З. Ерназарова: «Сөйлеу тілі синтаксисінің прагмалингвистикалық аспектісі» деген зерттеу еңбегінде мынандай тұжырым жасайды: «Бағалау сөйлеу актісі үстінде дүниеге келеді. Сондықтан бағалау мәнді сөйлеу актілері бірд



Дата25.10.2019
өлшемі24.48 Kb.
З.Ерназарова: «Сөйлеу тілі синтаксисінің прагмалингвистикалық аспектісі» деген зерттеу еңбегінде мынандай тұжырым жасайды: «Бағалау сөйлеу актісі үстінде дүниеге келеді. Сондықтан бағалау мәнді сөйлеу актілері бірден-бір прагматикалық мәнге ие болады. Адамзатқа тән құндылықтар тұрғысынан құбылыс - әрекеттерді бағалаушы мақсатта жұмсалатын сөйлесімнің қалыптасуына прагматикалық мәнбірлер ықпал етеді. Бағалау жағымды- жағымсыз тұрғыда берілетін болса, сөйлеу тілінде осы мақсатқа икемделген бірліктер бар» [169 -б.]. Ерназарова 3. Сөйлеу тілі синтаксисінің прагмалингвистикалық аспектісі. -Алматы, 2001. -192 б.

Зерттеуші Ш Нұрғожина сөздердің бағалауыштық қасиеттері А — В деген құрылым арқылы жақсы//жаман деген екі мағынада  жұмсалатындығын айтады. Бағалауыштық ұнату//ұнатпау; қуану//ренжу сияқты сөздер арқылы субъектінің эмоциясын білдіреді деген тұжырымға келеді . Нұрғожина Ш.И. Эмоциональность и экспрессивность высказывании устной речи // Вестник КазГУ. Серия филологическая. № 48.2001 -30-34 - б.

Қазақ тілінде тілшілердің бағалауға берген анықтамасын айтсақ, мысалы, Қ. Есенова, О.Ахманованың ізімен мынадай анықтама ұсынады: «Баға не бағалай сөйлеу салты дегеніміз – сөйлеушінің нысанаға алған нәрсе жөніндегі мақұлдау, қарсылық, ықылас не тілек, т.б. түріндегі көзқарасын білдіретін пайымдауы, стильдік қосымша мағына мен мағыналық реңктің негізгі бір түрі».  Есенова Қ. Баға немесе бағалай сөз саптау // Қазақ тілі мен әдебиеті 1996. №7-8. -62-66-б.

Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде баға, бағалау сөздеріне мынандай сипаттама берілген: «Баға зат. (1) Заттың құны, нарқы. (2)Ауыс. Қадір-қасиет.  Бағала ет. (1) Баға қою. (2) Ауыс. Қадірлеу, құрметтеу. Бағалау бағала етістігінің қимыл атауы. Бағалаушы зат. (1). Баға беруші. (2). Ауыс. Қадірлеуші, құрметтеуші. Түсіндірме сөздігі

Б.Момынова «бағалауыштық – сөйлеушінің өз тарапынан құбылыс пен зат, іс-әрекет атауына берген бағасы, көзқарасы, оған деген қарым-қатынасы» деп тұжырымдайды. Момынова Б.Қ. Газет лексикасы (жүйесі мен құрылымы). – Алматы, 2003.-228 6.

Д.Бекзат «Қазақ тіліндегі мақал-мәтелдердің танымдық прагматикалық аспектісі» атты кандидаттық диссертациясында мақал- мәтелдерге тән ерекшеліктің бірі олардың бағалауыштық танытуы деп атап көрсетеді. «ММ-дер кез келген жағдай, соның ішінде адамға қатысты оның мінез-құлқы, іс-әрекеті және т.б. қасиетіне баға береді» [20-6]. Бекзат Д.Б. Қазақ тіліндегі мақал-мәтелдердің танымдық- прагматикалық аспектісі. Филол. ғыл. канд.... дисс. авторефераты.-Алматы. 2002. -28 6.



Ғ.Танабаев субъектив мәнді етістіктердің семантикалық құрылымын зерттеген еңбегінде бұл етістіктердің мағыналық кұрамы эмоциялық және бағалау семасына бағынатындығын, олардың мағынасы амал-әрекет, болған қозғалыс пен субъектінің қалпына баға беру мәнін  білдіретіндігін көрсетеді [8]. Танабаев Ғ.Ө. Қазіргі қазақ тіліндегі субъектив мәнді етістіктердің семантикалық құрылымы. Филол. ғыл. канд. дисс. - Алматы, 2005.-137 б.

Достарыңызбен бөлісу:


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет