Ұто директоры Қ. C.Әбдиев 2014 ж. «5В020400 Мәдениеттану» мамандығы үшін



Дата28.04.2016
өлшемі31.67 Kb.
Бекітемін

ҰТО директоры

___________ Қ.C.Әбдиев



2014 ж. «____»____________

«5В020400 - Мәдениеттану» мамандығы үшін



«Әлемдік мәдениет тарихы»

пәні бойынша

Тест спецификациясы
1. Құрастырылу мақсаты:

Тест Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарынының бітіруші курс студенттерінің оқу жетістіктерін сырттай бағалау жүргізуге, оқыту бағыттары бойынша оқу бағдарламаларын игеруін бақылау мақсатында құрастырылған.



2. Міндеті:

ҚР ЖОО бітіруші курс студенттерінің білім деңгейін анықтау.



3. Тест мазмұны мен жоспары:

Тестіге «Әлемдік мәдениет тарихы» пәні бойынша типтік оқу жоспары негізіндегі оқу материалы келесі бөлімдер түрінде енгізілген.





Мазмұны

Тест тапсырмалар саны

1

«Мәдениет», «өркениет» және «этникалық мәдениет», «бұқаралық мәдениет», «элиталық мәдениет», «балама (альтернативті) мәдениет», «субмәдениет», «контрмәдениет», «материалдық мәдениет», «рухани мәдениет» деңгейлерін талдау

2

2

Алғашқы қауымдық мәдениет.

2

3

Ежелгі Шығыс мәдениеті.

2

4

Ежелгі Грекия мен Ежелгі Рим мәдениеті.

2

5

Византия мәдениеті.

2

6

Орта ғасырлар мәдениеті.

3

7

Қайта жаңғыру дәуірінің мәдениеті.

3

8

XVIII ғ. Еуропа мәдениеті.

3

9

XIX ғ. Еуропа мәдениеті.

2

10

XX ғ. Еуропа мәдениеті.

2

11

Заманауи мәдениет.

2

Барлығы:

25

4. Тапсырма мазмұнының сипаттамасы:

«Әлемдік мәдениет тарихы» курсы мәдениеттану саласындағы болашақ маманның құзіреті мен шығармашылық ойлау қабілетін дамытуда және XXI ғ. мәдениетті тұлға қалыптастыруда арнайы жоғары оқу орнының маңызды пәндерінің бірі болып табылады. Ол өнер тарихы, философия, этика, эстетика, этномәдениеттану және т.б. гуманитарлық пәндерге негізделеді. Өзінің тұлғасын жетілдіру және шығармашылық потенциалын жүзеге асыру үшін мәдениет тарихын ар түрлі қырынан қарастыру қажет. Сондықтан да «Әлемдік мәдениет тарихы» курсын философия мен мәдениеттану тарихының теориялық және тарихи негізін оқымай түсінуге болмайды. Философия жалпы мәдениет теориясы, мәдениет тарихы, әлемдік көркем ой, ХХ ғ. мәдениеттануы және т.б. секілді мәдениеттану пәндерінің теориялық-методологиялық негізі болып табылады.



5.Тапсырманың орташа орындалу уақыты:

Бір тапсырманың орындалу уақыты – 1,5 минут.



6. Тестiнiң бiр нұсқасындағы тапсырмалар саны:

Тестiнiң бiр нұсқасында – 25 тапсырма.

Күрделілік деңгейі бойынша тесттік тапсырмалар жеңілге (1-ші деңгей) - 8 тапсырма (32%), орташаға (2-ші деңгей) - 11 тапсырма (44%), қиынға (3-ші деңгей) - 6 тапсырма (24%) бөлінеді.

7.Тапсырманың формасы:

Тест тапсырмалары берілген жауаптар нұсқасының ішінен бір немесе бірнеше дұрыс жауапты таңдауды қажет ететін жабық формада ұсынылған.



Нұсқау: Таңдалған жауап Жауап парағындағы тиісті дөңгелекшені толық бояу арқылы белгіленеді.

8. Тапсырманың апробациясы:

Тест Қазақстан Республикасының әр аймағындағы жоғары оқу орындарының бітіруші курс студенттеріне апробацияланады.


Достарыңызбен бөлісу:


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет