Тапсырмалар мәтіні. Лектор: доцент Ташкенбаева С. М. Жетісай 2008 ж. Алғы сөз



бет6/21
Дата25.04.2016
өлшемі4.1 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21


Жауаптарды бағалау кілті




Иә

Кейде

Жоқ

1

ж


Ж

ҚҚ

2

ББ

ЖЖ

ЖПП

3

ҚҚҚБББ

ҚББ

Ж

4

ЖБ

Ж

ҚП

5

ЖБ

П

ҚП

6

ЖБ

ҚП

ЖБ

7

ҚҚПП

ЖЖ

Қ

8

ҚА

Қ

ЖП

9

Ж

Ж

Қ

10

Ж

Ж

Қ

11

П

БП

Б

12

БББ

ППБ

ППП

13

ПҚ

Қ

ЖБ

14

ҚҚ

Қ

ЖЖ

15

ББ

БПП

ППП

Ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынас 4 полюс арқылы көрініс береді:

Б- белсенділік

П- пассивтік

Ж- жұмсақтық

Қ-қаталдық;

Егер 3-4 шкала бойынша бірдей ұпай жиналса, онда отбасындағы тәрбие үйлесімді, қызық әрі ата-ананың балаға қоятын талабы бір-біріне сәйкес келеді. Егер 2 шкалада ұпай саны жоғары болса, онда қорытындысы төмендегідей:

ЖБ- ауруға бағыттап тәрбиелеу

БЖ-қарсыласу гиперпротекция

ҚБ- қатаң өзара қатынас жағдайлары

БҚ- доминанттау гиперпротекция

ЖП-қарсыласу гипопротекциясы

ПЖ- гипопротекция

ҚП-өте жоғары моральдық жауапкершілік

ПҚ- эмоциялық шеттету

Осы жұптар бойынша отбасылық қарым—қатынас ерекшеліктерін бағалап шығу керек.


2. Семантикалық дифференциал әдісі

Мақсаты: Топтағылардың бір-бірін эмоционалдық бағалауын талдау.

Семантикалық дифференциал әдісі адамның басқа бір адамға деген эмоционалдық қатынасын анықтау үшін қолданылатын зерттеу.Топтағы қарым-қатынас әр түрлі болады: іскерлік, жолдастық, достық немесе негативтік. Адамаралық қарым-қатынастың осы ерекшеліктерін даралап анықтау әдісі семантикалық дифференциал деп аталды.



Орындау ережесі. Өз тобыңыздан екі адамды таңдап алыңыз . Олардың ішінен өзіңіз жақсы білетін және олардың ішінен біреуіне болғандарыңызды таңдап алыңыз. Олардың әрқайсысына қарама – қарсы мағынасы бар сөздермен көзқарастарыңызды белгілеп шығыңыз. Егер қатынасыңыз оң болса белгіні кестенің оң жағындағы “+” белгісі бар жағына үш баллдық жүйемен бағалаңыз, ал қатынасыңыцз теріс болса сол жағына үш баллдық жүйемен бакғалаңыз, ал қатынасыңыз теріс болса сол жағына қойыңыз (0 баллдан 3 баллға дейін).
Бағалауға ұсынылатын мінез көрсеткіштері төмендегі кестеде берілген .


Теріс көрсеткіштер

-3

-2

-1

0

+1

+2

+3

Оң көрсеткіштер

Жаман






















Жақсы

Жағымсыз






















Жағымды

Тартымсыз






















Ұнамды

Пайдасыз






















Пайдалы

Керексіз






















Керекті

Салмақсыз






















Салмақты

Қажетсіз






















Қажетті

Елеусіз






















Елеулі

Дөрекі






















Жұмсақ


Нәтижесін талдау

Әр адамға берген бағалары бөлек бланкілерге толтырылады.Бағасы екі ортада орналасқан болса бағалардың орта баллы алынады.Бағалап болғаннан соң оң көрсеткіштер бойынша және теріс көрсеткіштер бойынша және теріс көрнсеткіштер бойынша әр адамның орта баллы шығарылады. Ол эмоционалдық қатынас көрсеткіші болады.Балл оң белгіде болса, ол адамды қабылдауың оң, қанша 3 баллға жақын болса сонша жақсы ( теріс болса қарама-қарсы көрсеткіштерге болады.)




21. Сабақтың тақырыбы:

Тесттердің сәйкестілігі ( валидтығы) мен сенімділігі.
Сабақтың жоспары:

Диагностикадан өткізілетін құндылық сапасының нәтижелеріне сәйкестігі ретінде.

Құндылықтың түрлері.

Сенімділік нақты өлшемді орындауы ретінде.
Сабақтың мақсаты:

Студенттерді психодиагностикалық әдістемелерге қойылатын талаптармен таныстыру. «Валидтық» деген ұғымның анықтамасын түсіндіру. Сенімділік, бірегейлік пен анықтамаларын түсіндіру.


Теориялық мәліметтер:

Психологиялық - педагогикалық эксперимент -зерттеудің сенімді құралы болуы үшін және одан дұрыс нәтижелерді алу үшін қолданылатын психодиагностикалық әдістемелер ғылыми негізделген болуы керек.Ондай әдістемелер төмендегідей талаптарға сай болуы керек, олар: валидтық, сенімділік, бірегейлік және нақтылық. Әр талапты бөлек –бөлек қарастырып көрейік. «Валидтық» деген термин европа тілдерінен шыққан. Ол «құнды», «жарамды», «сәйкес» дегенді білдіреді. Валидтық психодиагностикалық әдістеме дегеніміз- сол әдістеменің нақты психологиялық сапаны бағалауға жарамды болуы. Валидтық әдістеме өлшейтін заты туралы мәліметтерді ғана емес, сол заттың жағдайы туралы хабарды, оның қолдану салалары туралы мәліметтерді ала алады. Валидтық-теориялық және практикалық (эмпирикалық), ішкі және сыртқы болып бөлінеді.

Теориялық валидтық зерттелетін сапаның нәтижелерінің сәйкестігі анықталады. Бұл нәтижелер нақты әдістемелер көмегімен алынатын, теориялық нәтижелерге негізделген тәуелділігі анықталады. Теориялық валидтықты бір теорияға негізделген әртүрлі әдістемелердің көмегімен бірдей қасиеттің көрсеткіштерінің корреляциясымен тексереді. Эмпирикалық валидтық зерттелетін адамның бақыланатын іс-әрекеттері мен реакцияларға диагностикалық көрсеткіштердің нақты іс-әрекетіне сәйкестілігімен тексеріледі. Мысалы, бір зерттелетін адамның қасиеттерін белгілі бір әдістеме көмегімен бағалаймыз. Бұл әдістеме эмпирикалық валидтық деп айтамыз, тек егер нақты адам өмірде әдістеме болжайтындай өзін ұстайды.

Эмпирикалық валидтықтыың критерийлерімен әдістемені өзінің көрсеткіштерінің адамдардың іс жүзіндегі әрекеттердің көрсеткіштерімен салыстыру жолымен тексеріледі.



Ішкі валидтық - дегеніміз әдістемедегі тапсырмалардың, субтесттердің, әртүрлі ойлардың, пікірлердің әдістеменің жалпы мақсатына сәйкестігі. Егер сұрақтар, тапсырмалар әдістемеге керек нәрселерді өлшемесе, онда ол әдістеме ішкі валидтық болып есептелінбейді.

Сыртқы валидтық- эмпирикалық валидтық сияқты, бірақ бұл жерде зерттелетін адамның іс-әрекетіне қатысты маңызды сыртқы қасиеттерімен әдістеменің көрсеткіштері арасындағы байланысты айтамыз.

Әдістемені құрған кезде оның валидтықтыбірден бағалау өте қиын. Әдістеменің валидтығы оның ұзақ қолданылу процесі барысында тексеріліп анықталады. Валидтықтың түрлерінен басқа валидтықтың критерийлері туралы білу керек.

1.Іс-әрекеттің көрсеткіштері – зерттелетін адамның өмірдің әртүрлі ситуациялардағы реакциялар , іс-әрекеттер.

2.Әртүрлі іс-әрекеттердегі зерттелетін адамның жетістіктері:оқу , еңбек , шығармашылық т.б.

3.Әртүрлі бақылау тапсырмаларды орындау туралы мәліметтер.

4.Басқа әдістемелер көмегімен алынатын мәліметтер.

3.Сенімділік өлшеу процедураның нақтылығы ретінде.

Тұрақты көрсеткіштерді алу әдістеменің сенімділігін көрсетеді (бұл жерде зерттелетін адамнан , экспериментатордың іс-әрекеті мен өзгеретін психологиялық қасиеттерінен емес, өлшеу құралына тәуелді тұрақтылық дәрежесі есептелінеді).

Психологиялық тесттің нәтижелері қиын бақыланатын факторларға тәуелді: өлшеу құралының сапасына , психологиялық тесттің ситуациясының релеванттық мінездемелердің тұраұтылығына. Аталған факторлардың біреуі өзгертсе өлшеу сенімділігінің дәрежесі төмендейді. Бірақ іс жүзінде бұл факторларды үнемі тұрақты етіп ұстап тұруға мүмкін емес болғандықтан , кез келген психодиагностикалық әдістеменің сенімділігі жоғары болуы мүмкін емес. Аталған факторлардың ішінде ең маңыздысы болып әдістеменің сенімділігі саналады, өйткені қалғандары алынатын нәтижелердің тұрақтылығына аз мөлшерде әсер етеді.

Психодиагностикалық әдістеменің сенімділігін екі әдіспен анықтауға болады:осы әдістеменің көмегімен әртүрлі адамдармен алынған нәтижелерді салыстыру жолымен және осы әдістемені бірдей жағдайларда қолданғанда алынған нәтижелерді салыстыру жолымен .

Әдістеменің нақтылығы психодиагностикалық эксперимент барысында бағаланатын қасиеттердің аз өзгерістердің өзіне жауап қайтару қабілеттілігі болып есептелінеді. Психологиялық әдістеменің нақтылығын өлшеу техникалық құралдарының нақтылығымен салыстыруға болады. Мысалы , сантиметрге бөлінген метрден , миллиметрге бөлінген сызғыштың ұзындықты әлдеқайда нақтырақ өлшейді. Ал микрометр деген прибор ұзындықты 0,001мм дейін нақты өлшейтін сызғыштан әлдеқайда нақтырақ.

Психодиагностикалық әдістеме неғұрлым нақтырақ болса, соғұрлым нақты градацияларды бағалауға болады. Бірақ практикалық психодиагностикада баға нақтылығының өте жоғары дәрежесі барлық кезде талап етілмейді.Оның қажетті практикалық мерасы дифференциация тапсырмасымен немесе зерттелетін адамдарды топтарға бөлумен анықталады. Мысалы , егер зерттелетін адамдарды екі топқа бөлуге болатын болсақ , сонда қолданылатын әдістеменің нақтылығы осы бөлікке сәйкес болу керек.

Егер зерттелетіндерді бес топшаларға бөлетін болсақ онда бес пункттен тұратын өлшеу шкаласы бар әдістемені қолдануға тура келеді.

Әдістеменің бірігейлігі дегеніміз белгілі бір әдістеме бір қасиетті бағалау үшін осы әдістеменің көмегімен алынған мәліметтер тек сол бір қасиеттің өзгерістерін кескіндейтін дәрежесі. Егер осы қасиетімен қатар алынатын көрсеткіштерде әдістемеге байланысты емес басқа көрсеткіштер кескінделсе , онда әдістеме бірігейлік критерийге сәйкес емес деп саналады, сонымен қатар ол валидтық деп есептеліне береді.




22. Практикалық тапсырмалар
Социометрия әдісі

Әлеуметтік ортадағы қарым-қатынас ерекшеліктерін зерттеуге арналған көптеген әдістемелер жасалған. Олардың көпшілігі мектеп психологиялық қызметінде сынып оқушыларының қарым-қатынас ерекшеліктерін, оқушының әлеуметтік статусын зерттеуге кеңінен пайдаланылып жүр. Қазіргі кезде ең жиі пайдаланылатын топты зерттеу әдістемесі социометрия деп айтуға болады. Социометриялық талдауды ұсынған және оны психологиялық зерттеулерде қолдану ережелерін жасаған Австрия ғалымы Джекоб Морено. Венадағы психиатриялық клиникада жүргізген зерттеулерінің нәтижесінде ол өте маңызды қорытынды жасайды: көптеген психикалық ауытқулар адамның әлеуметтік ортада өзін ыңғайсыз сезінумен, әлеуметтік адаптациядан өте алмағанымен байланысты деп тапқан. Осы себептің әсерін төмендету үшін әр адамның өз ортасындағы әлеуметтік статусын және қарым-қатынас мәдинетін зерттеу қажетті екенін дәлелдеген .

Өткен ғасырдың 20- жылдары Дж. Морено психиатриялық зерттеулерден әлеуметтік – психологиялық проблемаларды зерттеуге бет бұрады. Ол социометриялық әдістемелерді әлеуметтік топттардағы әр адамның күй- жағдайын зерттеуге пайдалану жолдарын іздеді. Морено адамдарға әлеуметтік ортаның әсерін зерттеуге “ триадикалық” деп атаған жүйені ұсынды. Бұл жүйенің құрамды бөліктері социометрия, топтық психотерапия және психодрама деп аталды. Осы ұсынылған триадикалық әдістемелердің ішінде мектеп психологиялық қызметінде оқушылар ұжымын зерттеуге кеңінен пайдаланылатыны – социометриялық талдау. Бұл әдістеме көмегімен оқушылардың сынып ұжымындағы орны, олардың достары мен жолдастарының бар екендігі , ұжымының ішкі құрылымы, үлкен топтың құрамында микроптардың барлығы және ол топтардағы тұлғааралық қатынастардың қалыптасқандығы анықталады.



Мақсаты: Ұжым мүшелерінің бір-бірімен эмоционалдық байланысын анықтау және татулығын өлшеу.

Орындау ережесі.Тестті орындау алдында зерттелінушілерге жауап парақпен жұмыс істеу тәртібі түсіндіріледі. Жауап бланкісі алдын-ала төменде беріген үлгі бойынша даярланады.

Орындау ережесі: “ Мен сіздерге сұрақтары бар парақ таратып беремін. Әр сұраққа терең ойланып , дұрыс жауап беруге тырысыңдар”.

Жауап беру бланкісі

Аты жөні ------------------------------------------------------------------

Оқитын сыныбы--------------------------------------------------------

Төмендегі сұрақтардың әрқайсысына сыныпта бірге оқитын оқушылардың үшеуінің атын жазыңыз.

1. Мектепті бітіргеннен соң кіммен достық қаым-қатынаста болғыңыз келеді?

А)
Б)
В)
2.Туған күніңізге кімді шақырғыңыз келеді?

А)
Б)


В)
3. Саяхатқа кіммен шыққыңыз келеді?

А)
Б)


В)

Нәтижесін талдау. Жиналған материалдарды социоматрица және социаграмма жасап талдау керек.

Жоғарыда берілген үш тапсырма бойынша жиналған материалдарды жеке-жеке матрица мен социограмма жасауды талап етеді. Олардың жалпы көрсеткіштері бір-біріне сәйкес келуі және айырмашылығы көп болуы мүмкін. Бұл жерде мысал ретінде бір тапсырма бойынша жиналған мәліметті кестеге түсіру ретін ғана көрсеттік. Басқа екі тапсырма бойынша осылайша матрица мен социограмма жасау керек.

Социоматрица жасау. Кестеге зерттелінушілер тізімі түсіріледі және олардың қалаулары жоғарғы қатардағы олардың нөмірімен қиылысқан жеріне түсіріледі. Кестенің төменгі қатарына әрқайсысының жинаған қалауларының саны жазылады.

Бағалау шкаласы:


  1. және одан да көп- жұлдыздар

3-5- қалаулылар

1-2- қалаусыздар



  1. шектеулілер

Ұсынылған кестедегі көрсеткіштер бойынша топтағы балалардың екеуі “ жұлдыз”, бесеуі “қалаулылар” , оны “ қалаусыздар”,ал екеуі “ шектеулілер” қатарына жатқызылды. Осы көрсеткіштердің өзі сынып ұжымында ауызбіршілік, татулық әлі қалыптаспағандығының белгісі болып отыр.
Социоматрица



Аты- жөні

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

1

Айжан

























+

+
















+










2

Асан













+










+

+




























3

Арай










+




+




+


































4

Арман







+



















+

+

























5

Бағлан




+






















+













+













6

Гүлназ































+

+






















7

Гүлмира







+






















+







+
















8

Данияр
















+










+

























+

9

Дәулет




























+




+






















10

Дамир

+








































+

+










11

Зарина










+










+




+




























12

Мадина
















+










+

























+

13

Нұрғали
















+
















+
















+




14

Нағима










+










+










+






















15

Оңалбай




+






















+
















+










16

Өскен

+

+






















+




























17

Палсая







+







+








































18

Руслан







+

+






















+



















+

19

Толқын










+






















+
















+




20

Уәли

+










+













+




























21

Шоқан




+

+











































+




22

Юсуп


































+



















+

23

Элдар

+



















+
















+



















Таңдаулар:

























































Топтың ұжымшылдығын анықтау үшін барлық таңдаулар санын өзара таңдау санына бөлу керек. Бұл сыныпта ұжымшылдық, татулық өте төмен болып шықты.

өзара таңдау 8

Р=---------------------=-----------=0,15

Таңдау саны 57

Социоматрицадағы көрсеткіштер бойынша зерттелінушілер статусына байланысты социограмма жасалады. Ең кіші шеңберге “ жұлдыздар”, екінші шеңбер ішіне “ қалаулылар” ,ал сыртқысына “ шектеулілер” белгісі түсіріледі.


Социограмма



































Жиналған материалдарды талдау нәтижесінде келесі қорынды жасауға болады. Социометриялық талдау барысында сыныптағылардың екеуі жұлдыз болып шықты. Олардың белгілері ішкі шеңберде орналасқан. Сонымен қатар сыныптағы оқушылардың ауызбіршілігі төмен, бір-бірімен қарым-қатынасы шектеулі екендігін байқауға болады. 33 оқушының алтауы шектеулі ( олардың белгілері сыртқы шеңберде орналасқан ), оңаша қалғандар. Бұл оқушылар басқалармен, әсіресе сыныптағы майталман лидермен қарым-қатынаста болғысы келеді, тек оларды бұл оқушылар қабылдамайды. Сонымен қатар 13 оқушыны 1-2 сыныптастары ғана қалап алған, олар басқаларға ұнамсыз, қалаусыз деп айтсақ болады. Ал 12 оқушыны 3-4 адам таңдап алған. Оларды қалаулыларға жатқызуға болады

Бұл жерде бір атап өтетін мәселе - ұл балалар мен қыз балалардың арасында қарым-қатынас шектеулі, тек қана бір қалау орын алған. Бір сыныптағы балалар жеке топтар болып оқып жүрген себептерін зерттеп, оң көрсеткіштерін нығайтып, арақатынастарын жақсарту нәтижесінде ұжым ішілік татулықты тереңдетуге мүмкіндік туады.

23. Сабақтың тақырыбы:

Тесттердің бейімделуі мен құрылу технологиясы.
Сабақтың жоспары:

Тесттердің әлеуметтік - мәдени бейімділігі.

Тест өткізудің ережесі, оның нәтижесінің өңделуі және интерпретациясы.
Сабақтың мақсаты:

Студенттерді психодиагностикалық тесттерге қойылатын талаптармен таныстыру, тест мөлшері ұғымын түсіндіру және тест өткізудің ережесімен таныстыру.


Теориялық мәліметтер:

Психодиагностикалық тесттерге ерекше талаптар қойылады. Бірінші талап- тесттің әлеуметтік- мәдени бейімділігі. Ол дегеніміз- тест тапсырмалары мен бағаларының сәйкес келуі. Егерде тест басқа елден алынған жағдайда, зерттелетін адам тапсырмаларды орындау барысында олардың мәдени ерекшеліктеріне мән беруі керек. Мысалы, бір елде құрылған тесттің танымдық құрамында сөздік – логикалық емес, бейнелік және практикалық ойлау басым болып тұрса және ол тест Европада пайда болып, басқа елде қолданылса, онда ол міндетті түрде сол елдің әлеуметтік-мәдени жағдайына бейімделуі керек. Керісінше, ол ортаға икемделмеген жағдайда қолданатын болсақ, біз басқа елдің тұрғындарының ойлауының даму деңгейіне сәйкес келмейтін өте төмен нәтижелер аламыз. Егер де ақыл-ой тестінде практикалық ойлауға арналған тапсырмалар көп болып, оны вербальдық танымы басым елде қолданса, біз ол жерде ой дамуының адекваттық емес көрсеткіштеріне ие боламыз. Егер тест қайта қолданған жағдайда, алғашқы құрылған кездегіден өзгеше болса, мұндай жағдайда тестті бір-бірімен салыстыру немесе жаңа жағдайға бейімдеу талап етіледі. Әсіресе мұндай жағдай өзге елде құрылып, басқа тілде жазылған бланк тесттерге қатысты. Бір тілден басқа тілге аударма ешқашан нақты болмайды.Ол үшін сөзбе- сөз аударудан гөрі мағынасына қарай аудару нақтырақ болады.



Екінші талап- тұжырымдамалардың қарапайымдылығы мен тест тапсырмалардың бірегейлігі. Бұл талапқа сәйкес сөздік және басқа тапсырмаларды орындау барысында адамдар әртүрлі қабылдайтын нәрселер болмауы керек( мыс: сөздер, суреттер т.б.).

Үшінші талап- тест тапсырмаларын орындауға бөлінген уақыт. Тестті орындау үшін 1- 1,5 сағаттан көп бөлінбеу керек. Өйткені бұдан көп уақыт орындаса, адам өзінің жұмыс істеу қабілетінің жоғары деңгейін сақтай алмайды.

Төртінші талап- тест үшін берілген тест мөлшері. Тест мөлшері дегеніміз- бір топ адамдармен жеке тұлғаның көрсеткіштерін салыстыруды айтамыз. Мұнда жеке тұлғаның психологиялық даму деңгейі бағаланады, яғни мөлшер дегеніміз нақты бір тесттің репрезентативтік орта көрсеткіштері. Тест мөлшері әдеттегідей, зерттелетін адамдардың жасы мен жынысына қарай таңдап алынған тест нәтижелерімен және жасына, жынысына қарай келесі релеванттық дифференциациясы көрсеткіштерінің орташа алынған бағасымен анықталады. Сонымен тест мөлшері дегеніміз-зерттелетін адамға әлеуметтік-демографиялық мінездемелері бойынша ұқсайтын адамдардың үлкен жиынтығы дамуының орта деңгейі. Жылдан жылға адамдардың психологиялық дамуы өзгеріп тұрады, сондықтан тест мөлшері де өзгеріп отырады.

Әрбір норма уақыт өткен сайын адамдарда болатын психологиялық дамуындағы асылда болатын өзгерістермен бірге өзгереді. Ғасырдың бірінші 25-жылдарда анықталған интеллектуалдық дамудың нормалары соңғы 25-жылдарда сай келмейді, өйткені бұл уақыттың ішінде адамдардың ой даму деңгейі өте жоғарлап кеткен. Эмпирикалық анықталған ереже бойынша әр бес жыл сайын тест нормалары , әсіресе интеллектуал , қайта қарастырылып тұруы керек.



24. Практикалық тапсырмалар
Қарым-қатынас мәдениетін зерттеуде және коррекциялауда ТРАНСТІЛІК ТАЛДАУ әдістемесінің орны.
Психологиялық қызметті ұйымдастыру және психологиялық көмек көрсету барысында оқушылар арасында, педагогтар мен оқушылар, ата-аналар мен олардың балалары арасында бір-бірін түсінбеушілік, қарым-қатынасының бұзылуы, шиеленісті жағдай тууы жиі орын алады. Келіспеушіліктің себебі қарым-қатынас барысында оған қатысушылардың біреуінің өзін ыңғайсыз сезінуі, басқалардан қысым көруі, оның іс-әрекетін өзгелер дұрыс бағаламауы, т.с.с. жағдайлармен байланысты “ жәбірленуші” өзін-өзі психологиялық қорғау әдістерін іздеуге мәжбүр болады. Бұл жағдай қарым-қатынас жасаушылар арасында қатынас мәдинетінің сақталмағанын көрсетеді. Мектептегі оқу - тәрбие жұмысын ұйымдастыру барысында, қызметкерлер тобында кәсіби іскерлік қарым-қатынаста орын алған түсінбеушіліктердің себебін анықтап, осы жағдайдан шығару шаралары ретінде трансактілік талдау кеңінен пайдаланылады. Бұл талдау барысында зерттелінушілердің қатынас жүргізу ерекшеліктерін функционалдық-рөлдік дәрежеде талдауды ұйымдастыру арқылы оқушылардың, үлкендердің бір-бірімен тіл табысқыш, ұйымшыл, басқалардың пікірімен санасу және сыйлау қабілетін қалыптастырады.

Көптеген ғалымдар қарым-қатынас мәдениетіне келесі анықтама береді: қарым-қатынас мәдениеті дегеніміз – адамдардың өз мінез – құлқын басқару арқылы басқалармен тіл табысу және алдына қойған мақсатына жетудің тиімді жолын табуы. Қарым-қатынас мәдениетінің қалыптасқандығын, оның сапасын өлшеп көрсету өте қиын. Өйткені тек қана іскерлік, қолданбалы, тәжірибелік мәселелердің тиімді шешілгені қарым-қатынаста болған барлық субъектілер үшін оң, психологияылық жағынан ыңғайлы жағдайда жүргенін көрсетуі мүмкін. Сондықтан іс-шаралар нәтижесі гуманистік, адамгершілікті сақтау негізінде, басқаларға психологиялық қысым, зорлық көрсетпей жүргізілгенде ғана қарым-қатынас мәдениеті сақталады деп айтуға болады.

Қарым-қатынас мәдениеті қалыптасқан адам сыртқы орта жағдайына байланысты өз мінез-құлқының моделін жасап, оны жүзеге асырады. Осы моделге көптеген психологиялық көрсеткіштер әсерін тигізеді. Г.М.Андреева, Э.Берн зерттеулерінде қарым-қатынас мәдениетінің көрсеткіштері анықталған: адамның дүниетанымы, қарым-қатынас объектісіне көзқарасы, өз құқығы мен міндеттеғрін түсінуі, өзін-өзі бағалауы, әдеттері, қарым-қатынас тәжірибесі, мінезі, көңіл-күйі, т.б. Бұл көрсеткіштердің барлығы жеке адамның өмір сүретін ортасының мәдениетіне , ол адамның өзін-өзі басқару механизмінің қалыптасқанына тәуелді. Сыртқы ортаның қойған талаптары біртіндеп әр адамның ішкі “ Меніне” айналады. Осы “ Менді” талдау жолын АҚШ психологы Э.Берн 1955 жылы жасап шығарған. Ол трансактілік талдауды жеке адамның мінез-құлық моделінің қалыптасу ерекшеліктерін талдау әдісі ретінде ұсынған.

Трансакция - бұл басқа адамға бағытталған әрекет ( акция) немесе қатынасты тасымалдау. Ол адамның басқалармен қарым-қатынасының бірлік бөлігі болып табылады. Э.Берннің концепциясы қарым-қатынаста қиындық көріп жүрген адамдарға психологиялық көмек көрсету қажеттілігін қанағаттандыру әдістемесі ретінде жасалынған.

Адамдардың қарым-қатынас барысында көрсететін мінез-құлқын ұзақ уақыт ішінде бақылап, жиналған материалдарды талдау нәтижесінде автор келесі тұжырымдама жасаған : қарым-қатынас барысында адамдардың мінез-құлқы, бет-әлпеті, сөйлеу техникасы, дене қимылы өзгеріп тұрады. Олар бірде кішкентай бала сияқты бір күліп, бір жылайды, ал екінші жағдайда үлкендер сияқты байсалдылық пен сабырлылық көрсетеді, үшіншісінде - ата-аналарының көшірмесі болады. Осындай ерекшеліктерді талдай отырып Э:Берн жеке тұлға негізгі үш құрамды бөліктің бірлігі екендігін көрсеткен. Адамдардың қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру тәжірибесінен алынған “ Трансакция” терминін қазақшаға аударғанда “ қарым-қатынас барысындағы әсер ету” деген мағынаны береді, ал трансакцияылық талдау – осы әсерді талдау әдісі болып табылады. Басқа адамға әсер ету қарым-қатынас барысында жүреді. Осы қарым – қатынас жасау барысында басқаларға әсерлі болу үлгісін көрсету, келісімділік тәжірибесін ұйымдастыру әдісі ретінде трансакция ұсынылған.

Адамның қарым-қатынас мәдениетін сақтауы жағдайға байланысты болғандықтан оның позициясы кішкентай бала, ата-ана немесе үлкен адамдар позициясына ұқсайды. Трансакциялық талдау барысында осы позициялар толық талданады. Трансакциялық талдау келесі 4 тақырыптық бөлімдердің ерекшеліктерін толық талдау арқылы жүргізіледі:



  1. Құрылымды талдау; 3. Ойындарды талдау;

  2. Трансакцияны талдау; 4. Сценариларды талдау.



  1. Құрылымды талдау

Адамның мінез-құлқы, жүріс-тұрысы, ақыл-ойы мен сана-сезімі үш қарапайым нәрселерге тәуелді болады, яғни әрбір адам:

    1. бір екздері ол кішкентай бала болған;

    2. оның ата-анасы немесе олардың орнында болған адамдары болған;

    3. егер оның дені сау болса, ол қоршаған болмысты ақаиқатқа сай бағалауға қабілеті жетеді;

Осы үш жағдайға байланысты үш құрамдастардан тұратын жеке адам жайлы елестер қалыптасады да, олар “ Мен “ жағдайларының әр түрі ретінде көрініс береді:

  1. Ата-аналық “ Меннің” көріністері

  • қамқор ата-аналық Мен жағдайында;

  • сыншыл ата-аналық Мен жағдайында

Мінез-құлық, жүріс-тұрыс, қарым-қатынас ережелері мен нормалардан тұратын Ата-аналық Мен жеке тұлғаға стандартты жағдайларда қалыптасқан және өмір сынынан өткен стериотип бойынша ыңғайлы өмір сыүруге мүмкіндік береді. Ол стериотиптер сананы күнделікті кездесетін қарапайым, үйреншікті мәселелерді талдап шешу жүгінен босатады. Өйткені өмірде адам орындай”тын көптеген әрекеттер күнделікті неше рет қайталанылатын болғандықтан ( қолды жуу керек пе?) оны күніге бір мәселе сияқты шешетін болса, оның алдында тұрған шынайы күрделі , ойланып-толғануды талап ететін проблемаларды шешуге шамасы қалмас еді. Ата-аналық Мен бұл әр адамның ішкі бақылаушысы, реттеушісі және бағалаушысы болып табылады. Сондықтан уақыт тапшы болған жағдайларпды Меннің огсы құрамды бөлігіне адам бейсаналы түрде көптеген жүгін артады.

  1. Үлкендік Мен көрсеткіштері:

Мағлұматтың логикалық құрамдарын қабылдайды және өңдейді, көбінесе шешімдерді ойлап алып және олардың шынайылығын эмоциясыз тексере огтырып қабылдайды. Үлкендік Мен ата-аналыққа қарағанда стандартты, бір мағыналы жағдайларға емес, ол бірегей, ойлануды қажет ететін, таңдауға еркіндік беретін , сонымен қатар шешім қабылдаудың салдарын және жауапкершілігін ұғынуды қажет ететін жағдайларға бейімделеді. Үлкендік Мен жеке тұлға құрылымындағы Балалық Мен және Ата-аналық Мен көріністерін тексеріп, шыцнайы жағдаймен салыстырып, бағалап отырады.

  1. Балалық Мен көріністері:

Тіршілікте сезімдер ұстанымында болады. Қазіргі кездегі мінез-құлыққа балалық шақтан қалған жасырынды сезімдер әсерін тигізіп тұрады. Сонымен қатар Балалық Мен тек өзіне тән ерекше қызметтерді атқарады: шығармашылық қабілеттің көрініс беруі, қақтығыс жағдайдан шығу жолдарын табу, өзінше бір ерекшеліктерді көрсетуді, кейде өткір әзіл және т.с.с. Өмірге қажетті жағдайларды туғызуы. Адам өз бетімен мәселені шешуге шамасы келмеген кезде, басқа адамдардан қысым көргенде Балалық “Мен” шатақ мінезбен көрініс береді. Э.Берннің сыныптастыруы бойынша қарым-қатынас барысындағы “Мен” көріністері жағдайға байланысты 3 түрде орын алады. Балалық Мен көріністері:

  • табиғи Балалық “Мен” ( қуаныш, қайғы және т.б. эмоционалдық күйлерін спотандық түрде бейнелеуі);

  • икемделуші балалық “Мен” ( бейімделуші , құлақ қоюшы, қорқақтық білдіруі, кінәлі болуы, жалтақтаушы және т.с.с.);

  • қарсылық білдіретін балалық “Мен”( өзін басқаларға танытуүшін қарсыласып, мен оны орындамаймын , бармаймын деген байбаламшылық, қырсықтық белгісін көрсетуі);

Адамның қарым-қатынаста ұстанған позициясына бакйланысты Меннің үш құрамды бөліктері әр түрлі болады :

    1. Мен көрінісі ата-аналыцқ позицияда болса да ол әке,ана, әпке, педагог, бастық рөлдерін ойнайды;

    2. Мен көрінісі үлкендік позициясында болса ол өзінің бағасын білетін көрші, жолаушы, бағынышты әріптес, кездейсоқ серік және т.б. рөлдерде болады.

    3. Мен көрінісі балалық позициясында болса жас маман, халықтың сүйікті қайраткері, “қылжың-мылжың” еркетай жезде рөлдерінде болады.

Әрбір адамның жеке тұлғасында осы үш құрамдастығы байқалады. Олар бір-бірімен гормониялық байланыста болуы керек. Егер біреуінің көрінісі сыртқы жағдайға сай болмаса, қарым-қатынас бұзылып, шиеленіс жағдайы тууы маүмкін. Шиеленіс жағдайлардыц шешу жолын қалай іздеу керек екенін Э. Берн ұсынған. Оның пікірінше адамның осы құрамды бөліктерінің қайсысы бәсең, жағдайға сай емес көрініс берсе, соны оятып жандандыру – психотерапияның негізгі мақсаты болып табылады.

Мен көрінісн диагностикалау және оны гормониялық жағдайға келтіру жеке адамның барлық функцияларын оңтайландыруға алып келеді. Өйткені Мен көріністерінің әрқайсысы өз функцияларын атқарады. Қарым-қатынас ерекшеліктерін талдау оның мақсатына байланысты. “ Меннің” үш позициясының үлес салмағы әртүрлі болады. Олардың арақатынасын трансакциялық талдау бойынша анықтауға мүкіндік туады. Талдау барында мінез-құлық құрылымын, оның ерекшелігін, әр құрамды бөліктерінің жалпы көрініске қосатын үлесін анықтап алғаннан соң ғана трансактілік талдау қарым-қатынас мәдениетінің өлшемі бола алады.



2. Трансакцияны талдау

Трансакция дегеніміз - бұл екі немесе одан да көп адамдар арасындағы екі жақты коммуникация. Ол негізгі 2 бөліктен тұрады :



  1. Түрткі трансакция ( бір адам екінші адамды не көптеген адамдарды қарым-қатынасқа шақырады).

  2. Жауап трансакция ( түрткіге сай, одан басым немесе төмен жауап беруі).

Осы бөліктердің бір-бірімен ұштасып жүруі барысында қатынасқа түсушілердің Мені әртүрлі жағдайда болады. Сондықтан, трансакцияның нәтижесінде адамдар не бір-біріне тіл табысады, не қақтығысқа ұшырайды.

Трансакциялар әртүрлі болады :

1) параллель жүретін трансакция, түрткі трансакция мен жауап трансакция бір-бірімен қиылыспайды және бір-бірін толықтырып отырады( мысалы, түрткі-трансакция- үлкендік- Балалыққа, жауап –трансакция- Балалық – үлкендікке).

2) қайшылас жүретін трансакция, бұл жағдайда түрткі-трансакция мен жауап- трансакция бір-бірімен қайшылас келеді ( мысалы, түрткі-трансаеция- үлкендік-үлкендікке, жауап- трансакция сыншыл Ата-аналық - балалыққа).

3) бүркемелі жүретін трансакция. Бұл трансакция барысында шиеленіс анық көрініс бермесе де, ішкі мазмұны бір-біріне қайшылас болып келеді.

Бұл қатынастарды келесі нұсқамен көрсетуге болады( трансакция диаграммасында көрсетіген).


Қатынастар диаграммасы

Ата-аналық 1 Ата-аналық



Каталог: CDO -> OBSOJ
OBSOJ -> Білім және ғылым министрлігі
OBSOJ -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
OBSOJ -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
OBSOJ -> 1 обсөж тақырып: Әдеби тілдің жалпыхалықтық тілмен арақатынасы
OBSOJ -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
OBSOJ -> ²àçàºñòàí Ðåñïóáëèêàñû Áiëiì æ¸íå ¹ûëûì ìèíèñòðëiãi “Ñûðäàðèÿ” óíèâåðñèòåòi
OBSOJ -> Сабақ барысында берілген ақпараттарды белсенді қабылдау
OBSOJ -> «Мәдениеттану» пәнінен СӨЖ сабақтарының
OBSOJ -> Сабақ барысында берілген ақпараттарды белсенді қабылдау


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет