«Түркі тілдерінің салыстырмалы грамматикасы» пәні бойынша


ТАҚЫРЫБЫ: Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері



бет8/11
Дата25.04.2016
өлшемі2.02 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

ТАҚЫРЫБЫ: Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері

(1 сағат)
Жоспары:

1. Түркі тілдеріндегі бастауыш.

2. Түркі тілдеріндегі баяндауыш.

3. Баяндауыштардың көне жазба ескерткіштерде қолданылуы.
Пайдаланған әдебиеттер.

Негізгі:

1.Ә.Н.Нұрмаханова. Түркі тілдерінің салыстырмалы грамматикасы.А,1971. 2.Ғ.Айдаров. Күлтегін ескерткіші. А,1999.

3.Ғ Айдаров, Ә құрысжанов, М.Романов. Көне торік жаба ескерткіштерінің тілі. А,1971.

4.К. Мелиев. Хор ерги туркий тилларида харакат нами лари.Т,1969. 5.Ә.Хасенов. Тіл білімі 1996.

6.М. Романов. Түркі тілдерінің салыстырмалы грамматикасы.А ,1992. 7.Серебреников.Б.А.,ГаджиеваН.З. Сравнительно- историческая грамматика тюркських языков. М,1986.

8. Строй ууйгурского язика. А, 1986.

9. Хор ерги узбек араби тили. Т,1965

Қосымша:

1.Қазақ тілінің грамматикасы. Морфология. А,1967

2. Қазақ тілінің грамматикасы . Синтаксис. А,1967

3. Киргиз тілінің грамматикасы . Морфология. Ф,1964.

4. Ғуламов. А, Аскаров .А. Хор ерги узбек адаби тили. Т,1965

5.Северртян. Э . В. Этимологически словарь тюркских языков. М,1978.

6.Торік тілдерінің екі тілді сөздіктері қажетіне қарай.
Лекцияның мәтіні

1. Бастауыш қарақалпақ тілінде баслауыш, қырғыз тілінде ээ, өзбек тілінде эга, ұйғыр тілінде егә, түрікмен тілінде эе деп аталады. Бастауыш негізгі тұрлаушы мүшенің бірі, ол сөйлемнің ешбір мүшелеріне бағынбайды.

Салыстырылған тілдердің барлығында да бастауыш өзінің тұлғасы және қызметі жағынан бірдей қызмет атқарады.

Мысалы: Мірдей ащы мысқыл Алдаберген сопының қақ жүрегіне қадалды. – қаз.

Бектемир хар вақт турли қуролларга зехн соларди. -өзб.

Мен Москвада нәхили гызыклы затлар гщрдум - түркмен.

Баяндауыш қарақалпақ тілінде баянлауыш, қырғыз тілінде баяндоч, өзбек тілінде кесім, уйғыр тілінде хәвәр, түркмен тілінде хабар деп аталады.

2. Түркі тілдерінде баяндауыштар – тұрлаулы мүшелердің бірі. Ол бастауышпен предикаттық байланысқа түсіп, оның қимылын, іс - әрекетін, күйін білдіреді.

Мысалы: Ауыл сыртынан ат дүбірі естілді – Қаз.

Ол әлі бир гапының тутаважындан тутан махалы өзүне гелді – Түркмен.

Салыстырылған қазақ және түрікмен тілдерінің мысалдарында баяндауыштар өз бастауыштарымен толық предикаттық қарым – қатнасқа түсіп, олардың іс - әрекетін, қимылын көрсетіп тұр.

Осымен қатар баяндауыштар өздеріне біраз модальділікті қосып алып тұр. Ол іс - әрекеттің қай кезде болғандығын, қалай болғандығын кімге тиісті екендігін анықтаумен қатар айтылған ойды тиянақтап сол сөйлемнің шекарасын белгілеп тұр. Баяндауыштың бұл қасиеті сөйлемнің аяқталғанын білдіріп, тыныс белгілерінің орнына жүретін сияқты.

3. Бұны әсіресе ертедегі әдебиет нұсқаларын әр түрлі ескерткіштерді зерттегенде байқауға болады. Бұл көбінесе етістіктен болған баяндауыштарға тән болып келеді.

Салыстырылған тілдерде баяндауыштар өзінің қызметі және мағынасы жағынан бір – біріне өте жақын ескі дәуірлерден келе жатқан тек местігін сақтағаны байқалады.

Орхон жазуларынан:

Оғуз Білге тамғачы келті- Оғыз Білге таңбалы келді.

Ұл йеме та балты – Еліміз қайта ел болды.

Өзүм қары болтым - өзім қартайдым.

Ұлұғ болтым – Ұлық болдым.

Бұл мысалдардағы келті – келді, болты – болды, болтым-болдым деген баяндауыштар он екі ғаыср бұрын болса да өз бастауыштарымен предикаттық байланысын сақтаған. Қазіргі түркі тілдерімен салыстырғанда, баяндауыштар тек қана фонетикалық өзгеріске түскендігі сезіледі. Бұл түркі тілдерінің барлығына тең фонетикалық заңдылық.


23 ЛЕКЦИЯ.

ТАҚЫРЫБЫ: Сөйлемнің тұрлаусыз мүшелері

(1 сағат)
Жоспары:

1. Салыстырылған тілдердегі анықтауыш

2. Салыстырылған тілдердегі толықтауыш

3. Толықтауыш жайлы зерттеушілердің пікірлері

4. Толықтауыштың түрлері
Пайдаланған әдебиеттер.

Негізгі:

1.Ә.Н.Нұрмаханова. Түркі тілдерінің салыстырмалы грамматикасы.А,1971. 2.Ғ.Айдаров. Күлтегін ескерткіші. А,1999.

3.Ғ Айдаров, Ә құрысжанов, М.Романов. Көне торік жаба ескерткіштерінің тілі. А,1971.

4.К. Мелиев. Хор ерги туркий тилларида харакат нами лари.Т,1969. 5.Ә.Хасенов. Тіл білімі 1996.

6.М. Романов. Түркі тілдерінің салыстырмалы грамматикасы.А ,1992. 7.Серебреников.Б.А.,ГаджиеваН.З. Сравнительно- историческая грамматика тюркських языков. М,1986.

8. Строй ууйгурского язика. А, 1986.

9. Хор ерги узбек араби тили. Т,1965

Қосымша:

1.Қазақ тілінің грамматикасы. Морфология. А,1967

2. Қазақ тілінің грамматикасы . Синтаксис. А,1967

3. Киргиз тілінің грамматикасы . Морфология. Ф,1964.

4. Ғуламов. А, Аскаров .А. Хор ерги узбек адаби тили. Т,1965

5.Северртян. Э . В. Этимологически словарь тюркских языков. М,1978.

6.Торік тілдерінің екі тілді сөздіктері қажетіне қарай.
Лекцияның мәтіні
1. Анықтауыш қарақалпақ тілінде анықлауыш, қырғыз тілінде анықтооч, өзбек тілінде аниқловчи, ұйғыр тілінде ениқлиғучи, түрікмен тілінде айыргычлар деп аталады.

Түркі тілдерінде анықтауыштар өздерінің, тұлғасы, атқаратын қызметі жағынан бір-біріне ұқсас. Барлық тілдерде де анықтауыштар сөйлемнің есімнен болған мүшелеріне тікелей қатысты болып, соның сындық сапасын, белгісін, мөлшер санын анықтайды, өзі анықтайтын сөзімен лексика-грамматикалық байланысқа түседі.

Мысалдар: Күнде бір мезгілде сары үрпек балапандарын ертіп, ақ қаз жайылымға кетіп бара жатады. (Ғ. Мүсірепов.) Зіл қара түнді жапсарынан сөге таң сызаттап келеді. ... Астындағы торы жорға ойын бұзбай тербей береді. (Ғ. Мұстафин.)- Қаз.

Ғариптен қара булутлар давалғуп, асманға көтирилди. Гүлжамалниң Бәхтиярдин айрилғиси йоқ. (Ж. Мусаев.)

Чирайлиқ яз кетип, йешиллиқ дунияси сериққа айлиниду. Сим-сим ямғур, узун, қараңғу күз келиши билән, биз мәлидә байиқи әски, қараңғу, зәй өйүмиздә... (Ө. Муһәммәдий) — ¥йғ.

Ак үзүм гызыл үзүм билен биле бишипдир. (Р. Сейидов.) Гара кече ак болмаз, көщ душмандос болмаз. (Мақал.)—Түрікм.

Түркі тілдерінде анықтауыш болып келетін негізінен сын есім, осымен қатар зат есімдер,. сан есімдер, етістіктің есімге жақын түрлері — қимыл есімдері, есімшелер т. б. Салыстырылған тілдерде анықтауыштың жасалу тәсілдерінде айтарлықтай өзгешеліктер сезілмейді. Осыған қарамастан әрбір тілдін өзіне тән кейбір өзгешеліктері де бар. Ол әрбір тілдің даму процесімен байланысты. Бұл — әсіресе ілік септеуінде тұрған анықтауыш пен анықталатын сөз тәуелдік жалғаудың үшінші.жағымен айтылғанда сезіледі.

Қырғьіз тілінде ілік септігінде тұрған анықтауыш -дин, -дын, -тин, -тын, -түн, -нун, -нүн, -дүн жалғауларын қосып алады.

Мысалдар: Кере ачылган эшиктин кашегине сүйөнүп, Зейнеп апа эбактан эле үйүнүн ичин карап турат. (Ч. Айтматов.) Сарыгулдүн алайып көзү чыкты. (Т. Сыдыкбеков.)— Қырғ.

Бұл мысалдардағы эшиктин кашеги //есіктің жақтауы; сары гүлдүн көзү // сары гүлдің көзі; сиздин пикир // сіздің пікір, бирөөбүздүн барганыбыз // біреуіміздің барғанымыз дегендегі қырғыз тіліндегі анықтауыш пен анықталушы сөздердің байланысын қазақ тілімен (баска да түркі тілдерімен) салыстырғанда анық сезіледі.

Түрікмен тілінде анықтауыш ілік септігінде -ың, -иң жалғуын қосып алады. Мысалдар: Аманназарың ене гөзлери пителип, Байрамың элинден япышды да:

Олардан маңа — да етерми? дийип сорады. (Б. Кербабаев.) Инди бу агажың он бәш саны кувватлы хем-де берк шахасы бар. Буларың иккисем гүлүп кесе йыкылдылар. Мен оңа чопанларың адаты саламлашлары ялы, хайкырып салам бердим. (Г. Сейитмәдов.)

Бұл мысалдарда — Алланазарың гөзлери // Алланазардың көздері; Байрамың эли // Байрамның қолы; агажың шахасы // ағаштың жаңқасы; бұларың иккиси // бұлардың екеуі; чопанларың адаты // шопандардың әдеті болып айтылып, түрікмен тілінің өзгешелігі сақталғанын көреміз.

Түрікмен тілінде -малы, -мели аффикстерінің жәрдемімен. жасалған есімшелер анықтауыштың қызметін атқарады:

Колхозчылар пагта экилмели ерлери гышдан тайярлап гойярлар. Лекция гатнашмалы колхозчыларың бары йыгнадылар.

(«Хәзирки заман түркмен дили».)

2. Толықтауыш қарақалпақ тілінде — толықлауыш, қырғыз тілінде — толуктооч, өзбек тілінде тулдирувчи, ұйғыр тілінде толуқтурғучи, түрікмен тілінде — долдургычлар деп аталады. Түркі тілдерінде толықтауыштар өзінің тұлғасы мен сөйлемдегі қызметі жағынан өзгешеліктен гөрі ұқсастығы күшті. Толықтауыштар көбінесе баяндауышпен байланысты болып, оның қимыл процесінің объектісі болып келеді.

Мысалдар: Сары бала жігітті салған жерден таниды. (Ғ, Мүстафин.) Бұдан үш-төрт жыл бұрын өзім де талай баланы түйіп қалған болуым керек. (Ғ. Мүсірепов.)—Қаз.



Қой, айланайын, келинимди ошол орогуна эле тим койгула. (Ч. Айтматов.) Алар чарчоону унутушту. (Т. Сыдыкбеков.)—Қырғ.

Равшанны дарахтдан тушириб олиб, уйига караб юра берди. (Э. Ж.)—Өзб.

Түркі тілдерінде толықтауыштар тұлғасына, синтаксистік қызметіне қарай тура және жанама толықтауыштар болып екіге бөлінеді.

Тура толықтауыштар табыс септітінде тұрып, сабақты етістіктермен тығыз байланысты болады.Тура толықтауыштың септік жалғауы кейде ашық, кейде жасырын болып келуі көптеген тюркологтардың назарын өзіне аударған.

3. М. А. Казем-Бек «Қимылға қатысты зат белгісіз болғанда және ол етістіктің дәл алдында тұрғанда табыс септік атау септігімен алмастырылады» деп көрсеткен. Сол сияқты «Алтай тілінің грамматикасында да «тура толықтауыштың жалғаулы, жалғаусыз жұмсалуын оның белгілі, белгісіз зат болуынан» деп баяндайды.

Н. Ф. Катанов пен П. М. Мелиоранский да өздеріне дейінгі пікірлерді қайталайды. П. М. Мелиоранскийдің кейбір анықтаңқырап қосқаны сол, ол тура толықтауыштардың жалғаулы, жалғаусыз болып келуін былай дәлелдеді: «Таким образом, употребление оформленного или неоформленного винительного падежа весьма часто зависит личного взгляда говорящего или пишущего» дейді. П. М. Мелиоранскийдің бұл пікірі ешқандай тіл фактісіне негізделмей айтылған еді.

Н. К. Ашмарин чуваш тілінің материалы негізінде толықтауыштың қандай жағдайда жалғаулы, қандай жағдайда жалғаусыз болып келетіндігі жөнінде бағалы пікірлер айтқан.

Н. К. Дмитриев белгілілік, белгісіздік терминін грамматикалық тұрғыдан карап, оларды даралық, және жалпылауыш , ұғымдармен байланыста қарайды. Н. К. Дмитриевтің пікірі бойынша белгілі толықтауыштар жалғаулы, белгісіз, тура толықтауыш кызметіндегі сөз жалғаусыз болады деп көрсетеді.

М. Б. Балақаев қазақ тілі материалы негізінде тура толықтауыштардың жалғаулы, жалғаусыз жұмсалу себептерін анықтаған салыстырылған тілдерде тура толықтауыштар өзі қатысты сөзден қашықтап тұрып, ортасында басқа сөйлем мүшесі тұрса, жалғаулы болады. Мысалдар:



Бөбек қошақанды жерге түсірді де, бүрмелі ақ бәтес көйлегінің қос етегін көтеріңкіреп ап, үйге қарай дүрілдеп жүгіре жөнелді — қаз.

Жапакем Айшаны тааныйт экен. (К. Баялинов.) Павлов Ала-Тоону биринчи көрдү. Силерди кайдан унутсун. (К. Жантө-шев.)—Қырғ. Поччаев... шошиб қулини қимтиб олди. Тупурган тупиригингни оғзинчга олма (Мақал).— Өзб.

Гарягды Мухадың жаныны өлүмден халас этди. (X. Ысмайи-лов.) Инди, оглум, илем машгаласының гележегини гөз өңүнде түтяр. (А. Дурдыев.)

4. Салыстырылған тілдерде тура толықтауыш жалғаусыз да қолданылады. Бұл жағдайда тура толықтауыштың объектілік мағынасы жалғаусыз да анық білінеді.

Қорыта айтқанда, салыстырылған тілдерде тура толықтауыштың жалғаусыз келуінен гөрі жалғаулы келуі кеңінен қолданылады.

Салыстырылған тілдерде табыс септігінде тұрған тура толықтауыштар фонетикалық варианттарының әр түрлілігімен бір-бірінен ажыратылады.

Қазақ тілінде: -ны, -ні, -ды, -ді, -ты, -ті;

Қырғыз тілінде: -ны, -ни, -ды, -ди, -ду, -ты, -ти, -ту;

Өзбек тілінде: -ни;

Ұйғыр тілінде: -ни;

Түрікмен тілінде: -ны, -ни, -ды, -ди, -ду, -ты, -ті, -ту.

Демек, қазақ, қарақалпақ, қырғыз тілдерінде сингармонизм заңы сақталса, өзбек, ұйғыр тілінде олай емес. Бұған қосымша әр тілдің тура толықтауыш жасаудағы табыс септігін қосып алуында өзіне тән өзгешеліктері де бар.

Түрікмен тілімен салыстырып қарайық: Дурды хаты обадан язяр. Сениң Москва гитжегиңи дүйн эшитдик. («Түрк. дили».) Дурды хатты ауылдан жазар. Сенің Москваға кететініңді кеше есіттік.

Қейбір жағдайларда өзбек тілінде сабақты етістік шығыс септігінде тұрған толықтауышты да меңгеретіндігі байқалады. Бұл әсіресе бүтіннің бөлшегін көрсету мақсатында қолданылады.



Қани картошкадан ол!... мехмонлардан қолған авқатдан едида, бошини бир боғ қул бедага куйиб уйқиға кетди. (Ойбек.) — Өзб.

Жанама толықтауыштар барыс, жатыс, шығыс, көмектес септік жалғауларының қай-қайсысында да келе береді. Мысалдар: Қара қатын енесіне кешкі астан да татырған жоқ. (Ә. Нұрпейі-сов.) Опасызға істеген жақсылық шаян болып өзіңді шағады екен... (Ғ. Мұстафин.)—Қаз,



Яхшидин жапа кәлмәс, ямандин вапа кәлмәс. (Мақал.) Төмүр отта билиниду, адәм меһнәттә билиниду. (Мақал.) — ¥йғ.

Ватанымызға пагтаны көп берелиң! («Совет Түрк.» газ.) Нелли Марияның сорагына первасызлык билен жогап берді.— Түрікм.

Қазақ және қарақалпақ тілінде ғана қолданылып жүрген көмектес септігіндегі толықтауыштар -мен (-менен), -бен (-бенен), -пен (-пенен) жалғауларын қосып алып кіммен? немен? (кимменен? неменен?) деген сұрауларға жауап беріп, толықтауыштың қызметін атқарады.

Мысалдар: Андрей Жабай қартпен шүйіркелесіп кетті (С. Мұқанов.) Ақындық шабыт кейде осы адырмен көп сырласқандай болды. (М. Әуезов.) Азығымен жер мүсінді, еңбегімен ер мүсінді. (Мақал.)—Қаз. .

Атажан ата қасында отырған Трубачевпенен сөйлесті. (Ж- С). Ол алдында жатқан қағазларды бормағыменен олау-булай аударыстырып сөзін дауам етті. (Н. О.) Қарақалпақ тілі сабақлығынан.)

Қазақ, қарақалпақ тілдерінен басқаларында көмектес септігінің өзі аталмағанмен, оның мағынасы мен қызметін атқарып жүрген сөздер бар.

24 ЛЕКЦИЯ.

ТАҚЫРЫБЫ: Сөйлемнің тұрлаусыз мүшелері

(1 сағат)
Жоспары:

1. Салыстырылған тілдердегі пысықтауыш

2. Пысықтауыштың түрлері
Пайдаланған әдебиеттер.

Негізгі:

1.Ә.Н.Нұрмаханова. Түркі тілдерінің салыстырмалы грамматикасы.А,1971. 2.Ғ.Айдаров. Күлтегін ескерткіші. А,1999.

3.Ғ Айдаров, Ә құрысжанов, М.Романов. Көне торік жаба ескерткіштерінің тілі. А,1971.

4.К. Мелиев. Хор ерги туркий тилларида харакат нами лари.Т,1969. 5.Ә.Хасенов. Тіл білімі 1996.

6.М. Романов. Түркі тілдерінің салыстырмалы грамматикасы.А ,1992. 7.Серебреников.Б.А.,ГаджиеваН.З. Сравнительно- историческая грамматика тюркських языков. М,1986.

8. Строй ууйгурского язика. А, 1986.

9. Хор ерги узбек араби тили. Т,1965

Қосымша:

1.Қазақ тілінің грамматикасы. Морфология. А,1967

2. Қазақ тілінің грамматикасы . Синтаксис. А,1967

3. Киргиз тілінің грамматикасы . Морфология. Ф,1964.

4. Ғуламов. А, Аскаров .А. Хор ерги узбек адаби тили. Т,1965

5.Северртян. Э . В. Этимологически словарь тюркских языков. М,1978.

6.Торік тілдерінің екі тілді сөздіктері қажетіне қарай.
Лекцияның мәтіні
1. Пысықтауыш қарақалпақ тілінде пысықлауыш, қырғыз тілінде бышыктооч, өзбек тілінде хол, ұйғыр тілінде һаләтлар деп аталады. Түрікмен тілінде пысықтауыштар өз алдына дербес мүше болмай, толықтауыштардың бір бөлегі сияқты болып қаралады. Түркі тілдерінде пысықтауыштар зерттеліп, оның грамматикалық тұлғасы мен грамматикалық мағынасы, толықтауыштардан ажырату тәсілдері анықталды.

Пысықтауыштар іс-әрекеттің қалай, қашан, қайда болғандығын және оның себеп-салдарын, мақсатын көрсетеді. Мысалдар: Жабайы торы атын бір күн тынықтырып, Ержан бүгін тағы да аңға шығып кетіп еді. Талма түс кезінде тобылғы түбінен қоян ыршып шықты. (Ғ. Мүсірепов.)—Қаз.



У қишлоқ уртасидаги кенг майдонда Ленин хайкалини. яққол курди. (Ш. Рашидов.)—Өзб.

Соңра биз чай ичмәге отурдык. Мен шол вагт товерегиме гөз айладым. (Г. Сейитмәдов.)—Түрікм,

Бұл қазақ, өзбек, түрікмен тілдерінен келтірілген мысалдардың барлығында да пысықтауыштар етістіктен болған баяндауышпен байланысып, оны әр жақты анықтап тұр. Екінші сөзбен айтқанда, анықтауыш есім сөздерді анықтаса, пысықтауыш етістіктен болған мүшені анықтайды. Бұл пікір барлық тюркологтардың еңбектерінде орын алғандығын көреміз.

Түркі тілдерінде пысықтауыш болып жұмсалатын сөздер — үстеулер. Ал үстеулердің басқа зат есімдер, сын есімдер, сан есімдер, етістіктің есімше, көсемше, шартты рай тұлғалары т. б. көмекші сөзді тіркестер де пысықтауыштың қызметін атқара береді. Пысықтауыштар үстеулерден, басқа да сөз таптарынан жасалғанда, толықтауыштармен тұлға жағынан ұқсас болып келеді. Сондықтан пысықтауыш пен толықтауыштарды ажырата білу өте қажет. Өйткені толықтауыш та, пысықтауыш та етіс-тіктен болған баяндауышқа тікелей байланысады. Бұндай жағдайларда көбірек олардың контекстегі мағынасына, қызметіне қарау керек. Есім сөздердің мекендік мағынаны білдіретін септіктерде (барыс, жатыс, шығыс) келгендері өздерінің негізгі мағынасынан ауысып, пысықтауыштың қызметін атқарады. Ол Асанға хат жазды. (Асанға — толықтауыш.) Ол қалаға кетті (қалаға — пысықтауыш.) Менің кітабым жолдасымда қалды (жолдасымда — толықтауыш.) Мен қалада жасаймын (қалада — пысықтауыш) т. б.

Сол сияқты абстрактылық мағынаға ие болған зат есімдер де көбірек пысықтауыштың қызметін атқарады. Мысалы: Шу фусратдан бошлаб менинг юрагимда ғазаб билан мухаббатининг, уч билан ишқининг кураши бошланды. (Ғ. Гулом.)—Өзб.



Мен куру кол келдим. (М. Элебаев.) Чүкөбөй кабарсыз калган. (X. Баялинов.)— Қырғ.

2. Түркі тілдерінде пысықтауыштар мағынасы мен атқаратын қызметіне қарай бірнеше түрге бөлінеді. Қазақ, қарақалпақ, өзбек, ұйғыр тілдерінде мезгіл, мекен, мақсат, амал, себеп, мөлшер болып алтыға бөлінеді. Ал қырғыз тілінде — сапат бышықтооч деген түрін қосып жетіге бөледі. Бұл сапат бышыктоочтың сын есімдер, немесе соған ұқсаған сөз таптарынан жасалатындығын көрсетеді.

Мысалы: жакшы айтып жатат. (Қ. Баялинов.) Шамбет өз ишине кызуу киришти. (Т. Сыдыкбеков.) Чоң олжолуу келгенсиң го? (М. Элебаев.)

Бұл мысалдардағы «жакшы», «кызуу», «чоң олжолуу» деген сөздер сын пысықтауыш болып есептеледі. Бұл сын пысықтауыш басқа тілдердегі амал пысықтауышқа тура келеді. Ал қарақалпақ тіліндегі сын пысықтауыш екіге бөлініп қаралады. Оның біріншісі — іс-әрекеттің белгісін, сапасын білдіретін пысықтауыштар, екіншісі — іс-әрекеттің, қимылдың істелу тәсілін көрсететін пысықтауыштар болып есептеледі. Соған қарағанда, барлық пысықтауыштарды алтыға бөліп қарау оның барлық қызметін қамтитын сияқты.

Жалпы, салыстырылған тілдерде пысықтауыштардың қай түрі болса да өздерінің атқаратын қызметі мен жасалу тәсілдеріне қарай бір-біріне ұқсас, кейбір фонетикалық заңдылықты есепке алмасақ, айтарлықтай өзгешеліктер сезілмейді.

Бірнеше мысалдарды қазақ тілімен салыстырып көрейік:

А м а л п ы с ы қ т а у ы ш.

Жуман сабрсизлик билан тулғонди-ю, қизариб бир нарса дея олмади. (А. Мухтор.)— Өзб.

Жұман сабырсыздықпен толғанса да, қызарып бір нәрсе дей алмады.— Қаз.

М е з г і л п ы с ы қ т а у ы ш.



Кечки саат алтыдан баштап эртеси күнкү түшкө чейин иштечүмүн. (М. Горький.)—Қырғ.

Кешкі сағат алтыдан бастап ертеңгі күнгі түске шейін істейтінмін.— Қаз.

М ө л ш е р п ы с ы қ т а у ыш.



Колхозниң йерим жиллиқ кирими 300 миң сомдин ашти. <«К. Т.») — Ұйғ.

Колхоздың жарым жылдық кірісі 300 мың сомнан асты.— Қаз.

М а қ с а т п ы с ы қ т а у ы ш



Мен бу шәхере окамага гелдим. Бу столлар бизиң мекдебимиз үчин гетирилди. Гарлы усса үчин отурара орун гөркездим. (А. Говшудов.)—Түрікм.

Мен бұл қалаға оқуға (оқу үшін) келдім. Бұл столдар біздің мектебіміз үшін келтірілді. Гарлы ұста үшін отыруға орын көрсеттім.— Қаз.

Пысықтауыштардың жасалу тәсілдерінде бір-біріне ұқсастықпен қатар, кейбір өзгешеліктер де ұшырайды. Олардың бірқатары көмекші сөздермен тіркесіп, жасалған пысықтауыштардың жасалу тәсілдерінде кездеседі. Өйткені өзбек, ұйғыр т. б. тілдерде араб-парсы тілдерінен кірген көмекші сөздер өзі тіркесетін сөздерін меңгере байланысады.

Мысалдар:

Биз клуб сари бордик. Биз вокзалга қадар бордик. Уруш туфайли хаммамиз хам асабийлашиб қолганмиз.— Өзб.

Бұл мысалдар қазақ тілінде: Біз клубқа қарай бардық. Біз вокзалға шейін бардық. Соғыс себепті барлығымыз да шіміркенгіш болып қалғанбыз.— Қаз.

Сол сияқты қарақалпақ тілінде «Еле ауыл беттен хабар жоқ. (С. С.) Қазан-табак бетинде тек бир адамға боларлықтай ғана төсек бар. (Ә. Г.) деген сөйлемдерде «ауыл беттен» (ауыл жақтан), «қазан-табақ бетинде (қазан-табақ жағында)» дегендер «беттен, бетинде» деген көмекші сөздердің жәрдемімен мекен пысықтауыш жасалып тұр.

25 ЛЕКЦИЯ.



ТАҚЫРЫБЫ: Жай сөйлемдердің түрлері

(1 сағат)
Жоспары:

1. Жай сөйлемдердің жасалу ерекшеліктері

2. Атаулы сөйлемдердің зерттелу обьектісі
Пайдаланған әдебиеттер.

Негізгі:

1.Ә.Н.Нұрмаханова. Түркі тілдерінің салыстырмалы грамматикасы.А,1971. 2.Ғ.Айдаров. Күлтегін ескерткіші. А,1999.

3.Ғ Айдаров, Ә құрысжанов, М.Романов. Көне торік жаба ескерткіштерінің тілі. А,1971.

4.К. Мелиев. Хор ерги туркий тилларида харакат нами лари.Т,1969. 5.Ә.Хасенов. Тіл білімі 1996.

6.М. Романов. Түркі тілдерінің салыстырмалы грамматикасы.А ,1992. 7.Серебреников.Б.А.,ГаджиеваН.З. Сравнительно- историческая грамматика тюркських языков. М,1986.

8. Строй ууйгурского язика. А, 1986.

9. Хор ерги узбек араби тили. Т,1965

Қосымша:

1.Қазақ тілінің грамматикасы. Морфология. А,1967

2. Қазақ тілінің грамматикасы . Синтаксис. А,1967

3. Киргиз тілінің грамматикасы . Морфология. Ф,1964.

4. Ғуламов. А, Аскаров .А. Хор ерги узбек адаби тили. Т,1965

5.Северртян. Э . В. Этимологически словарь тюркских языков. М,1978.

6.Торік тілдерінің екі тілді сөздіктері қажетіне қарай.
Лекцияның мәтіні
1. Түркі тілдерде жай сөйлемдер екі түрлаулы мүшелі және бір тұрлаулы мүшелі сөйлем болып та бөлінеді. Екі тұрлаулы мүшелі сөйлемде сөйлемнің грамматикалық қазығы болып есептелетін бастауышы мен баяндауышы болады. Әдетте бұндай сөйлемдер толымды сөйлемге негіз болады.

Түркі тілдерде зерттеушілердің назарын көбірек өзіне аударған бір тұрлаулы мүшелі сөйлем болып есептеледі. Бұл туралы барлық түркі тілдерінің грамматикаларында мағлұмат беріледі. Бірақ олар бір-бірінен кейбір өзгешеліктерімен ажыратылады. А. Н. Кононов бір тұрлаулы мүшелі сөйлемдерді мынадай түрлерге бөледі: 1) модально-безличные, 2) неопределенно-личные, 3) обобщенно-личные, 4) назывные (номинативные)

Қазақ тілінде бір тұрлаулы мүшелі жай сөйлемнің түріне белгісіз жақты және жақсыз сөйлемдерді жатқызады. Ешбір мүшелеуге келмейтін атаулы сөйлемдер бұған жатпайды деп көрсетеді.

Шындығында, бір тұрлаулы мүшемен айтылатын белгісіз жақты, ауыспалы жақты немесе жақсыз сөйлемдердің кай-қайсысы да түркі тілдердің табиғатына байланысты. Бұл көбінесе баяндауыштың тұрақты, тиянақты болып, сан түрлі модальділікті өзіне жүктеуінен келіп шығады. Осыған байланысты көпшілік жағдайда бір тұрлаулы мүшелі сөйлемдер белгісіз жақты сөйлем, жақсыз сөйлем немесе жақсыз сөйлем, белгісіз жақты және жалпылама жақты сөйлемдер делінсе, қырғыз тілінде ээсиз сүйлөм, ээсиз жактуу сүйлөм, жагы так, ачык болбогон ээсиз сүйлөм, мааны жагынан жалпыланган жактуу ээсиз сүйлөм деп бөлінеді. Ал өзбек тілінде жақсыз сөйлемдер шахси аниң гаплар, шахси номаьлум гаплар, шахси умумлашган гаплар, шахссиз гаплар болып бөлінеді.

Бұлардың барлығында да сөйлемнің бастауышы айтылмайды, бірақ оның жоқ болу дәрежесі әр түрлі жағдайда болады. Мысалдар:

Үш баланың атасымын. Инженер болсаңыз керек?.. жәрдемдесейін бе? (Айбек.) — Қаз. Уч боланинг отасиман. Инженер булсангиз керак?..— Ердамлашайми? (Ойбек.) — Өзб,

Бір күн бұрын ексең (шашсаң), бір апта бұрын орасың. Айтар сөзді айт, айтпас сөзден қайт.— Каз. '

Бир кун бурун сочсанг, бир хапта бурун урасан. Айтар сузни айт, айтмас суздан қайт— Өзб.

Тәртіп ережелеріне көңіл бөлінсін. Тапсырманы өз уақтында орындау керек.— Қаз. . Тартиб қоидаларига эьтибор қилинсин. Топшириқни уз вақтида бажариш керак.— Өзб.

Мысалдардан көрінгендей-ақ, бірінде, бастауыштың түсіп қалғаны баяндауышынан анық білініп тұрады, екіншісінде, бастауышы белгісіз, үшіншісінде, бастауышын табуға да болмайды, оны керек те етпейді, өйткені оның функциясы баяндауыштың өзіне жүктелген. '

Демек, бұндай сөйлемдерде бір тұрлаулы мүше — баяндауыш айтылады да, бастауыш түсіп қалады. Ал кейбір жағдайда баяндауыш та, бастауыш та айтылмайды, тек заттың, құбылыстың аты ғана аталып, ол жөнінде ешқандай түсінік берілмейді. Бұндай сөйлемдер қазақ тілінде атаулы сөйлем, қарақалпақ тілінде атау гәп, қырғыз тілінде — атама сүйлөм, өзбек тілінде номинатив гаплар, түрікмен тілінде ат сөзлеми деп аталады.

2. Салыстырылған тілдерде атаулы сөйлемдердің зерттелу объектісі бір болғанмен, бірінде, кеңірек, екіншісінде, кемірек айтылады.

Түркі тілдері грамматикаларының ішінде ең алғаш атаулы сөйлемдер жөнінде көбірек мағлұмат берген қырғыз тілі грамматикасы болатын. Онда атаулы сөйлемдерді мынадай группаларға бөлген:

1. Мекеме, шығарма, газет-журнал аттарын көрсететін сөйлемдер.

2. Жалпы түсінік беру мақсатындағы мезгіл, оқиға, құбылыс, еңбек, шарт, хал-жағдай т. б. көрсету үшін қолданылған сөйлемдер.

3. Белгілі оқиғаның негізіндегі ойдың тез алмасып кетуіне байланысты болып түзілген атаулар арқылы жасалған сөйлем: Саат жети. Машина күтүү. Кол булгоо. Гүл ыргытуу.

4. Зат-бұйымдарды әдейі арнап көрсеткенде атаулы сөйлем арқылы беріледі: Мына мен! (А. Токомбаев.) Мынакей биринчи демилге. (Н. Байтемиров.)

5. Қуаныш-күйініш сияқты көңіл күйін білдіретін сездердің қолданылуы атаулы сөйлем болады: Темир байке! (Т. Сыдыкбеков.) Сүйүнчү! (К. Баялинов.)

Қырғыз тілі атаулы сөйлем деп көрсеткен кол булгоо (қол былғау) сияқтыларды өзбек тілі инфинитив сөйлемі деп, қорқу-қуану сияқты адамның ішкі көңіл күйін білдіретін сөйлемдерді вокативтік немесе эмоционалдық сөйлем деп қарайды .

А. Әбілқаев қазақ тіліндегі атаулы сөйлемдерді мағыналық және қай сөз табынан болатынына қарай, төрт топқа бөледі:

1. Мекен атаулы сөйлем. 3. Зат атаулы сөйлем.

2. Мезгіл атаулы сөйлем. 4. Сан атаулы сөйлем.

Осымен қатар, А. Әбілқаев атаулы сөйлемнің жеке сөзден не сөз тіркесінен айырылатын ерекшелігі интонацияның болуында екендігін айта келіп, атаулы сөйлем хабарлы және лептік интонациямен айтылады деп көрсетеді.

Мысалдар: Алматының қазіргі ең сұлу үйі— Қазақтың Абай атындағы Мемлекеттік Академиялық опера және балет театры. Театр! Алуан-алуан егін! Әлденеше бригада, звено! {Ғ. Мұс-тафин.)

Шындығында, соңғы кездегі зерттеулерге қарағанда, атаулы сөйлемдерге өте көп міндет жүктелгендігі байқалады. «Хозирги узбек адабий тили» атаулы сөйлемдердің мынадай мағыналарда қолданылатындығын көрсетеді;

1) Пайт (мезгіл): Бахорнинг гулаган чоғи. (Ойбек.)

2) Урин (мекен): Каттакон бозор. (Ойбек.)

3) Вокеа-ходиса (оқиға-құбылыс): Қаттиқ бурон. Қор. Қатқалоқ. Шом.

4) Маьлум нарса, предметларнинг завжудлиги курсатилади (белгілі нәрсе, предметтердің болғандығын көрсеткенде): Мана сув! Тиниқ бахор осмони.

5) Эмоция, инсоннинг турли хис-туйғулари ифодаланади (эмоция, адамның түрлі сезімдерін көрсеткенде) Яна газал! Ох., хирот, хирот! («Хозирги узб. адабий тили».).

Атаулы сөйлемдердің қатарына адамның ішкі сезімін, эмоциясын білдіретін сөйлемдерді жатқызу — оның мақсатына тура келмейді. Осы тұрғыдан алғанда «Қазақ тілінің грамматикасында» атаулы сейлемдердің дұрыс зерттелгендігі байқалады.
26 ЛЕКЦИЯ.


Каталог: CDO -> Sillabus
Sillabus -> Лекция : 15 сағат обсөЖ : 15 сағат Барлық сағат саны : 45 сағат Қорытынды бақылау : емтихан, 4 семестр
Sillabus -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Sillabus -> Хор жүргізу” пәні бойынша 5В010600-“Музыкалық білім” мамандығының студенттері үшін. ОҚУ-Әдістемелік кешен
Sillabus -> Арнайы семинар: “Абайдың ақын шәкірттері” пәні бойынша
Sillabus -> Лекция:: 18 сағат Семинар: 16 сағат СӨЖ: 11 сағат Барлық сағат саны: 45 сағат
Sillabus -> Лекция:: 34 сағат Семинар: 34 сағат СӨЖ: 22 сағат Барлық сағат саны: 90 сағат
Sillabus -> Лекция: 3 Практикалық/семинар: 6 СӨЖ: 99 Барлық сағат саны: 135 Аралық бақылаулар саны:
Sillabus -> Семинар: 248 сағат обтөЖ: 124 сағат ТӨЖ: 40 сағат Барлығы: 412 сағат І аб-30 балл ІІ аб-30 балл Емтихан-40 балл
Sillabus -> Лекция: 18 Семинар: 16 СӨЖ: 11 Барлық сағат саны: 45
Sillabus -> Лекция : 30 сағат обсөЖ : 30 сағат Барлық сағат саны: 90 сағат Аралық бақылау саны 2 60 балл


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет