Тәрбиенің әдістері Тәрбие әдісі дегеніміз



Дата10.08.2020
өлшемі2.21 Mb.

Тәрбиенің әдістері

Тәрбие әдісі дегеніміз – оқушылардың тұлғалық қасиеттерін қалыптастыруға бағытталған тәрбиешілер мен тәрбиеленушілердің өзара байланысты педагогикалық жұмыс тәсілдері.


Тәрбиенің әдістері

Жеке адамның санасын калыптастыру

Жеке адамның мінез - құлқын

қалыптастыру

Ынталандыру

Жеке адамның санасын қалыптастыру әдістері (ұғым, байымдау – пікірін айту, баға беру, сендіру):


  • этикалық әңгіме;
  • әңгімелесу;
  • пікірталас;
  • лекциялар;
  • өнеге;
  • көндіру;

Этикалық әңгіме – этикалық, эстетикалық мәселелерді оқушыға талдату. Мұғалім оқушылармен әңгімелескенде, олардың ойын тыңдап, онымен санасады, ынтымақтаса жұмыс істеп,адамның мінез – құлқына, жүріс – тұрысына қойылатын талаптарды бұзған оқушылардың іс – қылықтарын талдайды.

Пікірталас – пікір білдіру, баға беру оқушының дүниеге сенімін арттырып,

Ондағы қателіктер мен кейбір адамдардың жалған көзқарастарымен күресуге үйретеді.

Түсіндіру – бір топқа, жеке оқушыларға жаңа ережелер түсіндіріледі.

Партаны сызу, дөрекілік жасау теріс қылық екенін түсіндіре

берудің қажеті болмағандықтан басқа әдіс қолдану керек.

Мұғалім адамшылық қасиет туралы баланың пікірін сұрап

, оқушыны жақсы сапалардың қажеттігіне сендіріп, баланы

теріс қылығы үшін ұялтып,түзелуге бағыттайды.

Өнеге – мұғалім оқушыларға әдебиеттегі және өмірдегі түрлі кейіпкерлерді үлгі еткенде оқушы өзінің ішкі жан – дүниесіне үңіле бастайды. Бала басқа адамға еліктегіш. Бастауыш сынып оқушылары барлық адамдарға еліктейді. Жеткіншектер өздері таңдаған адамға еліктейді.

Педагогикалық талап әдісі – іс әрекеттердің бір түрін тежеу, енді бір түрін мадақтау тәрбиеленушінің санасын дамытады. А.С. Макаренко: “Егер жеке адамның басына тиісті талаптар қойылмайтын болса, онда ұжымды құруға , ұжым ішінде тәртіп орнатуға да болмайтындығы, әрине өзінен - өзі түсінікті нәрсе. Мен жүйелі түрде талаптар болуын жақтайтын адаммын”,- деп педагогикалық талап әдісінің басқа әдістерге қарағанда ерекшелігін көрсеткен.

Жаттығу әдісі – мінез – құлықтың нормалары мен ережелеріне сай тәрбиешініңәр түрлі іс – әрекетті ұйымдастыруы. Тәрбиеленушілердің орындайтын жаттығулары – тәрбиешінің талаптарын орындап, адам игілігіне еңбек ету, басқаларға қамқорлық жасап, қуанышқа бөленуі.

Ойын – бала әрекетін дамытудың негізгі құралы. Ойын баланың мінез - құлқын қалыптастырып, ой - өрісін өсіріп, өзін еркін сезінуге үйретеді. Ойын балаларлың бір-біріне деген қайырымдылық, мейірімділік, достық, жолдастық сезімдерін тәрбиелейді.

Мадақтау – оқушылардың тәртібін, мінез – құлқын бағалап және көтермелеп отырудың, педагогикалық ықпал етудің тиімді жолы. Мадақтау оқушының өзінің адамгершілігін сезінуіне, мінез – құлқы мен көңіл - күйіне бақылау жасауға, өзін - өзі тәрбиелеуге үйретеді. Мадақтау түрлері: алғыс айту, сыйлық беру, марапаттау.



Жазалау – жағымсыз мінез –құлқы мен іс – әрекетінің теріс екендігін балаға ұғындыру және істеген теріс ісіне қынжылту. Мұғалім мектептегі жазалау шарасына өте сақтықпен қарауы тиіс. Оған қойылатын талаптар:
  • жазаны талап қою әдісімен ұштастыру;
  • жазаның кек алу, баланың жеке басының адамгершілік қасиетін кеміту, намысын қорлау, жәбірлеу түрінде болмауы;
  • жазаның әділдігі;
  • жаза қолдануда педагогтің әдепті сақтауы.

Жарыс жастардың бір – бірімен еңбектегі, спорттағы, өнердегі табыстарын көрсету үшін қолданылады. Жарыс оқушының іс – әрекетіне жаңа серпін, жаңа өріс беріп, өзіне талап қоюына мүмкіндік туғызады.

Достарыңызбен бөлісу:


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет