«Түркі тілдерінің салыстырмалы грамматикасы» пәні бойынша


ТАҚЫРЫБЫ: Дауыссыз дыбыстар жүйесі



бет4/11
Дата25.04.2016
өлшемі2.02 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

ТАҚЫРЫБЫ: Дауыссыз дыбыстар жүйесі

(1 сағат)
Жоспары:

1.Казіргі түркі тілдеріндегі дауыссыз дыбыстар.

2.Дауыссыз дыбыстардын қолданылуындағы өзгерістер.
Пайдаланған әдебиеттер.

Негізгі:

1.Ә.Н.Нұрмаханова. Түркі тілдерінің салыстырмалы грамматикасы.А,1971. 2.Ғ.Айдаров. Күлтегін ескерткіші. А,1999.

3.Ғ Айдаров, Ә құрысжанов, М.Романов. Көне торік жаба ескерткіштерінің тілі. А,1971.

4.К. Мелиев. Хор ерги туркий тилларида харакат нами лари.Т,1969. 5.Ә.Хасенов. Тіл білімі 1996.

6.М. Романов. Түркі тілдерінің салыстырмалы грамматикасы.А ,1992. 7.Серебреников.Б.А.,ГаджиеваН.З. Сравнительно- историческая грамматика тюркських языков. М,1986.

8. Строй ууйгурского язика. А, 1986.

9. Хор ерги узбек араби тили. Т,1965

Қосымша:

1.Қазақ тілінің грамматикасы. Морфология. А,1967

2. Қазақ тілінің грамматикасы . Синтаксис. А,1967

3. Киргиз тілінің грамматикасы . Морфология. Ф,1964.

4. Ғуламов. А, Аскаров .А. Хор ерги узбек адаби тили. Т,1965

5.Северртян. Э . В. Этимологически словарь тюркских языков. М,1978.

6.Торік тілдерінің екі тілді сөздіктері қажетіне қарай.
Лекцияның мәтіні:

1. Қазіргі түркі тілдеріндегі дауыссыз дыбыстардың құрамында өзгешеліктен гөрі ұқсастықтар көбірек сақталған. Бұл жағдай қазіргі тілдерді Орхон- енесей ескерткіштерінің дауыссыз дыбыстар құрамымен салыстырғанда анық байқалады. Орхон- енесей ескерткіштер тіліндегі дауыссыз дыбыстар: б,г,д,з,й,к,л,н,ң,п,р,с,т,ч,ш,; ал в,х,ф,һ,ж,(дж),ц дауыссыздары кездеспейді, г,д,р,л,п дауыссыздары сөздін басында қолданылмайды., сөздін аяғында барлық дауыссыздар келе береді. Дауыссыз дыбыстар салыстырылып зерттелгенде, бір жағынан қазіргі тілдерге, екінші жағынан, көне түркі тілдеріне назар аударылады, сонда ғана дауыссыз дыбыстардың ұқсастығы мен өзгешелігі, олардың заңдылығы байқалады. Бұны Орта Азия мен Қазақстан тілдерінің дауыссыз дыбыстарын бір- бірімен салыстырғанда көреміз:

Қазақ тілінде: б,в,г,ғ,д,ж,з,й,к,қ,л,м,н,ң,п,р,с,т,у,ш,һ,ф,х,ц,ч.

Қарақалпақ тілінде: б,в,г,ғ,д,ж,з,й,к,қ,л,м,н,ң,п,р,с,т,у,ф,х,ц,ч,ш,щ.

Қырғыз тілінде: б,в,г,д,ж,з,й,к,л,м,н,ң,п,р,с,т,ф,х,ц,ч,ш,щ.

Түркімен тілінде:(ғ,қ,һ- жоқ)

Демек, дауыссыз дыбыстар қазақ тілінде- 26,қарақалпақ тілінде –26,қырғыз тілінде-22, өзбек тілінде-23, ұйғыр тілінде- 24, түркімен тілінде- 22 әріппен беріледі. Бұл қазіргі әдеби тілдерде қолданылып жүрген дауыссыз әріптер қай тілдің болсада өзіне тән өзгешелігімен қатар жалпы түркілік тектестігін сақтағандығы байқалады.

2. Салыстырылған тілдерде дауыссыз дыбыстардың қолданылуында біршама өзгерістер сезіледі. Оғуз тілдерінде сөздің басында д,г,ғ, дыдыстары басым қолданылса, қыпышақ тілінде олай емес: ғызық-қызық, гөр(көр), гөк(көк).

Қазақ, қарақалпақ тілдерінде сөз басында ж қолданылса, басқа тілдерде й қолданылады. Қазақ, өзбек тілдерін салыстырсақ: жігіт- йигит, жолдас- йулдаш. Сондай- ақ с мен ш дауыссыз дыбыстары да осындай: іс- шй, жас- еш, сондай- шундай,. Қазақ тілін қырғыз тілімен салыстырсақ: с дыбысы орнына ш , ал ш дыбысы орнына ч дыбысының қолданылғанын көреміз.Есік- эшик, тас- таш, шебер- чебер, шаң- чаң, шөп- чөп, қаш – қач, т.б.
8 ЛЕКЦИЯ.

ТАҚЫРЫБЫ: Салыстырмалы морфология.

(1 сағат)

Жоспары:

1. Қазіргі қазақ тіліндегі сөз таптары

2. Атаушы сөздер

3. Түркі тілдеріндегі сөз таптары
Пайдаланған әдебиеттер.

Негізгі:

1.Ә.Н.Нұрмаханова. Түркі тілдерінің салыстырмалы грамматикасы.А,1971. 2.Ғ.Айдаров. Күлтегін ескерткіші. А,1999.

3.Ғ Айдаров, Ә құрысжанов, М.Романов. Көне торік жаба ескерткіштерінің тілі. А,1971.

4.К. Мелиев. Хор ерги туркий тилларида харакат нами лари.Т,1969. 5.Ә.Хасенов. Тіл білімі 1996.

6.М. Романов. Түркі тілдерінің салыстырмалы грамматикасы.А ,1992. 7.Серебреников.Б.А.,ГаджиеваН.З. Сравнительно- историческая грамматика тюркських языков. М,1986.

8. Строй ууйгурского язика. А, 1986.

9. Хор ерги узбек араби тили. Т,1965

Қосымша:

1.Қазақ тілінің грамматикасы. Морфология. А,1967

2. Қазақ тілінің грамматикасы . Синтаксис. А,1967

3. Киргиз тілінің грамматикасы . Морфология. Ф,1964.

4. Ғуламов. А, Аскаров .А. Хор ерги узбек адаби тили. Т,1965

5.Северртян. Э . В. Этимологически словарь тюркских языков. М,1978.

6.Торік тілдерінің екі тілді сөздіктері қажетіне қарай.
Лекцияның мәтіні:

1. Сөз таптарының лексика-грамматикалық жасалу жолдарын салыстырып қарасақ,көптеген ұқсастықпен қатар кейбір айырмашылықтар да кездеседі. Сонын бірі осы таптарын бөлу мәселесі. Қазақ, түркімен тілдерінде –9, қарақалпақ тілінде –10,қырғыз тілінде –11,ұйғыр тілінде –12, ал басқа түркі тілдерінде бұлардан аз да, көп те болып кездеседі.

Көпшілік түркі тілдерінде барлық сөз таптарының негізіне сөздердің семантикалық және морфологиялық белгілерін алады. Қазақ тілінде сөз таптары атаушы сөздер, көмекші сөздер және одағайлар болып бөлінеді. Сөз таптарының ішінде ең көпшілігі де, негізгісі де атаушы сөздер болып есептеледі. Өйткені тіліміздің бүкіл сөз байлығының барлық шұрайлы да негізі де осы атаушы сөздер. Қазақ тілінде атаушы сөздер есімдер және етістіктер болып екі салаға бөлінеді. Бұл жөнінде А. Ысқақов былай дейді. Бірақ есімдер де іштей түп түгел бірдей емес. Мысалы зат есім, сын есім, сан есім ,есімдер де ішінара ұқсас бір-біріне тете болса, үстеу сөздер мен еліктеу сөздер ішінара бір-біріне жақын. Осыған орай шартты түрде есімдердің алғашқы тобын атаушы есімдер ,соңғы тобын үстеуші есім деген екі салаға жіктеуге болатын сияқты. Ал етістіктер өз алдына бір топ.

Көмекші сөздер жалғаулықтар, септеуліктер, демеуліктер болып үш топқа бөлінеді. Одағай сөздер адамның әр алуан көңіл күйі мен ішкі сезімін білдіретін сөздер болып өз алдана жеке қаралады.

Қазақ тілінде сөз таптары 9 түрлі. Қырғыз тілінде сөз таптары лексикалық және грамматикалық белгілеріне қарап, үлкен екі топқа бөлінеді. Мағына беруші сөздер, көмекші (кызматчы сөздер.

Мағына Беруші сөздер заттарды заттардың сын- сипатын, қимыл -әрекетін және басқа жақтарын білдірумен қатар сөйлем мүшесін қызметін атқарады деп көрсетеді.

Көмекші сөздер лексикалық мағынаға ие болмайды сөйлемде мүшелік қызмет атқармайды,тек негізгі сөздердің арасындағы байланысты білдіру үшін қызмет атқарады.

9 ЛЕКЦИЯ.



ТАҚЫРЫБЫ: Зат есім

(1 сағат)
Жоспары:

1. Түркі тілдеріндегі зат есімдер

2. Көптік жалғаулар

3. Септік жалғаулар
Пайдаланған әдебиеттер.

Негізгі:

1.Ә.Н.Нұрмаханова. Түркі тілдерінің салыстырмалы грамматикасы.А,1971. 2.Ғ.Айдаров. Күлтегін ескерткіші. А,1999.

3.Ғ Айдаров, Ә құрысжанов, М.Романов. Көне торік жаба ескерткіштерінің тілі. А,1971.

4.К. Мелиев. Хор ерги туркий тилларида харакат нами лари.Т,1969. 5.Ә.Хасенов. Тіл білімі 1996.

6.М. Романов. Түркі тілдерінің салыстырмалы грамматикасы.А ,1992. 7.Серебреников.Б.А.,ГаджиеваН.З. Сравнительно- историческая грамматика тюркських языков. М,1986.

8. Строй ууйгурского язика. А, 1986.

9. Хор ерги узбек араби тили. Т,1965

Қосымша:

1.Қазақ тілінің грамматикасы. Морфология. А,1967

2. Қазақ тілінің грамматикасы . Синтаксис. А,1967

3. Киргиз тілінің грамматикасы . Морфология. Ф,1964.

4. Ғуламов. А, Аскаров .А. Хор ерги узбек адаби тили. Т,1965

5.Северртян. Э . В. Этимологически словарь тюркских языков. М,1978.

6.Торік тілдерінің екі тілді сөздіктері қажетіне қарай.
Лекцияның мәтіні:

1. Қазақ тілінде зат есім, қарақалпақ тілінде атлық, қырғыз тілінде зат атооч, өзбек тілінде — от, ұйғыр тілінде исим, түрікмен тілінде — ат болып аталады. Басқа да түркі тілдер сияқты салыстырылған тілдерде зат есімдер заттық ұғымға ие болған, өз алдына дербес мағыналы сөздер болып есептеледі. Олардың түрлері сан алуан. Олар затты, табиғат құбылыстарын, оқиғаларды, өмірдің әр түрлі көріністерінің қай саласын болса да өз ішіне алады. Бұл зат есімнің өрісінің кең екендігін көрсетеді. Сондай сан алуан заттық үғым білдіретін сөздердің көпшілігі мағынасы бойынша бір-біріне жақын болып келеді. Зат есімдер басқа сөздермен грамматикалық байланысқа түсу үшін көптік, септік және тәуелдік жалғауларын қосып алады. Бұлардан басқа сөз тудыратын және форма тудыратын жұрнақтар да зат есімдерге қосылады.



2. Көптік жалғаулар

Қазақша -лар, -лер, -тар, -тер, -дар, -дер;

Қарақалпақша -лар, -лер;

Қырғызша -лар, -лер, -лор, -лөр, -тар, -тер, -тор, -төр, -дар, -дер, -дор, -дөр;

Өзбекше -лар;

Ұйғырша -лар, ләр;

Түрікменше -лар, -лер;

Мысалдар:



Төрелер амалсыздан таңдау бергенде Салиқа қүрығын ер жетіп қалған қайнысы Жақыпқа салған. (С. Мұқанов.)

Қарақалпақ тілінде: Мен жигитлерди айырып айтқанға Улмекенниң кеулине тийдиме деп ойладым. (Т. Жумамыратов.)

Қырғыз тілінле: Тышчтангыла, агайындар, азыр өкүлдөр шайланат! (Т. Сыдыкбеков.)

Өзбек тілінде: Кеча бетончилар хайдаб юборгандан кейин, шу ерга қуйишган экан. (Аскад Мухтор.)

Үйғыр тілінде: Балилар ач! Өйдә бир чишләм нан йоқ/ (Ң. Исрайилов.)

Түрікмен тілінде: Ики йузе голай шадыян чагалар павильонлардан чыкып, спорт мейданчасына бараярлар. (Түркмен ди-линен.)

Қейбір жағдайларда көптік жалғаулары айтушының қүрмет-іззетін білдіру үшін жеке мағынадағы зат есімге де қосылады:

Ойинглар яхшими? Аданглар яхшими? (Мирмухсин.)

Қазақ тілінде: — Апаңдар жақсы ма? Ағаңдар жақсы ма?

3. Септік жалғаулары

Зат есімдер басқа сөздермен қарым-қатынасқа түсу үшін септік жалғауларын қосып алады. Септік жалғаулары карақалпақ тілінде сеплик, қырғыз тілінде — жөндөмө, өзбек тілінде — келиш, ұйғыр тілінде — келишик, түрікмен тілінде — дүшим болып аталады.

Салыстырып зерттеген тілдердің көпшілігінде септік жалғаулардың саны — 6, ал қазақ, қарақалпақ тілдерінде — 7. Ол — көмектес септігі. Көмектес септігінің қызметін атқаратын қазақ тіліндегі мен (менен), бен (бенен), пен (пенен) жалғауының басқа тілдерде барлығы сезіледі. Олай болса көмектес септігі басқа тілдерде де өзінің орнын табуы мүмкін.

1) Қазақ тіліндегі септік жалғаулары:

1. Атау (Қім? не?).

2. Ілік –ның/-нің, -дың/-дің, -тың/-тің (кімнің? ненің?).

3. Барыс –ға/-ге, -қа/-ке (кімге? неге? қайда? қай жерге?).

4. Табыс –ны/-ні, -ды/-ді, -ты/-ті (кімді? нені? не?).

5. Жатыс –да/-де, -та/-те (кімде? неде? қайда? қашан?).

6. Шығыс –дан/-ден, -тан/-тен, -нан/-нен (кімнен? неден? қайдан? қашаннан?).

7. Қөмектес -мен (-менен), -бен (-бенен), -пен (-пенен) (кім-мен? немен? қалай?).

Біз қарақалпақ тіліндегі септік жалғауларының үлгісін келтірмедік, өйткені қазақ тіліне өте ұқсас. Екеуінің айырмасы тек әріптердің өзгешелігінде және кейбір септік жалғаулардың аталуында: атау сеплиги, иелик сеплиги, көмеклес сеплиги т. б.

2) Узбек тилидаги отларнинг келишик категориясы.

1. Бош (ким? нима?).

2. Қаратқич -нинг (кимнинг?) киманинг?).

3. Тушум -ни (кимни? нимани?).

4. Жуналиш -га, -ка (кимга? нимага?).

5. Урин-пайт -да (кимда? нимада?).

6. Чиқиш -дан (кимдан? нимадан? қаердан?).

3) Уйгур тилиде келиш категорияси.

1. Баш келиш (ким? немә?).

2. Егилик -ниң (кимниң? неминиң?).

3. Чүшүм -ни (кимни? немини?).

4. Бериш -ға, -гә, -қа, -кә (кимгә? немигә?).

5. Чиқиш -дин, -тин (кимдин? немидин? нәдин? қәйәрдин? қачандин?).

6. Орун-вақит -да, -дә, -та, -тә (кимдә? нәмидә? нәдә? қачан?).

4) Түрікмен дилидә дудумлериң атлары.

1. Баш (ким? нәме? нире?).

2. Әелик -ыңі-иң, -уң/-үң, -ның/-ниң (кимниң? нәмәниң? ни-рәниң?). '

3. Йөнелиш –а/-е, -на/-не (киме? нәмә? нирә?).

4. Ениш -ы/-и, -ны/-ни (кими? нәмәни? нирәни?).

5. Вагт орун -да/-де, -нда/-нде (кимде? нәмеде? ниреде?).

6. Чыкыш -дан/-ден, -ндан/-нден (кимден? нәмеден? нире-ден?). .

5) Кыргыз тилинде жөндемөлөдүн мааниси.

1. Атооч жөндөмөсү — ким? эмне?

2. Илик –нын/-нин, -нун/-нүн, -дын/-дин, -дун/-дүн, -тын/-тин, -тун/-түн.

3. Барыш -га/-ге, -ка/-ке, -го/гө.

4. Табыш –ны/-ни, -ды/-ди, -ру/-дү, -ты, -ти, -ту.

5. Жатыш –да/-де, -до/-дө, -та/-те.

6. Чығыш –дан/-ден, -дон/-дөн, -тан/-тен, -тон/-төн, -нан/-нен, -нөн/-нон.

Міне біз салыстыра зерттеген тілдердегі септік жалғауларын көзден еткіздік. Егер де үндестік зақы мен кейбір фонетикалық өзгерістерді есепке алмасақ, бір-біріне жалпы ұқсастық сезіледі.

Осымен қатар септік жалғауларын салыстырып қарасақ, әрбір тілдің аз ба, көп пе айырмашылығы да бар.

Зат есімдердің септелу үлгілерін салыстырып қарасақ, төмендегілерді байқауға болады:

1. Қарақалпақ, қазақ тілдері сингармонизм заңын сақтап, зат есімнің соңғы дыбысы қатаң дыбыс болғаңдықтан, қатаң дауыссыз дыбыстардан басталған жалғаулар, ал үяң дауыссыздардан соң, үяң дауыссыздан басталған жалғаулар қосылған.

2. Өзбек тілінде сингармонизм заңы сақталмаған, сондықтан септік жалғаулары зат есімге тікелей қосыла береді.

3. Қырғыз тілінде сөздің түбірі көбірек қос дауыстыларға бітсе, созылып айтылады да, септік жалғауында да дауыстылар үндестігі сақталады. Оның үстіне ілік септігінің жалғаулары — -ның/-нин, -дың/-дин, -тын/-тин т. б. түрінде қосылады.

Зат есімдердің септелу үлгісі:

Зат есімдердің септелу үлгісі

Қазақ тілінде

Қарақалпақ тілінде

Қырғыз

тілінде


Өзбек тілінде

Ұйғыр тілінде

Түрікмен

тілінде


ат

ат-тың ат-қа

ат-ты ат-та ат-тан ат-пен

су

су-дың су-ға

су-ды

су-да

су-дан

су-мен

ат

ат-тың ат-қа

ат-ты ат-та

ат-тан ат-пенен

суу

суу-дың суу-ға

суу-ды суу-да

суу-дан суу-менен

ат

ат-тын ат-ка

ат-ты

ат-та

ат-тан

-

суу

суу-нун суу-га

суу-ну

суу-да

суу-дан

-

от

от-нинг от-га от-ни от-да от-дан

-

сув

сув-нинг сув-га сув-ни сув-да сув-дан

-


ат

ат-нин ат-қа ат-ни ат-та ат-тин

-

су

су-ниң су-ға

су-ни

су-да

су-дин

-

ат

ат-ық

ат-а

ат-ы

ат-да

ат-дан

-

сув

сув-уң

сув-а

сув-ы

сув-да

сув-дан

-

Бұл - Орта Азия мен Қазақ тілдерінің ешқайсысында кездеспейді. Мысалы: Досуңа сырыңды айтпа, досундун досу бар. (Мақал.) Қазақ тілінде: Досыңа сырыңды айтпа, досыңның досы бар.

4. Түрікмен тілінде барыс септігі -а, -е түрінде қолданылады: базара, шәхере (Марат колхоза гитди. Эжеси Тәзегүле кэйнек алды. Қазақ тілімен салыстырсак: базара базарға, шәхере— шэхерге, колхоза, колхозға, ТәзегүлеТазагүлге).
10 ЛЕКЦИЯ.

ТАҚЫРЫБЫ: Тәуелдік жалғауы.

(1 сағат)
Жоспары:

1. Салыстырылған тілдерден тәуелдік жалғаулары.

2. Көне түркі жазба ескерткіштерде қолданылуы.

3. Түркі тілдерінде зат есімдердің тәуелдік форма арқылы байланысу тәсілдері.
Пайдаланған әдебиеттер.

Негізгі:

1.Ә.Н.Нұрмаханова. Түркі тілдерінің салыстырмалы грамматикасы.А,1971. 2.Ғ.Айдаров. Күлтегін ескерткіші. А,1999.

3.Ғ Айдаров, Ә құрысжанов, М.Романов. Көне торік жаба ескерткіштерінің тілі. А,1971.

4.К. Мелиев. Хор ерги туркий тилларида харакат нами лари.Т,1969. 5.Ә.Хасенов. Тіл білімі 1996.

6.М. Романов. Түркі тілдерінің салыстырмалы грамматикасы.А ,1992. 7.Серебреников.Б.А.,ГаджиеваН.З. Сравнительно- историческая грамматика тюркських языков. М,1986.

8. Строй ууйгурского язика. А, 1986.

9. Хор ерги узбек араби тили. Т,1965

Қосымша:

1.Қазақ тілінің грамматикасы. Морфология. А,1967

2. Қазақ тілінің грамматикасы . Синтаксис. А,1967

3. Киргиз тілінің грамматикасы . Морфология. Ф,1964.

4. Ғуламов. А, Аскаров .А. Хор ерги узбек адаби тили. Т,1965

5.Северртян. Э . В. Этимологически словарь тюркских языков. М,1978.

6.Торік тілдерінің екі тілді сөздіктері қажетіне қарай.
Лекцияның мәтіні

Тәуелдік жалғауы қарақалпақ тілінде мен шиклеу, қырғыз тілінде таандық, өзбек тілінде эгалик, ұйғыр тілінде егилик, түркімен тілінде йөңкеме категориясы болып аталады. Бұл салыстырылған тілдердің барлығында да зат есімнің тәуелдік ұғымды білдіру және жасалу тәсілдері бір-біріне өте жақын, бәрінде де белгілі бір заттың үйленуші үш жақтың біріне тиісті екендігін білдіретін категория болып есептеледі.

Түркі тілдерінде тәуелділік ұғымды білдіретін жұрнақтар ерте кезден-ақ қолданылған – XI ғасырдың жазба ескерткіштерінде зат есімдер І-ІІ-ІІІ жақ тәуелдік жалғаулармен айтылғандығын көруге болады: йулин (жолын), сузим (сөзім), юзум (жүзім), сучитти сузи хам севитти узи (Құтадғу білік). Мұндай мысалдарды V-VIII ғасырлардағы Орхон – енисей ескерткіштерінен, М. Қашқаридың “Диуани лұғат ат-түрк” және XII-XVI ғасырдың жазба мұраларында де көп көптеп кезд болады.

Түркі тілдерінде зат есімдердің тәуелдік форма арқылы байланысуы үш түрлі тьәсілмен беріледі:



    1. морфологиялық тәсіл – тәуелдік мағына білдіретін жұрнақ арқылы.

    2. Синтаксистік тәсіл – ілік септігінде тұрған, тек жіктеу есімдік арқылы.

    3. Морфология және синтаксис тәсілдің бірігуі арқылы.

Зат есімдер морфологиялық тәсіл арқылы байланысқанда, оған тәуелдік жалғаулары қосылады да, меншіктелуші заттың белгілі бір жаққа тәуелді екендігін көрсетеді. Бұл жағдайда алғашқы иеленуші формаға ілік жалғауы қосылып айтылуы шарт емес.

Тәуелді жалғауларының қосымшалары:

Қаза тілі –м, -ым, -ім -ң, -ңыз, -ңіз -сы, -сі, -ы,-і

-ың, -ің, -ыңыз, -іңіз

Қарақалпақ тілі - м, -ым, -им -ң, -ңыз, -ңйз -сы, -си, -ы,-и

Қырғыз тілі - м, -ым, -им -ң, -ңыз, -иңиз -сы, -си, -ы,-и

Өзбек тілі -м, -им -нг, -инг -си, -и

Ұйғыр тілі - м, -им, -ум, -үм -ң, -иң, -уң, -үң -си, -и

-ңиз, -иңиз

Түркмен тілі - м, -ым, -им -ң, -ың, -иң, -уң, -үң -сы, -си, -ы, -и
2). Тәуелдік мағынаны беру синтаксистік тәсілмен жасалғанда есім сөздер ілік септік жалғауын қосып алады да, анықталатын (иеленетін) сөзбен қатар тіркесіп айтылады. Бұл жағдайда анықталатын зат есім ешқандай қосымшасыз тұрады да, алдыңғысы анықтаушы мүше болып есептеледі.


Қазақ тілі

Қарақалпақ тілі

Қырғыз тілі

Өзбек тілі

Ұйғыр тілі

Түркмен тілі

біздің кітап

бизиң китап

Биздин китеб

Бизнинг китоб

Бизниң китап

Бизиң китап

3). Тәуелді ұғымды білдірудің тағы бір тәсілі – аралас тәсіл. Бұл жағдайда анықтаушы сөз ілік септіктерде тұрады да, анықтаушы зат есім тәуелділік жалғауды қосып алады: біздің мектебімі, көршінің иті т.б. Бұлардан басқа да тәуелдеу ұғым тудыратын –нікі, -дікі, -тікі жұрнағы тарихи жақтан ілік септігінің жалғауларына –кі, -қы, -ғы, -гі жұрнағы қоысылып пайда болған.


11 ЛЕКЦИЯ.



ТАҚЫРЫБЫ: Сын есімнің шырай категориясы.

(1 сағат)
Жоспары:

  1. Түркі тілдеріндегі шырай категориясы.

  2. Ғалымдардың көз қарастары.

  3. Шырайлардың түрлері.

  4. Түркі тілдеріндегі сын есімді салыстырмалы зерттеу.


Пайдаланған әдебиеттер.

Негізгі:

1.Ә.Н.Нұрмаханова. Түркі тілдерінің салыстырмалы грамматикасы.А,1971. 2.Ғ.Айдаров. Күлтегін ескерткіші. А,1999.

3.Ғ Айдаров, Ә құрысжанов, М.Романов. Көне торік жаба ескерткіштерінің тілі. А,1971.

4.К. Мелиев. Хор ерги туркий тилларида харакат нами лари.Т,1969. 5.Ә.Хасенов. Тіл білімі 1996.

6.М. Романов. Түркі тілдерінің салыстырмалы грамматикасы.А ,1992. 7.Серебреников.Б.А.,ГаджиеваН.З. Сравнительно- историческая грамматика тюркських языков. М,1986.

8. Строй ууйгурского язика. А, 1986.

9. Хор ерги узбек араби тили. Т,1965

Қосымша:

1.Қазақ тілінің грамматикасы. Морфология. А,1967

2. Қазақ тілінің грамматикасы . Синтаксис. А,1967

3. Киргиз тілінің грамматикасы . Морфология. Ф,1964.

4. Ғуламов. А, Аскаров .А. Хор ерги узбек адаби тили. Т,1965

5.Северртян. Э . В. Этимологически словарь тюркских языков. М,1978.

6.Торік тілдерінің екі тілді сөздіктері қажетіне қарай.
Лекцияның мәтіні
Түркі тілдерінде сын есімдер және оның шырай катерориясы зерттеліп, белгілі бір жүйеге түскендігі анықталады. Салыстырылған тілдерде сын есім және оның шырай категориялары бір – біріне ұқсас болуына қарамастан оларды таптастыру мәселесеінде біргелкі пікірлер жоқ.

Ғ.Ғ. Мусабаевтың “Қазақ тіліндегі сын есімнің шырайлары” деген еңбегінде салыстырмалы шырай бәсең шырай, шағын шырай, күшейтпелі шырай, үдеттпелі шырай деп беске бөлгендігін көреміз. Ж. Шакенов “Қазіргі қазақ тіліндегі сын есім категориясы” деген еңбегінде кейбір анықтаулар кіргізіп жай шырай, бәсең шырай, күшейтпелі шырай, таңдаулы шырай деп беске бөледі.

А. Ысқақов “Шырайлар жөніндегі” барлық пікірлерді жинақтай отырып қазақ тіліндегі шырайларды төрт түрге бөледі. 1) жай шырай, 2) салыстырмалы шырай, 3) күшейтпелі шырай 4) асырмалы шырай

Н. А. Баскаков қарақалпақ тілінде : 1) положительная 2) усилительная 3) сравнительная 4) интенсивная 5) превосходная деп беске бөледі.

Ал қырғыз тілінде салыстырмалы жана кучотма даража деп екіге бөледі.

А. Н. Кононов өзбек тілінде сын есім шырайларын сравнительная и превосходная деп екіге бөлсе, Хозирги узбек адабий тилинде 1) ортттирма даража 2) чоғиштирма даража 3) өз айтирма деп үшке бдөледі.

Ұйғыр тілінде де қазақ тілі сияқты төртшырайға бөледі. 1) аддий даража, 2) семиштириш даража 3) ашурма даража 4) камситиш даража

Түркмен тілінде кемлік дережеси артыклық дережеси болып екіге бөлінеді.

Жай сырай (қаз) аддий даража (уйғыр) деп аталатын сын есімнің негізгі формасын білдіретін ақ, сары, көк, аласа сияқты сөздердің белгілі бір форма өзгертетін жұрнақтары болмасада өздерінің табиғатында реңдік бояулар аз емес.

Тағы бір кеңінен қолданылатын және барлық түркі тілдерінде өзін танытқан салыстырмалы шырай болып есептелінеді.

Қазақ, қарақалпақ тілдерінде –рақ, -рек, -ырақ, -ирек жұрнақтары: сарырақ – ыраак, - раак жұрнақтары фонетикалық нұсқалармен қосылады: сулуурак, жакшыраак, узунураак тб.

Уйғыр тілінде –рақ, -рәк, -ирак, -ирәк яхширақ, толуғирақ.

Өзбек тілінде –рак, -рәк, жұрнақтары: гөгрек, яшрак,тб. Түркі тілдерінде сындық белгіні күшейте түсу үшін сын есімге тән үстеме буын қосылып айтылады. Бұл үстеме буын дербек мағына бермесе де өзі тіркелетін сын есімнің алдында келеді де, оның мағынасын күшейтеді:

Қазақ тілінде: аппақ, қап – қара, қып – қызыл, жап – жасыл, көкпеңбек т.

Қырғыз тілінде: аппак, капкара, кыпкызыл, жапжасыл, көпкөк тб.

Өзбек тілінде: оппоқ, қоп- қора, қип – қизил, ям – яшил, кум – кук тб.

Уйғыр тілінде: аппақ, қап – қара, қип – қизил, яп – йешил, көп – көк.

Түркмен тілінде: ап – ак, гап – гара, гып – гызыл, гөм – гөг тб.

Сол сияқты қазақ тіліндегі асырмалы шырай, қырғыз тіліндегі ашырма жаража деп аталған шырайларда қалған тілдерден өз орнын табу керек. Өйткені тіл факттыларына қарасақ, сын есімнің асырмалы шырайы барлық тілде де қолданылып жүр.
12 ЛЕКЦИЯ.

ТАҚЫРЫБЫ: Сан есім

(1 сағат)
Жоспары:

1. Түркі тілдеріндегі сан есімдер

2. Орхон-енисей және ХІ ғ. ескерткіштеріндегі сан есімдер

3. Орхон-енисей мен қазіргі түркі тілдеріндегі сан есімдерді салыстыру
Пайдаланған әдебиеттер.

Негізгі:

1.Ә.Н.Нұрмаханова. Түркі тілдерінің салыстырмалы грамматикасы.А,1971. 2.Ғ.Айдаров. Күлтегін ескерткіші. А,1999.

3.Ғ Айдаров, Ә құрысжанов, М.Романов. Көне торік жаба ескерткіштерінің тілі. А,1971.

4.К. Мелиев. Хор ерги туркий тилларида харакат нами лари.Т,1969. 5.Ә.Хасенов. Тіл білімі 1996.

6.М. Романов. Түркі тілдерінің салыстырмалы грамматикасы.А ,1992. 7.Серебреников.Б.А.,ГаджиеваН.З. Сравнительно- историческая грамматика тюркських языков. М,1986.

8. Строй ууйгурского язика. А, 1986.

9. Хор ерги узбек араби тили. Т,1965

Қосымша:

1.Қазақ тілінің грамматикасы. Морфология. А,1967

2. Қазақ тілінің грамматикасы . Синтаксис. А,1967

3. Киргиз тілінің грамматикасы . Морфология. Ф,1964.

4. Ғуламов. А, Аскаров .А. Хор ерги узбек адаби тили. Т,1965

5.Северртян. Э . В. Этимологически словарь тюркских языков. М,1978.

6.Торік тілдерінің екі тілді сөздіктері қажетіне қарай.
Лекцияның мәтіні
Қазақ тілінде сан есім, қарақалпақ тілінде санлық, қырғыз тілінде сан атооч, өзбек тілінде сон, ұйғыр тілінде сан, түрікмен тілінде сан деп аталады. ,

Сан сөзінің өзі Орхон-енисей ескерткіштерінде де сан деп қолданылған.

Салыстыра зерттеген түркі тілдердің барлығында да сан есімдер заттың немесе заттық үғымды білдіретін сөздердің санын, ретін, мөлшерін білдіру үшін қолданылады. Сан есімдер өзінің лексика-грамматикалық.функциясы бойынша қазақ, қарақалпақ, қырғыз, өзбек, ұйғыр, түрікмен тілдерінде бәріне де ортақ. Бұл сан есімдердің ерте дәуірлерден-ақ жалпы түркі тілдік қасиетке ие болғандығын дәлелдейді. Орхон-енисей ескерткіштеріндегі сан есімдердің қолданылуын қазіргі түркі тілдермен салыстырсақ, жалпы тектестік сақталғандығы байқалады. Мысалы: Орхон-енисей ескерткішінде — тоқуз деп айтылса, қазіргі қазақ, қарақалпақ тілдерінде — тоғыз, қырғыз тілінде — тоғуз, өзбек тілінде — туққиз, ұйғыр тілінде — тоққуз, түрікмен тілін-дё — докуз т. б.

Сол сияқты XI ғасыр ескерткіштерінде де сан есімдердің айтылуында кейбір өзгерістердің барлығы көрсетілген. Махмуд Қашқари «Девону луғотит түркте» бир және бийр, ики, -икки түрінде қолданылғанын көрсетеді. Бұл жағдайда біріншісі қысқа, екіншісі созылып айтылатындығы сезіледі. «Қутадғу білікте» де бір сан екі вариантта қолданылған:



Киши икки турлук киши отанур;

Бири угратигли, бири угранур

Ики дан нару барча йилқи сони,

Тиласа муни тут тиласа ани'.

Орхон-енисей жазуларында реттік санды білдіруші -үнч, -ынч, -инч қосымшаларын қосып алып, үчүнч, алтынч, йетинч болса, қазіргі тілдерде үиіінші, алтыншы, жетінші (қаз.), үшин-ши, алтыншы, жетинши (қарақ.), үчүнчү, алтынчы, жетинчи (кырғ.) учинчи, олтинчи, еттинчи (өзб.), үчинчи, алтинчи, йәттинчи (ұйғ.), үчүнжи, алтынжы, единжи (түрікм.) т. б.

Реттік санды білдіру үшін осындай -унч, -инч қосымшалары XI ғасыр ескерткіштерінде қолданылған: турт+унч, беш+инч т. б.

Демек, ескі түркі тілдермен қазіргі тілдерді салыстырғанда, сан есімдер негізінен фонетикалық өзгерістерге ғана ұшырағандығы сезіледі. Бұл фонетикалық өзгешеліктер бір тілді екшші тілден ажыратудағы негізгі белгінің бірі. Бұл жағдай өте заңды, өйткені әрбір тілдің жалпы және өзіндік даму заңы бар, сол өзіндік заңдылық сан есімдер системасында да сақталған (тоғыз, тоғуз, туққиз, докуз). Бүл әр тілдің өзіне тән фонетикалық өзгерістерін тек оның реттік сандарында ғана емес, қосымшалар қосылғанда анық сезіледі.

Жалпы алғанда сан есімдер өзінің лексикалық-грамматикалық функциясы бойынша өзгешеліктерден гөрі ұқсастыққа ие.

Орхон-енисей тілдеріндегі сан есімді қазіргі түркі тілдерімен салыстырып қарайық:





Орхон-енисей ескерткіш-

терінде



Қазіргі

қазақ


тілінде

Қазіргі қарақалпақ

тілінде


Казіргі

қырғыз


тілінде


Қазіргі өзбек

тілінде


Қазіргі

ұйғыр


тілінде

Қазіргі

түркімен


тілінде











































Бір

бір

бир

Бир

бир

бир

бир

екі, экі

екі

еки

Эка

икки

икки

ики

Үч

үш

үш

Үч

уч

үч

үч

төрт

төрт

төрт

төрт

турт

төрт

дөрт

беш, біш

бес

бес

Беш

беш

бәш

бзш

алты

алпгы

алты

Алты

олти

алтэ

алты

йеті

жеті

жепгі

Жети

етти

йәттә

еди

секіз

сегіз

сегиз'

сегиз

саккиз

сәккиз

секиз

токуз

тоғыз

тоғыз

тогуз

туққиз

тощуз

докуз

йегірмі

жиырма

жигирма

Жыйырма

йигирма

жигирмэ

йигрими

отуз

отыз

опгыз

отуз

уттиз

оттуз

отуз

қырқ

қырық

қырқ

кырк

щрщ

қириқ

кырк

еліг

елу

елли

Элүү

эллик

әллик

элли






















алтмыс

алпыс

алпыс

Алтымыш

олпгмиш

атмиш

алтмыш






















йетміш

жетпіс

жепгпис

Жетимиш

етмиш

йәтмиш •

етмиш

секіз он

сексен

сексен

Сексен

саксон

сжсән

сегсен

тоққуз он

пгоқсан

тоқсан

Токсон

туқсон

тоқсән

тогсан

йүз

жүз

жүз

Жүз

юз

йүз

йүз

бір, мің

мың

мың

Миң

минг

миң

мүң

түмен

он мщң

он мың

он миң

ун минг

он миң

онмүң

ілік

бірінші

биринши

Биринчи

биринчи

биринчи

биринжи \

бисинч

бесінші

бесинши

Бешинчи

бешинчи

бәшинчи

бэшинжіі'





















секизинч

сегізінші

секизинши

Сегизинчи

секкизинчи

Сәккизинчи

секизинжи . .

онунч

оныншы

оныншы

онунчу

унинчи

онинчи

онунжы

бір йегір-

он бірін-

онби-

он бирин-




он бирин-

он бирин-

минг

ші

ринши

Чи

ун биринчи

чи

Жи

йегірмінч

жиырма

жигирма

Жыйырми

йигирма

жигирма

йигрими




бірінші

бириниш

Биринчи

биринчи

биринчи

биринжи

Осындай сан есімдерді салыстырып қарау, олардың бір-біріне ұқсастығын, тектестігін көрсетеді. Осымен қатар сан есімдердің айтылуында кейбір өзгешеліктер де жоқ емес. Мысалы, алтай тілінде қырықты төртөн (төрт он), тува тілінде төртен (төрт он), елуді бежен (бес он), алпысты тува тілінде алдан (алты он), хакас — алтон, алтан; жетпісті тува чеден, хакас читон, алтай — іетен (жеті он), сегізді — сезен, сигізон, сегизен (сегі» он); тоқсан — тозан, тоғызон, тогузон деп қолданады.

Қазіргі тілдерде ондық алдында бірлік сандар соң айтылса, Орхон-енисей ескерткіштерінде, керісінше, әуелі бірліктер, кейін ондықтар айтылған: бір йегірмінинч он бір, йеті йегірмі он жеті, бир отуз — жиырма бір, алтьс отыз жиырма алты, токуз*. еліг қырық тоғыз, токуз алтмыш елу тоғыз.

...Қамуғы біш отүз сүледіміз. Уч йегірмі сүңүшдіміз. Бас аяғы жиырма бес (рет) аттандық. Он үш рет соғыстық... Алты йегірмі йашыңа — он алты жасқа (келгенде)... Ұлұғ су екі йегірмі көп қолмен он екі жорьіқ жасадым'.

Тогуз элиг йашда токуз алтмыш эр өлүрмиш — қырық тоғыз жасында елу тоғыз батырды өлтірген. Күл-тігін... йити йегирмике учды — Күл-тігін он жетінші күнде өлді. Тогузынч ай йети отузка йог эржүртимиз тоғызыншы айдың жиырма жетінші күнін-де қойдық.

Ескі түркі тілдеріндегі бұл есеп Қытайдағы сары ұйғыр тілінде қазір де сақталған. Пэр йығырма он бір, пеш ығырма он бес, пэр отус жиырма бір. Сол сияқты сары ұйғыр тілінде ішкон жиырма, учон отыз, туртон (қырық), пісон (елу), алтон (алпыс), йетон (жетпіс), сақысон (сексен), тоқысон (тоқсан) болып қолданылады .

Он мың сан Орхон-енисей ескерткіштерінен бастап XVI ғасырдың әдеби мұраларында тумен, туман, жүз мың лэк, он миллион көрүр түрінде кездеседі.

Сан есімдердегі осындай кейбір езгешеліктер көптеген тюркологтардың назарын өзіне аударған.

Түркі тілдеріндегі сан есімдерді бір-бірімен салыстырсақ, олардың өзгешелігінен көрі ұқсастығы күшті. Соған қарамастан тілдердің даму процесінде кейбір лексикалық, фонетикалық, морфологиялық өзгешеліктер де кездеседі. Оны сан есімдердің семантика-морфологиялық классификацияларында көруге болады.

13 ЛЕКЦИЯ.



ТАҚЫРЫБЫ: Сан есімнің семантика-морфологиялық классификациясы

(1 сағат)


Каталог: CDO -> Sillabus
Sillabus -> Лекция : 15 сағат обсөЖ : 15 сағат Барлық сағат саны : 45 сағат Қорытынды бақылау : емтихан, 4 семестр
Sillabus -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Sillabus -> Хор жүргізу” пәні бойынша 5В010600-“Музыкалық білім” мамандығының студенттері үшін. ОҚУ-Әдістемелік кешен
Sillabus -> Арнайы семинар: “Абайдың ақын шәкірттері” пәні бойынша
Sillabus -> Лекция:: 18 сағат Семинар: 16 сағат СӨЖ: 11 сағат Барлық сағат саны: 45 сағат
Sillabus -> Лекция:: 34 сағат Семинар: 34 сағат СӨЖ: 22 сағат Барлық сағат саны: 90 сағат
Sillabus -> Лекция: 3 Практикалық/семинар: 6 СӨЖ: 99 Барлық сағат саны: 135 Аралық бақылаулар саны:
Sillabus -> Семинар: 248 сағат обтөЖ: 124 сағат ТӨЖ: 40 сағат Барлығы: 412 сағат І аб-30 балл ІІ аб-30 балл Емтихан-40 балл
Sillabus -> Лекция: 18 Семинар: 16 СӨЖ: 11 Барлық сағат саны: 45
Sillabus -> Лекция : 30 сағат обсөЖ : 30 сағат Барлық сағат саны: 90 сағат Аралық бақылау саны 2 60 балл


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет