Закон 09. 04. 16 ж. №501-v (өз күшіне енетін күнін қара). тарау. Жалпы ережелер



бет1/9
Дата12.08.2020
өлшемі0.7 Mb.
түріЗакон
  1   2   3   4   5   6   7   8   9
Қазақстан Республикасының
Білім туралы Заңы

(22.12.2016ж. енгізілген өзгертулер мен)

 

Өзгерістер енгізу туралы:



ҚР Заңы Закон 09.04.16 ж. № 501-V (өз күшіне енетін күнін қара).

 


  1. тарау.  ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

1- бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

2-бап. Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамасы

3-бап. Білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың принциптері

2-тарау. БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІН БАСҚАРУ

 4- бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің білім беру саласындағы құзыреті

5 - бап. Білім беру саласындағы уәкілетті органның құзыреті

5-1-бап. Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің, Қазақстан Республикасы прокуратура органдарының және Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің өздеріне ведомстволық бағынысты әскери, арнаулы оқу орындарына қатысты құзыреті

 6- бап. Білім беру саласындағы жергілікті өкілді және атқарушы органдардың құзыреті

7-бап. Білім беру жүйесін басқару органдарын ақпараттық қамтамасыз ету

8-бап. Білім беру саласындағы мемлекеттік кепілдіктер

8-1-бап. Білім беру саласындағы ең төмен әлеуметтік стандарттар

8-2-бап. Білім беру саласындағы мемлекеттік монополия

9-бап. Оқыту және тәрбиелеу тілі

9-1-бап. Білім беру ұйымдарын аккредиттеу

3-тарау. БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІ



10-бап. Білім беру жүйесі ұғымы

11-бап. Білім беру жүйесінің міндеттері

12-бап. Білім беру деңгейлері

4-тарау. БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫ



13-бап. Білім беру мазмұнының ұғымы

14-бап. Білім беру бағдарламалары

15-бап. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпы білім беретін оқу бағдарламалары

16-бап. Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары

17-бап. Техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламалары

18-бап. Мамандандырылған жалпы білім беретін оқу бағдарламалары

19-бап. Арнайы оқу бағдарламалары

20-бап. Орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары

21-бап. Жоғары білімнің білім беру бағдарламалары



22-бап. Жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары

23-бап. Қосымша білім беретін білім беру бағдарламалары

24-бап. Ересектерге білім беру



25-бап. Эксперименттік білім беру бағдарламалары

5-тарау. БІЛІМ БЕРУ ҚЫЗМЕТІН ҰЙЫМДАСТЫРУ



26-бап. Білім алушылар мен тәрбиеленушілерді білім беру ұйымдарына қабылдауға қойылатын жалпы талаптар

27-бап. Білім алу нысандары

28-бап. Оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру

29-бап. Оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмысты ұйымдастыру

30-бап. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту

31-бап. Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру

32-бап. Техникалық және кәсіптік білім беру

32-1-бап. Кәсіптік даярлық

33-бап. Орта білімнен кейінгі білім беру



34-бап. алып тасталды

35-бап. Жоғары білім беру

36-бап. Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру

37-бап. Қосымша білім беру

37-1-бап. Жеке педагогтік қызмет

38-бап. Білім алушылардың кәсіптік практикасы

39-бап. Білім туралы құжаттар

6-тарау. БІЛІМ БЕРУ ҚЫЗМЕТІНІҢ СУБЪЕКТІЛЕРІ



40-бап. Білім беру ұйымдары

40-1-бап. Жоғары оқу орнының ерекше мәртебесі

41-бап. Білім беру ұйымының жарғысы

42-бап. Білім беру ұйымдарын құру, қайта ұйымдастыру және тарату

43-бап. Білім беру ұйымдарының құзыреті

44-бап. Білім беру ұйымдарын басқару

45-бап. Еңбек қатынастары және білім беру ұйымы басшысының жауапкершілігі



45-1-бап. Кәсіптік білім беру саласындағы әлеуметтік әріптестік

46-бап. Білім беру жүйесіндегі бірлестіктер

47-бап. Білім алушылар мен тәрбиеленушілердің құқықтары, міндеттері мен жауапкершілігі

48-бап. Білім алушылардың, тәрбиеленушілердің денсаулығын сақтау

49-бап. Ата-аналардың және өзге де заңды өкілдердің құқықтары мен міндеттері

7-тарау. ПЕДАГОГ ҚЫЗМЕТКЕРДІҢ МӘРТЕБЕСІ



50-бап. Педагог қызметкердің мәртебесі

51-бап. Педагог қызметкердің құқықтары, міндеттері мен жауапкершілігі

52-бап. Білім беру ұйымдары қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеу жүйесі

53-бап. Әлеуметтік кепілдіктер

8-тарау. БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ



54-бап. Білім беру саласындағы мемлекеттік реттеудің мақсаты мен нысандары

55-бап. Білім беру сапасын басқару

56-бап. Білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары

57-бап. Білім беру саласындағы қызметті лицензиялау

57-1-бап. Мектепке дейiнгi тәрбие мен оқыту саласындағы қызметті жүзеге асырудың басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама

58 – бап. алып тасталды

59-бап. Білім беру жүйесіндегі мемлекеттік бақылау
60-бап. Мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың құқықтары мен міндеттері

9-тарау. БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІН ҚАРЖЫЛЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ



61-бап. Қаржыландыру жүйесі, принциптері мен көздері

62-бап. Білім беру ұйымдарын мемлекеттік қаржыландыру

63-бап. Білім беру ұйымдарының ақылы негізде тауарлар (жұмыстар, қызметтер көрсету) ұсынуы

64-бап. Білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасын дамыту

10-тарау. БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ



65-бап. Халықаралық ынтымақтастық және сыртқы экономикалық қызмет

66-бап. Шет елдегі қазақ диаспорасының білім алу қажеттіліктерін қанағаттандыру

11-тарау. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНДАҒЫ


ЗАҢНАМАСЫН БҰЗҒАНЫ ҮШІН ЖАУАПТЫЛЫҚ

67-бап. Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық

12-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР



68-бап. Осы Заңның қолданысқа енгізілуі

 

      Ескерту. 68-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2011.10.24 № 487-ІV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.











По всему тексту слова «участникам войны и к инвалидам», «участникам войны и инвалидам» заменены словами «участникам и инвалидам Великой Отечественной»; слова «учебного и воспитательного процесса», «Учебный и воспитательный процесс», «учебной и воспитательной работы» заменены соответственно словами «учебно-воспитательного процесса», «Учебно-воспитательный процесс», «учебно-воспитательной работы» в соответствии с 3аконом РК от 24.10.11 г. № 487-IV (введены в действие по истечении десяти календарных дней после его первого официального опубликования) (см. стар. ред.)

 

По всему тексту слова «аульной (сельской)», «аула (села)», «аульного (сельского)» заменены словами «сельской», «села», «сельского» в соответствии с Законом РК от 03.07.13 г. № 121-V (см. стар. ред.)

 

Настоящий Закон регулирует общественные отношения в области образования, определяет основные принципы государственной политики в этой области и направлен на обеспечение конституционного права граждан Республики Казахстан, а также иностранцев и лиц без гражданства, постоянно проживающих в Республике Казахстан, на образование.

 

1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР



1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

      Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) алып тасталды - ҚР 13.11.2015 № 398-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

      1-1) адъюнкт – жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын шетелдік әскери оқу орындарында білім алып жатқан адам;

      2) академия – мамандықтардың бір-екі тобы бойынша жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын жоғары оқу орны;

      2-1) академиялық оралымдылық – білім алушыларды немесе оқытушы-зерттеушілерді оқыту немесе зерттеулер жүргізу үшін белгілі бір академиялық кезеңге (семестрге немесе оқу жылына) өзінің жоғары оқу орнында немесе оқуды жалғастыру үшін басқа жоғары оқу орнында кредиттер түрінде меңгерген оқу бағдарламаларынан, пәндерден міндетті түрде қайта сынақ тапсыра отырып, басқа жоғары оқу орнына (ел ішінде немесе шетелге) ауыстыру;

      2-2) аккредиттеу органдары – стандарттарды (регламенттерді) әзірлейтін және өздері әзірлеген стандарттар (регламенттер) негізінде білім беру ұйымдарын аккредиттеуден өткізетін заңды тұлғалар;

      2-3) аккредиттеу стандарттары (регламенттері) – аккредиттеу органының аккредиттеу рәсіміне қойылатын талаптарды белгілейтін құжаттары;

      3) атаулы стипендия - тиісті білім беру бағдарламаларын ойдағыдай меңгерген, ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысатын, оқу орнының қоғамдық, мәдени және спорттық өміріне белсене қатысатын неғұрлым қабілетті білім алушыларды көтермелеу үшін жеке немесе заңды тұлғалар тағайындайтын стипендия;

      3-1) әдістемелік кабинет – білім беруді басқару органдарының білім беру процесінің ұйымдастырушылық-әдістемелік қамсыздандырылуын, нәтижелілігін талдау мен бағалауды, педагог кадрлардың шығармашылық өсуіне және олардың кәсіптік тұрғыдан өзін-өзі жетілдіруіне жәрдемдесетін инновациялық педагогикалық тәжірибені жинақтау мен таратуды қамтамасыз ететін құрылымдық бөлімшесі;

      3-2) әскери, арнаулы оқу орындары – Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарына, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігіне, Қазақстан Республикасының прокуратура органдарына және Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдары;

      4) бакалавр – жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын меңгерген адамдарға берілетін дәреже;

      4-1) бакалавриат – тиісті мамандық бойынша "бакалавр" дәрежесін бере отырып, кадрлар даярлауға бағытталған жоғары білім, білім беру бағдарламалары;

      5) бейін алды даярлық - білім алушының жеке білім беру траекториясының негізгі орта білім беруді таңдауын мақсатты педагогикалық қолдау;

      5-1) бейіндік мектеп – жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламасын іске асыратын оқу орны;

      6) бейінді оқыту - білім алушылардың мүдделерін, бейімділігі мен қабілеттерін ескере отырып, оқытуды саралау және даралау процесі, білім беру процесін ұйымдастыру;

      6-1) бейіні бойынша доктор – Қазақстан Республикасында немесе одан тысқары жерлерде кәсіптік қызметтің тиісті саласы бойынша докторантураның бағдарламасын меңгерген және диссертация қорғаған адамдарға берілетін, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен танылған дәреже;

      7) "Болашақ" халықаралық стипендиясы — Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік жетекші жоғары оқу орындарында күндізгі оқу нысаны бойынша оқуы немесе Шетелдерде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия санаттарын айқындайтын жұмыскерлердің шетелдік ұйымдарда тағылымдамадан өтуі үшін Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайтын стипендия;

      7-1) біліктілікті арттырудың ваучерлік-модульдік жүйесі – білім беру қызметкеріне ұйымды, оқытудың мазмұны мен мерзімдерін таңдауға мүмкіндік беретін, мемлекет белгілеген және белгілі бір ақша сомасымен қамтамасыз етілген, атаулы құжат (ваучер) түрінде ресімделген жан басына шаққандағы норматив негізінде қаржыландырылатын біліктілікті арттыру нысаны;

      7-2) біліктілікті арттыру институты – үздіксіз білім беру жүйесінде кадрлардың кәсіптік біліктілігін арттырудың және оларды қайта даярлаудың актуалды білім беру бағдарламаларын іске асыратын, білім берудегі әдістемелік жұмыстың тиімділігін қамтамасыз ететін инновациялық процестерді қолдауды жүзеге асыратын білім беру ұйымы;

      7-3) біліктілікті беру – нақты мамандық бойынша тиісті кәсіптік қызмет түрінің шеңберінде жұмысты орындау үшін қажетті жеке қабілеттілік, кәсіптік білім, шеберлік пен дағдылар жиынтығын растау рәсімі;

      7-4) білім алу үшін арнайы жағдайлар – ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар адамдардың (балалардың) оларсыз жалпы білім беретін оқу және білім беру бағдарламаларын меңгеруі мүмкін болмайтын, арнайы оқу бағдарламаларын және оқыту әдістерін, техникалық және өзге де құралдарды, тыныс-тіршілігін, сондай-ақ медициналық, әлеуметтік және өзге де көрсетілетін қызметтерді қамтитын жағдайлар;

      8) білім алушыларды аралық аттестаттау - білім алушылардың бір оқу пәнін оны зерделеп бітіргеннен кейінгі бір бөлігінің немесе бүкіл көлемінің мазмұнын меңгеру сапасын бағалау мақсатында жүргізілетін рәсім;

      9) білім алушыларды қорытынды аттестаттау - тиісті білім беру деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында көзделген оқу пәндерінің көлемін олардың меңгеру дәрежесін айқындау мақсатында жүргізілетін рәсім;

      9-1) білім беру – имандылық, зияткерлік, мәдени, тәндік жағынан дамыту және кәсіби құзыреттілікті қалыптастыру мақсаттарында жүзеге асырылатын тәрбиелеу мен оқытудың үзіліссіз процесі;

      9-2) білім беру бағдарламасы – оқытудың мақсатын, нәтижелері мен мазмұнын, білім беру процесін ұйымдастыруды және оларды іске асыру тәсілдері мен әдістерін, оқыту нәтижелерін бағалау өлшемшарттарын қамтитын білім берудің негізгі сипаттамаларының біртұтас кешені;

      10) білім беру гранты - жоғары білім алуға төлеу үшін Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген шарттармен білім алушыға берілетін ақшаның нысаналы сомасы;

      10-1) білім беру кредиті – қаржылық ұйымдар мерзімділік, ақылылық және қайтарымдылық шарттарымен оқыту ақысын төлеу үшін қарыз алушыға беретін ақша;

      11) білім беру қызметі - білім беру субъектілерінің мақсатты, педагогтік негізделген, дәйекті өзара іс-қимылы барысында жеке адамды оқыту, дамыту және тәрбиелеу міндеттері шешілетін процесс;

      12) білім беру мониторингі - білім беру процестерін жүзеге асырудың жай-күйін және нәтижелері мен шарттары өзгеруінің серпінін, білім алушылар контингентін, білім беру ұйымдары желісін, сондай-ақ олардың қызметі жетістіктерінің рейтингілік көрсеткіштерін жүйелі түрде байқау, талдау, бағалау және болжау;

      13) білім беру саласындағы уәкілетті орган - білім беру саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы;

      14) білім беру сапасын бағалаудың ұлттық жүйесі - білім беру сапасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына, жеке адамның, қоғам мен мемлекеттің қажеттіліктеріне сәйкестігін белгілеудің институционалдық құрылымдары, рәсімдері, нысандары мен әдістерінің жиынтығы;

      15) бiлiм туралы құжаттарды нострификациялау - басқа мемлекеттерде, халықаралық немесе шетелдік оқу орындарында (олардың филиалдарында) білім алған адамдарға берілген құжаттардың баламалылығын айқындау мақсатында жүргізілетін рәсім;

      16) білім беру ұйымдарын аккредиттеу – білім беру қызметтерінің сапасы туралы объективті ақпарат беру және оны арттырудың тиімді тетіктерінің бар екенін растау мақсатында аккредиттеу органының белгіленген аккредиттеу стандарттарына (талаптарына) сәйкестігін тану рәсімі;

      17) білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттау - білім беру ұйымдары көрсететін білім беру қызметтерінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарт талаптарына сәйкестігін бақылау мақсатымен жүргізілетін рәсім;

      17-1) жоғары оқу орнының ерекше мәртебесі – Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген, білім беру мазмұнын өзі дербес айқындау және білім беру қызметін ұйымдастыру құқығын беретін білім беру ұйымы жұмыс істеуінің ерекше режимі;

      18) гимназия – білім алушылардың бейімділігі мен қабілеттеріне сәйкес қоғамдық-гуманитарлық және өзге де оқыту бағыттары бойынша кең ауқымда және тереңдете білім беруді қамтамасыз ететін бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын және қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын оқу орны;

      18-1) ғылыми-әдістемелік жұмыс – ғылым жетістіктері мен озық педагогикалық тәжірибеге негізделген және үздіксіз білім беру жүйесінің жұмыс істеуін және оны дамытуды жетілдіруге бағытталған қызмет түрі;

      18-2) ғылым кандидаты, ғылым докторы – ізденушілердің диссертациялар қорғауы негізінде берілген ғылыми дәрежелер;

      18-3) докторант – докторантурада білім алатын адам;

      18-4) докторантура – білім беру бағдарламалары философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесін бере отырып, ғылыми, педагогтік және (немесе) кәсіптік қызмет үшін кадрлар даярлауға бағытталған жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру;

      19) алып тасталды - ҚР 2011.10.24 № 487-ІV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен;

      19-1) дуальды оқыту – кәсіпорынның, оқу орнының және білім алушының жауапкершіліктері тең болған кезде білім беру ұйымындағы оқытуды кәсіпорында білім алушыларға жұмыс орындарын бере отырып және өтемақы төлемін төлей отырып оқыту мен практиканың міндетті кезеңдерімен ұштастыратын кадрлар даярлау нысаны;

      20) алып тасталды - ҚР 2011.10.24 № 487-ІV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен;

      21) жалпы білім беретін мектеп – бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, сондай-ақ білім алушылар мен тәрбиеленушілерге қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын оқу орны;

      21-1) жоғары колледж – техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің интеграцияланған модульдік білім беру бағдарламаларын іске асыратын оқу орны;

      21-2) зерттеу университеті – Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен, бес жылға арналған даму бағдарламасын және даярлық (мамандықтар) бағыттарының кең спектрі бойынша жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің өз бетінше әзірленген білім беру бағдарламаларын іске асыратын, жаңа білімді жинақтау мен трансферттеу үшін іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеу нәтижелерін пайдаланатын жоғары оқу орны;

      21-3) ерекше білім беруге қажеттілігі бар адамдар (балалар) – денсаулығына байланысты білім алуда ұдайы немесе уақытша қиындық көріп жүрген, арнайы, жалпы білім беретін оқу бағдарламалары мен қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын қажет ететін адамдар;

      21-4) инклюзивті білім беру – ерекше білім беру қажеттіліктері мен жеке-дара мүмкіндіктерін ескере отырып, барлық білім алушылардың білім алуына тең қолжетімділікті қамтамасыз ететін процесс;

      22) инновациялық - білім беру консорциумы - жоғары оқу орындары, ғылыми ұйымдар мен өндіріс саласында жұмыс істейтін басқа да заңды тұлғалар іргелі, қолданбалы ғылыми зерттеулер мен технологиялық инновациялар негізінде жоғары білікті мамандар даярлау үшін зияткерлік, қаржылық және өзге де ресурстарды біріктіретін, бірлескен қызмет туралы шарт негізіндегі ерікті тең құқықты бірлестік;

      23) алып тасталды - ҚР 2011.10.24 № 487-ІV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен;
      24) алып тасталды - ҚР 2011.10.24 № 487-ІV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен;

      25) институт – жоғары білім берудің білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын жоғары оқу орны;

      26) институционалдық аккредиттеу – білім беру ұйымы сапасының мәлімделген мәртебесіне және аккредиттеу органының белгілеген стандарттарына сәйкестігін аккредиттеу органының бағалау процесі;

      26-1) интеграцияланған білім беру бағдарламалары – білім беру бағдарламаларының тиісті мазмұнды аспектілерін біріктіру негізінде әзірленген білім беретін оқу бағдарламалары;

      27) интернаттық ұйымдар — тұратын орын беріле отырып, белгілі бір санаттағы адамдардың білім алу құқықтарына мемлекеттік кепілдіктерді қамтамасыз ететін білім беру ұйымдары;

      28) интернатура – клиникалық практикаға рұқсат алу үшін білім алушыларды базалық жоғары медициналық білім беру шеңберінде клиникалық мамандықтар бойынша даярлау нысаны;

      28-1) кадет – әскери, арнаулы оқу орнында техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары бойынша білім алып жатқан адам;

      28-2) кәмелетке толмағандарды бейiмдеу орталықтары – ата-анасын немесе басқа да заңды өкiлдерiн анықтау үшiн үш жастан он сегiз жасқа дейiнгi қадағалаусыз және панасыз қалған балаларды, уақтылы орналастырылуы мүмкiн болмаған жағдайда ата-анасының немесе оларды алмастыратын адамдардың қамқорлығынсыз қалған балаларды, қорғаншылық және қамқоршылық органы балалардың өмiрiне немесе денсаулығына тiкелей қатер төнген кезде ата-анасынан (олардың бiреуiнен) немесе қамқорлыққа алған басқа адамдардан алып қойған балаларды, арнаулы бiлiм беру ұйымдарына жiберiлетiн балаларды, сондай-ақ әлеуметтiк бейiмсiздiкке және әлеуметтiк депривацияға әкеп соққан қатыгездiкпен қарау салдарынан өмiрлiк қиын жағдайда жүрген балаларды қабылдауды және уақытша бағып-ұстауды қамтамасыз ететiн, бiлiм беру органдарының қарамағындағы ұйым;

      29) кәсіптік бағдар - білім алушының кәсіптік қызығушылықтарына, жеке қабілеттері мен психикалық-физиологиялық ерекшеліктеріне сәйкес білім беру және кәсіптік мүмкіндіктер саласында, мамандық пен оқитын орнын еркін және саналы таңдау құқықтарын іске асыруына ақпараттар мен консультациялық көмек беру;

      29-1) кәсіптік білім – білім алушылардың белгілі бір салада кәсіптік қызметті жүргізуіне және (немесе) нақты кәсіп немесе мамандық бойынша жұмысты орындауына мүмкіндік беретін білімдерді, машықтарды, дағдыларды және құзыреттерді алуына бағытталған білім беру түрі;

      29-2) кәсіптік даярлау – техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің білікті жұмысшы кадрлар мен орта буын мамандарын даярлау бойынша қысқартылған мерзіммен оқытатын білім беру бағдарламаларын іске асыруды көздейтін бөлігі;


Каталог: sites
sites -> «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру»
sites -> ТӘуелсіздік жылдарынан кейінгі сыр өҢірі мерзімді басылымдар: бағыт-бағдары мен бет-бейнесі
sites -> Ф 06-32 Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
sites -> Т. Н. Кемайкина психологические аспекты социальной адаптации детей-сирот и детей, оставшихся без попечения родителей методическое пособие
sites -> Техническая характеристика ао «нак «Казатомпром»
sites -> Үкіметтің 2013 жылға арналған Заң жобалау жұмыстары Жоспарының орындалуы бойынша ақпарат
sites -> Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқарма басшысының


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет