Тесты по начальной военной подготовке Астана қаласы, 2008 ж


Азаматтық қорғаныс бойынша тесті тапсырмалары



бет3/3
Дата28.04.2016
өлшемі0.58 Mb.
түріТесты
1   2   3

Азаматтық қорғаныс бойынша тесті тапсырмалары
1. Азаматтық қорғаныс түсінігі нені білдіреді?

А) азаматтық қорғаныс – бұл ҚР аумағына қарулы бандалық құрамалардың енуі кезінде ел тұрғындарын олардан қорғауға бағытталған жалпы мемлекеттік іс-шаралардың жиынтығы;

В) азаматтық қорғаныс – бұл қарсыластың залал келтірудің қазіргі заманғы құралдарын қолдану әсерінен халықты, шаруашылық нысандары мен елдің аумағын қорғау мақсатында бейбіт және соғыс уақытында жүргізілетін мемлекеттік басқару жүйесі мен жалпы мемлекеттік іс-шаралардың жиынтығы.

С) азаматтық қорғаныс – бұл табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың, залал келтірудің қазіргі заманғы құралдарының залалды (қирату) әсерінен халықты, шаруашылық нысандарын және елдің аумағын қорғау мақсатында бейбіт және соғыс уақытында жүргізілетін мемлекеттік басқару органдары жүйесі мен жалпы мемлекеттік іс-шаралардың жиынтығы.

D) азаматтық қорғаныс – бұл жаппай қырып-жоюының залалды (қирату) әсерлерінен халықты қорғау мақсатында бейбіт және соғыс уақытында жүргізілетін басқару органдарының мемлекеттік жүйесі мен жалпы мемлекеттік іс-шаралардың жиынтығы;

Е) азаматтық қорғаныс – бұл ТЖ кезіндегі іс-әрекеттерге ҚР азаматтарын дайындау, соғыс уақытына материалдық қорды құру жөніндегі мемлекеттің іс-шарасы.


2. Азаматтық қорғаныстың негізгі міндеттерін атаңыз.

А) ірі автоапат, техногендік зардап кезінде халыққа көмек көрсету;

В) соғыс кезеңіне мемлекеттің әскери, материалдық қорларын құру;

С) табиғи зілзала, техногендік зардап кезінде, қарсылас ядролық қаруды қолданған жағдайда және басқа да жағдайларда халыққа шаруашылық нысандарына көмек көрсету;

D) шаруашылық нысандары мен салалары қызметінің тұрақтылығын жоғарылату жөнінде іс-шаралар кешенін өткізу, байланыс және хабарлау, басқару жүйелерінің үнемі дайындығын дамыту және ұстану, ұйымдастыру;

Е) ТЖ –дан қорғау саласында азаматтардың құқықтары мен міндеттерін іске асыру, техногендік зардап пен табиғи зілзаладан халықты қорғау саласында халық пен аумақты қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастық.


3. Азаматтық қорғаныс күштері деп не түсініледі?

А) Азаматтық қорғаныстың әскери бөлімдері, жедел құтқару отрядтары;

В) Азаматтық қорғаныстың әскери бөлімдері, жедел құтқару отрядтары, өртке қарсы қызмет бөлімшелері, мемлекеттік мекемелердің құрамалары, АҚ қызметтерінің құрамалары;

С) АҚ әскери бөлімдері, аумақтық, нысандық құрамалар,

АҚ және төтенше жағдайлар қызметтерінің құрамалары, жедел құтқару отрядтары, өртке қарсы мемлекеттік қызмет бөлімшелері;

D) азаматтық құрамалар, әскери бөлімдер;

Е) ТЖМ орталық органдары, аумақтық орталықтар, жедел – құтқару отрядтары.
4. Ядролық қару деп не аталады?

А) әрекеті ядролық жарылыс кезінде жылдам бөлінетін, ядроішілік энергияны пайдалануға негізделген қару.

В) залалды әрекеті радиоактивтік заттардың бөлінуі мен синтезі кезінде бөлінетін ядроішілік энергияны пайдалануға негізделетін қару;

С) залалды әрекеті уран-236 ядросын бөлуде пайдалануға негізделетін қару;

D) залалды әрекеті плутоний ядросын бөлуде пайдалануға негізделетін қару-жарақ;

E) залалды әрекет ядролық энергияны пайдалануға негізделген қару.


5. Ядролық жарылыстың залал келтіру факторларын атап көрсетіңіз, сипаттаңыз.

А) соққылық толқын, өтпелі радиация, жарықтық сәулелену, электромагниттік сәулелену;

В) ұрыс радиоактивті заттар, өтпелі радиация, соққылық толқын, елді мекеннің радиоактивті залалдануы, жарықтық сәулелену;

С) жарықтық сәулелену, электромагниттік сәулелену, соққылық толқын, өтпелі радиация, электромагнитті импульс;

D) соққылық толқын, жарықтық сәулелену, өтпелі радиация, электромагнитті импульс, елді мекеннің радиоактивті залалдануы.

E) соққылық толқын, елді мекеннің радиоактивті залалдануы, өтпелі радиация, жарықтық сәулелену.

6. Химиялық қару-жарақ деп не аталады?

А) негізі улайтын заттарды, оларды жеткізу мен қолдану құралдарын құрайтын қару-жарақ;

В) залалды әрекеті әртүрлі ауру тудыратын микробтар мен токсиндерді пайдалануға негізделген қару-жарақ;

С) залалды әрекеті әскери улы химиялық заттарды пайдалануға негізделген қару-жарақ;

D) негізі табиғи белоктық химиялық заттардан құралған қару-жарақ;

Е) негізінде ОВ кейбір токсинді заттарды пайдалану жататын қару-жарақ;


7. Фитоулыларға, ұрыстық улы химиялық заттарға не жатады?

А) фторангидрид, хлорангидрид;

В) икс-АР, рицин;

С) диоксин, рицин;

D) құмырсқа қышқылының нитрилы, фенилхлорметилкетон;

Е) альгицид, дефолиант, десикант.

8. Биологиялық қару деп нені атайды?

А) залалды әрекетін жеке құрамға жұқтыру және оны қатардан шығару үшін әртүрлі ауру тудыратын микробтарды пайдалану негізіндегі қару-жарақ;

В) залалды әрекеті патогендік микробтар мен олардың өмір тіршілігінің улы өнімдердің пайдалануға негізделетін қару-жарақ;

С) залалды әрекеті жеке құрамды уландыру және оны қатардан шығару, сондай-ақ жануарларды жою үшін әртүрлі ауру тудыратын микробтарды пайдалануға негізделетін қару-жарақ;

D) негізі микробтар мен вирустар, яғни биологиялық заттар құрайтын қару-жарақ;

Е) залалды әрекет микро ағзалардың ауру жұқтыратын құрамын қолдануға негізделген қару-жарақ.

9. Адамның жұқпалы аурулары қоздырғыштарының қандай топтары неғұрлым қауіпті екенін атаңыз.

А) бөртпе тиф, бруцеллёз, көктемгі-жазғы кенелі энцефалит;

В) туляремия, табиғи шешек;

С) дене қызбасы, тұмау;

D) тырысқақ, сары қызба;

Е) сібір язвасы, сап.


10. Жеке құрамға биологиялық құралдар жұққан кезде қандай іс-шаралар өткізілетінін атаңыз.

А) ішінара дезактивация;

В) дегазация және дезинфекция;

С) ішінара санитарлық өңдеу;

D) ішінара арнайы өңдеу;

Е) ішінара санитарлы өңдеу.

11.Сөйлемді толықтырыңыз: «Кәсіпорындарда құрал-жабдықты пайдаланудың технологиясы мен режимін бұзылуына байланысты пайда болу қауіптілігі туындайды» (жауапты таңдаңыз).

А) экстрималдық жағдайлар;

В) экологиялық әртүрлі жағдайлар;

С) төтенше жағдайлар;

D) қауіпті жағдайлар;

Е) табиғи қоршаған ортаға зиянды әсер ететін жағдайлар.


12. Құтқару жұмыстарына не жатады?

А) қозғалыс бағытын және жұмыс учаскесін барлау, қозғалыс бағыттарындағы және жұмыс учаскелеріндегі өрттерді оқшаулау және сөндіру, зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсету, оларды қауіпсіз жерге әкету;

В) адамдарды іздестіру және құтқару;

С) қозғалыс бағытын және жұмыс учаскелерін барлау, қозғалыс бағыттарында және жұмыс учаскелерінде өрттерді оқшаулау және сөндіру;

D) зардапқа ұшырағандарды іздестіру және оларды үйінділердің басып қалулардан алып шығу, қауіпсіз жерге әкету (шығару), зардапқа ұшырағандарды санитарлық өңдеу және олардың киімдерін, аумақты, көлікті және техниканы зарарсыздандыру;

E) радиациялық, химиялық және бактериялық залалдың дәрежесі мен болуын барлау, зардапқа ұшырағандарды іздеу және қауіпсіз жерге шығару, маршрут учаскелерінің бағыттарын анықтау.


13. Радиациялық барлау аспаптарына не жататын атаңыз.

А) ГСП-2;

В) ПРХР;

С) ВПХР;


D) ГСП-1;

Е) ДП-5А, ДП-64.

14. Дербес қорғанудың жалпы әскерлік құралдарына не жатады?

А) респиратор-2, жалпы әскери кешенді қорғану киімі, жалпы әскерлік қорғану кешені;

В) жалпы әскери қорғану кешені, жалпы әскерлік кешенді қорғану киімі, сүзгілі газдан қорғаныш, қорғану киімі, көзілдірік, респиратор-2, дозиметр;

С) респиратор Р-2, жалпы әскери қорғану кешені, жалпы әскери қорғану киімі, қорғану киімі, қорғану көзілдірігі, сүзгілі газдан қорғаныш;

D) окоп, сүзгілі газдан қорғаныш, жалпы әскери қорғану кешені, дозиметр, респиратор-2;

Е) жертөле, подвал, окоп, сүзгілі газдан қорғаныш. Жалпы әскери қорғану

кешені

15. Қарсыластың ядролық қаруды қолдануы кезіндегі және радиоактивтік шашынының түсуі кезіндегі бақылаушының іс-әрекеті.



А) дербес құралдарды кию және радиациялық барлау аспабын қосу;

В) соққы толқынынан өткеннен кейін бақылауды жүргізу үшін командир белгілеген аумақты қарау;

С) дербес қорғану құралдарын киеді, радиациялық барлау аспабының көрсетуі бойынша радиацияның деңгейін анықтайды, бақылау журналында жазба жасайды, командирге хабарлайды, бақылауды жалғастырады;

D) окопқа тығылады, дербес қорғаныс құралдарын киеді, радиациялық барлаушы құралының көрсеткіштерін командирге баяндайды, журналға жазады;

E) жеке қорғану құралдарын киеді, командирге баяндайды, радиациялы барлау құралын қосады.

Библиография:


    1. 1995 жылғы 30 тамыздағы ҚР Конституциясы;

    2. «ҚР қорғанысы және Қарулы күштері туралы» ҚР Заңы 07.01.2005 жыл;

    3. «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» ҚР Заңы 08.07.2005 жыл;

    4. «Білім туралы» ҚР Заңы 27.07.2007 жыл.

    5. «Азаматтық қорғаныс туралы» ҚР Заңы 07.05.1997 жыл;

    6. «Азаматтарды әскери қызметке дайындауды ұйымдастырудың және қамтамасыз етудің ережесі» ҚР Үкіметінің қаулысы 24.05.2006 жыл;

    7. «Қазақстан -2030» -(ҚР Президентінің халыққа Жолдауы). Алматы. Білім. 1998 жыл, 94-бет;


Оқу әдебиеті:

1. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жалпы әскерлік Жарғылары. ҚР Президентінің 1998 жылғы 27 қарашадағы №4156 Жарлығымен бекітілген;

2. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жалпы әскерлік Жарғысы. ҚР Президентінің 2007 жылғы 5 шілдедегі №364 Жарлығымен бекітілген АӘД оқулығы. 11 сынып. Алматы. «Мектеп». 2003 жыл, 374-бет;

3. Оқу құралы (жұмыс дәптері). 11сынып. « Мектеп». 2003 жыл, 61-бет;

4. АӘД оқулығы. 10 сынып. Алматы. «Мектеп». 2003 жыл, 364-бет;

5. Оқу құралы (жұмыс дәптері). 10 сынып. «Мектеп». 2003 жыл, 46-бет;

6. Оқу құралы «Әскери қызметке дайындықтың негіздері». Мәскеу. «Просвещение».2003 жыл, 188-бет;

7. Оқу құралы «Взвод командирінің әдістемелік нұсқаулықтары». Астана. 2003 жыл, 67-бет;

8.Оқу құралы « Основы безопасности жизнедеятельности», 1-бөлім. «Московские учебники» АҚ. Мәскеу. 2003 жыл, 217-бет;

9. Оқу құралы «Основы безопасности жизнедеятельности», 2-бөлік 2. «Московские учебники» АҚ. Мәскеу. 2002 жыл, 251-бет;

10. Оқу құралы «Сборник нормативов по боевой подготовке сухопутных войск». ҚР ҚМ. Алматы. 2003 жыл, 145-бет;

11. Қазақша-орысша терминологиялық сөздік. ҚР Үкіметі жанындағы мемлекеттік терминология комиссиясы бекіткен. Алматы, «Рауан», 2000.








Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет