«тереңдетілген басқару есебі»


Өзіндік тексеруге арналған сұрақтар



бет3/5
Дата25.04.2016
өлшемі1.12 Mb.
1   2   3   4   5

Өзіндік тексеруге арналған сұрақтар:

1. Шығындар функцияларын анықтаудағы жалпы ұстанымдар қандай ?.

2. Шығындар функцияларын бағалаудағы өткен мәліметтерді пайдалануда ескеретін факторлар қандай ?

3. Қорлардың тиімді мөлшерін есептеу қалай жүргізіледі?

4. «Дәл мерзімде» жүйесінің мәні неде?

5. Тапсырыс мөлшерін анықтау қалай іске асады?



3 тақырып: Шаруашылық операциялар негізіндегі өзіндік құнды калькуляциялау және менеджмент

Дәріс сұрақтары:

1. Бюджеттік жүйе түрлері.

2. АВС әдісі негізінде смета құру.

3. Қаржы салымдары пайдасы, экономикалық қосылған құн.

1. Шаруашылық субъектісіне басқарушы есеп жүйесін енгізу туралы шешімді қабылдау үшін, алдымен біршама дайындық жұмыстарын жүргізу керек. Басқарушы есепті өндіріске енгізудің басты себептері болып мыналар табылады:

- ШС-нің іс-әрекетінің негізгі тиімділік көрсеткіштерінің нашарлауы: табыс, капитал мен айналым рентабельділігі, өтімділік және т.б.;

- ШС-нің менеджментіне ұсынылатын талаптардың өз деңгейінде болмауы, калькуляциялау менталдау, жоспарлаудың ескірген әдістері;

- ШС-де қолданып жүрген басқару мәнері мен есеп пен талдаудың әдістері менеджерлерді канағаттандырмауы (мысалы, жекелеген өнімдер бойынша нақты сату тиімділігіне қатысты нақтылықтыц жоктығы немесе олардың топтарында, немесе жеке­леген бөлімшелердің істерінде тиімділіктін пақты көрініс таппауы т.б.);

- ШС-де жекелеген бөлімдер арасында орындалған жұмыстар мен келісілген шарттардың үйлесімділігінің жоқтығы;

- жаңа жағдайда қызмет етуге бейімсіздігі және бюджеттеудің жоқтығы т.б. Бірақта басқарушы есеп жүйесін енгізу үшін, ШС-де қолайлы жағдай пісіп жетілуі керек. Егерде оның қызметіндегі негізгі керсеткіштер нашар-лай бастаса, онда аталған шешім қабылданбайды, бірақ осындай кезеннің алғашқы сатысында (яғни, дабыл қаға бастаған шағында) ол қабылдануы мүмкін. Өйткені басқарушы есеп жүйесін енгізу процесі көп еңбек пен қара-жатты талап етеді. Бірақ ондай шешім қабылдар алдыңда, ұйымдағы психо-логиялық ахуалды да зерттеген жөн. Егерде ШС өте киын жағдай қалыптас-қан болса, онда оны кәсіпорынға асығыс енгізудің қажеттілігі жоқ.

Басқарушы есеп жүйесін дайындау туралы шешім қабылданып, орында-ушылар тағайындалған соң, басқарушы есептің инструменталдық базасы қалыптастырылады. Басқарушы есеп құралдарын менеджмент тәжірибесіне енгізуден бұрын, оларды ШС нақты жағдайларына бейімдеу және әзірлеу керек. Бірінші кезекте келесі көрсеткіштерді есептеу мәселесі қозғалады:

- шығындарды: айнымалы және тұрақты етіп бөлу;

- ШС-де жоспарлау немесе бюджеттеу жүйесін (мұнда стратегиялық та, жедел жоспарлауда) калыптастыру;

- өнімдер мен шығындардың пайда болу орындары бойынша шығындарды есептеу;

- Шағымдағы қызметтері мен инвестициялардыңтиімділігін есеіпсу;

- жоспарлы және нақты көрсеткіштердің ауыткуларын талдау.

Басқарушы есептің бұл аталған құралдары (инструменттері) бойынша сәйкес есептеулер арнайы әдебиеттерінде келтірілген. Егерде бұл әзірленген инструменттер (кұралдар) қолданушылардың ойынан шықпаса, ондя оны одан әрі жетілдіру мәселесі қозғалады. Бұл арада шығындарды айнымалы және тұрақты етіп бөлудің мәселесі үлкен пікір сайысты туғызуы мүмкіи Аталған мәселе көптеген шаруашылықтарда бүгіннің өзінде жүзеге асырыла бастады. Сондықтан кез келген шаруашылық нарықтың қатан занына төзіп беру үшін, оның кейбір талаптарына бейімделуі керек:

- талданатын объектілері нақты және түсінікті болуы;

- шаруашылық субъектісіндегі бөлімшелердің қызметінің нәтижелеріне берілген түсініктемесі (интерпретациясы) менеджерлер үшін дәлелді болуы;

- тексерушілерде (бақылаушыларда) белгілі бір тәуелсіздікке ие болуы және олардың аргументациясының орынды болуы;

- "клиенттер" (менеджерлер) тарапынан бақылаушыларға достық сеніммен қарауы;

- коммуникация мен ынтымақтастықты қатар алып жүруі.

Бұл кезең өте ұзаққа, шамамен үш жылға дейін созылуы мүмкін. Бұл кезеңдерден кейін орнықты кезеңі (фазасы) басталады және ол келесідей белгілерімен көрінеді:

- бухгалтер-талдаушылардың қызметіне менеджерлердің сенімі артады, соның арқасында олардың бірлескен жұмыстары және коммуникациясының көлемі өседі және бөлімшелердің жұмыс нәтижесі айтарлықтай жақсарады;

- басқарушы есептің қызметтері ШС-нің ұйымдастырушылық құрылымында, олар ең жоғары иерархиялық деңгейіне ие болады және шешілетін мәселелердің спектрі ұлғаяды;

- бақылау-аналитиктері менеджерлердің жақсы серіктесі бола бастайды және барлық жерде басқарушы есептің тиімділігі туралы пікірлер таратыла бастайды.
2. Кейбір елдерде өнімнің өзіндік құнын кальеуляциялау кезінде көбінесе батыс елдерінің өзінде екі бірдей әдісті қолданады: барлық жанама шығындарды ендіру негізінде, яғни «абзорпшен - костинг» пен «директ - костинг» жүйесін қолданады.

«АВС» - бұл өзіндік құнға тек жанама шығындары енгізіледі. Бұл жүйеде өзіндік құнды есептеу қағидасы мынадан тұрады, онда шығындардың жанама бөлігі жоспарланады. «АВС» жүйесінің толық өзіндік құннан айырмашылығы, ол өндірілген өнімнің өзіндік құнына тарту барысында, тек алдын ала стандартталған жанама шығындарды ғана есепке алады. Кейде, директ – костинг жүйесінің өз аталымында біршама шарттылықтар да кездеседі. Сондықтан да біршама авторлар өзінің еңбектерінде, аталған жүйенің артықшылықтарын ғана емес, керісінше кемшіліктерін көруге және оның мейлінше жетілдіруіне емес, дәстүрлі өндірістік есептің аясынан шықпауына жете мән береді. «АВС» жүйесіндегі өнімді өндіру мен сатуға байланысты барлық жанама шығындарға қатысты жүргізіледі. Сонымен бірге, ол алдын ала стандартталған өзіндік құн бойынша есептелінеді. Оны есептеу үшін өнімді дайындаумен байланысты жанама шығындар болып табылады. Іс жүзінде, кей жағдайда шығындардың қандай топтарға жатқызылатындығын анықтау оңайға соқпайды.

Экономикалық әдебиеттердің көбісінде «АВС» жүйесі мен «директ - костинг» жүйесі бірге қарастырылады, яғни салыстырмалы түрде жазылады. «Абзорпшен – костинг» жүйесінде де негізгі материалдар мен еңбек өнімділігінің ауытқулары және көрсеткіштері қарастырылады.

Сонымен қатар, «АВС» калькуляциялау әдісіне де және өндіріс шығындарының әдістеріне де жатқызылады. «Абзорпшен - костинг» пен «директ костинг» жүйелерінің арасында ерекшеліктері мен ұқсастықтары көп, айырмашылықтары тек алдын ала стандартталған жанама шығындарды ғана есепке алады. «АВС» жүйесі туралы әдбиеттерде аз жазылған,яғни ақпарат көздері аз болып саналады, өйткені бұл

жүйені қолданған кезде пайдасы аз болып саналады. Бұл жүйеде де «директ – костинг» жүйесі сияқты маржиналды тәсілді пайдаланады.Осы тәсіл арқылы қаржылық – шаруашылық қызметіндегі шығындарды көрсеткіштерді есептеуде қолданылады. Бірақ, батыс елдерінде осы екі әдісті бірге қарастырады. Олардың айырмашылықтары тек шығындарды есептеу кезінде ғана болып есептеледі.Сондықтан да басқару есебіндегі негізгі қағидаларының бірі: оның көп еңбекті қажет ететін және көптеген есептеулерден кейін қосылатын шаруашылық субьектінің барлық шығындарының жиынтығын емес, ол тек жанама шығындардан тұратын кплькуляциясы басты қағидасы етіп ұстанады.

Сөйтіп, «АВС» жүйесінің толық өзіндік құннан түбегейлі ерекшелегі, оның жанама шығындарды есептеуге қатысуында. Ол толық өзідік құнды калькуляциялау кезінде олар есептеулерге қатыспайды. Айтып өткеніміздей, жанама шығындарды жатқызатын тұрақты шығындар иеленушісін тез табу және оның тиімді болуын қарастыру есеп жүйесінің басты мәселесінің бірі.


3. Шаруашылық субъектісінің ішкі табыстар нормасы өзінің физикалық мәні бойынша, тек инвестициядан алынатын пайыздық мөлшерлемесін қалыптастырады, және сол бойынша инвестициялық жобаны қаржыландыру үшін несие алуына болатындығын да керсетеді. Бұл нормалық пайыздың мөлшерлемесі тек жобаны жүзеге асыру кезінде, одан алынатын барлық ақшалай түсетін қаражаттарының (табыстар мен амортизациялық қаражаттарының) дисконтталған кұны, сол жобаның дисконтталған шығын құнымен тен болса ғана қабылданады.

Ішкі табыстар нормасының керсеткішін есептеу үшін мынадай аналитикалық формуласы немесе тендігі пайдаланады:



Бұл формула үшін: жыл, тоқсан, ай сайын біркелкі болатын қызметтің уақыт кезеңдерінде есептелінеді.

Келтірілген формула дисконттау мөлшерлемесін шешуге колайлы жағдай туғызады. Және ол теңдеудің көмегімен өтеу мерзімін оның ішкі табыстылық нормасымен салыстыруға болады, демек оның ішкі өтелу коэффициентімен (Р) үксастығы байқалады. Егер ішкі табыстылық нормасы жеткілікті болса, онда шаруашылық субъектісінің зиянсыздық нүктесінде тұрғандығын байкатады. Олай болса, ішкі табыстар нормасы (табыстылығы), карыз алудың ең жоғарғы мөлшерлемесін корсетеді, яғни дисконттау мелшерлемесінің ен биік деңгейі, баскаша айткднда, инвестициялық жоба­нын тиімді және тиімсіздігін айкындайтын шекарасы ретінде қарастыруға болады. Егер, ШС ішкі табыстар нормасының деңгейінен, операциялық шығындары асып кетсе, онда бұндай жоба тиімсіз деп танылады.

Сондықтан, тәжірибеде, ішкі табыстар нормасы, инвестициялық жоба­лардың варианттарын іріктеу (сүрыптау) үшін сүзгіш ретінде пайдаланады. Нарыктык экономикасы дамыған елдерде инвестициялық жобаны іріктеу үшін шаруашылық субъектісінің ішкі табыстар нормасы - 0,15-0,20 - пайыздан кем болмағанды қалайды. Ішкі табыстар нормасы: табыс пен инвестицияның деңгейімен (немесе оның айырмасымен) ғана емес, сондай-ақ олардың уақыты бойынша да таратылатын процесіне байланысты болып келеді. Күрделі қаржыны, бөлудің барысында, одан алынатын табыстың мерзімі созылған сайын, ішкі табыстар нормасы да төмендей береді. Инвестициллық жобаларды салыстырмалы тұрғыда талдау үшін, олардың уақыты бойынша түсетін табыстын графигін құрастырған жөн. Ішкі табыстар нормасы қатыстық (относительді) көрсеткішті береді. Ол өзара басқа жобалармен салыстыруға, әртүрлі жобалар үшін олардың табыстарының абсолюттік мәнін анықтауға, жақсы жобаларды тандап алуға мүмкіндік бермейді. Дегенмен де, бұл критерияның маңызды бір кұндылығы, оның дисконттау мөлшерлемесін анықтауды бірінші кезекке қояды. Одан баска, ішкі табыстар нормасының кемшілігі - жалпы инвестициялық жобаларды қаржыландыруға керек қаражаты (оның жалпы құны) онда ескерілмейді, және де амортизациялық аударылымдар сиякты туынды шығындарды бөліп көрсетпейді. Экономикалық әдебиеттерде жоғарыда аталған әдістерден басқа, инвестицияның рентабельділік индексіне (пайда индексіне) де біршама көңіл бөлінеді. Бұл әдіс таза келтірілген құн әдісінің жалғасы (салдары) десекте болады. Рентабельділік индексі (РІ) мына формула бойынша есептелінеді:



Ескертетін бір жай, егерде РІ >1 болса, онда жобаны қабылдау керек. РІ < 1 болса, онда жобаны қабылдамау керек. РІ=1 болса, онда жоба не табысты, не зиянды болуы ықтимал (яғни, жобаны қабылдау басшының интуициясына байланысгы болып келеді).

Таза келтірілген эффектіден рентабельділіктін ерекшелігі, ол қатыстық (относительді) көрсеткішті береді (бұл кезде күрделі қаржының деңгейі бір өнім бірлігіне есептелінеді).

Аннуитет — бұл біркелкі жүйеде қайталанатын ақшы ағындарының жүйелілігі. Егер инвестициялық жобалардан түсетін ақша ағындарының бірқалыптылығы болса ғана, аннуитет тәсілін қолдануға болады.

Ақшаның бұндай ағының келесідей формуласы бойынша есептелінеді:

Тәжірибеде, ақша ағындарының бірқалыпты болып түсетін инвестициялық жобалар жиі кездеседі, бірақта мұндай жобаларды бағалау үшін көп жағдайларда, осы жобаның кандай жорамалды аннуитетіне эквивалентті екенін анықтау керек. Алдымен ақша бірлігіндегі аннуитеттің деңгейін білгеннен соң, оны келесідей формуланың көмегімен анықтауға болады:



Мұндағы, С - аннуитет

РУ — бағаланатын (немесе бағаланған) жобанын келтірілген құны.

Сонымен, аннуитеттің құны (С) жобаның келтірілген құнымен (РУ) тең болса, және инвестор инвестициялық жоба үшін өз капиталын салса, сондай-ақ әрбір кезенде С көлемі біркелкі төлем әкелсе, онда бұндай инвести­циялық жобаның парықсыз екендігі шығады.



Өзіндік тексеруге арналған сұрақтар:

1. Бюджеттік жүйе түрлері қалай жіктеледі?

2. АВС әдісі негізінде смета құру қалай жүргізіледі?

3. Қаржы салымдары пайдасы, экономикалық қосылған құн қалай анықталады?


4 тақырып: Басқару шешімдерін қабылдаудағы шығындар жайында ақпараттар
Дәріс сұрақтары:

1. Сапалы аспектілер маңыздылығы.

2. «Шығындар - өнім көлемі - пайда» талдауы.

3. Бірнеше өнім түрлерінің зиянсыздығын талдау.

4. Тәуекелділік пен анықталмаған жағдайларда шешімдер қабылдау.

5. Инвестиция шешімдерін талдау.

6. Жеке ресурстар бойынша шектеу

1. Өнім ассортименті мен өндіріс көлеміне қатысты басқарушылық шешім қаржылық есеп берудің ақпараты негізінде қабылданады. Үлкен ассортиментпен өнім шығаратын кәсіпорын оны әр түрлі жолдармен географикалық, территориялық орналасуы әрқилы тұтынушыларға сатады: үлкен және кіші мөлшерде, көтерме сауда және бөлшек сауда арқылы, жеткізумен және жеткізусіз және т.б. Мұндай тәжірибе өнім түрлері және нарық сегменті бойынша алынатын табыс туралы жеке есеп беруді талап етеді.

Жекелеген сегмент бойынша қаржылық есеп беру өзіне жалпы соманы қосу керек және кәсіпорынның жалпы қаржылық есеп беруінде жазылуы қажет.

Әрбір өндірістік бөлімшелердің шығыны кәсіпорынның барлық деңгейіндегі өндірістік шығынның бір бөлігі болып табылады және ол өндіріс тиімділігімен, өнім түрлерімен, жұмыс уақытының толық пайдаланылуымен және т.б. бақылануы керек.

Әрбір кәсіпорындағы бақылау жүйесінің өзіндік ерекшелігіне қарамастан, ол мына тұрпатты рәсімдерді қамтуы керек:


  • әр өнімнің пайдалылығын қадағалау;

  • әр өнім бойынша алынған жалпы пайданы бақылау;

  • нақты пайданың болжалдыдан ауытқуын анықтау;

  • шығын құрылымының есебі, шектен тыс байқалмайтын шығындарды шығарып тастау;

  • жекелеген өнімдерге келетін үстеме шығындардың орнын толтыру есебі;

  • бағаны өзгертуде оның сұраныс икемділігіне әсері және кәсіпорында қолданылатын басқа да бақылау рәсімдері.

Бақылау рәсімдерін пайдалану болжанған пайданы алу үшін өндіріс көлемі қандай болуы керек, нақты пайда шамасына қол жеткізу үшін сатудың қандай бағасын белгілеу керек, кәсіпорын жұмысының қауіпсіздік (залалсыз) шегі қандай, қауіпсіздік аймағы өткізілген өнімнің құрылымы қандай, міне осыларды анықтау қажет.

Өнім бірлігінің сандық есебі залалсыздық нүктесін есепсіз–ақ теңестіруге негізделеді:

Қалаулы пайданы алу үшін = Тұрақты шығын + Қалаулы табыс

сатылған өнім бірлігінің саны Өнім бірлігінің бағасы
Есептеудің тікелей әдісі теңестіру бірден – бір негізі болып табылатын жалпы табыс әдісі деп аталады.

Жалпы табыс = Өнімді өткізуден - Өзгермелі

(маржиналдық табыс) түскен түсім шығын

Мына фактіге назар аударған жөн: шешім белгіленген өндіріс диапазонының шегінде ғана қолайлы болмақ. Бұл диапазонсыз өнім бірлігінің өзгермелі шығыны мен сату бағасы басқаша болады. Кейде талдау үшін қауіпсіздік аймағын, сондай – ақ қауіпсіздік шегінің коэффициентін есептейді.

Қауіпсіздік аймағы = Жоспарланған сату – Залалсыздық нүктесінде өткізу
Қауіпсіздік шегінің = Жоспарланған сату + Залалсыздық нүктесінде өткізу

коэффициенті Жоспарланған сату

Залалсыздық нүктесі қауіпсіздік алаңын көрсетеді.

Жалпы талдаудан соң әрбір өнім немесе өнім ассортимент пайдасының жеке салым кестесі жасалады.

Өнім пайдалылығы = Өнім бірлігінің маржиналдық табысы * 100 %

(рентабельность) Өнім бірлігінің бағасы

Өнімнің көлемі мен ассортиментіне әлдеқайда кең тарау үшін сегментті есептің көп сатылы деректеріне негізделген сегментті талдау әдісі пайдаланылады. Пайда деңгейі тек өніммен ғана анықталмайды, сондай – ақ әрбір аймақтың жалпы пайда сомасына салынған ақша бойынша да бағаланады. Кәсіпорынның маржиналдық табысының құрылымы нарық аймағы бойынша, ал аймақтың іші - өнім түрлері бойынша есептеледі. Кәсіпкерлік сегменттің бақылау формасы өндірістік бөлімшелер тарапынан әр өнімнің өткізу бағасын белгілеу сияқты рәсімді де қарастырады.

Сондықтан әрбір бөлімшенің пайда сомасына салынатын салым ақша өндірістің тікелей шығынына және кәсіпорынның таза табысының әсеріне емес, жалпы үстеме шығындардың жаппай жиынтықты орнын толтыратын салым ақша ретінде қарастырылады.

Егер өнім ассортименті маржиналдық салым ақшаның және таза табыстың деңгейімен анықталса, онда орташа өзгермелі шығындар сатудағы сияқты тура сондай үйлесіммен өзгереді. Мұндай жағдайда өткізудің жоғары деңгейі шығынды кемітеді.

Сатудың өсуіне өндіріс қуаты жетпейтін болса, онда ол қосымша инвестиция мен жұмысшы күшін іріктеуді қажет етеді және бұл өндірістің тиімділігін төмендететін, шығынды арттыратын салдар тудырады.

Бір атаумен аталатын өнім түрлерін шығаратын кәсіпорынның алдында өнім шығарылымның ассортименті мен оны өткізуді ұтымды жоспарлау міндеті пайда болады.


2. Өндіріс қызметін жоспарлауда «шығын – көлем – пайда» талдауы жиі пайдаланылады. Егер өндіріс көлемі белгіленсе, онда тапсырыс портфеліне сәйкес осы талдаудың арқасында ұйым баланс ретінде де, таза пайда түрінде де табыстың белгілі бір шамасын алу үшін шығын шамасы мен сату бағасын есептейді. Осы талдаудың көмегімен жарнама шығыны, өнім бағасы немесе материал жабдығы, өндіріс құрылымы өзгергенде өндірістік бағдарламалардың әр түрлі нұсқаларын оңай санауға болады. Басқаша айтқанда, «шығын – көлем – пайда» талдауы өндірістік процестің бір немесе бірнеше параметрлері өзгеретіндей болса, қандай дүниеге ие болып қалады дейтін сұраққа жауап алуға мүмкіндік тудырады.

Нарықты қалыптастыру және оны реттеудің әдісін әзірлеу – сұраныс, ұсыныс, баға тәрізді нарықтық элементтердің өзара байланысы мен олардың бір – біріне тәуелділігін анықтайды.

Жүйенің әрбір элементі өндіріс, шығын және табыстылық (маржиналдық) факторларының ықпалына тәуелді болып, өзгеріп отырады.

«Шығын – көлем – пайда» талдауы – бұл негізінде шығынның, түсімнің, өндіріс көлемінің және пайданың; басқарушылық жоспарлаудың аспабы мен бақылаудың өзара байланысы жататын шығын мінез – құлқының талдауы болып табылады. Аттары аталған өзара байланыстар қаржылық қызметтің негізгі моделін қалыптастырады. Бұл менеджерге қысқамерзімді жоспарлау мен баламалы шешімдерді бағалау үшін осы модель бойынша талдаудың нәтижесін пайдалануға мүмкіндік береді.

Залалсыздықты талдаудағы мақсат – ұйымның өндірістік қызмет деңгейі (іскерлік белсенділігі) өзгергенде қаржылық нәтижесінің қандай күйде болатынын белгілеу.

Залалсыздықты талдау шығындары тұрақты және өзгермелі деп бөлуге негізделгендіктен, бөлудегі нақтылыққа, яғни бөлудің неғұрлым нақтылығына қарай қабылданған шешім соғұрлым орнықты болады. Мұндай бөлу өзіне тұрақты ретінде де, өзгермелі ретінде құраушыларды қосатын аралас (жартылай өзгермелі) деп аталатын шығындардың болуын белгілі бір деңгейде қиындатады.

Өндірістің залалсыздығын талдау аз уақыт ішіндегі сату көлемі, шығындар мен пайданың арасындағы өзара байланысты анықтап береді.

Талдау нәтижесі бойынша ұсыныс берілетін кезеңде өндіріс қуаттылығы шектеулі.

Бұл арада басшылыққа өндіріс көлемінің шиеленіскен («өлі») сәтін, яғни сын көтермейтін осал тұсын анықтауға мүмкіндік тудыратын өнім шығарылымының талдауына баса назар аудартады. Барлық өнімді өткізуден түскен түсімге кәсіпорын шығыны тең болатын өткізу көлемінің мұндай сәті, яғни шиеленіскен сәт деп аталады. Бұл жүйеде пайда да, зиян да болмайды.
3. Халықаралық тәжірибеде шиеленіскен сәтті анықтау үшін мына әдістер қолданылады: теңестіру, маржиналдық табыс, графикалық. Осыған орай, бухгалтерлік басқару есебінің жүйесінде залалсыздық нүктесін есептеу үшін тағы да үш әдіс қолданылады:


  • Математикалық (теңестіру әдісі);

  • Маржиналдық табыс (жалпы пайда);

  • Графикалық әдіс.

Математикалық әдіс (теңестіру әдісі) мына формула бойынша таза табысты есептеуге негізделген:
Өнімді Өткізудің осы Жалпы сомадағы Өнімді өткізуден

өткізуден көлеміндегі тұрақты = түскен таза

түскен түсім өзгермелі шығын шығын табыс


Формула көрсеткіштерінің есептік ретін бөлшектегенде оны былайша көрсетуге болады:
x бірлігінің x бірлігінің Жалпы Өнімді өткізулен

саны өнім саны бірліктегі сомадағы = түскен



бірлігінің өзгермелі тұрақты таза

бағасы шығын шығын табыс


Бірлік санын формулада белгілейік, яғни залалсыздық нүктесіндегі өткізу көлемін – х арқылы теңестірудің оң бөлігін 0 – ге теңестіреміз (өйткені кәсіпорынның залалсыздық нүктесінде пайда жоқ) және мынаны аламыз.
Х * Өнім Өнім Тұрақты

бірлігінің бірлігінің шығын = 0.

бағасы өзгермелі шығыны


Жақшаның ішінде өнім бірлігінің маржиналдық табысы, яғни түсім мен өзгермелі шығынның арасындағы айырмашылық пайда болады. Осыдан шиеленіскен сәттегі өткізу көлемі анықталады.
Жалпы сомадағы Жалпы сомадағы

Шиеленіскен тұрақты шығын тұрақты шығын

сәт = Бірлік Өнім бірлігінің = Өнім бірлігінің



бағасы өзгермелі шығыны маржиналдық табысы
Шиеленіскен сәт формула бойынша анықталады:

Тұрақты шығын



Х = Өнім бірлігінің маржиналдық табысы

Теңестіру әдісін құрылымдық жылжытудың ықпалын талдауда қолдануға болады. Өткізу - өткізуден түскен түсімнің жалпы сомасындағы өнімінң қатысыты үлесін іріктеу ретінде қарастырылады. Егер құрылым өзгеретін болса, онда түсімнің көлемі міндеттелген шамаға жетеді, ал пайда аз болуы мүмкін. Пайдаға ықпал ету ассортименттің қалай өзгергеніне байланысты - өнімнің аз пайдалылығы немесе жоғары пайдалылығы жағына қарай болады.

Маржиналдық табыс әдісі математикалық әдіске балама болып табылады. Маржиналдық табыстың құрамына пайда мен тұрақты шығын сомасына теңестіріп өткізуі керек. Осы арада тепе – теңдік нүктесіне қол жеткізіледі.

Маржиналдық табыс = Тұрақты шығын

немесе
Өнім бірлігінің * Өнім бірлігінің саны = Тұрақты шығын

маржиналдық табысы

Бұдан

Тұрақты шығын



Залалсыздық нүктесі = Өнім бірлігінің маржиналдық табысы
шығады.

Маржиналдық табыс – бұл өнім өткізуден түскен түсім мен өзгермелі шығын арасындағы айырмашылық (егер есеп өткізілген өнімнің барлық көлемінде жүргізілетін болса) немесе өнім бірлігінің сату бағасы мен өнім бірлігіне келетін өзгермелі шығынның арасындағы айырмашылық.

Егер маржианалдық табыстан тұрақты шығынды шегеріп тастаса, онда пайданың шамасы алынады.

Табыс = Маржиналдық табыс – Тұрақты шығын.

Маржиналдық тәсілдемені ішкі фирмалық жоспарлау мен шешім қабылдаудың аспабы ретінде қарастыруға болады. Ол «шығын – көлем – пайда» талдауын жүргізу үшін керек. Шығын, шаруашылық қызметтің көлемі және пайданың арасындағы өзара байланысты қарастыруды пайдалылықтың табалдырығы деген анықтаумен жиі аталады (өндіріс көлемінің қиын шегі) немесе залалсыздық нүктесі.

Өнім маржиналдығы – бұл түсімге (бағаға) проценттік қатынаста көрінетін, өнім бірлігіне келетін маржиналдық табыс.

Алдағы кезеңдерге шешім қабылдау үшін маржиналдық табыс пен өткізуден түскен түсімнің (яғни, түсім процентінде маржиналдық табысты анықтау) арақатынасындағы есеп пайдалы деп саналады. Бұл үшін мынадай есеп жазылады:

Маржиналдық табыс (теңгемен)



Өткізуден түскен түсім (теңгемен) * 100 %

Маржиналдық табыс бағаны қарастырумен, шығарылған өнімнің ассортиментінің өзгеруімен, өнім өткізуді ынталандыруда сыйақының мөлшерін белгілеумен, жарнамалық компанияны өткізумен және басқа да маркетингтік операциялармен байланысты басқарушылық шешімнің негізіне жатады.

Маржиналдық талдау маржиналдық табысты енгізуге және шығындарды тұрақтыға, өзгермеліге топтастыруға негізделген.

Мынаны есте ұстау керек «тұрақты» және «өзгермелі» ұғымдары өнім бірлігінің шығындарына емес, жиынтық шығынға қатысты. Өнім бірлігіне қолдануда кері сурет байқалады; өндіріс көлемі өзгергенде тұрақты шығын өзгеріп, өзгермелі шығын өзгеріссіз қалады.

Мұндай топтастыруда кірістер мен шығыстар туралы есеп берудің құрылымы мыналарды ұсынады:

1.Сату көлемі.

2.Өзгермелі шығын.

3.Маржиналдық табыс

4.Тұрақты шығын

5.Операциялық пайда (сатудан түскен пайда).

Сонымен,

Маржиналдық табыс = Сату көлемі - Өзгермелі шығын;


Операциялық табыс = Маржиналдық табыс – Тұрақты шығын

(сатудан түскен пайда)

Осылайша, есеп беруде екі қаржылық көрсеткіш болады: маржиналдық табыс және пайда.

Кіріс туралы есеп беруде маржиналдық табыс сияқты қаржы көрсеткішін бөліп көрсету шығарылған өнім пайдалы немесе пайдасыз екенін анықтап береді. Өйткені тұрақты шығын жеке жолмен көрсетілген, оның операциялық пайданы (сатудан түскен пайда) қалыптастыруға ықпалы анық көрінеді.

Өнімді өткізуден = Жалпы сомадағы + Осы өткізу көлемінің

түскен түсім тұрақты шығын өзгермелі шығыны

Графикалық әдіс залалсыздық моделінің графикасын құру негізінде өндіріс көлемінен болатын пайда мен шығынның, өткізуден түсетін жиынтық табыстың теориялық байланысын анықтап береді.

Залалсыздық нүктесін (тепе – теңдік нүктесін) анықтау залалсыздықты талдаудың орталық сәті (теңдей етіп талдау) болып табылады. Әлбетте, осы көлемді көтеру барлық өсу ауқымында пайданың болуын қамтамасыз етеді, ал оны кеміту залалға соқтырады.

Өндіріс көлеміндегі шығынның мінез – құлқы мен пайданың экономикалық моделі кәсіпорыннның қаншалықты және қандай жағдайда өсу үстіндегі шығарылған өнімдерді өткізе алатынын білдіреді.Оның негізінде өндіріс көлемінің артуына, яғни өндіріс көлеміне бағаны кемітудің жағымды немесе жағымсыз әсерін анықтауға болады.

Залалсыздық нүктесінің есебі мен оның талдауы тұрақты, өзгермелі шығындарды және өнімнің, жұмыстың, қызметтің өткізу көлемін басқарудың негізгі құралы болып табылады. Мұндай тәсіл кәсіпорын қандай сату көлемінде залалға ұрынбайды, яғни кәсіпорын ақшасынан айырылатын сату көлемін анықтауға мүмкіндік береді.

Залалсыздық нүктесі – бұл кәсіпорын шығынның орнын (ай, тоқсан, жыл) толтыратын жеке уақыт аралығындағы міндеттелген бағамен сатудың физикалық көлем деңгейі; яғни залалсыздық нүктесі - өзін - өзі өтеушілік элементі.

Кәсіпорынның табысы залалсыздық нүктесінің шегінде сатудан пайда болады. Бұл - өзін - өзі қаржыландыру элементі.

Залалсыздық нүктесінің есебі банкрот профилактикасы қажет. Ол кәсіпорынның құрылымында немесе оның қаржы жүйесінде өзгеріс болса қайта есептелуі мүмкін.

Графикалық әдіс өндіріс көлемінің көптеген нақты мүмкіндіктерінде шығын мен пайданың қалай өзгеретінін, сондай – ақ сатудың залалсыздығына және міндеттелген пайданың шамасына қол жеткізу үшін қандай көлем қажет болатынын анық көрсетіп береді

Залалсыздық графигін құруда мына жағдайлар шығады:


  • Заттай бірліктегі өндіріс көлемі (сату) графиктің көлденең осінде көрсетілген, ал құндық көріністегі шығындар мен сату сатылас осінде бейнеленген;

  • Тұрақты шығын жеісі абцисса осіне қосарлас (параллельді) өтеді, өйткені олардың және өндіріс көлемінің (сатудың) арасында ешқандай байланыс жоқ;

  • Жиынтық шығын желісі тұрақты шығын шамасына сәйкес ордината осінің нүктесінен басталады, өйткені, егер сату болмайтын болса, онда өзгермелі шығын да болмайды, тек фирманы залалға ұрындыратын тұрақты шығын ғана болады. Сатудың өсуіне қарай желі өнім бірлігінің өзгермелі шығын шамасының ордината осі бойынша өсу арқылы оң жаққа жоғарыға қарай бағыт алады;

  • Сатудан түскен түсім желісі нөлдік нүктеден басталады, өйткені, егер сату болмаса, онда түсім де болмайды ғой. Сату көлемінің өсуіне қарай түсәім желісі өнім бірлігінің сату бағасының ордината осі бойынша өсу арқылы оң жаққа жоғарыға қарай бағыт алады.

Талдаудың графикалық әдісін қолдану барысында факторлардың бастапқы қатынастары мен нәтижелендіретін көрсеткіштер (залалсыздық пен пайда нүктелері) тіркелген залалсыздықтың бастапқы графигі негізгі алынады. Содан соң талданған нұсқаға байланысты графикке сол немесе басқа факторлардың өзгеруіне әсері көрінетін «қайта қалыптасқан» деп алатын залалсыздық графигін алуға мүмкіндік береді.

Залалсыздық нүктесін анықтау қауіпсіздік алаңының (зонасы) көрсеткішін есептеуге мүмкіндік береді. Қауіпсіздік алңы залалға ұрынбай сату көлемін қаншалықты кемітуге болатынын көрсетіп береді және формула бойынша есептеледі.

Қол жеткен болжалды Тепе – теңдік

Қауіпсіздік = немесе жоспарлы сату көлемі - (залалсыздық) нүктесі

зонасы Қол жеткен болжалды немесе жоспарлы сату көлемі


Залалсыздық талдауы, сонымен бірге, өндірістің мүмкіндіктері мен нарықтың қажеттілігін қоса ескеретін сату бағасы және өнім бірлігіндегі (сатудың ақшалай бірлігі) тұрақты шығын мен өзгермелі шығын арасындағы қалыптасқан арақатынасынан болатын пайданың мүмкін немесе қажетті шамасына қол жеткізуге бағдарланған басқарушылық шешімнің нұсқаларын бағалауды да қарастыруды ұйғарады.

Пайданың белгілі бір сомасына қол жеткізуге қажетті сату көлемі формула бойынша анықталады:

Сату көлемі = Тұрақты шығын + Табыс

Үлесті маржиналдық табыс

Әрбір кезекті бұйымды сатудың залалсыздығына қол жеткізгеннен кейін ол үлесті маржиналдық табыстың шамасына тең пайданың түсуін қамтамасыз ететіндіктен пайданы талдау және басқару мақсатында мына формуланы былай көрсеткен дұрыс болады:

Сату = Тұрақты шығын + Берілген табыс =

көлемі Үлесті маржиналдық табыс Үлесті маржиналдық табыс

Тұрақты шығынның орнын толтыруға Берілген пайданы алуды

= қажетті сатудың саны және осыған орай + тікелей қамтамасыз ететін

Залалсыздыққа қол жеткізу сатудың саны

Мынаны есте ұстау қажет, залалсыздықты талдау барысында бірқатар ұйғарымдар қабылданады. Олардың негізгілері:



  • өндіріс көлемі мен сату көлемі бірдей (тең);

  • өнім бірлігінің сату бағасы сату көлемінің өзгеруіне қарай өзгермейді;

  • қолданылатын материалдың, қызметтің бағалары мен еңбекақы өзгермейді;

  • кәсіпорынның шығынын тұрақты және өзгермеліге нақты бөлуге болады;

  • тек бір ғана тепе – теңдік (залалсыздық) нүктесі болады;

  • өнімнің бір түрі өндіріліп, сатылады және көп номенклатуралы өндірісте сатудың тұрақты құрылымы сақталады;

  • тек өндіріс көлемінің қолайлы диапазоны деп аталатын, яғни шығын, сату көлемі және пайданың арақатынасынан анықталатын кәсіпорынның іскер белсенділігінің интервалы талданады. Бұл диапазон болмаса осы заңдылық бұзылуы ықтимал, ал қабылданатын шешім дұрыс болмайды.

4. Нарықтық экономикада фирма (кәсіпорын) қызметінің мақсаты пайда табу екені белгілі. Дәл бұл шарт кезінде фирма тұрақты жұмыс істей алады және өсу үшін негізбен қамтамасыз етеді. Фирманың тұрақты табысы салынған капиталдан алынатын дивиденд түрінде көрініс табады, жаңа инвесторларды тартуға септігін тигізеді және фирманың меншік капиталының өсуіне әкеледі. Бұл мәселенің өте маңызды аспектісі болып бухгалтерлік, кейіннен экономикалық пайда алудың алғашқы қадамы ретінде фирма қызметінің залалсыздық тұжырымдамасы табылады.

Экономикалық көзқарасы бойынша залалсыздық ұзақмерзімді тепе – теңдік жағдайында болатын қазіргі бәсекелес нарықта фирманың қалыпты күйі. Мұнымен қатар экономикалық пайда, яғни фирманың шығындары инвестицияланатын капитал табысының орта нарықтық ставкасы, сондай – ақ кәсіпорынның қалыпты табысы қосылған кезде пайданың анықтамасы қарастырылады. Осыдан залалсыздық анықтамасы келесі түрде болады.

Залалсыздық нүктесі – бұл сатудан түскен түсім толығымен өнім өндіруге кеткен барлық шығындарды, соның ішінде фирманың меншік капиталына орташа нарықтық пайызды және қалыпты кәсіпкерлік табысты жабу кезіндегі фирма өнімінің сату көлемі.

Іс жүзінде, егер фирманың бухгалтерлік пайдасы бар болса, яғни сатудан түскен табыс пен сатылған өнімнің өндірісіне кеткен ақшалай шығыстардың сальдосы оң болса, онда ол экономикалық пайда мағынасында залалсыздық нүктесіне жетпеуі де мүмкін. Мысалы, фирма пайдасы оның меншік капиталына орташа нарықтық пайызға қарағанда аз болуы мүмкін. Нәтижесінде өте жоғары пайда алуға көмектесетін капиталды қолданудың тиімді әдістері болады. Сөйтіп, залалсыздық нүктесінің түсінігі бір уақытта фирма қызметінің тиімділік критериі болып табылады. Залалсыздық нүктесіне жетпеген фирма қалыптасқан нарықтық құрылым көзқарасы бойынша тиімсіз әрекет етеді. Бірақ бұл жайт өз бетімен фирманың жұмысын тоқтату себебі болып табылмайды. Бұл сұраққа жауап беру үшін фирманың шығын құрылымын жете зерттеу қажет.

Фирма тиімді жұмыс атқаруы үшін фирма өз пайдасын жоғарылатуы қажет. Пайданы жоғарылату процесі экономикалық мағынада залалсыздық нүктесін іздеу процесіне теңестіріледі. Пайданы жоғарылату процесін талдау кезінде келесі негізгі түсініктер қолданылады.

Шекті табыс - өнім шығарылымының бір бірлікке өсуі кезінде фирманың жиынтық табысы өзгеретін мөлшер.

Шекті шығын - өнім шығарылымының бірлікке өсуі кезінде фирманың жиынтық шығындары өзгеретін мөлшер.

Орташа толық шығындар – шығарылатын өнімнің бірлігіне келетін толық шығындар үлесі (яғни тұрақты шығындар + айналмалы шығындар + қайтарылмайтын шығындар).

Микроэкономика курсынан белгілі: кейбір уақыттан бастап (шығарылымның кейбір көлемінен) айналмалы шығындар қисығы өспелі, ал шекті табыс қисығы кемімелі болып табылады. Пайданы жоғарылату мақсаты үшін негізгі болып шығарылымды бір бірлікке өсіру кезіндегі шекті табыс пен шекті шығын арасындағы арақатынас табылады. Шекті шығындар шекті табыстан аз болса, шығарылым өсімі фирма табысының өсуіне әкеледі; шекті шығындар шекті табыстан жоғары болса, фирманың шекті табысының өсуіне өнім шығарылымының төмендеуі әкеледі. Енді максимальды табыс пайда болатын нүктенің критерийлерін анықтауға болады.

Фирманың максимальды табысы шекті табыс шекті шығынға тең болғандағы өндіріс көлемі кезінде пайда болады.

Оптималды нүктеде пайда немесе шығынға жететіндігін анықтау үшін фирма өнімінің бағасы мен орташа толық шығындар арасындағы қатынасты қарастыру қажет. Ең қолайлы болып оны графикалық түрде көрсету табылады.


5. Инвестициялық жоба — бұл экономикалық пайда табу мақсатымен ұзақ мерзімге жұмсалатын ақшалай және басқа да ресурстар.

Бұл пайданы есептеп шығару мен бағалау үшін басқарушы есептің пайдаланатын экономикалық есептеулер жүйесінің біршама элементгері қолданады.

Демек, инвестициядағы басқарушы есеп алға койылған мақсаттарға қол жеткізу үшін және соның негізінде басқарушылық шешімдерді қабылдау үшін, бірқатар инвестициялық жобаларды талдауға және оларды бағалауға тура келеді.

Тап осыған байланысты жана экономикалық шындыққа сәйкес ұзақ мерзімді инвестициялардың тиімділігін бағалау мен талдау жүйесі ең бір өзекті мәселеге айналып отыр.

Бүгінгі таңда, өмірлік маңызы бар шаруашылық саласында дұрыс және оптималды басқарушылық шешімдерін қабылдауға мүмкіндік беретін, шынайы дәрежеде экономикалық белсенділік деңгейін көтеретін және оны сатылы әдістемелік тәсілмен қамтамасыз ететін есептеулердің қажеттілігі пісіп жетілді. Ұзақ мерзімді инвестицияларды талдау және есептеулерді жүргізудің барлық бағыттары бойынша зерттеулер жүргізудің көкейтестілігі, көптеген қаржылық ұйымдардың да (банктер, сақтандыру компаниялары, инвестици­ялық және зейнетақы қорлары және т.б.), және бірқатар жекелеген инвесторлардың да, алдыңда тұрған тауқыметті мәселесі болып түр. Ал бүдан алынған зерттеулерді одан әрі іске асыру, одан да қиын мәселе болып отыр.

Жақын уақыттан бері ұзақ мерзімді инвестицияларды талдау мен есептеуге, яғни Қазақстанның экономикасына батыс компанияларының қаражаттарын тартуға байланысты, инвестицияның мәнісін ашуға біршама талпыныстар жасалып жатыр.

Осы кезге дейін инвестициялық есеп пен талдау бойынша жүргізілген зерттеулер кешенді сипатта болған жоқ, өйткені ол жөніндегі әдістемелік зерттеулер қажет деңгейінде нығайтылмады. Қазіргі кезде Қазақстанның экономикасына тартылатын ұзақ мерзімді инвестииияларды тиімді бағалау, тал­дау және шаруашылық субъектісінің қаржылық қызметін басқару бары-сында, әлі де болса есептін кейбір жекелеген әдістері жете зерттелмеген.

Осы күнге дейін негізгі корларды жаңғыртуда инвестициялаудың қажеттілігін бағалау, осы шараларды қаржыландьірудың оптималды көздерін тандау, күрделі қаражаттардың тиімділігі бағалау, тәуекелділіктің сезімталдығын және дағдарыстың әсерін жанаша принципте дисконттау, "икемді" мөлшерлемені табу және оны талдау мәселелері өз шешімімдерін толығымен тапкан жоқ.

Тәжірибеде, инвестициялықталдаудың екі әдісі бар, онда мөлшерлеменін ең төменгі шегін капиталдардың орташа қүны бойынша анықтаса, ал екінші әдісінде тәуекелділіктің ең жоғарғы сатысы бойынша есептелінеді. Бұл ара-капиталдардың орташа құнын дисконттау мөлшерлемесін оның түпкілікті варианты деп есептеуге болмайды, өйткені ол нақты жағдайды толық көрсетуі мүмкін сондықтан да оған жиі түзетулер енгізіледі

Ал түзетулерден кейін колданатын күрделі қаржы тұжырымдамасының, басты екі кемшіліктері бар, атап айтсақ:

* біріншіден, бухгалтерия есебінде тек ШС-нің меншігіндегі инвестицияларды ескереді;

* екіншіден, бухгалтерия есебінде материалдық емес активтерді инвестиция ретінде ескерілмейді, себебі оның есебінде кептеген дүдәмалдылықтың бар екендігі анық.

Мұндай жағдайда, талдаушылар күрделі қаржы қатарына жалға алынған негізгі құралдарды (лизинг бойынша) және материалдық емес активтердің амортизацияланбаған шығындарын активтерге қосу арқылы түзетулер енгізеді. Тек осындай түзетулерден кейін таза инвестициялар деңгейі анықтап, "талдаушылардың аз ғана тобы ұлғайтылған тұжырымдаманы пайдаланады бұл тұжырымдамаға сәйкес активтің (капиталдың) барлық элементтері (кейде пассивтері де) субъектінің табыстылығын анықтау үшін инвестиция ретінде қатыстырылады.

Бұл анықтама негізінен шағын кәсіпорын үшін сэйкес келетін сиякты, ойткені инвестицияны бұндай кен мағанада карау кәсіпорындардың мақсатына сай келе бермейді. Олар "инвестицияға салынған қаржының түрлерше (яғни өздерінікі немесе қарызға алынғанына), карамастан күрделі қаржыны іюліп қараулы мақсат тұтпайды, ондағы салымдар, тек жалпы салымдар бой­ынша өлшенеді. Инвестицияларды, негізінен барлық инвестицияланған капиталдардың жиынтығы ретінде қарастырады. Демек, инвестицияның бухгалтерлік тұжырымдамасы тек күрделі қаржыны бөлу ғана емес, сондай-ақ, барлық активтердің жиынтығын береді. Егер бухгалтерияда әр түрлі себептер бойынша есеп мәліметтері бұрмаланбайтын болса, онда ("тыншы" ретінде немесе коммерциялық құпия ретінде), инвестицияны бағалауға бухгалтерлік есептің мәліметтерін қолдануға болар еді.

Ұлғайтылған тұжырымдаманы қолдай отырып: инвестиция ретінде танылмаған материалдық емес активтер мен жалға алынған құралдарды есепке алмай, тек баланста көрсетілген активтер бойынша санауға болар еді. Көптеген экономистер капиталдардың шығындарын инвестиция ретінде қарастырады. Инвестиция динамикасы (қозғалысы) активтің белгілі бір баптарының өзгерісіне тең болады.

Бұл арада, "инвестицияланган капитал" деген ұғым екі мағына береді. Біріншіден, кез келген капитал: акцияға, облигацияға, баска кәсіпорыннын жарнасына (пайына) айналған түрінде, демек ұзақ мерзімді қаржы активі ретінде әрекет ететін, басқа кәсіпорынның пайдасынан өзіне қатысты үлестік салмағын) өз кәсіпорыныңа әкелетін бағалы қағаз тобы жатады. Яғни, оның өнім өндірумен тікелей байланысты еместігін білдіреді.

Қазақстанның бухгалтерлік балансында инвестицияланған капиталды екі жарып көрсетеді, оның бір бөлігі ағымдық актив құрамында болса, ал екіншісі ұзақ мерзімді активтер қатарында болады. Олай болса, инвестиция­ланған капитал өз кұрамына "Аяқталмаған құрылыс", "Ұзақ мерзімді қаржы бөлу" (еншілес, тәуелді кәсіпорындарының пакет акцияларын, жарна үлесін алу, техниканы бөлу, ұзақ мерзімге карыз беру және т.б.) жағдайлары жатады. Тап осы тұрғысынан инвестицияны кең көлемдегі мағанасын білдіретін сияқты.

Батыс елдерінде инвестицияның бұл түрін екіге бөледі, тікелей инвестициялау, яғни инвестицияланған кәсіпорындарды, олар өз басқаруына және бақылауына алғандығын көрсетеді (кейде оларды майнорити деп те атайды). Ал екінші түрі, портфельдік инвестициялау, оның көлемі бүкіл акционерлік капиталдың 10%-тей құрамын құрайды, бірақ ол басқару мен бақылау құқғын бермейді.

Ал енді біз инвестицияны қаржылық-экономикалық талдау тұрғысынан қарастыратын болсақ, онда ШС кдржылық тұрақтылығын талдау үшін, инвестицияны негізгі және айнымалы капиталымен қатар, қаржылық және қаржылық емес етіп, екіге бөлудің керектігін ұсынамыз.

Енді осы айтылғандарды басқарушы есеп тұрғысынан қарастыратын болсақ, онда оның сындарлы кезеңі болып, мыналар жатады:

- инвестицияның есебін жүргізу, яғни есебін шығару;

- инвестицияның бюджетін құрастыру;

- жылдар бойынша ақша-қаражаттарының ағындарын бағалау;

- қолданыс таба алатын капиталдың шын мәніндегі бағасын анықтау, яғни оны дисконттау коэффиценті ретінде пайдалануға болатьшдығын керсету;

- инвестицияның тиімділігін баяндайтын критерилерін талдау. Жобаны бағалау мен талдаудың бүгінге дейін танымал екі әдістері бар:

а) дисконттық бағалау (немесе динамикалық бағалау);

б) есептік бағалау (немесе статикалық, жай).

Аталған бағалаудың екі категориясы да бір бірімен өте тығыз байланысты. Мәселен, статистикалық категориясы (кейде әдебиеттерде оны мәселелер пемесе міндеттер деп атайды) шаруашылық субъектісінің табыстылығын (қолма-қол ақша түрінде) құрайтын қабілеттілігін көрсетсе, ал динамикалық міндеттер шаруашылық субъектісінің өз ресурстарын табыстылыққа (қолма-қол ақшаға) қаншалықты жақсы айналдыра алатындығын көрсетеді.


6. Жоспарлауда, есеп пен талдауда тұрақты және айналмалы шығындардың жеке есебі жолымен пайданы анықтау мен болжамдаудың қарапайым және сенімді әдісі бар. Бұл әдістің мәні келесіде:

1. Экономикалық объектінің (өндіріс, өткізу, әкімшілік және қаржылық шығындар) функциясына қатысы бойынша шығындар элементтерін бөлу, сондай – ақ қысқа мерзімді кезеңде өндірістің жағымды шарттары кезінде өндіріс пен өткізудің көлемінің өзгерісіне байланысты көлемдері өзгеретін тұрақты және айнымалы шығындарға шығындар элементінің бөлінісі.

2. Айнымалы шығындардың өнімнің өзіндік құнына жатқызылуы. Өнімді өткізуден түскен табыс пен оның өзіндік құны арасындағы айырма маржиналдық табысты, яғни тұрақты шығындарды жабуға дейін өнімнен түскен табысты білдіреді. Өйткені айнымалы шығындар экономикалық объектінің қызметінің нәтижесі болып табылатындықтан, онда оларды өнімнің өзіндік құнына жатқызу қажет болады.

3. Тұрақты шығындар олардың пайда болу кезеңінетабыстар мен шығындар есебіне жатқызылады және өнімді өткізуден түскен табысты алу үшін табыстардың жалпы шотынан алынады.

4. Аяқталмаған өндіріс пен өткізілмеген өнім (кезең басында және аяғында) айнымалы шығындар бойынша бағаланады. Осыған байланысты келесілерді атап өту керек:


  • өткізілген, сондай – ақ өткізілмеген өнім мен аяқталмаған өндірістің өзіндік құнына айнымалы шығындар жатқызылатындықтан, ал өндіріс пен өткізуге кеткен тұрақты шығындар пайда мен шығын шотына жатқызылса, онда ешқандай есепке алынбаған шығындар қалмайды;

  • айнымалы шығындар тікелей және жанама шығындардың бөлігін қосатындықтан, бұл әдіс жанама айнымалы шығындардың үлестіру мәселесін шешуге көмектеседі;

  • өнімнің айнымалы өзіндік құны өте маңызды болып келеді, өйткені өнімді сату үшін минимальды баға болып табылады. Өнімнің өзіндік құнына айнымалы шығындардың элементтерінің көлемінің өзгерісі әсер ететіндіктен және қысқа мерзімді кезеңде тұрақты шығындар көлемінің өзгерісін өткізу мүмкін емес болғандықтан, бұл табыс пен пайда тұрақты шығындардың нәтижесі емес, айнымалы шығындардың нәтижесі болып табылатынын білдіреді. Маржиналдық табыс сомасы өндірістің бар немесе жоғына қарамастан пайда болатын тұрақты шығындардың барлығын немесе бір бөлігін жабуда қатысады. Осыған маркетингте маржиналдық табыс пен өндіріс көлемінің шекті нүкте әдісі негізделген.

Бұл әдістің барлық артықшылықтарына қарамастан, оған келесідей шекті ескертулер бағытталған:

  • бұл әдіс жанама шығындардың жатқызылудың сұрағын соңына дейін шешпейді. Айнымалы шығындар шын мәнінде жанама болып табылатындықтан, бухгалтердің алдында өнімнің әрбір түрінің өндірісі мен өткізіліміне кеткен жанама айнымалы шығындардың үлесін анықтау мәселесі қалады;

  • тәжірибе жүзінде шығындар элементтерін өндіріс пен өткізу көлеміне қатысы бойынша айнымалы және тұрақты шығындарға бөлу оңай емес, өйткені шығындардың кейбір элементтері не жартылай айнымалы, не жартылай тұрақты болып табылады. Бұл мәнін анықтау мақсатымен берілген шығын элементін қозғайтын алдыңғы мәліметтерді зерттеуді талап етеді. Еске сақтайтын жайт, шығындар элементінің мәні анықталғанға дейін оның қасиеттері өзгеруі мүмкін (тұрақты шығындар айнымалы шығындарға өзгереді және керісінше);

  • маржиналдық табыстың өзгерістері өндіріс пен өткізу көлеміне ғана емес, сондай – ақ өндірістің сатып алынған құралдардың құнына, оларды пайдалану тиімділігіне және өнімнің сату бағасына байланысты. Бұл маржиналдық табыс өзгерісінің себептерін талдауды талап етеді;

Берілген әдіс әкімшілікке ұзақ мерзімді кезеңге бағаларды тағайындауда көмектеспейді, өйткені өндіріс процесінде қолданылатын негізгі құралдардың өндірісі үшін орнын жабу үшін қажетті тек айнымалы шығындарды ғана емес, сондай – ақ тұрақты шығындарды да жабу қажет.


Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Семей мемлекеттік педагогикалық институты
umkd -> 5 в 020500 «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі»
umkd -> «Баспа қызметіндегі компьютерлік технологиялар»
umkd -> Гуманитарлық-заң, аграрлық факультетінің мамандықтарына арналған
umkd -> 5B050400 «Журналистика» мамандығына арналған
umkd -> Әдебиет (араб тілінде «адаб» үлгілі сөз) тыңдарман, оқырманның ақылына, сезіміне, көңіліне бірдей әсер беретін дарынды сөз зергерлерінің жан қоштауынан туған көрнек өнері
umkd -> 5В020500 «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиеті пәнінің
umkd -> «Өлкетану тарихы және мәдениеті»
umkd -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі шәКӘрім атындағы семей мемлекеттік
umkd -> 5 в 011700 : -«Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет