Түркістан облысы, Шымкент қаласы, N63 «Айсұлу» бөбекжай бақшасының тәрбиешісі Өмірзақова Назипа Сабырқызы



Дата17.05.2020
өлшемі42 Kb.
Түркістан облысы, Шымкент қаласы,

N63 «Айсұлу» бөбекжай бақшасының тәрбиешісі

Өмірзақова Назипа Сабырқызы


Бала тәрбиесі – баршаға ортақ іс
Ұрпақ тәрбиесі қай заманның, қай қоғамның болсын көкейкесті мәселелері болып келгендігі  дәлелдеуді қажет етпейді. Тәрбие ана сүтінен басталып, біреудің біреуге ықпалы арқылы өмір бойы қалыптасатын күрделі құбылыс. Бала тәрбиесі – салғырттыққа, себеп-сылтау іздеуге төзбейді. Оны жүргізу үшін педагогикалық ұжымның кәсіптік білгірлігі, ата-аналардың саналық көзқарасы және осы принциптерге негізделген балабақша және  отбасы арасындағы тығыз байланысқан одақ, нәтижелі жұмыс қажет.

Еліміздің болашағы - жас ұрпақты тәрбиелеуде бірінші бесік - отбасы, ата-ана тәрбиесі болса, екінші бесік – білім беру мекемесі. Балабақшадағы тәрбие бала табиғатына ерекше әсер етіп, оған өмір бойы өшпестей із қалдырады. Заман талабына лайық тәрбие мен білім беру жұмысын кешенді ұйымдастыру жаңа технологияларды, идеялар мен шығармашылық, инновациялық жаңашылдықты қажет етеді. Осы ретте балабақшада берілетін тәрбие – барлық тәрбиенің бастамасы, әрі жан – жақты тәрбие мен дамыту ісінің түпкі негізін қалайтын  орын. Бала бойындағы жақсы қасиеттер мен мүмкіндіктерді ашып олардың өнегелі, тәрбиелі болып өсуіне балабақша ошағының тигізер әсерінің маңызы зор. 

Сондай-ақ, қоғам үшін әр отбасында өсіп келе жатқан өрімдей ұл-қыздардың дені сау, рухани бай, еңбекке, білімге құштар болып өсуі ең жоғарғы тілек, ең биік мақсат. Оның  қуат алатын қайнар бастауы - отбасы. Отбасының аса құнды ықпалы мен әсерін   өмірдегі ешнәрсенің күшімен салыстыруға болмайды. Балаға отбасы тәрбиесінің орнын ешнәрсе алмастыра алмайды. Отбасы өмірге сәби әкеліп, оны тәрбиелеп, қалыптастыруда және ұрпақ жалғастыруда теңдесі жоқ орын. Отбасының балаға тәрбие берушілік   қызметтінің мақсаты балаланың жасын, жеке ерекшелігін, психологиялық процестерін ескере отырып, жарасымды жетілген ұрпақты тәрбиелеу. Көздеген мақсатқа жету үшін отбасындағы тәрбие төмендегі міндеттерді  шешеді: 

* Отбасында баланың өсуіне, денсаулығына қамқорлық жасау, тазалықты қалыптастыру;

* Еңбексүйгіштікке баулу, тұрмыстағы, үй шаруасындағы еңбекке құлшынысын арттыру,  өзіне-өзі қызмет етуге үйрету;

* Отбасы мүшелерімен тіл табысып, дұрыс қарым-қатынас жасауға, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге үйрету;

* Әдебиетке, мәдениетке, өнерге тәрбиелеу.

Бұл міндеттер жүзеге асу үшін бала дүниеге келген күннен бастап отбасында, қоғамдық орындарда, мектепте тәлім-тәрбие беріледі. Балабақша — бүлдіршіндерді болашақта ата дәстүрін сақтайтын инабатты да, ибалы үлкен-кішіні сыйлай білуге үйрететін тәрбие орталығы. Өмірге келген жас ұрпақты тәрбиелеу ата-аналар мен балабақша тәрбиешілерінің қасиетті борышы.

Бала үшін дүниеде ең жетілген, білімді де, мәртебелі адам – оның ата – анасы.  Ал, ең әдемі де жарық үй – оның туылған үйі. Жас баланың дамуында ата-ананың орыны ерекше, сондықтан ата-ана өз отбасында қолайсыз жағдайларды баланың көзінше тудырмауға тырысуы қажет. Отбасындағы ұрыс-керіс баланың жүйкесін тоздырады. Кейбір ата-аналар өз перзентін шектен тыс еркелетіп, баланың бетінен қақпай, көңіліне қарап тәрбиелейді. Ал мұндай көріністер баланың бойына кері қасиет пайда болуына тікелей жағдай тууына себеп болады.

Сонымен қатар, мектепке дейінгі ұйымның педагогикалық ұжымы ата-аналармен бірлесіп, баланы өсіріп тәрбиелеудегі басты мақсат қоғамдық өмірге «түзу кірпіш қалау» екенін ескере отырып, ал осы мақсатты жүзеге асыру үшін, алдындағы қандай болмасын қиындықтарын жеңу, соған сәби кезінен төмендегі мынадай көзқарастарды негізгі ұстаныным ретінде қабылдау. Көзқарастар мыналар:

* Баланы сәби ол әлі ештеңе білмейді, ұқпайды деп жай көзбен қарамау керек, өйткені ол да өсіп келе жатқан тұлға.

* Баланы әр уақытта шындыққа үйрету. Еш уақытта алдамай, шындықты ашып айтып сол жағдайға дұрыс көзқараспен қарауға жағдай туғызу.

* Баланың өз ісін уақытымен күнде қадағалау, бақылау.

* Баланың әр бір ісін қадағалап, оған деген көзқарастан нәтиже шығаруға көмектесу.

Қандай жағдай болса да, ұрпағын жауын мен жел өтінен, жаман әдеттен қорғап, өз бойындағы ең жақсы қасиеттерін сіңіру, ұлттық дәстүр қайнарына қондырып өсіру әке мен ананың ұлы борышы.

Баланың ана тілін толық меңгеруі, ұлттық-сана сезімге баулу, денсаулығын түзету, бала тәрбиелеудің әдіс-тәсілдерін білу жөніндегі дағдыларын қалыптастыру мектепке дейінгі мекемелерге берілген. Тәрбиенің сан алуан келелі мәселесін шешетін, қарапайым дағдыларды бала санасына орнықтыратын алғашқы білім баспалдағы – балабақша. Балабақшада біз халық педагогикасын бала бойына сіңіре отырып имандылыққа, адамгершілікке тәрбиелейміз. Мысалы: тұсау кесу, бесікке салу, тілашар т.б. Мектепке дейінгі ұйым тәрбиешілері өз тәжірибелерінде халық ауыз әдебиетінінің ішінен жиі мақал-мәтелдер, жұмбақтар, жаңылтпаштар, санамақтар, ертегілерді оқу іс-әрекеттерінде пайдаланады. Бүгінгі күнде жас ұрпақтың сана сезіміне өз елінің, жерінің тарихы мен мәдениеті туралы алғашқы ұғымдарды кішкентай кезінен қалыптастырамыз.

Баланың өмірге қадам басардағы алғашқы қимыл-әрекеті ойын. Сондықтан оның мәні ерекше. Қазақ халқының ұлы ойшылы Абай Құнанбаев «Ойын ойнап, ән салмай өсер бала бола ма?» деп айтқандай баланың өмірінде ерекше орын алады. Ойын мектеп жасына дейінгі баланың жеке басының дамуына ықпал ететін тәрбие құралы. Ойын баланың барлық қабілетінің дамуына, айналасындағы дүние жайлы түсініктерінің кеңеюіне, тілінің дамуына, құрбыларымен жақындасуына көмектеседі. Өйткені бала нәресте шағынан бастап адалдыққа, батылдыққа, мейірімділікке, еңбек етуге тәрбиелеудің құралы ойын.

Осыған орай, бүгінгі күндері тәрбиешілер алдында балаға білім, білім дағдыларын игеріп қана қоймай, қабылдауын, ойлауын, қиялын, сезімін, ерік-жігерін жан-жақты етіп дамыту міндеттері тұр. Болашақ қоғамымыздың тағдыры да бала тәрбиесіне тікелей байланысты. Қоғамды дамытушы да, ілгері апарушы да осы жас жеткіншектер. Тәрбиенің сан қилы дағдыларын бала бойына дарытатын алғашқы білім баспалдағы – балабақша, жол сілтеп, жетелеп, үйретуші — тәрбиеші.

Тәрбиелеу мен оқытудың міндеттері баланың осы іс-әрекет түрлерін қалыптастыру және оны белгілі бір мақсатқа бағыттап отыруды көздейді. Ойнау, еңбек ету, және білім алу барысында ақыл-ой, адамгшершілік, физикалық және көркем тәрбие, даму процесі қатар жүреді. Бала осы кезде белгілі дәрежеде білім алады, іскерлікке үйренеді, өзін қоршаған ортамен қарым-қатынас жасауға, қоғамдық өмірдің әдет дағыларын игеруге бейімделеді.

Адамгершілікке тәрбиелеу міндеттері жөнінде де осыны айтуға болады. Бала өзін-өзі көрсете білсе, ендеше ойын, оқу еңбекте адамгершілікке тәрбиеленеді деген сөз. Өйткені, мұнда олардың өзара ересек адамдармен қарым-қатынасы қалыптасады. Іс-әрекеттің әрбір түрінде осылайша өзара ұштасып жататын педагогикалық мүмкіндіктерді ескере отырып, мектепке дейінгі ұйымдарда балалардың тіршілік әрекеттерін, тәрбиелік мақсатқа сай ұйымдастыра аламыз. Ойын, еңбек, оқу арқылы біз балаларға белгілі бір тұрғыдан ықпал жасай аламыз. Бірақ біз іс-әрекеттер ойын, еңбек, оқыту өзара ұштасқан жағдайда ғана баланың жеке басын дамытуда толық нәтижеге жете аламыз. 



Қысқаша айтқанда, әке мен шеше өзін тәрбиешімін дей отырып, өздері де тәрбиеге енуі қажет. Бүлдіршіндер өнерімен қорытындыланады. Қазіргі таңда баланы тәрбиелеуде ата-ананың да, тәрбиеші ұстаздың да атқаратын ролі зор. Жас күнінде бала қандай тәрбие алса ізбен алға қарай өседі. Сондықтан ата-ана басты талапты өздеріне қойғандары жөн. Баланың тәрбие алуына қоғамнан өз орнын табуына жағдай жасауына әрбір отбасы педагогикалық әдіс-тәсілдерге сүйенгені дұрыс.
Каталог: materialy -> makala
materialy -> Сабақтың тақырыбы : Сыр сүлейі Нұртуған Сабақтың мақсаты: Сыр сүлейі Нұртуғанның шығармаларымен таныстыру
materialy -> Сабақтың мақсаты: Оқушыларға ұлы А. Құнанбаевтың шығармашылығымен
materialy -> Сабақтың тақырыбы: Қазақстан халқының XVIII-XIX ғасырлар аралығында рухани мәдениетінің дамуы
makala -> ОҚО, Шымкент қаласы, А. Байтұрсынов атындағы №50мектеп-гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
makala -> Макала ОҚО, Мақтаарал ауданы, Жетісай қаласы
makala -> Білім беру жүйесін модернизациялау бойынша қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің жаңа буын оқулықтарындағы проблемалары мен шешімдері досжанова Динара Сайрам ауданы,№94 жалпы орта мектебі
makala -> Дидактикалық ойындар және оларды сабақта пайдалану. Аширбаева Ақтолқын Бақытжанқызы Жетісай ауданы, №2 Ш. Уалиханов атындағы жом тарих пәні мұғалімі
makala -> Қазығұрт ауданы П. Тәжібаева атындағы жалпы орта мектебі бастауыш сынып мұғалімі Сиқымбаева Айтолқын Әріпбайқызы
makala -> Мақал-мәтелдер айтысы Кабылбаева Раушан Курманалиевна Бәйдібек ауданы, Абай атындағы жалпы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі
makala -> Боранбаева Афуза Алпысбаевна Оңтүстік Қазақстан облысы, Түлкібас ауданы


Достарыңызбен бөлісу:


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет