырақ сипаттама жасауға болады.

15. Сабақтың тақырыбы:

Психодиагностиканың қазіргі жағдайы.
Сабақтың жоспары:

Психологиялық қызметті құру туралы қаулының маңыздылығы.

Ресей мен Қазақстандағы психодиагностиканың жағдайы.
Сабақтың мақсаты:

Студенттерді психодиагностиканың қазіргі жағдайымен, оның мәселелері мен шешілулерімен таныстыру, психодиагностикалық әдістемелердің негізінде жеке тұлғалардың дамуы туралы түсінік беру.


Теориялық мәліметтер:

Қазіргі таңда психодиагностика ғылыми және практикалық психологиялық білімнің жеке саласы болып бөлінді. Көптеген психодиагностикалық әдістемелер пайда болып, тез арада көбейіп кетті. Математика мен физиканың қазіргі әдістері, электрондық психодиагностиканың құралдары яғни ЭВМ кеңінен қолданылуда.Көптеген елдерде, мысалы АҚШ та, Германияда көптеген ғылыми және практикалық баспаларда жүйелі түрде психологиялық әдістерді сипаттаған. Соңғы жылдары мұндай әрекеттер Ресейде де жасалынған. Бірақ оның ешқандай тұжырымдамасы мен ғылыми негізі жоқ еді.

Сондықтан кәсіби диагностикалық жұмыстың практикасы мен теориясын білем деушілер жеке тұлға ұғымының қазіргі түсінігімен таныс болу керек. Социологиялық , психологиялық зерттеу ешқандай өзінің педагогикалық талдауын ауыстыра алмайды. Кешендік зерттеу тұлғаны зерттеу барысында әлеуметтік , психологиялық және педагогикалық зерттеудің бірлігін қамтамасыз етеді. Жүелілік жағынан педагогика тұлғаны жүйелі ұйымдастырудың спецификалық денгейін басқа ғылымдардың адам туралы алынған нәтижелері мен біргелікте қарастырады. Тұлға дегеніміз үнемі өзгеріп дамитын жүйе , ол белгілі әлеуметтік түрде қалыптасады. Тұлғаның қалыптасуы саналы өзін - өзі басқаруына қабілетінің дамуымен ғана сипатталып қоймайды, ол керекті тәртібін қамтамасыз ететін сәйкес мотивацияны қалыптастырумен сипатталады. Мотивация (себеп) ішкі конфликттерді жеңіп шығуды қамтамасыз етеді. Адам тұлға болып тек өзінің тәртібі мен іс - әрекетін басқаруға қабілетті ететін психологиялық дамуының денгейіне жеткен кезде ғана қалыптасады. (Л.И.Божович)

Психикалық іс-әрекеттің дамуы динамикалық пен тұрақсыздан тұрақтыға қарай жүреді. Сыртқы әсерлер психикалық процестер мен жағдайларды тұрақты қасиеттерге айналдырады. Жағдайлардың фонында психикалық процестер мен тұлғаның қасиеттері пайда болады. Қасиеттер белсенділіктің белгілі бір адамға қатысты тұрақты және орнықты денгейін сипаттайды. Бұл денгей тұлғаның әлеуметтік құндылығын анықтайды және оның әрі қарай дамуына субъективтік жағдай жасайды. Қалыптасқан жүйе ситуациялық әсерлер мен өзгерістердің тәртіптің егеменділігін қамтамасыз етеді. Бұл егеменділік тұлғаның анықтығы мен жетілуінің көрсеткіші болып табылады.(А.Г.Ковалев).



16. Практикалық тапсырмалар


Каталог: CDO -> OBSOJ
OBSOJ -> Білім және ғылым министрлігі
OBSOJ -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
OBSOJ -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
OBSOJ -> 1 обсөж тақырып: Әдеби тілдің жалпыхалықтық тілмен арақатынасы
OBSOJ -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
OBSOJ -> ²àçàºñòàí Ðåñïóáëèêàñû Áiëiì æ¸íå ¹ûëûì ìèíèñòðëiãi “Ñûðäàðèÿ” óíèâåðñèòåòi
OBSOJ -> Сабақ барысында берілген ақпараттарды белсенді қабылдау
OBSOJ -> «Мәдениеттану» пәнінен СӨЖ сабақтарының
OBSOJ -> Сабақ барысында берілген ақпараттарды белсенді қабылдау


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет