Тесты по начальной военной подготовке Астана қаласы, 2008 ж


Тактикалық дайындық және әскери топография жөніндегі тестілік тапсырмалар



бет2/3
Дата28.04.2016
өлшемі0.58 Mb.
түріТесты
1   2   3

Тактикалық дайындық және әскери топография жөніндегі тестілік тапсырмалар
1. Тактикалық дайындықтың негізгі құрамдарын атап көрсетіңіз.

А) қазіргі заманғы соғыстың сипаттамасын зерделеу;

B) жоғары моральдық-жауынгерлік қабілеттілікке тәрбиелеу;

C) а + б + г + қару-жарақты соғыста қолданудың тәсілдерін игеру;

D) соғыстағы іс-әрекеттердің тәсілдері мен әдістерін зерделеу;

E) қазіргі заманғы соғыс теориясы мен ерекшеліктерін зерделеу.


2. Қарсыласты жеңуге жетудің жалғыз құралын атаңыз.

А) шабуыл;

B) соғыс;

C) шабуылға шығу;

D) қарсы соғыс;

Е) жаппай қырып-жою қаруын қолдану.


3. Қарсыласты талқандау мақсатында әскерлердің тактикалық іс-әрекеттерінің негізгі үлгісін атаңыз.

А) қорғаныс;

B) қазіргі заманғы соғыс;

C) шабуылға шығу;

D) шабуылға шығу, қарсы соғыс;

E) қарсы соғыс.


4. Қазіргі заманғы соғыстың басты мақсатын атаңыз.

А) операцияны жүргізудегі жеңіс;

B) жанды күшті, техниканы жою;

C) қарсыласты жеңу немесе талқандау;

D) қарсыласты жою үшін ядролық соққы жасау;

E) жанды күштерді, маңызды әскери объектілерді жанды жою.


5. Қазіргі заманғы соғыстың негізгі құрамдарын атаңыз.

А) әскери бөлімшелердің ұйымдастырылған қарулы қақтығысы;

B) а + с;

C) соққы келтірудің, атыстың және манёвр жүргізудің келісілген мақсаты, орны мен уақыты;

D) марш жасау, қарсыласты қоршау (тылға шығу) және оны талқандау үшін маневр жүргізу;

E) қарсыластың неғұрлым бекіген нысаналарын жою мақсатында, артиллерия мен авиацияның күшті соққыларын жоспарлау және дайындау.


6. Неліктен қазіргі заманғы соғыс жалпы әскерлік болып табылатынын түсіндіріңіз, өйткені оған мыналар қатысады:

А) құрлық әскерлері, ӘӘК, басқа әскерлер;

B) құрлық әскерлері, әуе қорғанысы күштері, ӘТК;

C) танктерді, БМП-ны (БТР-ды), авиацияны қолданумен әскердің барлық түрлерінің әскерлері;

D) құрлық әскерлері, басқа да әскерлер және әскери құрылымдар;

E) әскерлердің басқа әскерлердің түрлерінің барлық түрлерінің әскерлері.


7. Қазіргі заманғы жалпы әскерлік соғыстың неғұрлым маңызды сипаттамаларын тауып көрсетіңіз:

А) жоғары ұтымдылық, шешімділік, табандылық, жеделдік;

B) шешімділік, жоғары ұтымдылық, өткіншілік, шиеленісушілік;

C) шешімділік, жоғары ұтымдылық, өткіншілік;

D) кенеттен, шешімділік, табандылық;

E) кенеттен, шешімділік, табандылық, өткіншілік.


8. Қазіргі заманғы соғыста қолданылатын қару-жарақ пен әскери техниканың негізгі түрлерін атап көрсетіңіз.

А) жеке атыс қарулары (автоматтар, пулеметтер), танктер, ұшақтар;

B) жеке атыс қарулары (автоматтар, пулеметтер), танктер, ұшақтар, тікұшақтар, БТР, танктер;

C) жеке қарулы әскери қызметшілер, БТР, танктер, ұшақтар;

D) жеке атыс қарулары (автоматтар, пулеметтер), инженерлік техника, БТР, БМП, танктер, ұшақтар;

E) бекітілген қару-жарақты әскери қызметшілер, инженерлік техника, БТР, БМП, танктер, ұшақтар.

9. Бөлімнің Жауынгерлік Туына қатысты ұрыстағы сарбаздың міндеттерін атаңыз:

А) ұрыстағы бөлімнің Жауынгерлік Туы орналасқан жерді бақылау, қауіп туындаған кезде оны құтқаруға шаралар қабылдау;

B) бөлімнің Жауынгерлік Туын көздің қарашығындай сақтау;

C) Жауынгерлік Туды жоғалтуға нақты қатер туындаған кезде ғана оны құтқару жөнінде шұғыл шараларды қабылдау;

D) сарбаз ұрысты жүргізе беруі қажет, Жауынгерлік туды сақтау жауапкершілігі күзет бөлімшесіне (тобына) жүктеледі;

E) қорғау бөлімшесін (тобын) қарсыластар жойған кезде ғана Жауынгерлік Туды құтқару бойынша шара қолданады.


10. Қазіргі заманғы ұрыстағы сарбаз қозғалысының негізгі тәсілдерін атаңыз

А) жүгіру, жер бауырлап жылжу;

B) жер бауырлап жылжу, жүгіру, жедел жүру;

C) жер бауырлап жылжу, кідіріп жүгіру, жедел жүру;

D) жедел жүру, түрегеліп жүгіру, бұқпантайлап жүгіру, кідіріп жүгіру, жер бауырлап жылжу;

E) жүгіру, кідіріп жүгіру, жер бауырлап жылжу.


11. Ұрыста қарсыластың жанды күшін жоюдың негізгі құралын атаңыз

А) қару-жарақтың әртүрлі түрлерінен ату;

B) атыс қару-жарағынан;

C) атыс қару-жарағынан; танктерден, артиллериядан;

D) артиллерияның атуы, авиацияның бомбалық соққылары;

E) қару-жарақтың әр түрлерінен ату.
12. Қазіргі заманғы ұрыста қолданылатын дене ұстау қалпындағы атыстың түрлерін атаңыз.

А) жатып, тізерлеп, түрегеліп тұрып;

B) жатып, тізерлеп, қалқадан;

C) жатып, тізерлеп, түрегеліп тұрып, отыра;

D) жатып, түрегеліп тұрып, отыра;

E) жатып, қалқада отырып.

13. Егер, қарсыласқа байқаусыз жақындау қажет болса, ұрыстағы сарбаздың қозғалыс тәсілін атаңыз.

А) етбетінен;

B) кідіріп жүгіру;

C) бауырлап жылжу;

D) кідіріп жүгіру, етбетінен;

E) жартылай тізерлеп.

14. Өзінің командиріне қатысты ұрыстағы сарбаздың міндеттерін атаңыз.

А) ұрыста командирді күзету;

B) ұрыста командирдің өкімін, бұйрықтарын мұқият тыңдау, оларды жауапкершілікпен орындау;

C) командирдің бұйрықтарын мұқият тыңдау және оларды нақты орындау;

D) ұрыс болған жерді тастамау, командирге қауіп төнген жағдайда атыспен көмек көрсету;

E) ұрыста командирді қорғау.


15. Қазіргі заманғы жалпы әскерлік ұрыс сарбаздан нені талап етеді?

А) моральдық және дене қабілеттерінің үлкен қуаттылығын;

B) жаттығушылықтың жоғары деңгейін.

C) а+в ;

D) жеке қарудың атыс мүмкіндігін толық көлемде қолдану.

E) жергілікті жердің бүркемелейтін жақтарын қолдана отырып, барлық қолда бар құралдармен қарсыласты жою.

16. Шағын дөңестің жотасы бойынша сарбаз қозғалысының ерекшеліктерін сипаттаңыз.

А) қозғалыс денені артқа шалқайтып, аяқтарды өкшеге тіктей отыра, жылдам қадаммен іске асырылады;

B) қозғалыс денені алға шалқайтып, аяқтарды өкшеге тіктей отыра, жүгірумен іске асырылады;

C) қозғалыс денені артқа шалқайтып, аяқтарды өкшеге тіктей отыра, жүгіріспен іске асырылады;

D) қозғалыс денені артқа шалқайтып, аяқтарды өкшеге тіктей отыра, еркін қадамдармен іске асырылады.

E) қозғалыс денені артқа шалқайтып, аяқтарды өкшеге тіктей отыра, жартылай жүгіріспен іске асырылады.


17. Роталық (станоктық) пулеметтің белгілеуін табыңыз.

А)


B)

C)

D)



E)
18. Жаяу әскердің әскери машинасының белгілеуін табыңыз.

А)


B)

C)

D)



E)
19. Жаяу әскерге қарсы миналық даланың белгілеуін айқындаңыз.

А)


B)

C)

D)



E)
20. Бөлімше командирінің белгілеуін айқындаңыз.

А)


B)

C)


D)

E)
21. ҚР ҚК МАО-тың штаттық санын атаңыз.

А) 9 адам;

B) 8 адам;

C) 10 адам;

D) 11адам;

E) 8 адам.
22. Шабуылға көшу кезінде МАО-ның әскери тәртібін атаңыз.

А) колоннаға;

B) қатарға;

C) МАО-тың жеке құрамы БМП-да әскери іс-қимылдарды жүргізу үшін орналастырылған;

D) қатарға, штатты-лауазымдық есепке сәйкес.

E) МАО-тың жеке құрамы танктердің (БТР, БМП) артынан жаяу тәртіппен жылжиды.


23. Ұрыстағы МАО командирінің орнын атаңыз;

А) бөлім орталығында;

B) бөлімнің не сол немесе оң қанатында;

C) жердің, қарсыластың, жеке құрамның, көршілердің іс-әрекеттеріне және взвод командирінің дабылдарына жақсы бақылауды қамтамасыз ететін жерде;

D) МАО командирдің орнын ұрыста жоғарыдағы командир анықтайды.

Е) взвод командирінің дабылдарына, жергілікті жерге жақсы бақылауды қамтамасыз ететін жерде.


24. Бақылаушының дұрыс баяндамасын айқындаңыз.

А) бағыт 3, оңға 10, окопта мерген;

B) бағыт 3, оңға 10, жалғыз орындық окопта мерген;

C) бағыт 3, оңға 10, одан әрі 50, жалғыз орындық окопта мерген;

D) бағыт 3, шеттен оң жақта, окопта мерген;

E) бағыт 3, оңға 20, жақын 100, пулемет.


25. Ұрыстың негізгі түрлерін атаңыз.

А) шабуыл;

B) бірден шабуыл, қорғаныс;

C) шабуылға шығу;

D) қарсыласқа тұтқиылдан шабуыл, қорғаныс, қарсы ұрыс.

E) қарсыластың тікелей соқтығысуы жағдайындағы шабуылға шығу, қорғаныс.

26. Арнайы әскери пән ретінде әскери топография нені қарастыратынын және зерттейтінін атап көрсетіңіз.

А) жерді зерттеу, оған бағыттау тәсілдерін қарастырады;

B) жерді зерттеудің, оны бағалаудың, оған бағыттаудың тәсілдерін қарастырады, топографиялық карталарды пайдалану дағдысын береді;

C) жерді зерттеудің, онда бағыттаудың мәселелерін қарастырады, топографиялық карталар мен аэросуретке түсіріп алуларды пайдалану дағдыларын береді;

D) жерді зерттеудің, оны бағалаудың, онда бағыттаудың тәсілдерін қарастырады, топографиялық карталар мен аэросуретке түсіріп алуларды пайдаланудың дағдыларын береді.

E) жауынгерлік іс-әрекетті ұйымдастыру мен жүргізу үшін жергілікті жердің ерекшеліктерін қарастырады және зерделейді.


27. Жерге бағытталу нені білдіреді?

А) бұл - көкжиек тарапына бағытты табуды, жергілікті нәрселерге қатысты өзінің орналасқан жерін айқындауды, қозғалыстың дұрыс жолын табу және оған қатаң сүйене отыра, қозғалысты жалғастыру қажеттігін білдіреді;

B) бұл – жергілікті нәрселерді қоршаған ортаға жер бедерінің түрлеріне қатысты өзінің орналасқан жерін айқындауды және қажетті бағытта қозғалу қажеттігін білдіреді;

C) бұл – көкжиек тарапына өз бағытын табуды, жергілікті нәселерге қоршаған ортаға қатысты өзінің орналасқан жерін айқындауды, қозғалыстың дұрыс жолын табуды және жолдағы осы бағыттан таймау қажеттігін білдіреді;

D) елді мекенге шығудың дұрыс бағытын табуды;

E) өзінің әскері мен олардың бағыттарымен қозғалуға қатысты өзінің орналасқан жерін анықтауды.

28. Егер, тал түсте күн Сізден сол жақта орналасса, қандай бағыт Сіздің тура алдыңызда болатынына дұрыс жауапты айтыңыз.

А) батыс;

B) оңтүстік;

C) шығыс;

D) оңтүстік-батыс;

E) солтүстік.


29. Компас қашан бағытталған деп саналады?

А) егер лимбаны нөлдік бөлумен көрсеткіштің солтүстік соңын үйлестірсе;

B) егер «В» әрпімен көрсеткіштің солтүстік соңын үйлестірсе;

C) егер «З» әрпімен көрсеткіштің солтүстік соңын үйлестірсе;

D) егер «Ю» әрпімен көрсеткіштің солтүстік соңын үйлестірсе;

E) егер көрсеткіштің оңтүстік оң жағын лимбаның нөлдік бөлуімен сәйкестірсе.


30. Кері азимутқа айқындама беріңіз.

А) бұл – тұру нүктесінен жергілікті нәрсеге дейінгі бағыт;

B) бұл – жергілікті нәрсеге тұру нүктесіне бағыт;

C) бұл - тұру нүктесінен жергілікті нәрсенің қозғалысы үшін болжанған нәрсеге дейінгі бағыт;

D) бұл – бағдардан белгіленген объектіге дейін қозғалысты бағыттау;

E) бұл – бағдардан жергілікті жердегі келесі ерекшеленетін объектіге дейін қозғалысты бағыттау.



Атыс дайындығы бойынша тесті тапсырмалары
1. АӘД бойынша үйретілетін, атыс дайындығының негізгі құрамдас бөліктерін атаңыз.

А) қару-жарақтың материалдық бөлігін, атыстың тәсілдері мен ережелерін зерттеу;

B) атыстың негіздерін үйрену, қол гранаттарын лақтыру, ұрысты бақылау мен оның алыстығын айқындау ережесі;

C) қару-жарақтың материалдық бөлігін зерттеу, атысты басқару;

D) а+в;

E) барлау мақсатының тәсілдерін зерделеу, оларға дейінгі ұзақтықты анықтау, атыс жүргізу.


2. Қару-жарақтың неғұрлым қазіргі түрлерін атаңыз. Қысқарған сөздерді ашып

көрсетіңіз, қысқаша ұрыс қабілетін сипаттаңыз.

А) АКМ;

B) АКМС;

C) АК-74Н;

D) АКСУ;


E) АК-74М.
3. АКМ калибрін атаңыз.

А) 9 мм;

B) 7,62 мм;

C) 5,45 мм;

D) 5,48 мм;

E) 5.43 мм.


4. АКМ-нан ату кезектердің түрлерін атаңыз.

А) қысқа (5 атысқа дейін) және ұзақ (19 атысқа дейін);

B) қысқа (4 атысқа дейін) және ұзақ (15 атысқа дейін);

C) өте қысқа (3 атысқа дейін) және ұзақ (19 атысқа дейін);

D) орташа (5 атысқа дейін) және ұзақ (15 атысқа дейін);

E) қысқа (4 атысқа дейін) және ұзақ (20 атысқа дейін).


5. Калашников автоматынан ату үшін патрондарды жіберетін автоматтың бөлшегін атаңыз.

А) бекітпе;

B) бекітпе рама;

C) қорапты магазин;

D) магазин;

E) оқшантай.


6. Автоматтың корапты магазиннің сыйымдылығын атаңыз.

А) 35 патрон;

B) 45 патрон;

C)30 патрон;

D) 40 патрон;

E) 30 патрон.
7. Қозғалыстағы нысананы автоматтан тікелей атудың неғұрлым көп шамасын атаңыз.

А) 500 м дейін;

B) 700 м дейін;

C) 600 м дейін;

D) 650 м дейін;

E) 525 м дейін.


8. Калашников автоматының құрамына кіретін негізгі механизмдерді атаңыз.

А) бекітпе рамамен бекітпе, газды механизм, қайтарымды механизм;

B) дүмбі, дүмбі қорабының қақпағы;

C) қайтарымды механизм, соққы-түсіретін механизм;

D) дүмбі, СТТ;

E) СТТ, дүмбі жапсырмамен газды түтік, сап.

9. Автомат құрамына кіретін (механизмдерден басқа) негізгі бөліктердің санын атаңыз, санап шығыңыз.

А) 5;


B) 8;

C) 6;


D) 10;

E) 7.
10. Автоматты күтудегі жүйелі түрде жүргізілетін операцияларды атаңыз.

А) жартылай бұзу, тазалау, жинау;

B) толық бұзу, жөндеу;

C) автоматты бұзу және жинау;

D) сыртқы қарау, майлау;

E) толық емес бұзу, ағымдағы жөндеу, бұзу.
11. Автоматты жартылай бұзу бойынша жүргізілетін операциялар санын атаңыз (5 түрін ашыңыз).

А) 9;


B) 11;

C) 10;


D) 8;

E) 7.


12. Жартылай бұзудан кейінгі автоматты жинау бойынша жүргізілетін операция

санын атаңыз (6 аспектісін ашыңыз).

А) 13;

B) 10;


C) 11;

D) 10.


E) 9

13. Автоматтан қалай тұрып атуға болатынын атаңыз

А) отырып, тұрып, жатып;

B) жатып, тізерлеп, тұрып;

C) отырып, жатып, тізерлеп;

D) қалқаның артында жатып;

E) жатып, тұрып, окоптан.
14. Қайтарымды механизм неден тұратынын атаңыз.

А) қайтарымды серіппеден, өзектен;

B) қайтарымды серіппеден, 2 өзектен, муфтадан,

C) қайтарымды серіппеден, бағыттаушыдан, жылжымалы өзектен, муфтадан;

D) қайтарымды серіппеден, өзектен және муфтадан;

E) қайтарымды серіппеден, 2 өзектен, дәнекер муфтыдан.


15. Шүріппеде не бар екенін атаңыз.

А) жауынгерлік взвод, автотүсім взводы, ось үшін тесік, цапфа;

B) жауынгерлік взвод, жетекші взвод, ось үшін тесік;

C) алдыңғы серіппе взводы, артқы серіппе взводы, ось үшін тесік, цапфа;

D)жауынгерлік взвод, цапфа, ось үшін тесік;

E) жауынгерлік взвод, цапфа, автотүсім взводы, жауынгерлік серіппе.

16. Көздеген кездегі шағын мушка нені білдіреді?

А) оқтар нысанаға тиеді;

B) оқтар жоғары кетеді;

C) оқтар солға кетеді;

D) оқтар төмен кетеді;

E) оқтар оңға кетеді.


17. Көздеген кездегі үлкен мушка нені білдіреді?

А) оқтар жоғары кетеді;

B) оқтар нысанаға тиеді;

C) оқтар оңға кетеді;

D) оқтар төмен кетеді;

E) оқтар солға кетеді.


18. Көздеген кездегі түзу мушка нені білдіреді?

А) оқтар нысанаға тиеді;

B) оқтар төмен кетеді;

C) оқтар жоғары кетеді;

D) оқтар солға кетеді;

E) оқтар оңға кетеді.

19. РГД-5 гранатасын лақтырудың орташа қашықтығын атаңыз.

А) 40-50 м;

B) 45-50 м;

C) 35-40 м;

D) 40-45 м;

E) 30-40 м.

20. РГ-42 тұтандырғыш бәсеңдеткішінің жану уақытын атаңыз.

А) 3,3- 4,3 сек;

B) 3,2- 4,3 сек;

C) 3,2- 4,2 сек;

D) 3,3 – 4,2 сек.

E) 3,3 – 4,4 сек.


21. Ф- 1 жабдықталған гранатасының салмағын атаңыз.

А) 650 гр;

B) 600 гр;

C) 550 гр;

D) 580 гр;

E) 620 гр.
22. (АК-74) автоматынан атыстың көзделетін ұзақтығын атаңыз.

А) 1200м;

B) 800 м;

C) 1000 м;

D) 700 м;

Е) 900 м.

23. Келесі үзінділерден сөйлем құраңыз (жауапты әріптер реттілігімен белгілеңіз, мысалы: в, с, …; құралған сөйлемді дәптерге жазыңыз):

А)... жартысын басқаға... және қолданбайды..

B) ... оларға мұқият қарайды, жалғыз қоймайды…;

C)... автоматты бұзуды (және жинауды) үстел немесе таза төсеніш үстінде жасайды;

D)... артық күштер және қатты соққылар….

E)... бөліктер мен механизмдерді бұзу тәртібінде қояды....


24. Келесі үзінділерден сөйлем құраңыз (жауапты әріптер реттілігімен белгілеңіз, мысалы: в, а, …; құралған сөйлемді дәптерге жазыңыз):

А) … автоматы жинаған кезде оның бөліктеріндегі нөмірлерді байқау керек…;

В) … дүмбі қорапшасының қақпағы және автоматтың басқа бөліктері…;

С) … газды түтікте, жапқыш рамада, жапқышта нөмірдің сәйкес келуі…;

D) … автоматы нөмір дүмбі қорапшасында қажет….

E) ... оның бөліктерінде; әрбіреуінде....


25. Дүние жүзіндегі бірінші пистолет-пулеметті құрастырушының атын атаңыз.

А) Шпагин Г.С;

В) Дегтярев В.А;

С) Фёдоров В.Г;

D) Токарев Ф.В.

Е) Калашников М.Т.

26. АК-74 оғы ұшуының бастапқы жылдамдығы қандай?

А) секундына 950 метр;

В) секундына 850 метр;

С) секундына 715 метр;

D) секундына 900 метр;

Е) секундына 925 метр.


27. АК-74 оғының шекті ұшу қашықтығы қандай?

А) 2км ;

В) 2,5 км;

С) 3 км;

D) 1,5 км;

Е) 1,8 км.

28. Дүмбі ішінде … иректелген тілік канал бар, дұрыс қисынын атаңыз.

А) дүмбі ішінде көлденең иректелген, 3 тілігі бар канал;

В) дүмбі ішінде сол жақтан жоғары оңға иректелген, 4 тілігі бар канал;

С) дүмбі ішінде оң жақтан жоғары солға иректелген, 4 тілігі бар канал;

D) дүмбі ішінде сол жақтан жоғары солға иректелген, 3 тілігі бар канал;

Е) дүмбі ішінде сол жақтан жоғары оңға иректелген, 5 тілігі бар канал;
29. АК-74-тен нақты оқ ату қашықтығын атаңыз.

А) 450 метрге дейін;

В) 600 метрге дейін;

С) 500 метрге дейін;

D) 350 метрге дейін;

Е) 400 метрге дейін.


30. Автоматтың көздеу қондырғысы мыналардан тұрады:

А) мушка мен көздеуден;

В) дүмбіден, көздеу мен мушкадан;

С) дүмбіден, дүмнен, көздеуден, мушкадан;

D) көздеуден, илемді серіппе, көзделетін планка және қамытпа;

Е) көздеуден, көзделетін планкадан, қамытпадан, мушкадан.



Саптық дайындық бойынша тесті тапсырмалары


  1. Әскери қызметшіге саптық дайындық не береді?

А) бұйрықтарды, саптағы әдістерді, қарумен және қарусыз қимылдарды, орындай алу.

В) жинақылық, тіктілік;

С) шыдамдылық;

D) а+в+в .

Е) тәртіпке, ұйымдастырушылыққа, ұқыптылыққа ықпал етеді.

2. Сап дегеніміз не?

А) өзара іс-қимыл жасау үшін жаяу және машиналармен сапқа тұрғызылған әскери қызметшілер;

В) оқу-жаттығуға, оқуға одан кейін ұйымдастырылып шығу үшін жаяу тәртіптегі және машиналардағы әскери қызметшілердің, бөлімшелердің, бөлімдердің жарғымен белгіленген жерге орналастыру;

С) әскери қызметшілердің, бөлімшелердің және бөлімдердің, олардың өзара іс-қимыл жасаулары үшін жаяу тәртіптегі және машиналардағы жарғымен белгіленген орналасуы;

D) әскери қызметшілер бірінің жанында бірі, бір қатарда, алдағы іс-қимылға әзір күйде орналасқан;

Е) машиналарда командирлердің (бастықтардың) бұйрығы бойынша олардың іс-қимыл жасаулары үшін әскери бөлімдерді, әскери қызметшілерді, бөлімшелерді жарғының бекітілуімен орналастыру.
3. Саптың ені деп не аталады?

А) сап шептерінің арасындағы аралық;

В) сол және оң жақ шеттер арасындағы аралық;

С) сапта тұрған әскери қызметшілер және сап соңында тұрған әскери қызметшілер арасындағы аралық;

D) жайылма сапта тұрған бөлімшелердің оң және сол жақ шеті арасындағы аралық;

Е) жорық легінде тұрған, алдыңғы және соңғы тұрған бөлімшелердің арасындағы аралық.

4. Сап түрлерін атаңыз (қатарлар саны және және жиналма бойынша).

А) бір қатарлы, екі қатарлы, жиналма;

В) бір қатарлы, жиналма;

С) бір қатарлы, екі қатарлы, жиналма, жайылма;

D) бір қатарлы, екі қатарлы, үш қатарлы, жайылма, жиналма;

Е) бір қатарлы, жиналма, жайылма.


5. Қандай сап түсінігі мынаны айқындайды: әскери қызметшілер (машиналар), бөлімшелер, бөлімдер арасындағы түкпір аралығы.

А) ара қашықтық;

В) маңдай шеп;

С) сап ені;

D) саптың ұзындығы;

Е) аралық.

6. Жорық сабы қолданылатын жағдайды атаңыз.

А) жаттығудағы, атыстағы қозғалыс үшін;

В) қажетті жағдайлар кезіндегі бөлімшелердің қозғалысы үшін;

С) бөлімшелердің шеру жасаған, әнмен салтанатты шеруі жасаған және басқа да қажетті жағдайлар кезіндегі қозғалыс үшін;

D) дайындықтарға, шаруашылық жұмыстарға бөлімшелердің қозғалысы үшін;

Е) әскери қалашықтан тысқары жерге бөлімшелердің қозғалысы үшін.

7. Лектің соңында қозғалатын әскери қызметші қалай аталады? А) соңғы;

В) қадағалаушы;

С) қадағалаушы;

D) қарсыласты қадағалаушы;

Е) тұйықтаушы.
8. «Саптық тұрыс» қабылданатын пәрменді атаңыз.

А) "Саптал" немесе "Тіктел";

В) "Взвод бір қатарға саптал", "Жинақтал";

С) Мемлекеттік Әнұранды орындау кезінде;

D) «Тіктел!» пәрмені бойынша бұйрықты берген және қабылдаған кезде;

Е) пәрмен берген кезде, «Тіктел!» пәрмені бойынша әскери сәлемдесуді орындау кезінде.


9. Саптық тұрысты бағалаудың дұрыс тәртібін ашып көрсетіңіз.

А) өкшелер, аяқтың ұшы, дене тұрысы, бас, қолдар;

В) бас, кеуде, аяқтар, дене тұрысы;

С) өкшелер, аяқтың ұшы, аяқтар, кеуде, дене тұрысы, іш, иықтар, қол, бастың күйі;

D) дененің, бастың күйі.

Е) дененің, бастың, қолдың күйі.

10. Саптық адымның дұрыс мөлшерін, биіктігін және қарқынын атаңыз.

А) 70-80 см, 15-20 см, минутына 110-120 адымдар;

В) 70-75 см, 15-20 см, минутына 100-110 адымдар;

С) 70-80 см, 20-25 см, минутына 110-115 адымдар;

D) 75-80 см, 15-20 см, минутына 110-115 адымдар;

Е) 65-75 см, 15-20 см, минутына 110-120 адымдар.

11. Мына бөлшектерден сөйлем құраңыз (жауапты әріптердің реттілігімен беріңіз, мысалы: в, д, ...; алынған сөйлемді дәптерге жазыңыз);

А) ... сол жақ өкшеде және оң аяқтың басында...;

В) ...өкшеде және сол аяқтың ұшында...;

С) ...айналу, солға және оңға бұрылу … жүзеге асырылады;

D) ...оң… оң қол жаққа....

Е) ...бұрылу солға - ....

12. Жорықтық адымнан саптық адымның үш айырмашылығын атаңыз.

А) аяқтың ұшы алға созылады, қолдар қатаң белгіленіп, бір орналасқан аяқтың ұшы жерден 10-15 жоғары көтеріледі;

В) аяқтың ұшы алға созылады, аяқтың ұшы 15-20 сантиметрге жоғары көтеріледі, қолдардың орналасуы қатаң анықталуы тиіс;

С) аяқтың ұшы жерден 15-20 сантиметрге жоғары көтеріледі, қолдардың орналасуы қатаң анықталуы тиіс, аяқтағы тізелер бос;

D) аяқтың ұшы алға созылады, аяқтың ұшы жерден 20 сантиметр жоғары көтеріледі, қолдардың қатаң белгілі бір орналасуы болуы тиіс;

Е) аяқтың ұшы жерден 15 сантиметрге жоғары көтеріледі, қолдардың орналасуы қатаң анықталуы тиіс.


13. Қозғалыстың жылдамдығын өзгерту үшін берілетін пәрменді атаңыз.

А) "Қарышта!", "Қысқа адымда!";

В) "Жылдамдат!", "Қалыпты адам!";

С) "Қарышта!", «Қалыпты адым!" «Қысқа адымда!».

D) "Жарты адым!", "Толық адым!", "Қарышта!", "Қысқа адымда!";

Е) «Қарышта!», «Қысқа адымда!», «Жарты адым!», «Толық адым!», «Жылдамдат», «Қалыпты адым!».

14. Әскери қызметшілер саптық адымды пайдаланатын жағдайды атаңыз.

А) сап жаттығуларында;

В) салтанатты шерумен жүріп өту кезінде; әскери қызметшінің командирге (бастыққа) келуі және одан кері кетуі кезінде; командирдің (бастықтық) бөлімшеге сәлемдесуі кезінде, саптық дайындық жаттығулары кезінде;

С) сап жаттығуларында; бөлімшенің әскери сәлемдесуді орындауы кезінде, әскери қызметші саптан шыққанда және сапқа қайтып келгенде;

D) бөлімшелердің салтанатты шерумен жүріп өтуі кезінде; олардың қозғалыс кезінде әскери сәлемдесуді орындау кезінде; командирдің (бастықтың) бөлімшеге сәлемдесуі кезінде; әскери қызметшінің командирге (бастыққа) келуі мен одан кері кетуі кезінде; әскери қызметші саптан шыққанда және қайтып келгенде; сондай-ақ саптық даярлық жөніндегі сабақтарда;

Е) саптық жаттығуларда, командирдің (бастықтың) бөлімшеге сәлемдесуі кезінде.


15. Саптағы әскери қызметшінің қозғалыс тәсілдерін атаңыз.

А) Адымда және жүгір;

В) Адымда;

С) Адымда, жүгір, жартылай жүгір;

D) Адымда, жартылай жүгір;

E) саптық адым, жүгір, жартылай жүгір.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет